Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қосымшалар бекiтiлсiн:
1) мүйiздi iрi қара малының нодулярлы дерматит ауруын алдын алу және жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру туралы Ветеринариялық ереже;
2) қошқардың жұқпалы эпидидимит (қарақаптал) ауруын алдын алу және жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру туралы Ветеринариялық ереже.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментiмен бiрге заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтан туындайтын қажеттi шаралар қабылдансын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринария департаментiнiң директоры А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күнiнен бастап күшiне енедi
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы министрінің
2004 жылғы 28 желтоқсандағы
N 759 бұйрығымен бекітілген
Мүйізді ірі қара малының нодулярлы дерматитін
алдын-алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың
Ветеринариялық ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы шаралар
1. Нодулярлы дерматит (Dermatitis nodularis bovum, бұлдырмақ ісік) - мүйізді ірі қара малының өте жұқпалы вирустық ауруы, дене қызбасымен, теріде көптеген түйіншектер пайда болуымен, лимфадениттің жайылуымен, сүттің суалуымен, тері асты шелінің домбығуымен, көздің және тыныс алу мен ас қорыту жүйелері кілегейлі қабықтарының зақымдануымен сипатталады. Едәуір экономикалық шығын әкеледі.
Нодулярлы дерматит ауруының қоздырғышы болып, Poxviridае тұқымдасының және Сapripoxvirus тустастығының вирусы саналады. Вирустың жетілген вириондары дөңгелек пішіндес, екі қабығы бар, тығыз жүрекшеден және бүйіріндегі денешіктерден тұрады. Құрылысы жөнінен қой шешегінің қоздырғышымен тақылеттес. Антиген жөнінен бұл вирус африка қой шешегі вирусымен (Эндрюс) және ешкі шешегі вирусымен (Капустик) туыстас, бірақ аллертон және орфелинг вирустарынан өзгешеленеді.
2. Диагнозды эпизоотологиялық, клиникалық, патологоанатомиялық деректер мен лабораториялық зерттеулер, гистологиялық зерттеулерге кіретін вирусты бөліп алу, РН пен басқа типтерден ажырату, РИФ, электрондық микроскопия және бейім жануарларға биопроба жасау арқылы қояды. Диагностикалық гистологиялық тексеру маңызды орын алады.
Нодулярлы дерматитті дерматофилезден, демодекоздан, онхоцеркоздан, глобидиоздан, эфемерлі қызбадан, аусылдан, есекжемнен, эпизоотиялық лимфангоиттан, тері туберкулезінен, бөгелектің балақұрттары келтіретін зардаптардан және поствакциналық домбығудан балап ажырату қажет.
Аурып тұрған, аурып жазылған және жасырын жұқтырған вирус-тасығыш жануарлар қоздырғыштың тарататын көздеріне жатады.
2. Нодулярлы дерматитті алдын-алу
3. Мал иелерінің нодулярлы дерматит ауруын ескерту мақсатындағы міндеттері:
1) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық төлқұжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
3) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
4) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға.
3. Нодулярлы дерматитпен күресу шаралары
4. Нодулярлы дерматит шыққан шаруашылық субъектісіне карантин қойылады, ауру және ауру жұғуға күдікті жануарлар дер кезінде, мұқият оқшауланып, лабораториялық тәсілдермен диагнозы анықталады. Ауру малдар оқшауландырғыш ішінде болған кезеңде оларға қансорғыш жәндіктердің кіруіне жол бермейді.
5. Карантиннің шарты бойынша рұқсат етілмейді:
1) шаруашылық субъектісіне барлық жануарлар түрлерін құстармен қоса әкелуге, әкетуге;
2) шаруашылық субъектісі ішінде қызмет көрсететін ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз малдардың орнын ауыстыруға;
3) мал сауу, сою және етін пайдалану, ауру малдың және ауруға күдікті жануарлардың сүтін пайдалануғаю.
6. Нодулярлы дерматиттен өлген жануарлардың өлекселері терісімен бірге жойылады, өлекселерді диагностикалық мақсатпен сойып көру арнаулы жабдықталған орында рұқсат етіледі.
