Жануарлардың инфекциялық ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық шараларды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3130. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес, бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
      1) ірі қара малының инфекциялық ринотрахеит ауруының алдын алу және жою бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже;
      2) везикулярлы соматит ауруының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже;
      3) ірі қара малының вирусты диарея ауруының алдын алу және жою бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын керекті шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің   
"Жануарлар ауруларының алдын алу 
және жою бойынша ветеринариялық 
іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі
ережелерін бекіту туралы"    
2004 жылғы 2 қыркүйектегі    
N 467 бұйрығымен бекітілген    

  Ірі қара малының инфекциялық ринотрахеит ауруының
алдын алу және жою бойынша ветеринарлық
іс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже

      Осы мүйізді ірі қараның инфекциялық ринотрахеит алдын алу және жою жөніндегі ветеринарлық іс-шараларының ережесі (одан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының (одан әрі - Заң)  26-бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Инфекциялық ринотрахеит - қызбамен жоғарғы тыныс жолдарының катаральды-некроздық қабынуымен, көздің, жыныс органдарының, орталық нерв жүйесінің зақымдануымен, іш тастаумен сипатталатын жедел түрде өтетін контагиозды вирусты ауру.
      Аурудың қоздырғышы - Herpesviridae тұқымдасына жататын дирибонуклейінді қышқылы (ДНҚ) құрамды Herpeіvirus bovіs 1. Табиғи жағдайда ірі қара малдар ғана ауырады.

      2. Осы Ережеде мынадай түсініктемелер қолданылады:
      1) контаминация - микробтармен ластану;
      2) продуцент - арнайы өнім алу.

      3. Диагноз клиникалық-эпизоотиялық, патологоанатомиялық мәліметтер және лабораториялық зерттеулер қорытындысы негізінде қойылады.

  2. Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда 
жүргізілетін алдын алу шаралары

      4. Инфекциялық ринотрахеиттің алдын алу шараларының негізгі шарттары ірі қара малдарын өсіру және бордақылауда ветеринариялық-санитариялық шараларды қатаң сақтау болып табылады.

      5. Ветеринариялық-санитариялық талаптарға келесі шарттар кіруі тиіс:
      1) шаруашылық субъектілерін инфекция қоздырғыштарының кіруінен сақтау;
      2) организмнің резистенттілігін күшейтуге бағытталған шаралардың кешенін ұйымдастыру;
      3) уақтылы диагноз қою, ауру малдарды анықтау және оқшаулау;
      4) қоршаған ортадағы вирустарды залалсыздандыру.

      6. Шаруашылық субъектілерін инфекция қоздырғыштарының кіруінен қорғау үшін міндетті түрде жүргізу керек:
      1) малдардың инфекциялық ауруларынан таза аумақтардың тек сау малдарынан табын топтастыру;
      2) жаңадан келген малдар 30 күн бойы карантиндеу;
      3) бөлмелерде қалыпты микроклимат сақтау, күнделікті ауаны аэрозольды профилактикалық дезинфекциялауды жүргізу, қабырғаларды, аралықтарды, еденді және науаларды механикалық тазалап және дезинфекциялау.

  3. Инфекциялық ринотрахеиттен таза емес эпизоотиялық ошақтарда және қолайсыз пункттерде жүргізілетін шаралар

      7. Шаруашылық субъектілерінде ірі қараның инфекциялық ринотрахеит ауруы шыққан кезде ветеринариялық маман әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.

      8. Әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ірі қараның инфекциялық ринотрахеит ауруының шыққаны туралы хабарды алғаннан кейін диагноз қою, эпизоотиялық зерттеу, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтау үшін ауру шыққан жерге тез арада жетуі қажет. Ауру малдардан патологиялық материалдарды алып, диагнозды анықтау үшін ветеринариялық лабораторияға жібереді.

      9. Ақырғы диагноз қойылған жағдайда ауру шыққан шаруашылық субъектісін және елді мекенді осы аурудан таза емес деп жариялап, Заңның  27-бабының 1 тармағына сәйкес шектеу қойылады.
      Соңғы мал ауырғаннан соң 30 күннен кейін, Заңның 27-бабының 3 тармағына сәйкес, аурудан таза емес пункттен шектеу алынады.

      10. Шектеудің шарттары бойынша шаруашылық субъектілерінде малдарды, жем-шөптерді тасымалдауға, оларды кіргізіп шығаруға, шаруашылық субъектілері аумағында малдарды қайта топтастыруға тиым салынады.

      11. Ауру малдардан басқа барлық малдарды, жаңа эпизоотиялық ошақтарда тұрған малдарды жедел түрде инфекциялық ринотрахеитке қарсы құрғақ вирусвакцинамен, қолдану нұсқамасына сәйкес иммунизациялайды. Ауру малдарды оқшаулап, гипериммунды қан сарысуымен, спецификалық емес глобулинмен немесе реконвалесцентті қан сарысумен емдейді. Секундарлы инфекциямен асқынған жағдайда ұзақ әсерлі антибиотиктермен, сульфаниламидті, нитрофуранды препараттар қолданылады.

      12. Қауіпті аймақта тұрған жануарлар әлсіздендірілген вакцинамен егіледі.

      13. Ауру және ауруға күдікті малдар тұрған жерлер, қолданылған құрал-саймандар, арнайы жұмыс киімдері, мал төсеніші және қиы залалсыздандырылады.

