Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілгендер бекітілсін:
1) Мүйізді ірі қара, қой мен ешкі малдарының мониезиозының алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі;
2) Мүйізді ірі қара, қой мен ешкі малдарының диктиокаулезінің алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринария департаментінің директоры А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы министрінің
"Ауыл шаруашылық жануарларының
кейбір инвазиялық ауруларының
алдын-алу және жою бойынша
шараларды жүргізудің
Ветеринариялық ережелерін
бекіту туралы" 2004 жылғы
17 қыркүйектегі N 505
бұйрығымен бекітілген
Мүйізді ірі қара, қой мен ешкі малдарының
диктиокаулезінің алдын-алу және жою бойынша
іс-шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес мүйізді ірі қара малының, қой мен ешкінің диктиокаулезін алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесін жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін (әрі қарай - Ветеринариялық ереже) жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде атқаруын анықтайды.
1. Жалпы сипаттама
1. Ірі қара малының, енекенің, өркешті сиырдың диктиокаулезі өкпеде тіршілік ететін Dictyocaulus viviparus , жұмыр құрты тудырады, қой мен ешкіде кеңірдекпен бронхыларда кездесетін Dictyocaulus filaria жұмыр құрты.
2. Қоздырғышы - мүйізді ірі қара малының диктиокаулюс вивипарусы, кеңірдек пен бронхыларда мекендейді, жіп тәріздес, ақ, шамалы сарғыштау реңді, екі жақ аяғы жіңішкерілген, ұзындығы 1,7-7,3см. Жыныстық мүшелері жақсы дамыған.
Dictyocaulus filaria - үлкен, ұзындығы 8-15 см, жіп тәріздес, ақ-сүт түстес гельминт, қойлар мен ешкілердің кеңірдегі мен бронхыларында мекендейді.
3. Малдардың диктиокаулез ауруына диагнозды клиникалық ауру белгісінің негізінде, патологиялық-анатомиялық өзгерістерінің болуы, бронхылар мен кеңірдекте диктиокаулюсті немесе оның балапан құртын табу, сондай-ақ лавроскопиялық зерттеу нәтижесіне, эпизоотологиялық деректерге қарап қояды.
2. Жалпы шаралар
4. Малдардың диктиокаулез ауруын жою және сақтандыру мақсатында мал иесі мен ветеринария мамандары ұйымдастыру-шаруашылық, агромелиоративтік, жалпы зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы емдеу-сақтандыру шараларын, ауру қоздырғышының биологиясын, жергілікті жердің климаттық-жағрапиялық жағдайын, эпизоотиялық ерекшелігін және малдардың бағу технологиясын ескеріп кешенді жұмыстар атқаруға міндетті.
5. Ұйымдастыру-шаруашылық шараларының барлық мал басын құнды азықпен, суару, азықтандыру, күтім шарттарының зоогигеналық талаптарға сай жүргізілуі малдарды диктиокаулез ауруынан сақтандыруға бағытталған.
6. Жайылымды пайдаланатын немесе қорада-серуендетіп бағатын шаруашылық субъектілерінде табиғи жайылымдар мен шабындықтарды жүйелі түрде жақсарту шараларын, (жер суландыру, тастардан, бұталардан, орман жайылымын ағаш түбірі мен қалдығынан тазарту) екпелі жайылымдарды құру, сонымен қатар 5-7 күн сайын қоршаған жайылымды оңтайлы пайдаланып ауыстырып отыру керек.
