Шошқа тілмесін алдын-алу және жою жөніндегі ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 498 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3145. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес бұйырамын:
      1. Шошқа тілмесін алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже бекітілсін.
      2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңдылықта белгіленген  тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ветеринария Департаментінің директоры А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің
"Шошқа тілмесі ауруының    
алдын алу және жою бойынша  
ветеринариялық іс-шараларды 
жүзеге асыру жөніндегі   
ережесін бекіту туралы"  
15 қыркүйектегі 2004 ж.  
N 498 бұйрығымен бекітілген

  Шошқа тілмесін алдын-алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шаралар туралы
Ереже

      Осы Шошқа тілмесін алдын-алу және жою шаралары туралы ереже (одан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес, орындау үшін міндетті тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ереже

      1. Шошқа тілмесі - жұқпалы ауру, әсіресе 3-12 айлық шошқаларды зақымдайды. Жіті және созылмалы, энзоотиялық тұтану түрінде өтеді. Тілменің жеке тұтанулары кеміргіштердің, күрке тауықтардың, үйректердің, қырғауылдардың және қозылардың арасында болуы мүмкін.

      2. Аурудың қоздырғышы сыртқы ортаның факторлары мен шіруге тұрақты келеді. Етті тұздау мен қақтау бактериядан зарарсыздандырмайды.

      3. Ауру шошқаларда, дені сау бактериятасығыш-шошқаларда бактериялар олардың жұтқыншақ бездерімен және ішектерінің фолликуласында орналасады, сонымен бірге кеміргіштер мен құстар аурудың негізгі көздері болып табылады.

      4. Инфекцияның қоздырғыштарын тарату факторларына тілменің қоздырғыштарымен ластанған азық, су, сою өнімдері, өлекселер жатады. Осының ішінде топырақ маңызды орын алады. Осыған байланысты тілмені топырақтық, маусымдық (көктем-жазда) індеттер қатарына жатқызады. Кеміргіштер, шыбындар, құстар қоздырғыштарды таситындар болуы мүмкін. Қоздырғыштардың таралуының негізгі жолы - азықпен, жәндіктер арқылы және жанасу арқылы. Тілменің эпизоотиялық ерекшелігі - оның тұрақты болып, жылдың жылы мезгілінде қайталануында. Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі, 20-30% ауруға шалдығады. Өлім көрсеткіші жоғары - 55-80%.

      5. Шаруашылық субъектісіне (елді мекенде) қоздырғыштарды ауру, ауырып жазылған шошқалар, сонымен бірге ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған заттар таратады.

      6. Шошқаның тілмесінің қоздырғышы сырттан келмесе де, бактерия тасығыш - шошқалардың арасынан, сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан (көлікпен тасымалдағанда, күн ыстықта айдағанда, шошқалардың денелері ыстықтағанда немесе тоңғанда, азықтандыру түрін кенет өзгерткенде, күн өткенде және ауаның жоғары ылғалдылығында) ауру шығуы ықтимал.

      7. Шошқаның тілмесіне диагнозды эпизоотиялық, клиникалық, патологоанатомиялық деректер мен ауру және өлген жануарлардан бактериологиялық зерттеулерге алынған патматериалдардың нәтижелерін негізге алып қояды. Аурудың шыққан уақытын, таралу сипатын, ауырған жануарлардың жасын назарға ұстайды.

      8. Шошқаның тілмесін обадан, пастереллезден, листериоздан, сібір жарасынан, күн және ыстық өткеннен ажыратады. Созылмалы өткен кезде, обадан, микоплазма полисерозитінен, полиартриттен, стрептококтық және коринебактериалдық індеттерден, рахит пен остеомаляциядан ажырату керек. Шошқалардың тілмесі күн, ыстық өткендерден ажыратылғанда, осы факторларды тудыратын жағдайлардың негізін, клиникалық белгілерін ескереді: кенеттен әлсіздену, тыныс алудың жиілеуі, жүрек жұмысының бұзылуы, температураның көтерілуі 42-43С, бұлшық еттері тартылады, күн немесе ыстық өткенде ауырғандар ауру белгілері білінгеннен бірер сағаттан кейін өледі.