      14. Өлген және лажсыз сойылған малдардан алынған терілер дезинфекциялық ерітінділерде: 1 литр суға 50 грамм алюминилі квасты, 200 грамм ас тұзымен 16-18 о С температурада 48 сағат залалсыздандырылады.

      15. Лажсыз сойылған мал ұшаларында дегенеративті өзгерістер болмаған жағдайда кедергісіз жіберіледі. Танаудың, өңештің, жұтқыншақтың, өкпенің, асқазан-ішек органдарының кілегей қабығында некроздық өзгерістер болған жағдайда техникалық утильдеуге жіберіледі.

      16. Ауру, ауруға күдікті малдардан алынған сүт 70 о С температурада 30 минут пастеризациядан кейін адамдарға тамаққа және малдарға азық ретінде қолдануға болады.

      17. Ауру малдар тұрған бөлмелерге кірер жерде дезинфекциялық ерітінділермен шыланған дезинфекциялық маттар орнатылады.

  4. Қолдан ұрықтандыру станцияларымен пункттерінде
инфекциялық ринотрахеитпен күресу шаралары

      18. Жануарларды қолдан ұрықтандыру стансаларын бұқалармен толықтырғанда оларды ірі қараның ринотрахеитінен таза аймақтардан жинақтайды.

      19. Қолдан ұрықтандыру стансаларына жаңадан келген бұқаларды 60 күнге карантинге қояды.

      20. Қолдан ұрықтандыру стансаларында бұқаларды айына 1 рет термометрия және жыныс органдарын тексеру қажет. Баланопаститпен ауырған бұқаларды оқшаулап олардың күпегінен тампонмен кілегей сынамаларын және жуынды, сондай-ақ ұрықтар алынып диагностикалық лабораторияларға зерттеуге жіберіледі.
      Вирусты бейтараптаушы анти денелерді анықтау үшін қан сарысуының сынамалары алынады, сонымен қатар және вируспен ластанғанына зерттеу үшін ұрық алынады. Бұл жағдайда соңғы 14 күнде алынған ұрықтың серияларын біріктіріп, бір сынама ретінде зерттейді. Ұрықта вирус табылған бұқалар жарамсыз деп есептеледі, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтарды жояды. Сонымен қатар қан сарысуында антидене табылған бұқалар да жарамсыз деп танылады.

      21. Баланопаститпен ауырған бұқалар лабораториялық әдіспен вирустың этиологиясы дәлелденген кезде оларды жарамсыздыққа шығарып, соңғы 2 айда алынған ұрықтар жойылады. Стансаны инфекциялық ринотрахеиттен қолайсыз деп жариялап, осы Ереженің 9 тармағына сәйкес шектеу қойылады.

      22. Содан кейін процудент ретінде қолданылатын барлық бұқалардың ұрықтарын вируспен контаминациясына және қанын антидененің бар-жоғына осы Ережеге сәйкес жылына 2 рет, арасы 6 айдан зерттейді.

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің   
"Жануарлар ауруларының алдын алу 
және жою бойынша ветеринариялық 
іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі
ережелерін бекіту туралы"    
2004 жылғы 2 қыркүйектегі    
N 467 бұйрығымен бекітілген   

  Везикулярлы стоматит ауруының алдын алу және
жою бойынша ветеринарлық iс-шараларды жүзеге
асыру туралы
Ереже

      Осы везикулярлы стоматиттiң алдын алу және жою жөнiндегi ветеринарлық iс-шараларының Ережесi (одан әрi - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының (одан әрi - Заң)  26-бабына сәйкес мiндеттi түрде орындауға тиiстi тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Везикулярлы стоматит - қызбамен және ауыз қуысының кiлегей қабығында везикулалардың пайда болуымен, желiн ұшының, бақай қуысының, терiсiнiң зақымдалуымен сипатталатын рабдовирус тобына жататын вирус арқылы жiтi түрде өтетiн жануарлардың ауруы. Бұл ауруға барлық ауыл шаруашылығы малдарының түрi бейiм.

      2. Ауру қоздырғышы жарыққа сезiмтал, ультра күлгiн сәулелердiң әсерiнен тез бұзылады. Қоршаған ортаның жылы температурасына төзiмсiз; 60 о C температурада 30 минут аралығында бұзылады, 100 о С сол сәтте. 0 о С-тан төмен температурада ұзақ уақыт сақталады.

      3. Инфекция қоздырғышының көзi ауру малдар, сондай-ақ инкубациялық кезеңдегi жануарлар болып табылады.

      4. Ауруға бейiм жануарларға вирус ауру малдардан бiр жерде ұстаған кезде, жем-шөп, су және малдардан бөлiнiп шыққан заттармен ластанған басқа да объектiлер арқылы берiледi. Вирус сау малдың организмiне жарақаттанған кiлегей қабық және терi арқылы енедi.

      5. Инкубациялық кезең 1-5 күн. Ауру кезеңi жаз-күз айларында байқалады, көп жағдайда қатерсiз өтiп, ауру мал 2 апта аралығында жазылып шығады.