3. Мал диктиокаулезін сақтандыру шаралары
7. Малдарға диктиокаулездің жұғуын сақтандыру мақсатында келесі шаралар жүргізеді:
1) мал азығында белок, минералды тұздар және витаминдер бойынша тепе-теңдігі сақталған рационды пайдаланады. Аймақтың микроэлементтерге кедей жайылымдық жерлерінде мал азығына тиесілі қоспалар қосу керек (мыс тұзы, кобальт, иод, молибден және басқа элементтер);
2) жануарларды тек астаудан азықтандырады;
3) малдарды су құбырынан, құдықтан, ағыны жылдам өзендерден таза, жаңа сумен суарады. Көлшіктерден, тұрып қалған сулардан тек сүзгіш-құдық жасау арқылы суаруға рұқсат етіледі. Шұңқырдағы, жырадағы, батпақтағы және малдың дәреті араласқан судан суаруға болмайды;
4) мал қораларын, азықтандыратын және суаратын астауларды, күту құралдарын, күншуақты алаңқайды, ауланы, серуен алаңын, мүліктерді, жабдықтарды және қора айналасын тазалықта ұстауды қамтамасыз етеді. Жануарларды санитарлық нормаға сәйкес құрғақ, жарық, жақсы желдетілген қорада орналастырады;
5) мал қораларында, мал азығын сақтайтын және су көздеріне жақын жерлерде иттерді ұстауға болмайды;
6) қорадағы, серуен алаңындағы көңді және саңғырықты үнемі зарарсыздандыруға арналған көңқоймаға жинайды;
7) әрбір дегельминтизациядан кейін мал қиын 3-5 күн аралығында жинап, содан кейін дезинвазия жасайды. Мал қораларына, серуен алаңдарына, жабдықтарға және мүліктерге дезинвазия жасалады;
8) малды құрғақ жайылымға жаяды. Жайылымның батпақты, ойпатты, малдың дәретімен ластанған жерлерінде жаюға болмайды;
9) жануарлардың жас төлдерін (мониезиоз ауруына аса бейімділігіне қарай) қырат жерлерде, жақсартылған жайылымда бағады, бұзауларды қорада және байлап-серуендеу күтіміне алады, қыста ерте қой қоздату және басқа шараларды қолданып, мониезиоздан таза төлдердің сау отарларын құруды қамтамасыз етеді.
8. Ветеринария мамандары жылына 2 рет гельминттік копроскопиялық әдіспен барлық ірі қара малының, қой мен ешкінің 10-20% басын зерттейді, өлген немесе етке сойылған малдарды ашып көргенде диктиокаулдың бар-жоғын ескереді.
9. Шаруашылыққа жаңадан келген үй және жабайы жануарларды 30 күн ішінде сақтандыру карантинінде ұстайды да диктиокаулезге гельминттік копроскопиялық әдіспен зерттеледі. Диктиокаулез жұққандығы анықталса, әр мал басына дегельминтизация жүргізіліп, оның тиімділігі тексеріледі.
Бұрын шаруашылық аумағында болмаған жаңадан әкелінген малдардан диктиокаулез табылса, онда оларды оқшауландырылып диктиокаулдан толық арылғанша дегельминтизация жүргізеді.
10. Шаруашылықтан шығарар алдында, ірі қара малды, қой мен ешкіні диктиокаулезге гельминттік копроскопиямен зерттейді.
Диктиокаулез табылса барлық жануарларды дегельминтизацияға тартып, содан кейін шығаруға рұқсат береді.
11. Ветеринария мамандары мал шаруашылығы жұмысшыларына, жергілікті тұрғындарға диктиокаулезбен күресу шараларын кеңінен түсіндіруге міндетті.
4. Малдардың диктиокаулезін жою бойынша
арнайы шаралар
12. Диктиокаулездің өзіндік негізгі арнайы алдын-алу шаралары химиялық және биологиялық препараттарды қолдану арқылы малдардың ауруын ескертіп және сыртқы ортаға таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
13. Диктиокаулезге қарсы шараларды жүйелі түрде эпизоотикалық жағдайды ескере отырып, әр түрлі дегельминтизация әдісін кеңінен қолдануын қарау керек.
14. Малдардың жаппай емдік және сақтандыру дегельминтизациясы алдында күшті, жаңадан қолданылатын препараттарды пайдалану әдісі бойынша алдын-ала аздаған топқа (15-20 бас) сынағаннан кейін қолданады, 2-3 күн өткеннен кейін асқыну болмаған жағдайда барлық мал басына дегельминтизация жасайды.