      9. Обадан және басқа вирустық індеттерден айыру мақсатында, ауру шошқалардың температурасын өлшеп, күніне 4 рет тілмеге қарсы сарысудың емдік дозасын пенициллинмен қосып беру ұсынылады. Тілмемен ауырған шошқалардың температуралары төмендеп, жалпы жағдайы жақсарады. Обамен және басқа вирустық аурулармен ауырғанда көрсетілген емдеу көмек бермейді.

  2. Ветеринариялық-санитарлық таза аумақтарда
жүргізілетін алдын-алу шаралары

      10. Шошқаларды жоспарлы алдын-ала егуді, қайта егуді жылдың кез келген уақытында ветеринариялық препараттардың мемлекеттік Реестрінде тіркелген вакцинамен жүргізеді.

      11. Егуден 5 күн бұрын және еккеннен кейін 5 күнге дейін жануарларды тасымалдауға болмайды. Бұл аралықта күн сәулесінің теріс әсерінен иммуногенез болмас үшін жануарларды күнге шығармайды.

      12. Шошқа тілмесінің алдын-алу үшін ветеринариялық-санитарлық шаралар:
      1) жазғы лагерлермен жабдықтау арқылы жануарларды ыстықтан қажудың алдын-алып, шошқаларды күн сәулесінен қорғауды қамтамасыз етеді;
      2) шошқаларға жиналған тамақ қалдықтарын залалсыздандырылмаған күйде беруге болмайды;
      3) шошқаларды ет өңдейтін кәсіпорындарда немесе жануарларды союға арналған пункттерде сояды.

  3. Эпизоотиялық ошақта және таза емес
пункттерде жүргізілетін шаралар

      13. Шаруашылық субъектісінде (елді мекенде) шошқа тілмесі анықталғанда ветеринариялық маман сол аумақтық әкімшілік бірлігінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.

      14. Аумақтық әкімшілік бірлігінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шошқаның тілме ауруына күдік туралы хабарды алғаннан кейін, дереу ауру шыққан жерге келіп, эпизоотиялық тексеру жүргізеді және диагноз қою үшін ауырған жануарлардан патологиялық материал алып ветеринарлық лабораторияға жібереді.

      15. Шаруашылық субъектісі (елді мекені) диагноз анықталса, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес, оларға шектеу қойылады.

      16. Шектеу шаруашылық субъектісінен (елді мекеннен) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының  27-бабының 3-тармағына сәйкес, соңғы ауырған жануар сауыққан соң және қоралар, серуендеу алаңдары, күту заттары мұқият тазартылып, залалсыздандыру жүргізілгенінен 14 күн өткеннен кейін алынады.

      17. Шектеудің шарты бойынша тиым салынады:
      1) шошқаларды шығаруға және кіргізуге;
      2) амалсыздан сойылған шошқаның етін залалсыздандырмай шығаруға;
      3) ауру шошқалар жанасқан, шошқаға арналған азықтарды сыртқа шығаруға.

      18. Клиникалық ауру белгілері бар ауру шошқаларды тілмеге қарсы гипериммунды сарысуды пенициллинмен қосып, қолдану нұсқаушасына сәйкес емдейді. Аурудан сауыққан жануарлардың терісі мен аяқтарын залалсыздандырғаннан кейін, сауыққандарын және барлық шошқаларды тілмеге қарсы вакцинациядан 10 күннен кейін келген жеріне қайтарады.

      19. Тазармаған шаруашылық субъектілеріндегі дені сау шошқаларды вакцинациялайды да, оларды 10 күн ішінде байқап отырады. Егілген жануарлар ауырған кезде, жоғарыда көрсетілгендей оқшаулап, емдейді.

      20. Шошқалар арасынан тілме ауруы бой көрсеткенде етке өткізетін технологиямен айналысатын шаруашылықтарда, ауруларды оқшаулап емдейді де, дені сау шошқаларды жақын жердегі ет өңдейтін кәсіпорындарға жедел түрде союға жібереді. Жіберілген күні союға мүмкіндік болмаса, сау шошқаларды сол жерде қалдырып, тілмеге қарсы вакцинациялап, 10 күннен кейін шектеусіз союға алып барады.

      21. Әрбір ауру шошқа анықталған сайын, шошқа қораның едені мен қабырғасын тазартып жуады және мемлекеттік Реестрде тіркелген препараттармен залалсыздандырады.