      6. Везикулярлы стоматитке диагноз эпизоотологиялық, клиникалық және лабораториялық зерттеулер қорытындысы негiзiнде қойылады. Диагноз қойған кезде, клиникалық белгiлерi ұқсас вирустық аурулардан ажырату қажет: аусыл, шошқа экзентемасы, шошқаның везикулярлы ауруы. Бұл жағдайда жануарлардың түрлiк бейiмдiлiгiн ескеру қажет (жылқылар везикулярлы стоматитпен және шошқа экзентемасымен ауырады; шошқа везикулярлы аурумен және экзентемамен ауырады; мүйiздi iрi қара, қой мен шошқа везикулярлы стоматитке бейiм).

      7. Лабораториялық зерттеулер жүргiзу үшiн везикулдардың iшiндегiсiн және қабырғаларын немесе жарақаттанған жерлерден қырындылар алады, сондай-ақ ауырып жазылған малдардың қан сарысуын алады. Алынған материалдарды лабораторияға мұз салынған термоспен жiбередi.

  2. Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда
жүргiзiлетiн алдын алу шаралары

      8. Везикулярлы стоматиттiң вирусының енуiнен таза шаруашылық субъектiлерi қорғау мақсатында қажет:
      1) везикулярлы стоматиттен таза шаруашылық субъектiлерiнен алынған малдардан ғана шаруашылық субъектiлерiн (фермалар, аулалар) жинақтау;
      2) шаруашылық субъектiлерiне жаңадан келген барлық малдарға толық ветеринариялық тексеру жүргiзу қажет;
      3) везикулярлы стоматитке диагностикалық зерттеулер жүргiзу керек.

  3. Везикулярлы стоматиттен таза емес эпизоотиялық
ошақтарда және қолайсыз пункттерде
жүргiзiлетiн шаралар

      9. Шаруашылық субъектiлерi жануарлардың везикулярлы стоматитi шыққан кезде ветеринариялық маман әкiмшiлiк аумақтық бiрлiгiнiң мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.

      10. Әкiмшiлiк аумақтық бiрлiгiнiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жануарлардың везикулярлы стоматит ауруының шыққаны туралы хабарды алғаннан кейiн диагноз қою, эпизоотиялық зерттеу, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтау үшiн ауру шыққан жерге тез арада жетуi қажет. Ауру малдардан патологиялық материалдарды алып, диагнозды анықтау үшiн ветеринариялық лабораторияға жiбередi.

      11. Ақырғы диагноз қойылған жағдайда ауру шаруашылық субъектiсi сол аурудан таза емес деп жарияланып, Заңның  27-бабының 1-тармағына сәйкес карантин қойылады.
      Таза емес аймақтан карантин ақырғы мал ауырғаннан кейiн 15 күн өткен соң, қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн, Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес карантин алынады.

      12. Карантин шарттары бойынша тиым салынады:
      1) аурудан таза емес пунктке ауруға бейiм жануарларды әкелуге;
      2) аурудан таза емес пункттен залалсыздандырылмаған мал өнiмдерi мен жем-шөптердi шығаруға;
      3) ветеринариялық маманның рұқсатысыз жануарларды қайта топтастыруға.

      13. Ауру жануарларды оқшаулап, диеталық азықпен (сүрлем, быламық) қамтамасыз етедi және симтоматикалық емдеу жүргiзедi.
      Ауыз қуыстарын 2% сiрке қышқылы қосылған таза сумен немесе 1:1000 перманганат калиймен, 1:5000 фурациллин ерiтiндiсiмен жуады. Зақымданған желiндердi, тұяқ арасын, бақайларын дезинфекциялық маймен немесе эмульсиялармен өңдейдi. Асқынған жағдайда хирургиялық өңдеу жүргiзедi.

      14. Мал қораларын, қолданылған құрал-саймандарын, көлiктердi, сонымен қатар эпизоотиялық аумақтардың ошағын 5 күнде 1 рет Дезинфекциялайды, ал ауру және ауруға күдiктi малдар тұрған қораларын (құрал-саймандар, тұратын орындары) күнделiктi дезинфекцияланады. Дезинфекциялау үшiн 2% натрий тұзы ыстық ерiтiндiсiн пайдаланады. Ауру ошағында жұмыс iстейтiн жұмысшылардың киiмдерiн пароформалиндi камерада залалсыздандырады. Қи биотермиялық әдiспен залалсыздандырылады.

      15. Жануарлар өлекселерiн биотермиялық шұңқырларда залалсыздандырады.

      16. Лажсыз сойылған ауру және ауруға күдiктi жануарлардан алынған ет және ет өнiмдерi қайнатылғаннан кейiн шектеусiз қолданылады.

      17. Аурудан таза емес шаруашылық субъектiлерiнен алынған сүт 76 о С температурада 15-20 секунд пастеризацияланады. Егер сүт зауыттары, сепараторлар немесе сүт қабылдайтын пункттер ортадан жүретiн сүт тазалағыш пастеризациялық қондырғылармен жабдықталмаған жағдайда оларға келген сүт мiндеттi түрде 85 о С температурада 30 минут пастеризациялану немесе 5 минут қайнатылу қажет.

