Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) маңқаның алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер;
2) жылқы ринопневмониясының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер;
3) қой мен ешкiнiң шiрiк бақайының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер бекiтiлсiн.
2. Ветеринариялық департаментiне, Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары бiрлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
N 746 бұйрығымен бекітілген
Маңқаның алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық ережелер
Осы Маңқаның алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер (әрі қарай - Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 маусымдағы Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың орындауға міндетті ветеринариялық іс шаралардың міндетті ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Маңқа созылмалы өтетін, теріде кілегей қабықтарында және ішкі ағзаларда түйіндердің пайда болуымен ерекшеленетін малдың және адамның жұқпалы ауруы.
Маңқа тәуелсіз достастық мемлекеттер елдерінде жойылған.
Қоздырушысы Actinobacillus mallei - қозғалмайтын, спора түзбейтін, грам теріс таяқша.
Маңқамен тақ тұяқтылар (жылқы, есек, қашыр), сондай-ақ түйе және мысық тұқымдастығына жататын (арыстан, жолбарыс, сілеусін, мысық) жануарлар ауырады.
2. Диагноз індеттанулық, клиникалық, аллергиялық, серологиялық және гистологиялық зерттеулердің негізінде қойылады. Негізгі балау әдісі болып аллергиялық және серологиялық зерттеулер саналады. Басқа (микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, және гистологиялық) зерттеу әдістері қажет болған жағдайда қолданылады.
2. Ветеринариялық-санитарлық таза аумақтағы
маңқаның алдын алу үшін жүргізілетін шаралар
3. Ветеринариялық-санитарлық таза аумаққа маңқаның енуінің алдын алу мақсатында, осы аурудан таза аумақтардан тек сау және маллеиндеу әдісімен тексергенде теріс нәтиже берген жануарларды әкелуге рұқсат етіледі.
4. Жаңадан әкелінген жануарларды 30 күн бойы оқшаулап ұстайды, клиникалық бақылау жүргізеді және маллеиндеу әдісімен тексереді.
5. Барлық шаруашылық субъектілерінде жыл сайын жануарларды жоспарлы түрде аллергиялық әдіспен тексереді. Жылқылар клиникалық бақылау және маллеиндеу әдістерімен келесідей жағдайларда тексеріледі:
1) басқа шаруашылық субъектілеріне беруден екі апта бұрын;
2) спорт сайыстарына көрмеге жіберілер алдында;
3) сояр алдында.
3. Маңқаның індет ошағында және одан таза
емес пункттерде жүргізілетін шаралар
6. Шаруашылық субъектісінде жылқының маңқамен ауырғаны байқалғанда, сол шаруашылық субъектісінің ветеринария маманы тез арада ол туралы әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлайды.
7. Әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы жылқылардың маңқамен ауырғаны туралы хабарды алысымен, аурудың диагнозын; індет ошағының және аурудан таза пункттің шекарасын анықтауға тез арада сол жерге келеді. Ауырған малдардан патологиялық материалдар алып оларды ветеринариялық зертханаға жібереді.
8. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабына сәйкес әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуымен жергілікті атқарушы органның шешімімен жылқының маңқасынан таза емес пунктке карантин қойылады.
9. Карантин шарты бойынша рұқсат етілмейді:
1) шаруашылық субъектісінің аумағына жылқыларды әкелуге және сыртқа шығаруға;
2) таза емес пункттің аумағы арқылы жылқыларды айдауға және оларға мініп өтуге;
3) шаруашылық субъектісінің ішінде оқшауханадағы ауру малдардан басқа жылқаларды қайтадан топтастыруға, сондай- ақ ауру жылқылардың сау жылқылармен жайылымда, суаттарда және қорада бірге болуына;
4) жылқыларды қымызханада пайдалануға, етке союға, ауру және ауруға күдікті жануарларды ұрықтандыруға.
10. Шаруашылық субъектісіндегі барлық жылқыларды, есектерді, қашырларды және түйелерді клиникалық бақылаудан өткізеді және маллеиндеу әдісімен тексереді.
