Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2004 жылғы 20 қазандағы N 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3213. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 342 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.04.2015 № 342 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 34-бабының 3-тармағын және "Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы N 248-ө  өкімін орындау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы:
      осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда   
министрлігінің Құрылыс  
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті
төрағасының        
2004 жылғы 20 қазандағы 
N 406 бұйрығымен     
бекітілген       

  Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы мен "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және авторлық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізуді, сондай-ақ меншіктік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына тәуелсіз үйлердің, ғимараттардың жаңасын салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге, қайта жаңғыртуға және техникалық қайта жабдықтауға (бұдан әрі - үйлерді, ғимараттарды салу), сондай-ақ, тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге күрделі жөндеу жүргізуге (бұдан әрі - Жөндеу) авторлық қадағалауды жүзеге асырған кезде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеушілердің (бұдан әрі - жобаны әзірлеуші) міндеттерін белгілейді.

      2.  Заңның 34 және  75-баптарына сәйкес жобаны әзірлеушілердің авторлық қадағалауы:
      1) мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын мынадай объектілер құрылысы кезінде:
      азаматтық (қоғамдық) және коммуналдық мақсаттағы жеке тұрған объектілер;
      шағын бизнес (жеке кәсіпкерлік) кәсіпорындарын қоспағанда, өндірістік мақсаттағы объектілер;
      көп пәтерлі тұрғын үйлер (ғимараттар);
      автомобиль жолдары мен темір жолдар;
      көпірлер, жол желілері, тоннельдер, азық-түлік желілері мен инженерлік құрылыстары бар электр беру желілері;
      ғарыштық байланыс объектілері;
      атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика объектілері;
      су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы объектілер;
      2) объектіні жобалауды, инвестициялауды және оның құрылысын жүргізуші ұйымның өкімдік құжатына (бұйрығына) сәйкес;
      3) осы Заңның  15-бабы мен "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырады.

      3. Жобаны әзірлеушілердің авторлық қадағалауы құрылыс объектілерінің пайдалануына енгізілген технологиялық, сәулет-құрылыс және техникалық шешімдердің және техникалық-экономикалық көрсеткіштердің бекітілген жобаларда (жұмыс жобаларында) көрсетілген шешімдер және көрсеткіштерге сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жобаны әзірлеушілерінің, құрылыс-монтаж ұйымдарының және тапсырыс берушілердің тұрғызылған немесе қайта құрылған үйлердің, ғимараттардың жоғары сапалылығын және олардың сметалық құнының сақталуын қамтамасыз ету жолындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Жобаны әзірлеушілердің авторлық қадағалау жүргізу тапсырыс беруші үшін, меншік нысандарына қарамастан, тапсырыс берушінің өзі үшін де және жобаны әзірлеуші үшін де міндетті.

      4. Жобаны әзірлеушілердің авторлық қадағалауын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар көлемі, осы мақсаттарға арналған объектілер құрылысының жиынтық сметалық есептерінде қарастырылған шеңберде, тапсырысшылар және жобаны әзірлеушілер арасындағы шарттық қатынастар негізінде анықталады.

      5. Мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға жататын объектілердің құрылысы барысында жүргізілетін авторлық қадағалау шарт негізінде және объект құрылысының (қайта жаңғырту, қалпына келтіру, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) не аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қоюдың бүкіл кезеңі ішінде жүзеге асырылады.

  2. Авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде
пайдаланылатын негізгі құжаттар

      6. Авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құжаттарға мыналар жатады:
      1) авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығындар мөлшері бөлімі келтірілген құрылыстың жиынтық сметасы;
      2) авторлық қадағалау журналы;
      3) жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы бұйрық (шешім);
      4) сараптаманың тәртібіне сәйкес орындалған және жобалау-сметалық құжаттамамен бекітілген жұмыс жобасы (жоба) бойынша сараптамалық қорытынды;
      5) бас мердігерлік құрылыс, монтаж ұйымы басшысының үйлердің, ғимараттың құрылысындағы немесе оларды жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғаларды (шеберді, жұмыс жүргізушіні, құрылыс бөлімшеcінің бастығын) тағайындау туралы бұйрығы;
      6) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін жауапты тұлғаның Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары алдындағы қолхаты;
      7) жер телімінің шекараларын табиғи түрде кесіп беру туралы акт;
      8) жер телімдерін иелену және пайдалану құқығына арналған акт;
      9) үйлер мен ғимараттардың негізгі осьтерін геодезиялық бөлуді тексеру актісі;
      10) үйлер мен ғимараттар негізгі осьтерінің геодезиялық бөлінуін тексеру авторлық қадағалау өкілінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады;
      11) репера белгілерін көшіру актісі;
      12) құрылыс ұйымы жобасының негізгі құжаттары (бұдан әрі - ҚҰЖ);
      13) жұмыстарды жүргізу жобасының негізгі құжаттары;
      14) бас мердігердің мөртабан қойылған жұмыс сызбалары; 
      құрылыс-монтаж ұйымындағы бас инженердің "Жұмыс жүргізуге берілсін" деген қолы қойылады;
      15) сейсмикалық аудандардағы жол инженер-техникалық қызметкерлерінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу құқығына арналған куәлік;
      16) жұмыстарды жүргізу, дәнекерлеу, монтаждау, бетондау жұмыстары журналдары және басқалар;
      17) жасырын жұмыстарға, орындаушы сұлбаларға, түсіріп алуға және т.б. арналған актілер;
      авторлық қадағалау кезінде айрықша назар аударуды талап ететін құрылыс-монтаж жұмыстарының тізімін келісім-шарттық құжаттамаларға арналған қосымшада келтіруге болады;
      18) құрылымды сынауға арналған актілер және құрылыс материалдарын талдау нәтижелері, паспорттар, сертификаттар;
      19) жекеленген құрылысы салынып біткен жүйелерді, объектілерді авторлық қадағалау өкілінің міндетті түрде қатысуымен сынау және қабылдау актілері.
      Авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құжаттардың нысаны құрылыс нормаларымен және ережелерімен бекітіледі.

