Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, бұйырамын :
1. Жануарлардың саркоптоидоз және демодекоз ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын керекті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
"Жануарлардың инфекциялық және
инвазиялық ауруларының алдын алу
және жою бойынша ветеринариялық
іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі
ережелерді бекіту туралы"
2004 жылғы 15 қыркүйектегі
N 494 бұйрығымен бекітілген
Жануарлардың саркоптоидоз және демодекоз ауруының
алдын алу және жою бойынша ветеринариялық
іс-шараларды жүзеге асыру туралы Ереже
Осы саркоптоидоз және демодекоз ауруының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі (одан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26-бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Саркоптоидоз (қышыма, қотыр, қыршыңқы) - Жануарлардың инвазиялық тері ауруларының жинақталған тобының атауы, қышыма түрінде өтеді, тері қабынып ауырады, теріні зақымдайды, нәтижесінде терінің жүндері, қылшықтары түседі және мал арықтайды.
Саркоптоид кенелері қоздыратын малдың тері аурулары әр малдың түріне қарай әр түрлі қотырға бөлінеді, әр түрлі қышыма болады: терідегі қышыма (псороптоз, отодектоз), теріні қасуға мәжбүр ететін қышыма (саркоптоз, нотоэдроз), теріні жейтін қышыма (хориоптоз) және терінің темірленуі қыршыңқысы (демодекоз).
Псороптоз - мал денесінде паразиттік тіршілік ететін кенелер қоздыратын инвазиялық ауру. Псороптозбен ірі қара малы, қой, ешкі және қояндар ауырады; Саркоптоз - малға қышыма қотыр кенесі жұқтыратын инвазиялық ауру. Онымен ірі қара малы, қой, ешкі, шошқа, түйе, ала бұғылар, маралдар және терісі бағалы аңдар ауырады; Демодекоз-паразит кенелер қоздыратын инвазиялық тері ауруы, онымен ірі қара малы және ит ауырады; Хориоптоз бен қой және ешкі ауырады; Отодектозбен терісі бағалы аңдар, ит және мысық ауырады.
2. Диагноз. Диагнозды жануарлардың клиникалық белгілеріне қарап, эпизоотиялық анықтамаларды ескере отырып, теріден тексеруге қырынды сынама алып, зерттеп және оны микроскопиялық тексеру арқылы анықтайды.
Диагноз қою кезінде саркоптоидозды сифункулятоздан (биттеуден), маллофагоз (жүнжегіштен), экземадан, паразиттік тіршілік ететін иксод кенелері қоздыратын аурулардан және тағы басқа зат алмасу ауруларынан ажырату қажет.
Қоздырғыштың түрін анықтау үшін, теріден зерттеуге қырынды сынама алады. Лабораториялық зерттеуге терінің қырындысын терінің зақымданған жері мен сау жерінің шекарасынан, жаңа қатаймаған ошақтардан және міндетті түрде бірнеше жерден алады, тері жегіштерде жараның нақ ортасынан, қышымада сынаманы тереңірек батырып алады.
Қояндардың псороптозында, терісі бағалы аңдардың отодектозында және шошқаның саркоптозында құлақ қалқандарының қабыршақтарын алып тексереді, ал демодекозда түйін ішіндегі заттарды, қорларды жалпылама әдіспен тексереді.
Сынаманы шыны пробиркаға салып, жақсылап тығындайды және шаруашылықтың, ферманың атауы, мал иесінің аты-жөні, жануардың түрі, түсі, материалдың алыну себебі және алынған күні, айы, жылы жазылған этикеткасы болуы қажет:
1) алынған сынаманы бактериологиялық шашкаға салып, аузын жабады, аузын төмен қаратып ыстық ваннаға қыздырады, содан кейін 15-20 минут өткесін, оны қара түсті қағаздың үстінде салып қарайды, одан саркоптоид кенелерінің бар-жоғын анықтайды (ақ түсті қозғалыстағы нүктелер көрінеді);
2) сынаманы шыны пробиркаға салып, үстіне натрий және калийдің сілтілі 10 пайыз судағы ерітіндісін құяды, 10-15 минут ваннада қайнағанша қыздырады, содан кейін шыныдағы затты петлямен төсеніш шынының үстіне салып, жапқыш шынымен жабады, одан кейін микроскоппен немесе лупамен зерттеп қарайды.
