Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 333 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3350. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 174 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
     4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
     5. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.):
     1) осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын;
     2) 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға "Кредитный регистр" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуін жіберсін.
     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

    Төраға

Қазақстан Республикасының 
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен    
қадағалау жөніндегі    
агенттігі Басқармасының  
2004 жылғы 27 қарашадағы 
N 333 қаулысымен     
бекітілген       

  Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік
тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесі

     Осы Ереже "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) және ломбардтарды, кредиттік серіктестіктерді және Ұлттық почта операторын, қоғамдық қорлар мен қоғамдық бірлестіктер нысанында құрылған ұйымдарды  қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 160 қаулысымен, 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

  1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Кредиттік тіркелім уәкілетті органның реттеу және қадағалау функцияларын, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдардың кредиттік қызметіне байланысты тәуекел мониторингін орындау мақсатында қалыптасады.

     2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     1)  заемдар - банктің немесе банктік емес ұйымның заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыруды, сондай-ақ банктердің вексельдерді есепке алуы;
     2)  шартты міндеттемелер -  шарт талаптарынан пайда болған, банктің және банктік емес ұйымның клиенттің тапсыруы бойынша қабылданған және клиенттің төлемі үшін тәуекелі бар міндеттемелері;
     3)  кредиттік тізілім - осы Ереженің талаптарына сәйкес уәкілетті органға банктер мен банктік емес ұйымдар ұсынған ақпараты бар электрондық деректер базасы.

  2-тарау. Есепті ұсыну

     3. Есеп Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы әзірлеген "Кредиттік тізілім" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы электронды түрде жасалады және онда мынадай көрсеткіштер болуы тиіс:
     1) заемшы - заңды тұлға бойынша:
     заемшының атауы;
     резиденттік белгісі;
     резидент еместің елі (заемшы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда);
     шаруашылық жүргізуші субъектінің бірегейлендіру коды (ОКПО коды), бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
     заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні;
     шағын кәсіпкерлік субъектісінің белгісі;
     заемшының банкпен ерекше қатынастағы байланыс белгісі;
     2) заемшы-жеке тұлға бойынша:
     заемшының аты-жөні;
     резиденттік белгісі;
     резидент еместің елі (заемшы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда);
     жеке сәйкестендіру нөмірі;
     салық төлеушінің мекен-жайы (оның ішінде облыс, елді мекеннің, көшенің атауы, үйдің нөмірі);
     шағын кәсіпкерлік субъектісінің белгісі;
     қызмет түрлері (шағын кәсіпкерлік және шаруа (фермерлік) қожалықтары субъектілері үшін);
     заемшының банкпен ерекше қатынастағы байланыс белгісі;
     3) берілген заемдар және шартты міндеттемелер бойынша:
     банктің, банктік емес ұйымның деректемелері;
     заем (шартты міндеттеме) түрі;
     кредит желісінің белгісі;
     бенефициар атауы (шартты міндеттемелер бойынша);
     заем (шартты міндеттеме) беру жөніндегі шарттың нөмірі және күні;
     шарт талаптарына сәйкес заемды (шартты міндеттеме) беру күні;
     заемның нақты берілген күні;
     шарт талаптарына сәйкес заемды (шартты міндеттеменің қолданыста тоқтатылуы) өтеу күні;
     шарт талаптарына сәйкес заемның (шартты міндеттеме) жалпы сомасы;
     заемды (шартты міндеттеме) беру валютасы;
     шарт талаптарына сәйкес сыйақы ставкасы (жылдық);
     заемды нақты беру күні;
     есепті кезеңге берілген заемның нақты сомасы;
     нақты берілген заемның жалпы сомасы;
     сыйақының нақты ставкасы (жылдық);
     ұзарту мерзімінің аяқталу күні;
     кредит беру объектісі (берілген заемды пайдалану болжалданған мақсаттар (немесе пайдалану үстінде);
     заемдарды қаржыландыру көзі;
     уәкілетті органның тиісті нормативтік құқықтық актісімен белгіленген заемның (шартты міндеттеменің) жіктелу санаты;
     заемның (шартты міндеттеменің) қамтамасыз ету түрі бойынша түрі;
     заем (шартты міндеттеме) бойынша қамтамасыз етуге қабылданған кепіл құны;
     заем бойынша берешек ескерілген баланстық шоттар нөмірі;
     есепті күнгі жағдай бойынша заемның (шартты міндеттеменің) негізгі борышы және есептелген, бірақ өтелмеген сыйақысы бойынша қалдықтары;
     заемды мерзімі өткен берешек шотына қою күні;
     заемды баланс үшін есептен шығару күні;
     заемды нақты өтеу (шартты міндеттеменің қолданыста тоқтатылуы) күні;
     провизияның (резервтердің) қажетті және нақты жасалған сомасы;
     ескертулер.
     Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     4. Уәкілетті органға есеп беру тендерге қатысуға берілген кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді және ақшамен қамтамасыз етіліп берілген кепілдіктерді қоспағанда, барлық өтелмеген заемдар және шартты міндеттемелер бойынша (оның ішінде баланстан есептен шығарылған) ұсынылады.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 160   қаулысымен

     5. Есеп беру деректері Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

     6. Есеп беру есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей уәкілетті органға мына кезеңділіктер бойынша беріледі:
     банктер - ай сайын;
     банктік емес ұйымдар - тоқсан сайын.