  3. Авторлық қадағалауды ұйымдастыру

      7. Авторлық қадағалау осы Ереженің және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін тапсырыс беруші мен жобаны әзірлеушінің арасында жасасқан шарт негізінде жүзеге асырылады.

      8. Жобаны әзірлеуші (жобаның бас әзірлеушісі) қажетті жағдайда, қосалқы мердігерлік шарт бойынша авторлық қадағалауды жобалау-сметалық құжаттаманы жасаған жобаның қосалқы мердігердің әзірлеушісінің өзіне тапсырады. Бұл жағдайда тапсырыс берушінің міндеттері жобаның бас әзірлеушісіне, ал орындаушының авторлық қадағалау жөніндегі міндеттері - қосалқы мердігердің әзірлеушілеріне жүктеледі.

      9. Жобаның бас әзірлеушінің келісімімен авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шартты тапсырыс беруші осы объекті бойынша жобалау құжаттамасын жасауға қатысқан қосалқы мердігерлік ұйымдармен тікелей жасайды.
      Авторлық қадағалау жөніндегі жұмыстар көлемін қосалқы мердігерлік ұйым тапсырыс беруші және осы ұйым арасындағы шарттар негізінде жұмыстардың осы көлеміне бас жобалаушылардың берген келісімімен анықтайды.

      10. Авторлық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі барлық құжаттамаларды: сметаны, күнтізбелік жоспар-кестені, қосымша келісімдерді, сондай-ақ, авторлық қадағалау журналын - жобаның бас әзірлеушісі тапсырыс берушіге тапсырады, мұнда тапсырысшы ретінде жобаның бас әзірлеушісі - жобаның қосалқы мердігер әзірлеушісі қатысады.

      11. Авторлық қадағалау жүргізуге арналған шығындар құрылыстың сметалық құнында ескеріледі.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 қаңтардағы N 27   бұйрығымен .

      12. Үйлердің, ғимараттардың құрылыстары немесе олардың жөнделуі бір жылдан көп уақытқа созылғанда, қажетті жағдайда, жоспар-кестеге жоспарланған жылдағы мәліметтерін жобаның бас әзірлеушісіне тапсырыс беруші хабарлайтын әр объекті сайын алынған жұмыстар көлеміне сәйкес түзету енгізу керек. Осы мәліметтер негізінде авторлық қадағалауды жоспарланған жылы жүзеге асыруға арналған шығындар анықталады.

      13. Жыл сайын тапсырыс беруші және жобаның бас әзірлеушісінің келісімі бойынша үйлер, ғимараттар құрылыстарының немесе оларды жөндеудің нақты жай-күйін негізге ала отырып, ағымдағы жылға арналған күнтізбелік жоспар-кестеге түзетулер енгізуге рұқсат етіледі.

      14. Үлгі және қайта қабылданған жобалар бойынша жүргізіліп жатқан үйлердің және ғимараттардың құрылыстарына арналған авторлық қадағалауды осы жобаларды қолданған жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.

      15. Авторлық қадағалауға үйлер, ғимараттар құрылыстарына және оларды жөндеуге арналған жұмыстық жобалау тобының мамандарын тартуға рұқсат етіледі.

      16. Үйлердің, ғимараттардың құрылыстарына немесе оларды жөндеуге арналған авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде салынып жатқан немесе жөндеу жүргізіліп жатқан объектіні авторлық қадағалауды іске асырушы жобаны әзірлеушілердің бірінші және кейінгі келгендегі тексерулері, ерекшеліктері ескерілуі керек.

      17. Авторлық қадағалауды жүзеге асырушы жобаны әзірлеушінің өкілі алғашқы тексерудің нәтижелерін авторлық қадағалау журналына ресімдеумен және тапсырыс берушінің бас мердігерінің және техникалық бақылауының жұмыстарды жүргізуші жауапты тұлғасының қолын қойдырып, таныстыруымен қатар, осы мәселе бойынша техникалық кеңес өткізеді, қажет жағдайда, хаттамамен ресімделеді.