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің   
"Жануарлар ауруларының алдын алу 
және жою бойынша ветеринариялық 
іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі
ережелерін бекіту туралы"    
2004 жылғы 2 қыркүйектегі    
N 467 бұйрығымен бекітілген    

  Ірі қара малының вирусты диарея ауруының алдын
алу және жою бойынша ветеринарлық іс-шараларды 
жүзеге асыру туралы
Ереже

      Осы ірі қара малының вирусты диарея ауруының алдын алу және жою жөніндегі ветеринарлық іс-шараларының ережесі (одан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының (одан әрі - Заң)  26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Ірі қара малының вирусты диареясы - ас қорыту жолдарының сілекей қабықтарының зақымдалуымен, ринитпен, жалпы жағдайының төмендеуімен, диареямен сипатталатын жедел түрде өтетін ауру.

      2. Қоздырғышы - тогавирус тобына жататын вирус. Минус 20 о С-тан төмен температурада тіршілікке қабілеттілігі ұзақ сақталады, 37 о С температурада бірнеше күн бойы әлсірейді.

      3. Вирусты диареямен мүйізді ірі қара, бұғы, еліктер, дала ешкілері ауырады. Ауру көбінесе ірі қара малында 2 жасқа дейін байқалады; жас төлдер аурудың ауа мен азық арқылы жұғуына өте бейім келеді. Сонымен қатар вирус плацента, ұрық арқылы беріліп тұқымды зақымдауы мүмкін.

      4. Сау малдарға ауру, ауру немесе ауырып жазылған малдардан жұғуы мүмкін.

      5. Ауырып жазылған малдар инфекцияның таралу көзі болып табылады, ұзақ уақытқа дейін қоршаған ортаға вирус бөледі.

      6. Диарея вирусының резервуары қойлар болуы мүмкін, өйткені олардың қан сарысуында спецификалық антиденелер жиі табылады.

      7. Аурудың шығуына, эпизоотиялық процестің асқынуына мал басының тығыз орналасуы, азықтандырудағы қолайсыз жағдайлар және мал ағзаның резистенттілігін төмендететін тағы да басқа факторлар әсер етеді.

      8. Вирусты диареямен малдардың ауыруы қоздырғыштың уыттылығына, малдардың жағдайына байланысты 10-100 пайызға жетеді, өлім мөлшері 50 пайыз және одан жоғары болады.

      9. Вирустың алғашқы көбеюі асқазан-ішек, тыныс жолдарының сілекей қабықтарында өтіп, содан кейін вирус барлық ағзаларға таралады. Асқазан-ішек жолдары қатты жарақаттанып, соның салдарынан ас қорыту бұзылып, диарея пайда болады да ағзаларда сусыздану және улану процестері жүреді.

      10. Ауырып жазылған малдарда вирусты қабылдамау қасиеті 4 айдан бірнеше жылға дейін созылады.

      11. Инкубациялық кезең 2 күннен 2 жетіге дейін созылады.

      12. Ауырып жазылған малдар қоршаған ортаға ұзақ уақыт бойы вирус бөледі.

      13. Диагноз клиникалық-эпизоотиялық, патологиялық өзгерістердің, бұзауларға биологиялық сынамалардың, гематологиялық және серологиялық зерттеулер қорытындысына негізделеді.

      14. Малды сойған кезде асқазан-ішек жолдарындағы сілекей қабықтарында бірігіп кеткен эрозиялар мен ойық жаралар болады. Бронхылар, көмекей мен кеңірдек сілекей қабықтарында гиперемия және домбығу жиі байқалады.

      15. Серологиялық зерттеулер кезінде нейтрализациялау реакциясымен (РН), диффузды преципитация реакциясымен (РДП), имуннофлюоресценция реакциясымен (РИФ) зерттелетін қос қан сарысулық әдіс қолданылады. Вирусологиялық зерттеулерге лабораторияға мұз салынған термоспен лимфа түйіндерінің бөлшектерін, ішектің, танау қуыстарының сілекей қабықтарын жөнелтеді.

  2. Ветеринариялық-санитариялық таза аумақтардағы
жүргізілетін алдын алу шаралары

      16. Вирустық диареяның алдын алу малдарды енгізуде, орналастыруда, азықтандыруда барлық зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық ережелердің талаптарын мүлтіксіз орындауды талап етеді.

      17. Вирустық диареяны болдырмау үшін жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралар:
      1) ірі қара малдарды қолданғанда, азықтандырғанда, орналастырғанда ветеринариялық-санитариялық ережелердің орындалуын қамтамасыз ету;
      2) жайылымдардың, суаттардың ветеринариялық-санитариялық жағдайын арнайы тәртіпте ұстау;
      3) мал өлекселерін және қиды уақытында залалсыздандырып тұру керек;
      4) профилактикалық дезинфекцияны (микроорганизмдерді жою) дератизацияны (кеміргіштерді жою), дезинсекцияны (жәндіктерді жою) уақтылы өткізіп тұру;
      5) барлық малдардың паспортизация, бірдейлендіруден өтуін қамтамасыз ету;
      6) таза және таза емес аумақтардың малдарының араласуына жол бермеу.

  3. Вирусты диареядан таза емес эпизоотиялық
ошақтарда және қолайсыз пункттерде жүргізілетін шаралар

      18. Шаруашылық субъектілерінде ірі қараның вирусты диареясы шыққан кезде ветеринариялық маман әкімшілік аумақтық бірлігіне тиісті мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлауы керек.

      19. Әкімшілік аумақтық бірлігіне тиісті бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ірі қараның вирусты диареяcы шыққан туралы хабарды алғаннан кейін диагноз қою, эпизоотологиялық зерттеу, індет ошағының шекарасын анықтау үшін ауру шыққан жерге жедел келеді. Ауру малдардан патологиялық материалдар алып, диагнозын анықтау үшін ветеринариялық лабораторияға жібереді.