7. Карантин кешендік ветеринарлық-сантиарлық шаралар өткізіліп, қорытынды дезинфекциядан кейін алынады.
8. Нодулярлы дерматит алғашқы пайда болған мезгілде, барлық ауру және ауруға күдікті жануарлар сойылып, мұқият дезинфекция, дезинсекция жүргізілуіне ұсыныс жасалады. Дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік реестрінде тіркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы министрінің
2004 жылғы 28 желтоқсандағы
N 759 бұйрығымен бекітілген
Қошқардың жұқпалы эпидидимитін (қарақаптал)
алдын-алу және жою жөніндегі шараларды іске асырудың
Ветеринариялық Ережесі
Осы Ветеринариялық ереже Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде қошқардың жұқпалы эпидидимитін алдын-алу және жою жөніндегі (әрі қарай - Ереже) шараларды іске асырудың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы шаралар
1. Қарақаптал - жұқпалы созылмалы түрдегі ауру, ен шылауының қабыну процессінен кейін ұлғаюы және қошқарлардың ұрықтандыру функциясының төмендеуімен, ал аналықтарда - іш тастаумен және тіршілікке қабілетсіз төлдің тууымен сипатталады.
2. Аурудың қоздырғышы - Brucella ovis, қозғалғыш, спора құрамайтын бактериялар.
Індеттің көздеріне - ауру жануарлардың іш тастаған төлдері шаранасымен бірге, жыныс мүшелерінің ағындылары, сүті, зәрі, нәжісі және спермасы жатады. Сау жануарлар негізінде ауру малдармен тікелей жанасқанда немесе ауру саулықпен шағылысқанда (әсіресе, қолдан ұрықтандыру жұмыстары аяқталғандағы шағылыстыру кезінде) ауру жұқтырады.
3. Диагнозды клиникалық, серологиялық және бактериологиялық зерттеулер негізінде эпизоотиялық деректерді ескере отырып қояды. Серологиялық зерттеулер ең тиімді тәсіл болып табылады.
Жануардың тірі кезінде диагноз қоюға ең тиімді серологиялық зерттеу тәсілі. Оның ішінде: комплемент байлану реакциясы, комплемент ұзақ байлану реакциясы.
2. Қарақапталды алдын-алу және күресу шаралары
4. Шаруашылықта қарақаптал ауруы анықталғанда, осы аурудан қолайсыз танылып, шектеу қойылып, шектеу шараларының шарты қатаң сақталады және сауықтандыру жоспары жасалады. Онда ұйымдастыру-шаруашылық, санитарлық және арнаулы ветеринариялық шаралар көрсетіледі.
5. Жануарлардың иелерімен және ветеринариялық мамандардың қарақаптал ауруының жануарларға жұғуын ескертудегі міндеттері:
1) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық төлқұжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
3) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
4) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға.
6. Залалсыздандыруға мемлекеттік ветеринариялық препараттардың реестрінде тіркелген бруцеллез үшін ұсынылған заттар қолданылады.
7. Қой шаруашылықтарында 12 айлығынан бастап, өсіру үшін ұстаған барлық қой басы диагностикалық зерттеуден өткізіледі, клиникалық және овистік антигенмен, ал саулықтар аллергиялық бруцеллоовинмен, іш тастаған төлдер-бактериологиялық тәсілмен тексеріледі.
8. Ауру қошқарлар анықталғанда оларды оқшаулап, қалғандарын клиникалық және аллергиялық жолмен тексереді, олардың қандарын серологиялық әдіспен 30-45 күн өткен сайын 2 рет қатарынан теріс нәтиже алғанша зерттейді. Содан кейін бақылауға 6 айға қалдырып, сол аралықта 2 рет 3 айлық интервалмен серологиялық зерттеу жүргізеді. Егер осылардың барысында теріс нәтижеге қол жетсе, қошқарлардың арасында клиникалық белгілері болмаса, онда қойлар тобы қарақапталдан қолайлы саналады.