      18. Авторлық қадағалау журналы тұтастай алғанда немесе жекеленген үйлердің, ғимараттардың құрылыстары немесе оларды жөндеу, сондай-ақ іске қосу кешендері бойынша екі данадан жүргізілуге тиіс. Авторлық қадағалау журналының бір данасы қолы қойылып, күнтізбелік жоспар-кестеде белгіленген мерзімде, тапсырыс берушіге беріледі.
      Авторлық қадағалау журналының екінші данасы тиімді бақылау жүргізу мақсатымен онда жазбаларды қайталап жазып алу үшін жобаның бас әзірлеушісінде болады.

      19. Авторлық қадағалау журналы бау өткізіліп, тігілуге, оның беттері нөмірленуге, жобаның бас әзірлеуші жетекшісінің қолы қойылуға және тапсырыс берушінің мөрі және қойылған қолымен куәландырылуға тиіс.

      20. Тапсырыс беруші авторлық қадағалау журналын құрылыс-монтаж жұмыстарының бас мердігеріне қолы қойылып, үйлердің, ғимараттардың құрылыстары немесе оларды жөндеу біткенге дейін сақтауға және онымен жұмыс істеуге береді.

      21. Авторлық қадағалау журналы (бас мердігердегі данасы) талап еткен жағдайда, бірінші кезекте авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобаны әзірлеушілер өкілдеріне, сондай-ақ талап етулері бойынша тапсырыс берушілерге және өзге де тексеруші органдарына беріледі.
      Құрылыс-монтаж ұйымдарының жұмыс жүргізушісі (объектідегі жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлға) және тапсырыс берушінің техникалық бақылауы авторлық қадағалау журналында авторлық қадағалауды жүзеге асырушы қызметкерлердің нұсқауларының атқарылуы туралы белгілеп қою керек.

      22. Авторлық қадағалау өкілдерінің талаптарын уақытында және сапалы орындау, сондай-ақ авторлық қадағалау журналын (құрылыс объектісіндегі бас мердігердің данасын) тиісті түрде сақтау және күтіп ұстау үшін жауапкершілік жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлғаға және осы тұлғаны өз бұйрығымен тағайындаған ұйым басшысына жүктеледі.

      23. Жобаны әзірлеуші ұйым басшысы авторлық қадағалауды өзінің бұйрығымен жобаның бас инженерлері мен бас сәулетшілеріне, бірінші кезекте жобалар авторларына, ұйымының бас мамандарына, топ жетекшілеріне тікелей жобалауға қатысқан тұлғалар қатарындағы өзге де мамандарға жүктейді. Бұйрықтың көшірмесі бұл жөнінде бас мердігерді және қосалқы мердігерлік ұйымдарды хабардар ететін тапсырыс берушіге жіберіледі.
      Қажетті жағдайда жобалауға тікелей қатыспаған мамандар да тартылуы мүмкін.

      24. Авторлық қадағалауды жүзеге асырушы жобаны әзірлеушінің өкілі, үйлердің, ғимараттардың құрылыстарына немесе оларды жөндеуге келесі келгендерінде, бұрын жасаған ескертпелерінің орындалуын тексереді.

      25. Құрылысы салынып жатқан үйлер, ғимараттар құрылысына немесе оларды жөндеуге авторлық қадағалауды жүзеге асырушы жобаны әзірлеушілердің өкілдері келесі келгендерінде, бұрын анықталған және авторлық қадағалау журналында белгіленген барлық ескертпелер жаңа тапсырмалармен қатар авторлық қадағалау бойынша іссапар тапсырмаларында тізбеленеді.

      26. Бұдан әрі жұмыс жүргізуге кедергі келтіретін бұзушылықтар анықталған кезде және оларды түзету үшін құрастырмаларды немесе үйлердің немесе ғимараттардың бөлігін әзірлеу талап етілген жағдайда авторлық қадағалауды жүзеге асырушы жобаны әзірлеушінің өкілі авторлық қадағалау журналына жаза отырып, одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтатады. Авторлық қадағалау өкілі бұл шешім туралы жазбаша түрде бас мердігердің басшысына, тапсырыс берушіге және Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына хабарлайды.

      27. Егер құрылыс алаңында орын алған бұзушылықтарды түзету бойынша шешім шығаруға мүмкіндік болмаса, авторлық қадағалауды жүзеге асырушы жобаны әзірлеушінің өкілі жобалау ұйымында бұл мәселе бойынша шешім қабылдау үшін барлық бастапқы мәліметтерді жинастырады.
      Мұндай жағдайда, қосымша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге, қосымша іссапарларға, және т.с.с. байланысты шығындарды келісілген шарттар бойынша ақаулар жіберген тараптар өтейді.

  5. Авторлық қадағалауды жүргізу

      28. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобаны әзірлеушілер авторлық қадағалау журналының екі данасын жасайды.