      20. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектісін осы аурудан таза емес деп жариялап, Заңның  27 бабының 1 тармағына сәйкес шектеу қойылады.
      Шектеу ақырғы ауру мал шыққан соң 30 күннен кейін қорытынды дезинфекция жүргізіліп, Заңның  27-бабының 3-тармағына сәйкес алынады.

      21. Осы аурудан таза емес аумақтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ветеринариялық препараттардың реестрінде тіркелген ветеринариялық препараттармен вакцинация жүргізілу керек.

      22. Ауру малдарды оқшаулайды және емдейді.

      23. Ауру малды емдеу кезінде сиптоматикалық терапия қолданылады, бұл ауруды асқындырмауға және ағзаның қорғаныс қасиеттерін күшейтуге бағытталған.

      24. Антибиотиктер қолданғанда міндетті түрде микрофлоралардың сезімталдығын тексеру керек.

      25. Малдарды қайта топтастыруға шектеу қойылады.

      26. Дезинфекция жүргізіледі.

Об утверждении правил по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации инфекционных болезней животных

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 сентября 2004 года № 467. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 5 октября 2004 года № 3130. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 10-1/18

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 17.01.2012 № 10-1/18.

      В соответствии со  статьей 26  Закона Республики Казахстан "О ветеринарии", приказываю:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) правила по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации инфекционного ринотрахеита крупного рогатого скота;
      2) правила по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации везикулярного стоматита;
      3) правила по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации вирусной диареи крупного рогатого скота.
      2. Департаменту ветеринарии совместно с областными территориальными управлениями, городов Астана и Алматы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, в установленном законодательством порядке, принять необходимые меры, вытекающие из настоящего приказа.
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Министр

 

Утверждены приказом Министра     
сельского хозяйства Республики    
Казахстан "Об утверждении      
правил по осуществлению ветеринарных 
мероприятий по профилактике и    
ликвидации инфекционных болезней животных
от 2 сентября 2004 года N 467    


Правила
по осуществлению ветеринарных мероприятий
по профилактике и ликвидации инфекционного
ринотрахеита крупного рогатого скота

      Настоящие Правила по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации инфекционного ринотрахеита крупного рогатого скота (далее - Правила) определяют порядок организации и проведения ветеринарных мероприятий, обязательных для исполнения физическими и юридическими лицами в соответствии со  статьей 26  Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" (далее - Закон). 

      

1. Общие положения  

      1. Инфекционный ринотрахеит - остропротекающая контагиозная вирусная болезнь, характеризующаяся лихорадкой, катарально-некротическим воспалением верхних дыхательных путей, поражением глаз, половых органов, центральной нервной системы, абортами.
      Возбудитель болезни - содержащий дезоксирибонуклеиновую кислоту (ДНК) Herpesvirus bovis 1 относится к семейству Herpesviridae. В естественных условиях болеет только крупный рогатый скот.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) контаминация - загрязнение микробами;
      2) продуцент - организм, способный давать биологически активные вещества.
      3. Диагноз ставят на основании клинико-эпизоотологических, патологоанатомических данных и результатов лабораторных исследований.

      

2. Мероприятия по профилактике, проводимые на территории
ветеринарно-санитарного благополучия

      4. Основным условием профилактики инфекционного ринотрахеита является строгое соблюдение ветеринарно-санитарных мероприятий по выращиванию и откорму крупного рогатого скота. 
      5. Ветеринарно-санитарные требования должны включать следующие мероприятия:
      1) охрана хозяйствующих субъектов от заноса возбудителя инфекции;
      2) проведение комплекса мер, направленных на повышение резистентности организма;
      3) своевременная диагностика, выделение и изоляция больных животных;
      4) обезвреживание вируса во внешней среде.
      6. Для охраны хозяйствующих субъектов от заноса возбудителя инфекции необходимо следующее:
      1) комплектовать стадо здоровыми животными из зон, благополучных по инфекционным болезням животных;
      2) карантинировать в течение 30 дней вновь поступивших животных;
      3) поддерживать в помещениях нормальный микроклимат, регулярно проводить профилактическую аэрозольную дезинфекцию воздуха, механическую очистку стен, перегородок, полов и кормушек с их последующей дезинфекцией.

      

3. Мероприятия, проводимые в эпизоотическом очаге и 
неблагополучном по инфекционному ринотрахеиту пункте