Егер сынамада кенелер немесе оның жұмыртқалары табылса, онда диагноз анықталғаны. Диагноз анықталмаған жағдайда, қайтадан сынама алып, сезікті ауруға қайтадан тексереді.
2. Аурудан таза ветеринариялық-санитариялық
қолайлы аймақтағы атқарылатын алдын алу
профилактикалық іс-шаралары
3. Аурудың профилактикалық алдын алу мақсатында, жекеменшігінде малы бар жеке және заңды тұлғалар жыл сайын осы Ережеге сәйкес, ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастырады және атқарады, бұны жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде атқаруға тиісті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 14 қараша 2002 жылы N 367 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілердің 18 желтоқсан 2002 жылғы N 2088 мемлекеттік тіркеудің реестрінде тіркелген.
4. Мал қораларында жыл сайын дезинфекция жұмыстарын жүргізеді.
5. Жаңадан сырттан келген жануарларды 30 күн карантинде ұстайды.
6. Жануарларды ветеринариялық инспектордың келісімінсіз қайта жасақтауға, орын алмастыруға және топтастыруға ұлықсат етілмейді.
7. Сыртқа шығарылатын және жайылымға шығарылатын жануарларды акарацидтік препараттармен домдайды.
8. Елді мекендерде ветеринариялық және санитарлық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
3. Қолайсыз бекеттердегі жүргізілетін шаралар
9. Жануарлардың қышыма ауруына күдікті жағдайда шаруашылық субъектісінің басшысы немесе жануарлар иелері осы туралы аймақтық бас ветеринариялық инспекторға жедел хабарлауға, ауырған және ауруға күдікті жануарларды оқшаулауға, осы жануарлар тұрған қораларды залалсыздандыруға міндетті.
Ветеринариялық инспектор барлық жануарларды клиникалық байқаудан өткізеді, егер тері жарақаты болған жағдайда, онда жарақат орнынан сынама алып, микроскопиялық тексеруден өткізеді.
10. Отардан бір бас ауру жануардың ауру екені анықталса, онда шаруашылық субъектісі саркоптоидозға қолайсыз деп танылады.
11. Қышыма анықталған жағдайда, шаруашылыққа қызмет көрсететін мемлекеттік ветеринариялық инспекторы аудандық (қалалық) мемлекеттік ветеринариялық инспектордың хабарлауы бойынша іс-шаралар жүргізеді, осы ереженің негізінде қышыманы жоюға сауықтыру және профилактикалық шараларының жүргізілуін ұйымдастырады.
12. Шаруашылық субъектісінің басшысы және жануарлардың иелері қышыманы жоюға бағытталған барлық шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
13. Аудандық мемлекеттік ветеринариялық инспектордың міндеті:
1) қолайсыз шаруашылық субъектісін есепке алуға міндетті, шаруашылық субъектісінің саркоптоидоздан-қышымадан қолайсыздығын және оған шектеу шараларын қою үшін, жергілікті атқару органдарын хабардар етеді, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 1-тармағының талаптарына сай мәселе қояды;
2) шаруашылық субъектісінің басшыларын осы жануарлардың саркоптоидоз және демодекдоз ауруының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы Ережесімен таныстырады, саркоптоидоздан қолайсыз шаруашылық субъектілерінде жою шараларын жүргізгенде ұдайы бақылауда ұстауға міндетті.
14. Шаруашылықтың (ферма, отар, табын) қандай меншік түріне жататындығына қарамастан саркоптоидоздан қолайсыз шаруашылық субъектілерінде жою шараларын жүргізгенде мыналарға қатаң тиым салынады:
1) шаруашылыққа жануарлардың кіріп-шығуына тиым салынады;
2) жануарларды бірге жаюға, бірге бағып күтуге, суғаруға және денісау малдармен ауру малдардың араласуына тиым салынады;
3) жануарларды ветеринариялық инспектордың келісімінсіз қайта жасақтауға, орын алмастыруға және топтастыруға ұлықсат етілмейді, тиым салынады;
4) шаруашылық аймағына басқа адамдардың, жан-жануарлардың енуіне тиым салынады.
15. Сароптоидозбен ауырып өлген немесе лажсыздан сойылған жануарлардың терісін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен ветеринариялық препараттармен залалсыздандырады, ал жабайы аңдар мен қояндарды терісі онша бағалы болмаса, онда өртеп жояды.