15. Малдарды дегельминтизация жасау үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 349 "Қазақстан Республикасында ветеринарлық препараттарды Мемлекеттік реестрге тіркеу және енгізу жүргізуді бекіту жөніндегі" бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 24 желтоқсанында N 2097 тіркеуден өткен препараттар мен дәрі түрлерін қолданады.
16. Ірі қара малының диктиокаулезі анықталған шаруашылық субъектісінде:
1) үстіміздегі жылы туған бұзауларды, ал бордақылайтын шаруашылықтарда жасы үлкен бұзауларды қорада ұстайды немесе қорада серуендетумен оқшау өсіреді;
2) диктиокаулез жұқтырған ірі қара малдың өткен жылдың қыркүйек айынан бастап бағылмаған жайылымына бұзауларды жайылым-қорада оқшау бағуды ұйымдастырады;
3) көп жылдық жайылымда баққан кезде, оның әрбір бөлігінде 5 күннен артық пайдаланбайды және сол жайлымда қайтадан жаюды 3-4 айдан соң ұйымдастырады. Диктиокаул жұқтырған жануарларды көп жылдық екпе жайылымдарға жаюға болмайды;
4) карантин кезінде шаруашылыққа жаңадан келген малдарды гельминттік лярвоскопиялық зерттеуден өткізеді. Тобы бойынша ауру белгілері болмаған жағдайда жалпы отардағы малдарға қосады;
5) Өткен жылы туған бұзауларды жайылымға шығуға 20 күн қалғанда гельминттік лярвоскопиялық зерттеуден өткізеді;
6) биылғы және былтырғы туған бұзауларды іріктеп (20-25 бас) гельминттік лярвоскопия жүргізеді: бірінші рет жайылымға шыққаннан 45-50 күннен кейін, сонан соң әрбір 15 күн сайын жайылым мерзімінің соңына дейін;
7) отарда бұзаулар арасында ауру білінген кезде дегельминтизация жасалып, қорада күтуге ауыстырылады, керек болған жағдайда дегельминтизацияны 12 күннен кейін қайталайды.
Қой мен ешкінің диктиокаулезі анықталған шаруашылық субъектілерінде:
1) іріктеп гельминттік лярвоскопия жүргізеді: көктемде (наурыз) - барлық мал отарында және елді мекенде, бұрын табиғи жайылымда бағылса; жазда (шілде-тамыз) биыл туған қозылар мен лақтарды барлық аналық отарда; күзде қорада ұстау алдында 2 жасқа дейінгі қой мен ешкінің төлдерінен қайта құрылған отарларда;
2) отарларда және елді мекенде аурудың малға жұққандығы табылған жағдайда көктемде, жайылымға шыққанға дейін қой мен ешкілерді (әсіресе аналықтар төлдегеннен кейін), бұрын жайылымда жайылса, жазда (шілде-тамыз) қозыларды, күзде барлық малдарды (қораға қою алдында) дегельминтизациядан өткізеді;
3) жыл бойы жайылымда бағылатын алыстағы қой шаруашылығында зерттеу мерзімі мен малдарды дегельминтизациялау, сол өлкенің диктиокаулез бойынша эпизоотологиялық ерекшеліктерімен анықталады;
4) малдар диктиокаулездің белгілерімен ауырғанда жедел түрде жыл мезгіліне қарамастан дегельминтизацияға тартады. Малдардың диктиокаулезі екінші бір аурумен қабаттасып келсе (катаралды іріңді бронхопневмония) дегельминтизациядан басқа антибиотиктер, сульфаниламидтер және басқа дәрілермен емдейді.