      7. При выявлении в хозяйствующем субъекте инфекционного ринотрахеита крупного рогатого скота, ветеринарный специалист сообщает об этом государственному ветеринарному инспектору соответствующей административно-территориальной единицы.
      8. Главный государственный ветеринарный инспектор соответствующей административно-территориальной единицы при получении извещения о подозрении на инфекционный ринотрахеит крупного рогатого скота обязан немедленно прибыть на место для установления диагноза и проведения эпизоотологического обследования, определения границы эпизоотического очага. Отбирает и направляет в ветеринарную лабораторию для установления диагноза патологический материал от больных животных.
      9. При установлении окончательного диагноза территорию хозяйствующего субъекта объявляют неблагополучной по этой болезни и вводят ограничение в соответствии с пунктом 1 статьи 27 Закона. 
      Ограничение снимают через 30 дней после последнего случая выздоровления больного животного в соответствии с пунктом 3  статьи 27  Закона.
      10. При введении ограничения запрещается ввод на территорию хозяйствующего субъекта и вывод из него животных, а также перегруппировка их внутри территории хозяйствующего субъекта, вывоз фуража и предметов ухода. 
      11. Всех животных, за исключением больных, находящихся в новом эпизоотическом очаге, немедленно иммунизируют сухой вирусвакциной против инфекционного ринотрахеита, согласно наставлению по ее применению. Больных животных изолируют и лечат гипериммунной сывороткой, неспецифическим глобулином или сывороткой реконвалесцентов. При осложнениях секундарной инфекцией применяют антибиотики, желательно пролонгированного действия, сульфаниламидные и нитрафурановые препараты.
      12. Животных, находящихся в угрожаемой зоне, вакцинируют инактивированной вакциной.
      13. Помещения, где содержатся больные и подозрительные по заболеванию животные, а также предметы ухода, специальную одежду, подстилку и навоз обеззараживают.
      14. Шкуры павших и вынужденно забитых животных обеззараживают путем вымачивания в дезинфекционном растворе: 50 грамм алюминиевых квасцов, 200 грамм поваренной соли на 1 литр воды при температуре 16-18 ҮС в течение 48 часов. 
      15. Туши вынужденно забитых животных после созревания мяса и при отсутствии в них дегенеративных изменений реализуют без ограничений. При обнаружении воспалительных и некротических процессов на слизистой носа, трахеи, легких, желудочно-кишечного тракта эти органы подвергают технической утилизации.
      16. Молоко от больных и подозрительных по заболеванию животных после пастеризации при температуре 70 ҮС в течение 30 минут используются в пищу людям и в корм животным.
      17. При входе в помещения, где содержатся больные животные, устанавливают дезинфицирующие маты, обильно смоченные дезинфицирующим раствором. 

      

4. Мероприятия по борьбе с инфекционным ринотрахеитом
крупного рогатого скота на станциях и пунктах
искусственного осеменения животных

      18. Станцию по искусственному осеменению сельскохозяйственных животных комплектуют быками-производителями из регионов благополучных по ринотрахеиту крупного рогатого скота.
      19. Вновь поступающих на станцию искусственного осеменения быков ставят на карантин в течение 60 дней.
      20. Один раз в месяц всех быков станции искусственного осеменения подвергают клиническому осмотру с термометрией, обращая особое внимание на состояние половых органов. Быков с баланопоститами изолируют, от них получают тампонные пробы слизи и смывы из препуциального мешка, а также сперму и направляют в диагностическую лабораторию для исследования.
      Получают пробы сыворотки крови для выявления вируснейтрализующих антител и сперму для исследований на контаминацию ее вирусом. Серии спермы, полученные в последние 14 дней, объединяют и исследуют как одну пробу. Быков, у которых обнаружен вирус в сперме, выбраковывают, а полученную от них в последние 2 месяца сперму уничтожают. Выбраковке подлежат также быки при наличии в сыворотке крови антител.
      21. Быков с баланопоститами, если подтверждена лабораторными методами их вирусная этиология, выбраковывают, а полученную от них в течение последних 2 месяцев сперму уничтожают. Станцию объявляют неблагополучной по инфекционному ринотрахеиту согласно пункту 9 настоящих Правил. 
      22. В дальнейшем у всех быков, используемых в качестве продуцентов спермы, 2 раза в год с интервалом в 6 месяцев исследуют сперму на контаминацию вирусом и кровь на наличие антител в соответствии с настоящими Правилами. 

      


Утверждены приказом Министра     
сельского хозяйства Республики    
Казахстан "Об утверждении      
правил по осуществлению ветеринарных 
мероприятий по профилактике и    
ликвидации инфекционных болезней животных
от 2 сентября 2004 года N 467    

Правила
по осуществлению ветеринарных мероприятий
по профилактике и ликвидации везикулярного стоматита

      Настоящие Правила по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации везикулярного стоматита (далее - Правила) определяют порядок организации и проведения ветеринарных мероприятий, обязательных для исполнения физическими и юридическими лицами в соответствии со  статьей 26  Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" (далее - Закон).

      

1. Общие положения

      1. Везикулярный стоматит - остропротекающая болезнь животных, вызываемая вирусом из группы рабдовирусов, характеризуется лихорадкой и образованием везикул на слизистой ротовой полости, поражением сосков вымени, реже кожи межкопытной щели, венчика, мякишей. К заболеванию восприимчивы все виды сельскохозяйственных животных.
      2. Возбудитель болезни светочувствителен, быстро разрушается под действием ультрафиолетовых лучей. Во внешней среде при плюсовых температурах малоустойчив; при температуре 60 ҮС разрушается в течение 30 минут, при 100 ҮС - мгновенно. При температуре ниже 0Ү вирус сохраняется длительное время.
      3. Источником возбудителя инфекции являются больные животные, а также животные, находящиеся в инкубационном периоде.
      4. Вирус передается восприимчивым животным от больных при совместном содержании, через корма, воду и другие объекты, инфицированные выделениями животных. Вирус проникает в организм здоровых животных через поврежденные слизистые оболочки и кожу.
      5. Инкубационный период 1-5 дней. Болезнь проявляется сезонно, в летне-осенний период, протекает в большинстве случаев доброкачественно, больные животные обычно через 2 недели выздоравливают.
      6. Диагноз на везикулярный стоматит устанавливают на основании эпизоотологических, клинических данных и результатов лабораторных исследований. При постановке диагноза необходимо исключить вирусные болезни, сходные с везикулярным стоматитом по клиническим признакам: ящур, экзантему свиней, везикулярную болезнь свиней. При этом надо учитывать видовую восприимчивость животных к этим заболеваниям (лошади болеют везикулярным стоматитом и экзантемой свиней; свиньи болеют везикулярной болезнью и экзантемой; крупный рогатый скот, свиньи и овцы восприимчивы к ящуру и везикулярному стоматиту).
      7. Для лабораторных исследований отбирают содержимое и стенки везикул или соскобы с мест поражений, а также сыворотку крови переболевших животных. Отобранный материал отправляют в лабораторию в термосе со льдом.