Егер осы зерттеулердің нәтижесінде, ауру жануарлар анықталатын болса, олар союға жіберіліп, мал бастары аталған аурудан қолайсыз танылып жоғарыда көрсетілген сауықтырудың кешенді шараларының бәрі қайтадан жүргізіледі.
9. Анықталған ауру саулықтарды сояды, осы отардағы қалған жануарларды оқшаулайды да, қой қоздап болғаннан 1-2 ай өткеннен кейін 2 рет серологиялық-аллергиялық тексеру жүргізіледі. Теріс нәтиже көрсеткен саулықтарды сау қошқарлардың ұрығымен ұрықтандырады.
10. Қошқарлар мен саулықтарды аллергиялық тексергенде (КазНИВИ бруцеллоовинмен) құйрық асты қыртысына - тері астына 0,2 мл, немесе төменгі қабақ астына 0,5 мл егеді.
Ауру қойлардың 48 сағаттан кейін, аллерген еккен жерінде қабыну реакциясы пайда болады (домбыққан ісікше, гиперемия), сау жануарларда еккен жерде реакция болмайды.
Реакцияға домбығу дәрежесіне қарай баға беріледі: оң баға - препарат егілген жерде жақсы білінетін домбығу (терінің қыртысы 3 мм артық үлкейген), күдікті баға - домбығу нашар білінеді (терінің қыртысы 1-3 мм) және терінің басқа жерімен салыстырып сипағанда ғана білінеді; домбығудың көрсетілген белгілері болмаса, реакция теріс саналады.
Қарақапталдың диагностикасында көбірек қолданылатын серологиялық тәсілдің реакциясы биофабрика дайындаған овистік атигенмен жүргізіледі.
Сонымен қатар ауру жануарларды сойғанда олардың органдарынан және іш тастаған төлдерді бактериологиялық зерттеуден өткізеді.
Қошқарларды сойғанда ендерінде патологиялық өзгерістердің бар жоғына назар аударады.
11. Қошқарлардың қарақапталын алдын-алу үшін, нұсқаушасында көрсетілген тәртібі және мерзімі бойынша Рев-1 штаммасының вакцинасы қолданылады:
1) қолайсыз отарлардағы қошқарлар мен саулықтарға клиникалық, аллергиялық немесе серологиялық қарақапталға және бруцеллезге қарсы зерттеулер жүргізіледі. Оң нәтиже көрсеткендер союға жіберіліп, қалғандары Рев-1 вакцинасымен егіледі;
2) қарақапталға вакцинация жасалған жануарларды кез-келген уақытта серологиялық (РДСК) тексеруге болады. Ал бруцеллезге аллергиялық және серологиялық зерттеулерді вакцинациядан 12 ай өткеннен кейін, екінші вакцинациядан 6 айдан соң жүргізеді.
12. Күйек алу науқаны кезінде қайтадан шағылыстырылуға пайдаланған қошқарларды, оларды саулығы бар отарлардан бөліп алмай тұрғанда бруцеллезге және қарақапталға қарсы вакцинациядан 4 айдан кейін, кешенді (клиникалық, аллергиялық және серологиялық) тексереді. Оң нәтиже көрсеткен ауру қошқарлар анықталған жағдайда ондай отарлардың саулықтарын есепке алып, қой қоздау науқаны аяқталғанша жануарлардың бруцеллезбен күресу жөніндегі көрсетілген "Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережелеріне " сәйкес барлық кешенді шараларды жүргізеді, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылы 5 қарашадағы N 632 бұйрығымен бекітілген, Рестрде мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелген.
13. Отарды, шаруашылықты қарақапталдан зерттеулердің нәтижесінде 2 рет барлық жануарлардан теріс нәтиже алғаннан кейін, оларда аурудың клиникалық белгілері болмаса, бруцеллезді алдын-алу және жоюдың Нұсқауындағы көрсетілген шаралар орындалғаннан соң отар немесе шаруашылық қарақапталдан сауықтандырылған болып саналады.
14. Шектеу шараларын алу туралы қаулыны сәйкес аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша кешенді ветеринариялық шаралар жүргізілгеннен кейін жергілікті атқару органы қабылдайды.