      29. Авторлық қадағалауды жүзеге асыру жүктелген қызметкерлерге жобаны әзірлеушілер ұйымының басшысы бекіткен олардың үйлердің, ғимараттардың құрылыстарына немесе оларды жөндеуге арналған тапсырма беріледі. Авторлық қадағалауға арналған тапсырмада берілген объектіге авторлық қадағалауды жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстар көрсетіледі.
      Авторлық қадағалауға арналған тапсырмалардың орындалуын тапсырыс беруші бекітеді, ал оның орындалу сапасын жобаны әзірлеуші ұйымның басшысы белгілейді.

      30. Авторлық қадағалаудың өкілі белгіленген тәртіппен толықтырулар мен өзгерістерді жобалау-сметалық құжаттамаға енгізеді, авторлық қадағалау журналында құрылысты жүргізу кезінде анықталған жобалау-сметалық құжаттамадан барлық ауытқушылықтарды және құрылыс нормалары мен ережелері және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жөніндегі техникалық шарттарды бұзушылықтарды, сондай-ақ оларды жоюдың мерзімдерін тіркейді, құрастырмаларға, бөлшектерге, құрылыс материалдарына және жабдықтарға арналған паспорттардың (сертификаттардың) және өзге де техникалық құжаттаманың сәйкестігін тексереді.

      31. Авторлық қадағалаудың өкілі ақауларды жою жөніндегі нұсқаулар уақытында орындамаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, бұл туралы тапсырыс берушіге және бас мердігер құрылыс-монтаж ұйымының басшысына, ал қажетті жағдайда шаралар қабылдау үшін құрылыс бақылау инспекциясына жазбаша хабарлай отырып, ақауларды жоюдың қажеттігі туралы қайталап жазба түсіреді.

      32. Бас мердігер құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылданған соң авторлық қадағалау журналының өзіндегі данасын орындаушы құжаттама құрамында сақтауға тапсырыс берушіге тапсырады.

      33. Авторлық қадағалаудың өкілдері үйлердің, ғимараттардың құрылыстары және олардың жөндеуі барысында жұмыстардың орындалуының жұмыс жобасында қарастырылған жобалық шешімдермен және бекітілген сметалық құнмен сәйкестігін, талаптардың, соның ішінде ҚҰЖ талаптарының сақталуын, жабдықтардың технологиялық және өзге де түрлерін монтаждау жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу сапасын, құрылысы жүргізіліп жатқан үйлерде, ғимараттарда және оларды жөндеуінде өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіпсіздігі ережелерін сақтауды тексереді.

      34. Авторлық қадағалаудың өкілдері тапсырыс берушімен, бас мердігермен және қосалқы мердігерлік ұйымдармен бірлесіп, құрылыс барысында жобалау-сметалық құжаттама бойынша туындаған мәселелерді уақытында шешеді.

      35. Авторлық қадағалау өкілдері жекеленген жауапты құрастырмаларды (тіректерді, аралық құрылымдарды, көпірлерді, доғаларды (аркаларды), тоғыспаларды тіреуіш қабырғаларды, көтергіш металл және темірбетонды құрылымдарды және өзге элементтерді) қабылдауға, сондай-ақ, орындалу сапасынан тұрғызылған үйлер мен ғимараттардың беріктігі мен орнықтылығы мүмкін болатын кейінгі жұмыстар және құрастырмалармен бүркелген негізгі жұмыстарды куәландыру актісін жасауға қатысуға міндетті.

      36. Авторлық қадағалау өкілдері жекеленген құрылысы аяқталған жүйелерге сынақ өткізуге және пайдалануға қабылдауға қатысады.

      37. Авторлық қадағалауды жүзеге асырушы қызметкерлер үйлердің, ғимараттардың құрылыстарына немесе олардың жөндеуіне жоспар-кестеде қарастырылған мерзімде, сондай-ақ тапсырыс берушінің шақыруымен барып қайтады.

      38. Авторлық қадағалау өкілі құрылысы салынып жатқан объектіге алғаш барған кезінде міндетті түрде құжаттардың болуын және дұрыс ресімделуін анықтайды, сондай-ақ:
      1) құрылысы салынып жатқан үйлерге, ғимараттарға немесе олардың жөндеуіне арналған қосымша құжаттамалардың сақталу жағдайын;
      2) мердігердің құрылыстық зертханасы жұмысының және оның геодезиялық қызметінің жай-күйін;
      3) құрылыс алаңында материалдарды, құрастырмаларды және жабдықтарды қабылдау мен сақтауды ұйымдастырудың жай-күйін;
      4) салынып жатқан объектіні пайдалануға құрылыс ұзақтығының нормативтік мерзімінде беру мақсатымен жұмыс жүргізу кестесінің сақталуын;
      5) құрылыс-монтаж жұмыстарының және құрылыс алаңына түсетін материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың сапасын;
      6) тапсырыс берушінің техникалық бақылау жұмыстарының жай-күйін тексереді.
      Тексеру нәтижелері авторлық қадағалау журналында толтырылады.

      39. Жобаны әзірлеушімен авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде - жобаның бас әзірлеушісі қосалқы мердігерлік ұйымдарының мамандандырылған жобаны әзірлеушілермен бірлесіп, осы ұйымдардың мамандары авторлық қадағалаудың кешенді топтарына (бөлімшелеріне) бірігеді.
      Осы кешенді топтың жетекшісіне барлық мамандардың қызметтеріне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыратын жобаның бас әзірлеушісінің қызметкері тағайындалады.

