Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.
-------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. ...
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр Б.Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. ....
18. "Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданбай қызмет көрсету кезінде тұрғындарға берілетін чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы № 344 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 8 қарашадағы № 561 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3242 болып тіркелді, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында, 2005 ж., № 9-13, 48-құжат).
.........
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 546-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. "Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданбай қызмет көрсету кезiнде тұрғындарға берiлетiн чектерге теңестiрiлген басқа да қатаң есептiлiк құжаттарының нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2003 жылғы 15 қыркүйекте N 2491 болып тiркелген, "Ресми газеттiң" 2003 жылғы 25 қазандағы N 43 (148) жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3134 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Төрағасының 2004 жылғы 16 қыркүйектегi N 445 бұйрығымен енгiзiлген өзгерiстерiмен бiрге) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) 12-қосымшаға сәйкес "НURL@N" телепрокат цифрлы спутниктiк жүйесiнiң жобасы шеңберiнде облыстық маңызы бар қалалар мен Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған телетеатр сеансына билет.";
2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнің Салық әкiмшiлiктендiруi басқармасы (А.Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
Салық комитетiнiң Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгі
Салық комитетi Төрағасының
2003 жылғы 8 қарашадағы
N 561 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгі
Салық комитетi Төрағасының
2003 жылғы 26 тамыздағы
N 344 бұйрығына 12 қосымша
Телетеатр сеанс билетінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз.