Ескерту: Қаулы күшін жойды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61
қаулысымен
.
_______________________________________
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2819 тіркелген, Агенттіктің 2004 жылғы "Қаржы хабаршысы" N 4-5 басылымында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесінде:
кіріспеде:
"38 бабының 1-тармағына" деген сөздерден кейін ", "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"3-1) инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларды есепке алуға арналған жеке шоты - инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайлардың саны есепке алынатын номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шот;";
4) тармақшада "эмитент" деген сөзден кейін ", пайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада ", пайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Инвестициялық пай қорының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында орналастырылған пайларын есепке алу үшін номиналды ұстаушы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған құжаттардың негізінде инвестициялық пай қорының жеке шотын ашады.
Инвестициялық пай қорының жеке шотында инвестициялық пай қорының, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат бар және осы Ереженің 3-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ақпарат жоқ.";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Эмитенттің мәлімденген және сатып алынған бағалы қағаздар есебін жүргізетін жеке шотынан және инвестициялық пай қорының жеке шотынан басқа жеке шоттарда мынадай бөлімдер ашылады:";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Инвестициялық пай қорының жеке шотында инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының осы қордың жеке шотын ашу бұйрығы, инвестициялық пай қорының ережесі, андеррайтинг келісімі және номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында айқындалған құжаттар негізінде пайларды ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында орналастырған кезде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Эмитенттің орналастырылмаған және сатып алынған бағалы қағаздары, инвестициялық пай қорының орналастырылған пайлары орталық депозитарий ережелерінің жинағына сәйкес қажетті эмитенттің, инвестициялық пай қорының барлық деректемелерін аша отырып номиналды ұстаушы орталық депозитарийде ашқан тиісті қосалқы шоттарда ескеріледі.";
14-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында "тіркелген тұлға туралы" деген сөздерден кейін ", инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақта "жеке тұлғаның" деген сөздерден кейін ", не оның өкілінің" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абцазпен толықтырылсын:
"Жеке шоттағы инвестициялық пай қоры туралы мәліметтерді өзгерту бойынша операцияны номиналды ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясының қор туралы мәліметтерді өзгертуге бұйрығы және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында белгіленетін, осындай өзгертулерді растайтын құжаттардың негізінде жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2 және 18-3-тармақтармен толықтырылсын:
"18-1. Орналастырылған пайларды есепке алу үшін және осы жеке шоттан пайларды есептен шығару үшін инвестициялық пай қорының жеке шотына пайларды есепке алу кастодиан растаған, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотына пайларды есепке алу пайлардың дәл сол санын ұстаушының жеке шотына бір мезгілде есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотынан пайларды есептен шығару пайлардың дәл сол санын ұстаушының жеке шотынан бір мезгілде есептен шығара отырып осы қордың басқарушы компаниясы инвестициялық пай қорының пайларын сатып алған кезде жүзеге асырылады.
18-2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарды есепке алу немесе есептен шығару бойынша операцияларды жүргізу бұйрықтарында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) бұйрықтың нөмірі мен күні;
2) бағалы қағаздар эмитентінің немесе инвестициялық пай қорының атауы;
3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;
4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;
5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) операцияны жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
7) бағалы қағаздарға қатысты белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға берілген нұсқаулар;
8) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;
9) мәміленің мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер;
10) қай рынокта (бастапқы немесе қайталама) мәміле жүзеге асырылатындығы туралы мәліметтер.
18-3. Бағалы қағаздарды есепке алу немесе есептен шығару бойынша операцияны жүргізу бұйрығына мәмілеге қатысатын тұлға немесе оның өкілі қолдарын қойып, егер мәміленің бір тарапы заңды тұлға болса, мөрмен бекітіледі.
Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының пайлармен мәмілелерді тіркеу туралы бұйрыққа оның өкілі қол қойып, мөрмен бекітіледі, сондай-ақ оған инвестициялық пай қоры активтерінің есепке алынуын қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қолын қояды.";
25-тармақтың 4) тармақшасы "не инвестициялық пай қорының, сондай-ақ осы қордың басқарушы компаниясының атауы және оның орналасқан жері" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Орталық депозитарий эмитенттердің, инвестициялық пай қорларының жеке шоттары бойынша өзгерістер жөніндегі мәліметтерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін бір сағат ішінде тиісті тіркеушілерге жібереді.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.