11. Тексеру нәтижелері бойынша жануарларды 4 топқа бөледі:
1) маңқаның клиникалық белгілері айқын байқалған жануарлар;
2) маллеинге оң нәтиже берген және клиникалық белгілері айқындалмаған жануарлар;
3) клиникалық белгілері жоқ, бірақ маллеинге оң нәтиже берген жануарлар;
4) қалған клиникалық белгілері жоқ және маллеинге оң нәтиже бермеген жануарлар.
12. 11 тармақтағы 1), 2), 3) тармақшаларда көрсетілген жануарлардың терісін алмай және соймай бітеудей өртейді.
13. Ауруы айқын тақ тұяқты жануарлардың өлекселерінің терісін алуға және союға тиым салынады.
14. Ауруға күдікті қалған жануарларды, пунктті індеттен таза деп хабарлағанға дейін, әрбір 15 күн сайын маллеиндеу әдісімен тексереді.
15. Ауруға күдікті жануарларды шаруашылық субъектісінің аумағындағы оқшауланған жерде бағуға рұқсат етіледі.
16. Қораларды әрбір 15 күн сайын маллеиндеу әдісімен тексергеннен кейін құрамында белсенділігі 3% хлоры бар әктің ерітіндісімен, 3% күйдіргіш натрийдің ерітіндісімен, 3% формальдегидтің ерітіндісімен дезинфекциялайды.
17. Көңді, төсенішті және жем шөп қалдықтарын дезинфекциялық ерітінді құйып өртейді.
18. Қорадағы жылқыларды күтуге арналған құрал саймандарды, ер тұрмандарды, шелектерді және басқа да құралдарды дезинфекциялайды:
1) темір тырмаларды, күректерді және басқа да заттарды күйдіру немесе тармақта көрсетілген дезинфектанттармен дезинфекциялайды;
2) ағаш заттарын, арбаларды, шаналарды 22 тармақта көрсетілген дезинфектанттармен дезинфекциялайды;
3) ер тұрманның қайыс бөлігін, етіктерді, кебістерді 1-3% хлораминнің ерітіндісімен сүртеді;
4) халаттарды, сүлгілерді 30 минут қайнатып залалсыздандырады;
5) мал күтушілердің киімдері парофармалин камерасында дезинфекцияланады.
19. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуымен жергілікті атқарушы органның шешімімен шаруашылық субъектісінен ең соңғы ауырған малдан қырық бес күннен кейін барлық мал басын маллеинді көзге тамызу әдісімен тексеріп қатарынан үш рет теріс нәтиже алғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін карантин алынады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
N 746 бұйрығымен бекітілген
Жылқы ринопневмониясының алдын алу және
жою бойынша ветеринариялық ережелер
Осы Жылқы ринопневмониясының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер (әрі қарай - Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларын ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Жылқының ринопневмониясы биенің бұздағының екінші кезеңінде іш тастауымен, тыныс органдарының зақымдануымен ерекшеленетін жіті түрдегі инфекциялық ауру.
Аурудың қоздырушысы құрамында рибонуклеин қышқылы бар герпесвирус туыстығындағы вирус.
Табиғи жағдайда жасына, жынысына қарамай барлық жылқылар ауырады. Асыл тұқымды жылқылар және бір жасқа дейінгі құлындар ауруға бейім келеді.
2. Ветеринариялық маман жылқының ринопневмониясына диагноз клиникалық және патологоанатомиялық белгілерінің, індеттанулық деректер және зертханалық зерттеулердің нәтижелері негізінде қояды.
2. Ветеринариялық санитарлық таза аумақтағы жылқының
ринопневмониясының алдын алу үшін жүргізілетін шаралар
3. Меншігінде тақ тұяқты жануарлар бар, жеке және заңды тұлғалар жылқының ринопневмониясының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің "Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс шараларының ережесі" 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 18 желтоқсан 2002 жылғы 2088 тіркелген ережелерге сәйкес жыл сайын оларды ветеринариялық тексеруден өткізуге міндетті. Жануарлар мынадай жағдайларда да тексеріледі:
1) асыл тұқымды және қолданыстағы малдар ветеринариялық-санитарлық таза аумақтан тысқары шығарылғанда жіберілуге 30 күн қалғанға дейін;
2) жаңадан әкелген малдарды профилактикалық карантиндеу кезеңінде.