      22. Өлекселердің немесе лажсыз сойылған ауру шошқалардың терілерін залалсыздандырады. Өңделген терілерді өткізбейтін заттармен буып-түйіп, тері зауытына жібереді. Терінің залалсыздандыруын ұйымдастыруға мүмкіншілік болмаса, өлексені терісімен пайдаға асырады.

Об утверждении Правил по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации рожи свиней

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 сентября 2004 года № 498. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 октября 2004 года № 3145. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 10-1/18

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 17.01.2012 № 10-1/18.

      В соответствии со  статьей 26  Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" приказываю:

      1. Утвердить Правила по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации рожи свиней.

      2. Департаменту ветеринарии совместно с территориальными управлениями областей и г.г. Астана, Алматы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, в установленном законодательством порядке, принять необходимые меры, вытекающие из настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на директора Департамента ветеринарии Кожумратова А.А.

      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
 
       Министр

        

Утверждены                  
приказом Министра сельского хозяйства   
Республики Казахстан            
"Об утверждении Правил по осуществлению 
ветеринарных мероприятий по профилактике 
и ликвидации рожи свиней"        
от 15 сентября 2004 года N 498       

Правила
по осуществлению ветеринарных мероприятий
по профилактике и ликвидации рожи свиней

       Настоящие Правила по осуществлению ветеринарных мероприятий по профилактике и ликвидации рожи свиней (далее - Правила) определяет порядок организации и проведения ветеринарных мероприятий, обязательных для исполнения физическими и юридическими лицами в соответствии со  статьей 26  Закона Республики Казахстан "О ветеринарии".

      

1.  Общие положения

      1. Рожа свиней - инфекционная болезнь, характеризующаяся септицемией, воспалительной эритемой кожи (при остром течении), эндокардитом и артритами (при хроническом течении). Данной болезнью болеют свиньи 3-12-месячного возраста. Отдельные вспышки рожи возможны также среди грызунов, индеек, уток, фазанов и ягнят.
      2. Возбудитель болезни - бактерия Erysipelotrix insidiosa, устойчив к факторам внешней среды и гниению.
      3. Основными источниками возбудителя болезни являются больные рожей свиньи, клинически здоровые свиньи-бактерионосители, у которых бактерии локализуются в миндалинах и солитарных фолликулах кишечника, а также грызуны и птицы.
      4. Факторами передачи возбудителя инфекции служат почва, корма, вода, продукты убоя животных, трупы, инфицированные возбудителем рожи свиней. Рожу относят и к почвенным инфекциям с выраженной сезонностью (весна-лето). Переносчиками возбудителя являются грызуны, мухи-жигалки, птицы. Основной путь распространения возбудителя - алиментарный, реже - трансмиссивный и контактный. Эпизоотологическая особенность рожи свиней - ее стационарность с повторными проявлениями в теплое время года. Эпизоотологические вспышки отличаются вовлечением в процесс большого количества животных, заболевает 20-30%. Показатель летальности высокий - 55-80%.
      5. Энзоотии рожи свиней возникают при заносе в хозяйствующий субъект вирулентного возбудителя с больными и переболевшими свиньями, а также предметами, загрязненными выделениями больных животных.
      6. Рожа свиней может возникнуть и без заноса возбудителя извне среди свиней-бактерионосителей после воздействия на их организм неблагоприятных факторов внешней среды (транспортировка, перегоны в жаркую погоду, переохлаждение или перегревание тела, резкая смена типа кормления, инсоляция и повышенная влажность воздуха и другие).
      7. Диагноз на рожу свиней устанавливают на основании эпизоотологических, клинических, патологоанатомических данных и результатов бактериологического исследования патологического материала от больных и павших животных. Принимают во внимание время проявления болезни, характер распространения, возраст заболевших животных.
      8. Рожу свиней дифференцируют от чумы, пастереллеза, листериоза, сибирской язвы, солнечного или теплового удара. При хроническом течении необходимо исключить хроническое течение чумы, микоплазменный полисерозит, полиартрит, стрептококковую и коринебактериальную инфекции, рахит и остеомаляцию. Солнечные и тепловые удары дифференцируют от рожи свиней на основании учета условий, способствующих появлению этих факторов, а также клинических симптомов: резкая слабость, учащение дыхания, расстройство сердечной деятельности, повышение температуры тела до 42-43ҮС, судорожное сокращение мышц, гибель больных в течение первых часов клинического проявления солнечного или теплового удара.
      9. С целью исключения чумы и других вирусных инфекций рекомендуется ввести больным свиньям противорожистую сыворотку в лечебной дозе в сочетании с пенициллином с последующим четырехкратным в течение дня измерением температуры тела. У свиней, больных рожей, снижается температура и улучшается общее состояние. При чуме и других вирусных болезнях указанный курс лечения не дает эффекта.