16. Жануарлардың қоралары, баздар, қашарлар, бөлімше қоралар, барлық құрал-жабдықтар үнемі акарацидтермен залалсыздандырылады.
17. Қолайсыз ауру малдар бағылып күтілген және мал айдауға пайдаланылған мал жайылымдары мен мал айдайтын трассаларды жаз айларында 30 күн өткеннен кейін ғана пайдалануға болады.
18. Барлық сауықтыру іс-шараларын болғаннан кейін, комиссия құрамында аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы бар, шаруашылық басшысы, шаруашылықтың бас ветеринариялық дәрігері бар, немесе мал иелері және округтік ветеринариялық инспекторы бар, барлығы бірігіп, шектеуді алу туралы акт жасайды және осыған сәйкес аудандық әкім шешім шығарады.
19. Жануарларды саркоптоидоздан емдеу және профилактикалық домдау шаралары, ауылдық округтің ветеринариялық инспекторының басшылығымен жасалынады:
1) қой мен ешкілерді көлемі 8-15 метр куб астауға, ваннаға акарацидтік препараттардың судағы ерітіндісінде саркоптоидоз және псороптоз ауруына қарсы алдын-ала бір рет, ал емдеу үшін екі рет (арасы 7-10 күннен) шомылдырады;
2) қыста псороптозбен ауырған отардағы қойларды, көктемде стрижкадан кейін екі рет және күзде бір рет домдайды;
3) жануарларды мүйізді ірі қара, қой және ешкі, түйе, шошқа, ала бұғылар, маралдар, қояндар, терісі бағалы аңдар, иттер және мысықтарды саркоптоидоздан емдеу және профилактикалық домдау шараларында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен ветеринариялық акарацидтік ветеринариялық препараттар қолданылады;
4) жануарларды шомылдырар алдында 4-5 сағат демалдырады, азықтандыруды және суаруды 1-2 сағат бұрын тоқтатады;
5) шомылдыруға буаз қойлар (ешкілер) тууға бір ай қалғанда жіберілмейді, бір айға дейінгі қозылар (лақтар), қысыр қойлар қашырымға 45 күн қалғанда жіберілмейді;
6) ауру және арық малдар оқшауланып алынады, оларды жақсы жем шөппен оңалғанша (сауалғанша) бағып күтеді, содан кейін барып шомылдырады. Қатты жаңбырдың астында қалған қойларды, жүні әбден кепкеннен кейін барып, екі рет арасы 7-10 күннен кейін шомылдырады;
7) акарацидтерді - пайдаланғанда шашу әдісін қолдануға тиым салынады.
20. Қырқымға бірінші рет дені сау отардағы қойлардан бастайды. Жануарларды аурудан қолайсыз отарларда қырқымды орналасқан жерінде ұйымдастырады.
21. Ауру жануарлардан қырқылған жүндерді бөлек оқшаулаған орындарда сақтайды, оларды өңдейтін мекемелерге арнайы екі қабат қабатталған тарыда тасымалданады, онда "қотыр" акарацидтік залалсыздандыруға жатады деген жазуы бар тарыда жөнелтеді.
22. Баздарды акарацидтік залалсыздандыру, қораларды механикалық тазартудан кейін жүргізіледі. Қи, қоқыс, көңдерді, төсеніш, шөп, жем азық қалдықтарын көң-қи сақтайтын орындарға тасымалдайды, үш ай көлемінде биотермиялық әдіс арқылы залалсыздандырады.
23. Жануарларды бағым күтімге алған мамандардың киім кешектерін 6 сағат бойы сабынды соданың ерітіндісіне батырып қояды, содан кейін суда 10 минут бойы қайнатады. Аяқ киімдерді креолиннің 3 пайыз эмульсиясында өңдейді немесе жануарларды емдеуге қолданылған акарацидтердің бірімен домдайды, келесі дом 5 пайызды кальцийленген соданың ерітіндісінде өңдейді.
24. Жануарлардан босаған мал қоралары, баздар, қашарлар, бөлімше қоралар механикалық тазарту жүргізілгеннен кейін, қыс айларында кемінде 10 күн, ал жаз айларында кемінде 30 күн биологиялық залалсыздандыруға қалдырылады.
25. Жануарлардың акарацидтермен улануы байқалған жағдайда домдауды тоқтатады. Улану белгілері жануарларды жуады және оларға антидот егеді және симптоматикалық ем қолданылады.