4. Шаруашылық субъектілерін жылқының ринопневмониясынан таза пункттердің малдарымен толықтырғанда.
3. Жылқының ринопневмониясының індет ошағында және
одан таза емес пункттерде жүргізілетін шаралар
5. Шаруашылық субъектісінде жылқының ринопневмониясы байқалған кезде, ол жөнінде сол шаруашылық субъектісінің ветеринария маманы тез арада әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлауы тиіс.
6. Әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы жылқылардың ринопневмониямен ауырғаны туралы күдікті хабарды алысымен тез арада диагнозын анықтауға, індеттанулық талдау жүргізуге, індет ошағының және індеттен таза емес пункттің шекарасын анықтауға тез арада сол жерге келеді. Ауру малдардан патологиялық материалдар алып ветеринариялық зертханаға жібереді.
7. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен жылқының ринопневмониясы шыққан аурудан таза емес пунктке шектеу қойылады.
8. Жылқының ринопневмониясынан таза емес шаруашылық субъектісінде рұқсат етілмейді:
1) жылқыларды шаруашылық субъектілері аумағына әкелуге және онан сыртқа шығаруға;
2) шаруашылық субъектілерінің ішінде бейім жануарларды қайтадан топтастыруға (ауру малдарды оқшаулаудан басқа), сондай-ақ ауру малдармен сау малдардың жайылымының, суаттарының бірге болуына және бірге ұсталуына;
3) індеттен таза шаруашылық субъектілеріне айғырлардан алынған ұрықтарды беруге.
9. Ветеринариялық маман шаруашылық субъектісіндегі қалған жылқыларды клиникалық тексеруден өткізеді.
10. Ветеринариялық маман іш тастаған немесе туғанда құлындары өліп қалған биелерді емдейді.
11. Барлық жылқыларды ринопневмонияға қарсы вакцинамен егеді.
12. Әрбір іш тастаудан кейін қораны 2 % формальдегидтің немесе күйдіргіш натрий ерітіндісімен дезинфекциялайды.
13. Тастанды төлді қағанақ қабығымен бірге өртейді.
14. Көңді, қалған жем шөпті биотермиялық әдіспен залалсыздандырады.
15. Ауру немесе ауруға күдікті жылқалардың етін қайнатады.
16. Сүйектерін және ішкі ағзаларын утильдеуге жібереді.
17. Теріні 12 сағат бойы әктің ерітіндісінде (1 килограмм сөндірілген әк 20 литр суда) ұстап дезинфекциялап соңынан таза сумен жуып кептіреді.
18. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен шаруашылық субъектісін жылқының ринопневмониясынан, соңғы іш тастаудан немесе әлсіз құлын туғаннан кейінгі екі айдан кейін, егер буаздықтың екінші жартысындағы биелер болмаса таза деп және қорытынды іс-шаралары жүргізілгеннен кейін шектеу алынады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
N 746 бұйрығымен бекітілген
Қойлар мен ешкілердің шірік бақайының алдын алу
және жою шаралары туралы Ветеринариялық ережелер
Осы қойдың шірік бақайының алдын алу және жою шаралары туралы Ветеринариялық ережелері (келесіде Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс шараларды ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Шірікбақай (Paronychia contaqiosa) тұяқтың шіруі және ашасының терісінің болжырауы арқылы ерекшеленетін жұғымтал ауру.
Қоздырғышы - Bakteroides nodosus-бактероидтар туыстығына жататын грамтеріс микроб. Түрі таяқша тәрізді аздап гантелге ұқсайды, қозғалмайды, спора мен қауашық түзбейді
Шірікбақайға жасына қарамастан қой мен ешкінің барлық тұқымдары шалдығады.
2. Қой мен ешкіледің шірікбақайына диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістер және зертхананың бактериологиялық зерттеуі ескеріледі.