      40. Жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларының құрамына кіретін жобаның бас әзірлеушісі - жобаны әзірлеуші, бұл комиссияларға өзінің ұйымындағы мамандардың ішінен авторлық қадағалауды жүргізетін қызметкерлердің қатысуы туралы шешім қабылдайды.
      Жобаны әзірлеуші - қосалқы мердігер жұмыс комиссиясына өз өкілін тағайындайды.

      41. Бір мезгілде салынып жатқан объектілердің қатары көп болса, жобаны әзірлеуші - жобаның бас әзірлеушісі ұйым қызметкерлері қатарынан тек объектілердің құрылысына авторлық қадағалауды жүргізетін авторлық қадағалау жөніндегі тұрақты өкіл тағайындалады және өз міндеттерін жобалардың бас инженерлері, жобалардың бас сәулетшілері басшылығымен жүзеге асырады.

      42. Авторлық қадағалау өкілі құрылысы салынып жатқан үйлерде, ғимараттарда және олардың жөндеуінде болған кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

      43. Авторлық қадағалауды жүзеге асырушы жобаны әзірлеушінің:
      1) құрылыста мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес емес құрылымдарды, бөлшектерді, бұйымдарды, құрылыс материалдарын және жабдықтарды қолдануға тыйым салуға;
      2) жобалау-сметалық құжаттама және нормативтік құжаттар талаптарының бұзылуы анықталған кезде тапсырыс берушілер, бас мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін міндетті, бұл туралы жазбаша түрде тапсырыс берушіге, бас мердігерге, қосалқы мердігерге, жобаның бас әзірлеушісіне, Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына хабарлай отырып, жұмыстарды тоқтату туралы нұсқау беруге;
      3) тиісті органдарға құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз орындаған лауазымдық тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс беруге;
      4) құрастырмаларға, бөлшектерге, құрылыс материалдарына және жабдықтарға арналған сертификаттардың (паспорттардың) және өзге де техникалық құжаттаманың мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеруге;
      5) құрылыстың құнын төмендету, сапасын арттыру және мерзімін қысқарту, объектілердегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу технологиясын жетілдіру туралы ұсыныс беруге құқығы бар.

Об утверждении Правил организации и ведения авторского надзора

Приказ Председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 20 октября 2004 года N 406. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 ноября 2004 года N 3213. Утратил силу приказом и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 342

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17.04.2015 № 342 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Во исполнение пункта 3  статьи 34  Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и  распоряжения  Премьер-Министра Республики Казахстан от 13 октября 2003 года № 248 "О дополнительных мерах по совершенствованию законодательства Республики Казахстан",  ПРИКАЗЫВАЮ :
      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и ведения авторского надзора.
      2. Управлению архитектурно-строительного контроля, инспектирования и лицензирования:
      обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      после государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

       Председатель 

        

     Утверждены                            
приказом Председателя Комитета по делам           
строительства жилищно-коммунального хозяйства        
Министерства индустрии и торговли            
Республики Казахстан                      
от 20 октября 2004 года N 406                 
                          
                              

Правила организации и ведения
авторского надзора

1. Общие положения 

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "Об авторском праве и смежных правах" и  Законом  Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон) и определяют организацию и ведение авторского надзора, а также задачи разработчиков проектной (проектно-сметной) документации (далее - разработчик проекта) независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности при осуществлении авторского надзора за строительством новых, расширением, реконструкцией и техническим перевооружением действующих зданий, сооружений (далее - Строительство зданий, сооружений), а также за проведением капитального ремонта жилых домов и объектов культурно-бытового назначения (далее - Ремонт).
      2. В соответствии со  статьями 34  и  75 Закона, авторский надзор разработчиков проекта осуществляется:
      1) при строительстве объектов, подлежащих приемке в эксплуатацию государственными приемочными комиссиями:
      отдельно стоящие объекты гражданского (общественного) и коммунального назначения;
      объекты производственного назначения, за исключением предприятий малого бизнеса (индивидуального предпринимательства);
      многоквартирные жилые дома (здания);
      автомобильные и железные дороги;
      мосты, путепроводы, тоннели, продуктопроводы и линии электропередач с инженерными сооружениями;
      объекты космической связи;
      объекты энергетики, включая атомную энергетику;
      объекты водохозяйственного, ирригационного и (или) гидротехнического назначения;
      объекты жилого назначения (жилые и подсобные помещения) на железнодорожных и автомобильных разъездах, в заповедниках, заказниках, рыбопитомниках, лесных, охотничьих и других угодьях;
      2) в соответствии с распорядительным документом (приказом) организации, ведущей проектирование, инвестирование и строительство объекта;
      3) в случаях, предусмотренных  статьей 15  настоящего Закона и  Законом Республики Казахстан "Об авторском праве и смежных правах".
      3. Авторский надзор разработчиков проектов осуществляется в целях обеспечения соответствия технологических, архитектурно-строительных и других технических решений и технико-экономических показателей введенных в эксплуатацию объектов строительства решениям и показателям, предусмотренным в утвержденных проектах (рабочих проектах), а также в целях повышения ответственности разработчиков проектов, строительно-монтажных организаций и заказчиков по обеспечению высокого качества возводимых или реконструируемых зданий, сооружений и соблюдения их сметной стоимости. Проведение авторского надзора разработчиков проектов обязательно для заказчика независимо от форм собственности, как самого заказчика, так и разработчика проекта.
      4. Объем работ по осуществлению авторского надзора разработчиком проектов определяется в рамках, предусмотренных сводными сметными расчетами стоимости строительства объекта на эти цели.
      5. Авторский надзор, проводимый в ходе строительства объектов, подлежащих приемке в эксплуатацию государственными приемочными комиссиями, осуществляется на основании договора и на протяжении всего периода строительства (реконструкции, реставрации, расширения, технического перевооружения, модернизации, капитального ремонта) объекта либо консервации строительства незавершенных объектов.