17. Дегельминтизацияға тууына 2 апта қалған және туғаннан бастап 2 аптаға дейін буаз сиырлар мен қойлар, арық малдар, іші кепкен, остеомаляция белгілері бар және басқа жіті, ауыр түрде ауырған малдар жатпайды. Бұл малдарды денсаулық жағдайы жақсарғаннан кейін жеке дегельминтизациядан өткізеді.
18. Препараттарды теріге, тері астына, етке, көк тамырға, қабақ астына, кеңірдекке жіберген кезде асептика және антисептика ережелерін қатаң түрде сақтау қажет.
Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы министрінің
"Жануарлардың инвазиялық
ауруларының алдын-алу және
жою бойынша ветеринариялық
іс-шараларды жүзеге асыру
Ережелерін бекіту туралы"
2004 жылғы 17 қыркүйектегі
N 505 бұйрығымен бекітілген
Мүйізді ірі қара, қой мен ешкі малдарының
мониезиозының алдын-алу және жою бойынша
іс-шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, ірі қара малының, қой мен ешкінің мониезиоздарынан сақтандыру және жоюдың ветеринариялық ережесін жүргізу және ұйымдастыру тәртібін (әрі қарай - Ветеринариялық ереже) жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындауын анықтайды.
1. Жалпы сипаттама
1. Мониезиоздар - таспа құрттар аурулары, тудыратын қоздырғыштары Moniezia туыстастығының Anoplocephalidае тұқымдастығына жатады, мониезиозбен қойлар, ешкілер, ірі қара мал, бұғылар, енекелер және жабайы күйіс қайыратын жануарлар ауырады. Негізінен жиі төлдер ауырады (қозылар, лақтар, бұзаулар).
2. Қоздырғышы - ірі таспа құрттар Moniezia expanse және Moniezia benedeni . Шар тәріздес 4 сорғышымен қарусыз сколексі, өңеш арасындағы безі, қос жыныс аппараты, жыныс тесігі, 2 жағына ашылатын әрбір жетілген мүшелері 2 түріне тән болып табылады
3. Жануарларға диагнозды клиникалық белгілері негізінде, мониезиозға тән патологиялық-анатомиялық өзгерістердің болуы, тканьдармен ішкі мүшелерде мониезиялар немесе олардың балапан құрттарын табу және гельминттік копроскопиялық зерттеулердің нәтижесі мен эпизоотиялық деректерді ескере отырып қойылады. Диагноз қою кезінде, аурудың клиникалық белгілері, тағы субклиникалық жүріс-тұрысының физиологиялық өзгермегендігі ескеріледі. Бұл мал организмінің ауруға қарсы тұру қабілетіне, оның жасына, инвазияның қарқынына, азықтандыру және күту жағдайына, сонымен бірге аурудың өту түрі мен басқа жағдайларына байланысты.
2. Жалпы шаралар
4. Малдардың мониезиоз ауруын жою және сақтандыру мақсатында мал иесі мен ветеринария мамандары ұйымдастыру-шаруашылықтық, агромелиоративтік, жалпы зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы емдеу-сақтандыру шараларын, ауру қоздырғышының биологиясын, жергілікті жердің климаттық-жағрапиялық жағдайында эпизоотиялық ерекшеліктерін, малдардың күту технологиясын ескеріп кешенді жұмыстарды атқаруға міндетті.
5. Ұйымдастыру-шаруашылық шараларының барлық мал басын құнды азықпен, суару, азықтандыру, күтім шарттарының зоогигеналық талаптарға сай жүргізілуі малдарды мониезиоз ауруынан сақтандыруға бағытталған.
6. Жайылымды пайдаланатын немесе қорада-серуендетіп бағатын шаруашылық субъектілерінде табиғи жайылымдар мен шабындықтарды жүйелі түрде жақсарту шараларын, (жер суландыру, тастардан, бұталардан, орман жайылымын ағаш түбірі мен қалдығынан тазартады) екпелі жайылымдарды құру, сонымен қатар 5-7 күн сайын қоршаған жайылымды оңтайлы пайдаланып айырбастап отыру керек.