     7. Уәкілетті органға есеп беру криптографиялық қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, электрондық байланыс арқылы ұсынылады. Есеппен бірге бірінші басшы (не оның орнындағы адам) қол қойған және банктің, банктік емес ұйымның мөрімен расталып берілген ақпараттың сенімділігін растайтын қағазға шығарылған ілеспе хатта ұсынылады.

     8. Кредиттік тізілім бойынша ақпарат болмаған жағдайда банк және банктік емес ұйым уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді.

     9. Есеп беруге өзгеріс және/немесе толықтыру енгізу қажет болған жағдайда банк және банктік емес ұйым есеп беруді ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға есеп беруді өзгерту себептері көрсетілген тиісті хат жолдайды.

     10. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда банктен және банктік емес ұйымнан қосымша ақпаратты сұрауға құқылы.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

     11. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Қазақстан Республикасының  
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау жөніндегі     
агенттігі Басқармасының   
2004 жылғы 27 қарашадағы  
N 333 қаулысына қосымша  

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп
танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

     1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік тізілім жүргізу ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 331  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 752 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 10 (154) басылымдарында 1999 жылғы 10-23 мамырда жарияланған);
     2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік тізілім жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 443 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1049 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 9 (180) басылымдарында 2000 жылғы 24 сәуірде - 7 мамырда жарияланған);
     3) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 752 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік тізілім жүргізу ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 247 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3083 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің N 10 (10)/2004 жылғы Қаржы хабаршысында жарияланған).

Об утверждении Правил представления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности для формирования кредитного регистра

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 333. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 января 2005 года № 3350. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174

     Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.04.2012 № 174 (вводится в действие с 01.07.2012).

     В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций", статьей 54 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
    1. Утвердить прилагаемые Правила представления банками второго уровня и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности для формирования кредитного регистра.
    2. Со дня введения в действие настоящего постановления признать утратившими силу нормативные правовые акты, указанные в приложении к данному постановлению.
    3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2005 года.
    4. Департаменту стратегии и анализа (Еденбаев Е.С.):
    1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
    2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций и объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
    5. Департаменту по обеспечению деятельности Агентства (Несипбаев Р.Р.):
    1) принять меры к публикации настоящего постановления в официальных средствах массовой информации.
    2) в срок до 31 декабря 2004 года довести до банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, программное обеспечение автоматизированной информационной подсистемы "Кредитный регистр".
    6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

    Председатель

    Утверждены              
постановлением Правления Агентства 
Республики Казахстан по регулированию и
надзору финансового рынка и    
финансовых организаций      
от 27 ноября 2004 года N 333    

Правила
представления банками второго уровня и организациями,
осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности
для формирования кредитного регистра

    Настоящие Правила разработаны в соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций", пунктом 1-1 статьи 54 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" и устанавливают перечень, сроки и порядок представления банками второго уровня (далее - банки) и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций (далее - небанковские организации), за исключением ломбардов, кредитных товариществ, Национального оператора почты и организаций, созданных в форме общественных фондов и общественных объединений, отчетности для формирования уполномоченным органом, осуществляющим регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган), кредитного регистра (далее - отчетность).
    Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлениями Правления АФН РК от 28.05.2005 N 160 (порядок введения в действие см. п. 2); от 03.09.2010 № 131 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).

Глава 1. Общие положения

    1. Кредитный регистр формируется в целях выполнения регулирующих и надзорных функций уполномоченного органа, а также мониторинга рисков, связанных с кредитной деятельностью банков и небанковских организаций.
    2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
    1) займы - осуществление банком или небанковской организацией заемных, лизинговых, факторинговых, форфейтинговых операций, а также учет векселей банками;
    2) условные обязательства - обязательства, принятые по поручению клиента и несущие риски платежа банка и небанковской организации за клиента, вытекающие из условий договора;
    3) кредитный регистр - электронная база данных, содержащая информацию, представляемую банками и небанковскими организациями в уполномоченный орган в соответствии с требованиями настоящих Правил.