 

2. Основные документы, используемые при осуществлении
авторского надзора

      6. Основными документами, используемыми при осуществлении авторского надзора являются: 
      1) сводная смета на строительство в части размера затрат на осуществление авторского надзора;
      2) журнал авторского надзора;
      3) приказ (решение) об утверждении проектно-сметной документации;
      4)   экспертное заключение по рабочему проекту (проекту), выполненное в соответствии с порядком экспертизы и утверждения проектно-сметной документации;
      5) приказ руководителя генеральной подрядной строительной, монтажной организации о назначении ответственного лица (мастера, прораба, начальника строительного участка) за производство работ на строительстве здания, сооружения или их ремонта;
      6) подписка ответственного лица за проведение строительно-монтажных работ перед органами Государственной архитектурно-строительной инспекции;
      7) акт об отводе границ земельного участка в натуре;
      8) акт на право владения и пользования земельным участком;
      9) акт проверки геодезической разбивки основных осей здания и сооружения;
      10) проверка геодезической разбивки основных осей здания и сооружения осуществляется при непосредственном участии представителя авторского надзора;
      11) акт переноски отметки репера;
      12) основные документы проекта организации строительства (далее - ПОС);
      13) основные документы проекта производства работ;
      14) рабочие чертежи, на которых должен быть проставлен генеральным подрядчиком штамп:
      "К производству работ" с подписью главного инженера строительно-монтажной организации;
      15) удостоверения на право производства строительно-монтажных работ в сейсмических районах у линейных инженерно-технических работников;
      16) журналы производства, сварочных, монтажных, бетонных работ и т.д;
      17) акты на скрытые работы, исполнительные схемы, съемки и т.д.
      Перечень основных строительно-монтажных работ при авторском надзоре, за которым требуется особое внимание, может быть приведен в приложении к договорной документации;
      18) акты на испытание конструкций и результаты анализов стройматериалов, паспорта, сертификат;
      19) акты проведения испытаний и приемки отдельных законченных строительством систем, объектов в эксплуатацию с обязательным участием представителя авторского надзора.
      Формы основных документов, используемые при осуществлении авторского надзора, утверждены строительными нормами и правилами. 

      