3. Мал мониезиозын сақтандыру шаралары
7. Малдарға мониезиоздың жұғуын сақтандыру мақсатында келесі шаралар жүргізеді:
1) мал азығында белок, минералды тұздар және витаминдер бойынша тепе-теңдігі сақталған рационды пайдаланады. Жайылымда микроэлементтер өте аз аймақта, азыққа тиесілі қоспалар қосу керек (мыс тұзы, кобальт, иод, молибден және басқа элементтер);
2) жануарларды тек астаудан азықтандырады;
3) малдарды су құбырынан, құдықтан, ағыны жылдам өзендерден таза, жаңа сумен суарады. Ағысы жоқ, тұрып қалған сулардан тек сүзгіш-құдық жасау арқылы суару керек. Шұңқырдағы, жырадағы, батпақтағы және малдың дәреті араласқан судан суаруға болмайды;
4) мал қораларын, азықтандыратын және суаратын астауларды, күту құралдарын, ауланы, серуен алаңын, жабдықтарды және қора маңын тазалықта ұстауды қамтамасыз етеді. Жануарларды санитарлық нормаға сәйкес құрғақ, жарық, жақсы желдетілген қорада орналастырады;
5) қорадағы, серуен алаңындағы көңді және саңғырықты үнемі зарарсыздандыруға арналған көңқоймаға жинайды;
6) әрбір дегельминтизациядан кейін мал қиын 3-5 күн аралығында жинап, содан кейін дезинвазия жасайды. Мал қораларына, серуен алаңдарына, жабдықтарға және мүліктерге дезинвазия жасалады;
7) малды құрғақ жайылымға жаяды. Жайылымның батпақты, ойпатты, малдың дәретімен ластанған жерлерінде бағуға болмайды;
8) жануарлардың жас төлдерін (мониезиоз ауруына бейімдерін) қырат жерлерде, жақсартылған жайылымда бағады, бұзауларды қорада және байлап-серуендеу күтіміне алады, қыста ерте қой қоздату және басқа шараларды қолданып, мониезиоздан таза төлдердің отарларын құруды қамтамасыз етеді.
8. Ветеринария мамандары жылына 2 рет гельминттік копроскопиялық әдіспен барлық ірі қара малының, қой мен ешкінің 10-20% басын зерттейді, өлген немесе етке сойылған малдарды ашып көргенде мониезияның бар-жоғын ескереді.
9. Шаруашылыққа жаңадан келген үй және жабайы жануарларды 30 күн бойы сақтандыру карантинінде ұстайды да мониезиозге гельминттік копроскопиялық әдіспен зерттеледі. Мониезиоз жұққандығы анықталса, әр малға дегельминтизация жүргізіліп, оның тиімділігі тексеріледі. Бұрын шаруашылық аумағында болмаған жаңадан әкелінген малдардан мониезиоз табылса, онда оларды оқшауландырылып мониезиядан толық арылғанша дегельминтизация жүргізеді.
10. Шаруашылықтан шығарар алдында, ірі қара малды, қой мен ешкіні мониезиозге гельминттік копроскопиямен зерттейді. Мониезиоз анықталса барлық жануарларды дегельминтизацияға тартып, содан кейін шығаруға рұқсат береді.
11. Ветеринария мамандары мал шаруашылығы жұмысшыларына, жергілікті тұрғындарға мониезиозбен күресу шараларын кеңінен түсіндіруге міндетті.
4. Жануарлардың мониезиозын жоюдың арнайы шаралары
12. Мониезиоздың өзіндік негізгі арнайы алдын-алу шаралары химиялық және биологиялық препараттарды қолдану арқылы малдардың ауруын болдырмау және қоздырғыштың сыртқы ортаға таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
13. Малдардың мониезиозбен ауруы анықталса, барлық шаруашылық субъектілерінде жайлауға шығарда және қыстау алдында алдын-алу дегельминтизациясын жүргізу керек.