      

2. Мероприятия по профилактике, проводимые на территории
ветеринарно-санитарного благополучия

      8. В целях охраны благополучных хозяйствующих субъектов от заноса вируса везикулярного стоматита необходимо:
      1) комплектовать хозяйствующие субъекты (фермы, дворы) животными только из хозяйствующих субъектов, заведомо благополучных по везикулярному стоматиту;
      2) вести тщательное ветеринарное наблюдение за всеми вновь поступившими в хозяйствующий субъект животными;
      3) проводить диагностические исследования на везикулярный стоматит.

      

3. Мероприятия, проводимые в эпизоотическом очаге и 
неблагополучном по везикулярному стоматиту пункте

      9. При выявлении в хозяйствующем субъекте больных животных везикулярным стоматитом, ветеринарный специалист, сообщает об этом государственному ветеринарному инспектору соответствующей административно-территориальной единицы.
      10. Главный государственный ветеринарный инспектор соответствующей административно-территориальной единицы при получении извещения о подозрении на везикулярный стоматит животных, обязан немедленно прибыть на место для установления диагноза и проведения эпизоотологического обследования, определения границы эпизоотического очага. Отбирает и направляет в ветеринарную лабораторию для установления диагноза патологический материал от больных животных.
      11. При установлении окончательного диагноза территорию хозяйствующего субъекта объявляют неблагополучной по этой болезни и вводят карантин в соответствии с пунктом 1  статьи 27  Закона. 
      Карантин с неблагополучного пункта снимают через 15 дней после выздоровления последнего заболевшего животного и проведения заключительной дезинфекции в соответствии с пунктом 3 статьи 27 Закона.
      12. По условиям карантина запрещается:
      1) ввод в неблагополучный пункт восприимчивых к заболеванию животных;
      2) вывоз из неблагополучного пункта необезвреженных продуктов животноводства и кормов;
      3) перегруппировка животных без разрешения ветеринарного специалиста. 
      13. Больных животных изолируют, обеспечивают диетическим кормом (силос, болтушки) и подвергают симптоматическому лечению.
      Ротовую полость промывают чистой водой с добавлением 2 % уксусной кислоты или раствором марганцовокислого калия 1: 1000 или раствором фурацилина 1: 5000. Поражения кожи вымени, межкопытной щели, венчика, мякишей обрабатывают дезинфицирующей мазью или эмульсией. При осложнениях проводят хирургическую обработку.
      14. Дезинфекцию помещений, станков, предметов ухода за животными, оборудования, транспортных средств, а также территории эпизоотического очага проводят 1 раз в пять дней, а текущую дезинфекцию помещений (станков, стойл), где содержатся больные и подозрительные по заболеванию животные, - ежедневно. Для дезинфекции применяют 2 %-ный горячий раствор едкого натра. Одежду лиц, работающих в очаге, обеззараживают в параформалиновой камере. Навоз подвергают обеззараживанию биотермическим способом.
      15. Трупы животных подлежат утилизации в биотермических ямах.
      16. Мясо и мясопродукты от вынужденно забитых, больных и подозрительных по заболеванию животных подлежат проварке, после чего используют без ограничения.
      17. Молоко, полученное от животных неблагополучных хозяйствующих субъектов, подвергают пастеризации при температуре 76 ҮС в течение 15-20 секунд. Если молочные заводы, сепараторные или молокоприемные пункты не оборудованы пастеризационными установками с центробежными молокоочистителями, поступающее на них молоко подвергают обязательной пастеризации при температуре 85 ҮС в течение 30 минут или кипячению в течение 5 минут.

 

Утверждены приказом Министра     
сельского хозяйства Республики    
Казахстан "Об утверждении      
правил по осуществлению ветеринарных 
мероприятий по профилактике и    
ликвидации инфекционных болезней животных
от 2 сентября 2004 года N 467    

 
Правила
по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике
и ликвидации вирусной диареи крупного рогатого скота

      Настоящие Правила по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации вирусной диареи крупного рогатого скота (далее - Правила) определяют порядок организации и проведения ветеринарных мероприятий, обязательных для исполнения физическими и юридическими лицами в соответствии со  статьей 26  Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" (далее - Закон).