      

2. Профилактические мероприятия, проводимые на территории
ветеринарно-санитарного благополучия

      10. Плановую профилактическую вакцинацию и ревакцинацию свинопоголовья проводят в любое время года вакцинами, зарегистрированными в Государственном реестре ветеринарных препаратов.
      11. За 5 дней до вакцинации и в течение 5 дней после нее запрещают транспортировку животных. В этот период во избежание отрицательного влияния интенсивных солнечных лучей на иммуногенез не рекомендуют выпускать животных.
      12. Ветеринарно-санитарные мероприятия по профилактике рожи свиней включают в себя:
      1) профилактику тепловых стрессов путем оборудования летне-лагерного содержания животных, обеспечивающего защиту свинопоголовья от прямых солнечных лучей;
      2) не допущение скармливания свиньям сборных пищевых отходов в необезвреженном состоянии;
      3) проведение убоя свиней на перерабатывающих предприятиях или специализированных пунктах по убою животных.

      

3. Мероприятия, проводимые в эпизоотических очагах
и неблагополучных пунктах

      13. При выявлении в хозяйствующем субъекте рожи свиней, ветеринарный специалист, сообщает об этом государственному ветеринарному инспектору соответствующей административно-территориальной единицы.
      14. Главный государственный ветеринарный инспектор соответствующей административно-территориальной единицы при получении извещения о подозрении на рожу свиней обязан немедленно прибыть на место для установления диагноза и проведения эпизоотического обследования, определения границы эпизоотического очага, отбирает и направляет в ветеринарную лабораторию для установления диагноза патологический материал от больных животных.
      15. При установлении диагноза на территории хозяйствующего субъекта устанавливается ограничение, согласно пункту 1  статьи 27  Закона Республики Казахстан "О ветеринарии".
      16. Ограничения с хозяйствующего субъекта снимают через 14 дней согласно пункту 3 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" после последнего случая выздоровления больного животного и проведения тщательной очистки и заключительной дезинфекции помещений, выгульных дворов и предметов ухода.
      17. По условиям ограничения запрещается:
      1) Ввоз (ввод) и вывоз (вывод) свиней;
      2) вывоз необеззараженного мяса, полученного от вынужденного убоя свиней;
      3) вывоз предназначенных для скармливания свиньям кормов, с которыми контактировали больные свиньи.
      18. Клинически больных рожей свиней подвергают лечению гипериммунной противорожистой сывороткой в сочетании с пенициллином. Выздоровевших животных возвращают после дезинфекции кожных покровов и конечностей, но не ранее чем через 10 дней после их выздоровления и вакцинации против рожи всех свиней, в которые они вводятся.
      19. Клинически здоровых свиней в неблагополучных эпизоотических очагах вакцинируют против рожи, при этом организуют наблюдение за ними в течение 10 дней. В случае заболевания привитых животных их изолируют и лечат, в порядке, установленном пунктом 18 Правил.
      20. При появлении рожи среди свиней, подлежащих по технологии сдаче на перерабатывающие предприятия, больных изолируют и лечат, а клинически здоровых отправляют на ближайшие мясоперерабатывающие предприятия для немедленного убоя. При невозможности осуществления убоя в день отправки здоровых животных оставляют на месте, вакцинируют против рожи и через 10 дней сдают на убой без ограничений.
      21. После каждого случая выделения больных свиней полы и стены свинарника очищают, моют и дезинфицируют препаратом, зарегистрированным в Государственном реестре ветеринарных препаратов
      22. Шкуры, снятые с трупов или вынужденно забитых больных рожей свиней дезинфицируют. Обработанные шкуры упаковывают в непроницаемую тару и отправляют на кожевенный завод. При невозможности организовать дезинфекцию шкур трупы утилизируют вместе со шкурой.