14. Жетілген қоздырғыштарға дегельминтизацияны мал организміндегі мониезилердің жыныстық дәрежесіне жетпеген мерзімде жүргізеді.
15. Малдар арасында мониезиоздың клиникалық белгілері болған жағдайда дегельминтизацияны жылдың кез-келген уақытында жүргізеді. Егер екінші инфекцияның салдарынан асқынған жағдайда немесе жұқпалы емес аурулармен ауырғанда, онда сол аурудың белгісіне қарай емдейді, содан кейін барын дегельминтизациялайды.
16. Барлық малдарды емдік және сақтандыру дегельминтизациясы алдында, алдын ала күшті әсер ететін және жаңадан түскен препараттардың пайдалану тәсілдерін шамалы малдар тобына (15-20 бас) сынақтан өткізеді. Егер 2-3 күн өткен соң асқынған жағдай болмаса, онда барлық малдарды дегельминтизациялайды.
17. Дегельминтизация ішкізу арқылы болса, онда жүргізу алдында малдарды бір күнге дейін аш қарында ұстайды (қоздырғышқа және препаратқа байланысты).
18. Қозылар мен лақтарда сақтандыру дегельминтизациясы бірінші рет жайылымға немесе қора аумағына шыққан соң 14-16 күннен кейін, (жыл бойы жайылатын болса туғаннан 25-30 күннен кейін) қайтадан бірінші дегельминтизациядан 15-20 күннен кейін, үшінші рет екінші дегельминтизациядан 25-30 күннен кейін жасалады. Қозылар мен лақтарды қыркүйек айында бір рет дегельминтизациялайды, ал 30 күн өткен соң қыстар алдында қой мен ешкінің барлық мал басына жасайды. Жыл бойы жайылымда бағылатын шаруашылықта бір жастан асқан қойларды сақтандыру үшін күзде және қоздап болғаннан кейін дегельминтизация жүргізіледі. Үстіміздегі жылы туылған бұзауларға сақтандыру дегельминтизациясы 2 рет жүргізіледі: бірінші рет жайылымға шыққаннан соң 35-40 күннен кейін, екінші рет бірінші дегельминтизациядан 35-40 күннен кейін, ал жастан асқан бұзауларды жылына бір рет жайылымға шыққан соң 35-40 күннен кейін жасалады.
19. Тууына 2 апта қалған және туғаннан 2 аптаға дейін аналықтарды, сондай-ақ арық малдарды, іші кепкен остеомаляция белгілері бар басқа жіті және ауыр өтетін аурулармен ауырған малдарға дегельминтизация жүргізілмейді. Мұндай малдарды денсаулығы жақсарғаннан кейін жеке дегельминтизациялайды.
20. Жануарларға дегельминтизация жасау үшін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 349 "Қазақстан Республикасында ветеринарлық препараттарды Мемлекеттік реестрге тіркеу және енгізу жүргізуді бекіту жөніндегі" бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 24 желтоқсанында N 2097 тіркеуден өткен препараттар мен дәрі түрлерін қолданады.
21. Препараттарды тері астына, етке, көк тамырға еккен кезде асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтау керек.
22. Мониезиозбен ауырған малдарды бөлек топқа алып, азықтандыру, күту шарттарын жақсартады және жеке емдейді.
23. Мониезиоз анықталған шаруашылық субъектілерінде, бұзауларды соңғы 3 жыл бойы ауырған малдар жайылмаған жайылымда ересек малдардан бөлек бағады. Екпелі жайылымда бағу үшін бір жылдық шөп егілген қоршауды пайдаланады. Көп жылдық шөп егілген қоршауда тек алғашқы егілген жылы бағылады.
Мониезиозды жұқтырмау үшін малдарды қорада немесе қоршауда бос ұстайды.
Көрсетілген жағдайларды орындау мүмкін болмаған кезде аталған шараларды жүргізіп, сақтандыру дегельминтизациясын жасап, химияпрофилактиканы қолданады.