3. Организация авторского надзора

      7. Авторский надзор осуществляется на основании настоящих Правил и договора, заключенного между заказчиком и разработчиком проекта на разработку проектно-сметных документаций.
      8. Разработчик проекта (генеральный разработчик проекта), в необходимых случаях, поручает по субподрядному договору осуществление авторского надзора субподрядным разработчикам проектов в соответствии с разработанной ими проектно-сметной документацией. В этих случаях обязанности заказчика возлагаются на генерального разработчика проекта, а обязанности исполнителя по авторскому надзору - на субподрядных разработчиков.
      9. С согласия генерального разработчика проекта договоры на осуществление авторского надзора могут заключаться заказчиком непосредственно с субподрядными организациями, принимавшими участие в разработке проектной документации по данному объекту.
      Объемы работ по авторскому надзору субподрядной организацией определяются на основе договорных отношений между заказчиком и данной организацией при согласовании этих объемов работ генеральным разработчиком проекта. 
      10.   Вся документация по осуществлению авторского надзора: смета, календарный план-график, дополнительные соглашения, а также журнал авторского надзора - представляется заказчику генеральным разработчиком проекта, а там, где в роли заказчика выступает генеральный разработчик проекта - субподрядным разработчиком проекта.
      11. Затраты на проведение авторского надзора учитываются в сметной стоимости строительства.
      Сноска. Пункт 11 с изменениями -  приказом Председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 30 января 2006 года N 27 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12. При продолжении строительства здания, сооружения или их ремонта более одного года, в случае необходимости, план-график следует скорректировать в соответствии с объемами работ на планируемый год по объектно, сведения о которых сообщает генеральному разработчику проекта заказчик. На основе этих сведений определяются затраты на осуществление авторского надзора в планируемом году.
      13. Ежегодно разрешается по согласованию заказчика и генерального разработчика проекта вносить поправки в календарный план-график на текущий год, исходя из фактического состояния строительства здания, сооружения или их ремонта.
      14. Авторский надзор за строительством зданий и сооружений по типовым и повторно применяемым проектам осуществляется разработчиком проекта, применившим эти проекты.
      15. К осуществлению авторского надзора разрешается привлекать специалистов групп рабочего проектирования на строительство здания, сооружения или их ремонт.
      16. При осуществлении авторского надзора за строительством здания, сооружения или их ремонтом должны учитываться особенности первого обследования строящегося или ремонтируемого объекта и последующих посещений работниками разработчиков проектов, осуществляющих авторский надзор.
      17.   Наряду с оформлением результатов первоначальной проверки в журнале авторского надзора и ознакомлением под роспись ответственного лица за производство работ генподрядчика и технического надзора заказчика, представитель разработчика проекта, осуществляющий авторский надзор, проводит техническое совещание по этому вопросу, которое при необходимости оформляется протоколом.
      18.   Журнал авторского надзора должен вестись в двух экземплярах по строительству зданий, сооружений в целом или их ремонту, а также по пусковым комплексам. Один экземпляр журнала авторского надзора передается под роспись заказчику в сроки, установленные календарным планом-графиком.
      Второй экземпляр журнала авторского надзора находится у генерального разработчика проекта для дублирования записей в нем в целях эффективного контроля.
      19.   Журнал авторского надзора должен быть прошнурован, страницы его пронумерованы, подписан руководителем генерального разработчика проекта и заверен подписью и печатью заказчика.
      20. Журнал авторского надзора передается заказчиком генеральному подрядчику строительно-монтажных работ под роспись для хранения и работы с ним до окончания строительства предприятия, здания, сооружения или их ремонта.
      21. Журнал авторского надзора (экземпляр, находящийся у генерального подрядчика) выдается по первому требованию представителей разработчиков проектов, осуществляющих авторский надзор, а также по требованию заказчика и других контролирующих органов.
      Производитель работ строительно-монтажной организации (ответственное лицо за производство работ на объекте) и технический надзор заказчика фиксируют в журнале авторского надзора исполнение указаний работников, осуществляющих авторский надзор.
      22. Ответственность за своевременное и качественное выполнение требований представителей авторского надзора, а также за сохранность и содержание в надлежащем виде журнала авторского надзора (экземпляра генподрядчика, находящегося на строительном объекте) несет ответственное лицо за производство работ и руководитель организации, назначивший это лицо своим приказом.
      23. Руководитель организации разработчика проекта возлагает своим приказом осуществление авторского надзора на главных инженеров и главных архитекторов проекта, в первую очередь - на авторов проекта, главных специалистов организации, руководителей групп и других специалистов из числа лиц, принимавших участие непосредственно в проектировании. Этим же приказом назначается руководитель авторского надзора. Копия приказа направляется заказчику, который ставит в известность об этом генерального подрядчика и субподрядные организации.
      В необходимых случаях могут привлекаться специалисты, не принимавшие непосредственного участия в проектировании.
      24.   При последующих посещениях здания, сооружения или их ремонта, представитель разработчика проекта, осуществляющий авторский надзор, проверяет исполнение по ранее сделанным замечаниям.
      25. При последующих посещениях представителями разработчиков проектов, осуществляющих авторский надзор строящегося здания, сооружения или их ремонта, все выявленные ранее и отмеченные в журнале авторского надзора замечания наряду с новыми заданиями перечисляются в задании на командировку по авторскому надзору.
      26. При обнаружении нарушений, в связи с которыми дальнейшее производство работ невозможно и для исправления которых требуется разборка конструкций или частей здания или сооружения, представитель разработчика проекта, осуществляющий авторский надзор, записью в журнале авторского надзора прекращает дальнейшее производство работ. Об этом решении представитель авторского надзора ставит в известность в письменном виде руководство генерального подрядчика, заказчика и Государственную архитектурно-строительную инспекцию.
      27. В случае, если в условиях строительной площадки нет возможности выдать решение по исправлению допущенных нарушений, то представитель разработчика проекта, осуществляющий авторский надзор, собирает все исходные данные для принятия решения по этому вопросу в проектной организации.
      Затраты в таком случае, связанные с разработкой дополнительной проектно-сметной документации, дополнительными командировками и т.д. возмещает сторона, допустившая дефекты по соглашению сторон.

      