2. Ветеринариялық санитарлық таза аумақтағы қой
мен ешкінің шірікбақайының алдын алу шаралары
3. Жеке және заңды тұлғалар қой мен ешкілердің шірікбақайының алдын алу мақсатында жыл сайын оларды ветеринариялық тексеруден өткізуге міндетті. Сондай-ақ жануарлар мынадай жағдайларда тексеріледі, асыл тұқымды және қолданыстағы малдар ветеринариялық-санитарлық таза аумаққа тысқары шығарылғанда, жіберілуге 30 күн қалғанда және жаңадан әкелген малдарды профилактикалық карантиндеу кезеңінде.
4. Малдарды сатқанда, сондай ақ сол пункттен шығарыларда оларды түгелдей тексеріп теріс нәтиже болғанда ғана олардың тексерілгендігін куәләндірілгеннен кейін паспортында қажетті белгілердің болуы қажет.
5. Шаруашылық субъектілерін (ел мекенін) қой мен ешкінің шірікбақайынан таза пункттердің малдарымен толықтырғанда да жоғарғыда аталған шаралар жүргізіледі.
6. Импортталатын малдар сол елде қой мен ешкілердің Қазақстан Республикасының қой мен ешкілерді импорттау жөніндегі ветеринариялық талаптарында қаралған тәртіптер және әдістер бойынша тексеріледі және карантинделеді.
7. Экспортталатын малдар импорттайтын елдің ветеринариялық талаптарына және әдістеріне сәйкес тексеріледі.
3. Қой мен ешкілердің шірік бақай індет ошағында
және одан таза емес пункттерде жүргізілетін шаралар
8. Қой мен ешкілердің шірікбақайы байқалған шаруашылық субъектілерінде сол ауылдық округке, қалаға қызмет көрсететін ветеринария маманы тез арада әкімшілік аумақтық бірлігінің ветеринариялық инспекторына және ауданның, қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлауы тиіс.
9. Әкімшілік аумақтық бірлігінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы қой мен ешкілердің шірікбақайымен ауырғаны туралы күдікті хабарды алысымен тез арада диагноз қоюға, індеттанулық талдау жүргізуге, індет ошағының және індеттен таза емес пункттің шекарасын анықтауға тез арада сол жерге келеді.
10. Әкімшілік аумақтық бірлігінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуымен қой мен ешкілердің шірікбақайы шыққан жердегі індет ошағына жергілікті атқарушы органдар шектеу қояды "Ветеринария туралы" Заңның 27 бабына сәйкес.
11. Қой мен ешкілердің шірікбақайынан таза емес шаруашылық субъектілерінде тиым салынады:
1) қой мен ешкілерді шаруашылық субъектілері аумағына әкелуге және онан сыртқа шығаруға;
2) шаруашылық субъектілерінің ішінде бейім жануарларды қайтадан топтастыруға (ауру малдарды оқшаулаудан басқа), сондай ақ ауру малдармен сау малдардың жайылымының, суаттарының бірге болуына және бірге ұсталуына.
12. Шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін ветеринариялық маман қой мен ешкілердің шірікбақайын жою жоспарын дайындайды және оны әкімшілік аумақтық бірлігінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторымен келістіріледі. Ауру малдардан патологиялық материалдар алады да зертханаға жібереді шірікбақайды сарыптан, эктимадан, шешектен және аусылдан ажырату үшін.
13. Шірікбақай шыққан шаруашылық субъектісіндегі барлық қой мен ешкілерді әрбір 10 күн сайын тексереді де шірікбақаймен ауырған малдарды оқшаулайды.
14. Сауына күдіктенген малдардың сүтін қайнатқаннан кейін ғана қолданады, ауру малдың сүтін жояды.
15. Қолайсыз пунктте малды аурудан сақтандыру үшін аяқ ваннасынан өткізеді.
16. Оқшауланған ақсақ ауру қой мен ешкілерді емдейді немесе сояды.
17. Шаруашылық субъектіден шектеу ең соңғы ауырған қой сойылғаннан немесе сауыққаннан кейін бір ай өткен соң алынады. Шектеу алынар алдында барлық малдың тұяғын тексеріп, аяқ ваннасынан өткізеді.
18. Қораны жақсылап механикалық тазалайды да зарарсыздандырады.