      

1. Общие положения

      1. Вирусная диарея крупного рогатого скота - это острая инфекционная болезнь, характеризующаяся язвенным поражением слизистых оболочек пищеварительного тракта, ринитом, угнетением, постоянной или перемежающейся диареей.
      2. Возбудитель - вирус, относящийся к семейству тогавирусов. При температуре ниже минус 20  о С он сохраняет жизнеспособность много лет, при 37  о С инактивируется в течение нескольких дней.
      3. Вирусной диареей болеет крупный рогатый скот, буйволы, олени, косули. Заболевание чаще проявляется у крупного рогатого скота в возрасте до 2-х лет; молодняк более восприимчив к заражению аэрогенным или алиментарным путем. Вирус может передаваться интраплацентарно и через сперму, вызывая патологию воспроизводства.
      4. Болезнь появляется главным образом вследствие контакта больных и переболевших животных.
      5. Источник возбудителя инфекции - больные или переболевшие животные, длительное время выделяющие вирус во внешнюю среду. 
      6. Резервуаром вируса диареи могут быть овцы, так как в сыворотке крови у них часто находят специфические антитела.
      7. Способствуют возникновению болезни, а также осложняют течение эпизоотического процесса скученность поголовья, неблагоприятные условия кормления и содержания и другие факторы, снижающие резистентность организма животного.
      8. Заболеваемость вирусной диареей в зависимости от вирулентности возбудителя и состояния животных колеблется в пределах 10-100 %, летальность может составлять 50 % и больше.
      9. Первичная репродукция вируса происходит в клетках слизистых оболочек желудочно-кишечного тракта и дыхательных путей, после чего вирус разносится по всему организму. Наиболее сильно поражается желудочно-кишечный тракт, в результате чего нарушается пищеварение, развиваются диарея, обезвоживание и интоксикация организма.
      10. После переболевания животных невосприимчивость к вирусу сохраняется от 4 месяцев до нескольких лет.
      11. Инкубационный период длится от 2 дней до 2 недель.
      12. Все переболевшие животные длительное время выделяют вирус во внешнюю среду.
      13. Диагноз основан на анализе клинико-эпизоотологических данных, патологоанатомических изменений, результатов биологической пробы на телятах, гематологических и серологических исследований.
      14. При вскрытии обнаруживают характерные изменения слизистой оболочки желудочно-кишечного тракта в виде сливающихся эрозий и язвенных поражений. Часто наблюдаются гиперемия и отечность слизистой оболочки гортани, трахеи и бронхов.
      15. При серологическом исследовании применяют метод парных сывороток, исследуемых в реакции нейтрализации (РН), реакции диффузной преципитации (РДП), реакции имуннофлюоресценции (РИФ). Для вирусологических исследований в лабораторию направляют в термосе со льдом кусочки лимфатических узлов, слизистой оболочки кишечника, носовой полости.

      

2. Мероприятия по профилактике, проводимые на территории
ветеринарно-санитарного благополучия

      16. Профилактика вирусной диареи сводится к неукоснительному соблюдению зоогигиенических и ветеринарно-санитарных требований содержания, кормления, правил завоза и размещения животных.
      17. Ветеринарно-санитарные мероприятия, проводимые по недопущению вирусной диареей, включают:
      1) обеспечение выполнения ветеринарно-санитарных правил при размещении, кормлении и использовании крупного рогатого скота;
      2) поддержание в надлежащем ветеринарно-санитарном состоянии пастбищ и мест водопоя;
      3) обеспечение своевременного обеззараживания навоза и трупов павших животных;
      4) регулярное проведение профилактической дезинфекции (уничтожение микроорганизмов), дератизации (уничтожение грызунов), дезинсекции (уничтожение насекомых), дезакаризации (уничтожение клещей);
      5) обеспечение паспортизации и идентификации всех животных;
      6) недопущение контакта между животными благополучной и неблагополучной зон.

      

3. Мероприятия, проводимые в эпизоотическом очаге и
неблагополучном по вирусной диарее пункте

      18. При выявлении в хозяйствующем субъекте вирусной диареи крупного рогатого скота, ветеринарный специалист, сообщает об этом государственному ветеринарному инспектору соответствующей административно-территориальной единицы.
      19. Главный государственный ветеринарный инспектор соответствующей административно-территориальной единицы при получении извещения о подозрении на вирусную диарею крупного рогатого скота должен немедленно прибыть на место для установления диагноза и проведения эпизоотологического обследования, определения границы эпизоотического очага. Отбирает и направляет в ветеринарную лабораторию для установления диагноза патологический материал от больных животных.
      20. При установлении окончательного диагноза территорию хозяйствующего субъекта объявляют неблагополучной по этой болезни и вводят ограничения в соответствии с пунктом 1 статьи 27 Закона. 
      Ограничение с неблагополучного пункта снимают через 30 дней после последнего случая выздоровления больного животного и проведения заключительной дезинфекции в соответствии с пунктом 3  статьи 27  Закона. 
      21. В неблагополучных по данной болезни стадах допускается вакцинация животных ветеринарными препаратами, зарегистрированными в Государственном реестре ветеринарных препаратов Республики Казахстан.
      22. Больных животных изолируют и лечат.
      23. При лечении допускается симптоматическая терапия, направленная, в основном, на профилактику осложнений и поддержание защитных сил организма. Можно использовать серотерапию.
      24. При подборе антибиотиков следует обязательно учитывать чувствительность к ним микрофлоры.
      25. Вводят ограничения на перегруппировку животных.
      26. Проводят тщательную дезинфекцию.