4. Ведение авторского надзора

      28. Разработчик проекта, осуществляющий авторский надзор подготавливает два экземпляра журнала авторского надзора.
      29. Работникам, на которых возложено осуществление авторского надзора, выдается утвержденное руководителем организации разработчика проекта задание на период их пребывания на строительстве здания, сооружения или их ремонта. В задании на авторский надзор указывается конкретная работа по осуществлению надзора за строительством данного объекта.
      Выполнение задания на авторский надзор подтверждается заказчиком, а качество его выполнения устанавливается руководителем организации-разработчика проекта.
      30. Представитель авторского надзора вносит в установленном порядке дополнения и изменения в проектно-сметную документацию, фиксирует в журнале авторского надзора все выполненные в процессе строительства отступления от проектно-сметной документации и нарушения требований строительных норм и правил и технических условий по производству строительно-монтажных работ, а также сроки их устранения, проверяет соответствие паспортов (сертификатов) и другой технической документации на конструкции, детали, строительные материалы и оборудование стандартам, техническим условиям и проектной документации.
      31. В случае несвоевременного или некачественного выполнения указаний по устранению дефектов представитель авторского надзора вносит повторную запись о необходимости устранения дефектов, сообщая об этом в письменной форме заказчику и руководителю генподрядной строительно-монтажной организации, а при необходимости в Государственную архитектурно-строительную инспекцию для принятия мер.
      32. После приемки в эксплуатацию законченного строительством объекта генеральный подрядчик передает свой экземпляр журнала авторского надзора в составе исполнительной документации на хранение заказчику.
      33.   Представители авторского надзора в процессе строительства зданий, сооружений или их ремонта проверяют соответствие выполненных работ проектным решениям, предусмотренным рабочими чертежами и утвержденной сметной стоимостью, соблюдение требований, в том числе (ПОС), качества производства строительно-монтажных работ по монтажу технологического и других видов оборудования, соблюдение правил пожарной безопасности и взрывобезопасности помещений строящихся зданий, сооружений или их ремонта.
      34. Представители авторского надзора совместно с заказчиком, генеральным подрядчиком и субподрядными организациями своевременно решают возникшие в процессе строительства вопросы по проектно-сметной документации.
      35.   Представители авторского надзора участвуют в приемке отдельных ответственных конструкций (опор, пролетных строений, мостов, арок, сводов, подпорных стенок, несущих металлических и железобетонных конструкций и других элементов), а также в составлении актов освидетельствования основных видов работ, скрываемых последующими работами и конструкциями, от качества выполнения которых зависит прочность и устойчивость возводимых зданий и сооружений.
      36.   Представители авторского надзора участвуют в проведении испытаний и приемке отдельных законченных строительством систем в эксплуатацию.
      37. Работники, осуществляющие авторский надзор, выезжают на строительство зданий, сооружений или их ремонт в сроки, предусмотренные планами-графиками, а также по специальным вызовам заказчика.
      38. При первом посещении строящегося объекта представитель авторского надзора устанавливает наличие и правильность оформления документов, а также проверяет:
      1) состояние хранения дополнительной документации на строящемся здании, сооружении или их ремонте;
      2) состояние работы строительной лаборатории подрядчика и его геодезической службы;
      3) состояние организации приемки и хранения на строительной площадке материалов, конструкций и оснастки;
      4) соблюдение графика производства работ в целях обеспечения ввода строящегося объекта в эксплуатацию в нормативные сроки продолжительности строительства;
      5) качество строительно-монтажных работ и поступающих на строительную площадку материалов, изделий и конструкций;
      6) состояние работы технического надзора заказчика.
      Результаты проверки отражаются в журнале авторского надзора.
      39. При осуществлении авторского надзора разработчиком проекта - генеральным разработчиком проекта совместно с субподрядными специализированными разработчиками проекта специалисты этих организаций объединяются в комплексную группу (подразделение) авторского надзора.
      Руководителем этой комплексной группы назначается работник генерального разработчика проекта, осуществляющий руководство и координацию деятельности всех специалистов.
      40. Разработчик проекта - генеральный разработчик проекта, входящий в состав рабочей и государственной приемочных комиссий, принимает решение об участии в этих комиссиях работников авторского надзора из числа специалистов своей организации.
      Разработчик проекта - субподрядчик назначает своего представителя в рабочую комиссию.
      41. При наличии большого количества одновременно строящихся объектов из числа сотрудников организации разработчика проекта - генерального разработчика проекта назначается постоянный представитель по авторскому надзору, который занимается только ведением авторского надзора за строительством объектов и осуществляет свои функции под руководством главных инженеров проектов, главных архитекторов проектов.
      42. При посещениях строящегося здания, сооружения или их ремонта представитель авторского надзора соблюдает правила техники безопасности.
      43. Разработчики проекта, осуществляющие авторский надзор вправе:
      1) запрещать применение в строительстве конструкций, деталей, изделий, строительных материалов и оборудования, не соответствующих государственным стандартам, техническим условиям и проектной документации;
      2) при выявлении нарушений требований проектно-сметной документации и нормативных документов, давать указания, обязательные для организаций заказчика, генподрядчика и субподрядных организаций, о прекращении производства работ, уведомляя об этом в письменной форме заказчика, генерального подрядчика, субподрядчика, генерального разработчика проекта, органов Государственной архитектурно-строительной инспекции;
      3) вносить в соответствующие органы представления о привлечении должностных лиц, допустивших некачественное выполнение строительно-монтажных работ, к ответственности;
      4) проверять соответствие сертификатов (паспортов) и другой технической документации на конструкции, детали, строительные материалы и оборудование государственным стандартам, техническим условиям и проектно-сметной документации;
      5) представлять предложения о снижении стоимости, улучшении качества и сокращении продолжительности строительства, совершенствовании технологии производства строительно-монтажных работ на объектах.

_______________________