Глава 2. Представление отчетности

    3. Отчетность составляется в электронном виде посредством программного обеспечения автоматизированной информационной подсистемы "Кредитный регистр", разработанной Банковским сервисным бюро Национального Банка Республики Казахстан, и должна содержать следующие показатели:
    1) по заемщикам - юридическим лицам:
    наименование заемщика;
    признак резидентства;
    страна нерезидента (в случае, если заемщик является нерезидентом Республики Казахстан);
    бизнес-идентификационный номер;
    фамилия, имя, отчество первого руководителя юридического лица;
    признак субъекта малого предпринимательства;
    признак связанности заемщика с банком особыми отношениями;
    2) по заемщикам - физическим лицам:
    фамилия, имя, отчество заемщика;
    признак резидентства;
    страна нерезидента (в случае, если заемщик является нерезидентом Республики Казахстан);
    индивидуальный идентификационный номер;
    место жительства заемщика (в том числе наименование области, населенного пункта, улицы, номер дома);
    признак субъекта малого предпринимательства;
    вид деятельности (для субъектов малого предпринимательства и субъектов крестьянских (фермерских) хозяйств);
    признак связанности заемщика с банком особыми отношениями;
    3) по выданным займам и условным обязательствам:
    реквизиты банка, небанковской организации;
    вид займа (условного обязательства);
    признак кредитной линии;
    наименование бенефициара (для условных обязательств);
    номер и дата договора займа (условного обязательства);
    дата выдачи займа (условного обязательства) в соответствии с условиями договора;
    дата фактической выдачи займа;
    дата погашения займа (прекращения действия условного обязательства) в соответствии с условиями договора;
    общая сумма займа (условного обязательства) в соответствии с условиями договора;
    валюта займа (условного обязательства);
    ставка вознаграждения по условиям договора (годовая);
    сумма фактически выданного за отчетный период займа;
    общая сумма фактически выданного займа;
    фактическая ставка вознаграждения (годовая);
    дата окончания срока пролонгации;
    объект кредитования (цели, на которые предполагается использовать (или используются) предоставленные займы);
    источник финансирования займов;
    классификационная категория займа (условного обязательства), определяемая соответствующими нормативными правовыми актами уполномоченного органа;
    вид займа (условного обязательства) по виду обеспечения;
    стоимость залога, принятого в обеспечение по займу (условному обязательству);
    номера балансовых счетов, на которых учитывается задолженность по займу;
    остатки основного долга и начисленного, но не погашенного вознаграждения по займу (условному обязательству) по состоянию на отчетную дату;
    дата вынесения займа на счет просроченной задолженности;
    дата списания займа за баланс;
    дата фактического погашения займа (прекращения действия условного обязательства);
    необходимая и фактически сформированная сумма провизий (резервов);
    примечания.
    Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28.05.2007 N 155 (вводятся в действие с 01.01.2012).
    4. Отчетность представляется в уполномоченный орган по всем выданным и непогашенным займам (в том числе списанным с баланса) и условным обязательствам, за исключением условных обязательств по гарантиям, выданным на участие в тендере и гарантиям, обеспеченным деньгами.
    Сноска. В пункт 4 внесены изменения - Постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 мая 2005 года N 160 (порядок введения в действие см. п.2).
    5. Данные отчетности указываются в национальной валюте Республики Казахстан - казахстанском тенге.
    6. Отчетность представляется в уполномоченный орган в срок не позднее двадцатого числа месяца, следующего за отчетным периодом, со следующей периодичностью:
    банками - ежемесячно;
    небанковскими организациями - ежеквартально.
    7. Отчетность представляется в уполномоченный орган посредством электронной связи, с использованием криптографических средств защиты. В подтверждение достоверности переданной информации представляется сопроводительное письмо на бумажном носителе, подписанное первым руководителем (либо лицом, его замещающим) и заверенное печатью банка, небанковской организации.
    8. В случае отсутствия информации по кредитному регистру банк и небанковская организация направляют в уполномоченный орган соответствующее уведомление.
    9. В случае необходимости внесения изменений и/или дополнений в отчетность банк и небанковская организация в течение трех рабочих дней со дня представления отчетности в уполномоченный орган направляют соответствующее письмо с указанием причин изменения отчетности.
    10. Уполномоченный орган в случае необходимости запрашивает у банка и небанковской организации дополнительную информацию.

Глава 3. Заключительные положения

    11. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, подлежат разрешению в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Приложение            
к постановлению Правления Агентства
Республики Казахстан по регулированию
и надзору финансового рынка и  
финансовых организаций    
от 27 ноября 2004 года N 333  

Перечень нормативных правовых актов
Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу

    1) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 331 "Об утверждении Правил ведения кредитного регистра" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 752, опубликованное 10 мая - 23 мая 1999 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана" N 10 (154));
    2) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 декабря 1999 года N 443 "Об утверждении изменений и дополнений в Правила ведения кредитного регистра" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1049, опубликованное 24 апреля - 7 мая 2000 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана" N 9 (180));
    3) постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 21 августа 2004 года N 247 "О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 331 "Об утверждении Правил ведения кредитного регистра", зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 752" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 3083, опубликованное в Финансовом Вестнике Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций N 10(10)/ 2004 года).