Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілгендер бекітілсін:
1) Жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою туралы Ветеринариялық ережесі;
2) Жануарлардың пироплазмозын алдын алу және жою туралы Ветеринариялық ережесі;
3) Тұқы балықтың тілме ауруының алдын алу және жою туралы Ветеринариялық ережесі.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 753
бұйрығымен бекітілген
Жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою
туралы Ветеринариялық ереже
Осы Ветеринариялық ережелер жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою шараларының (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы шаралар
1. Аусыл - жұқпалы, жіті өтетін және тез таралатын аша тұяқты жануарлардың аса қауіпті ауруы, қоздырғыштары О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3, Азия-1 типтерінің бір немесе бірнеше варианттары. Өткінші қызбамен қоса ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, жұлықтың терісінде және тұяқтарының арасында, жалтыр танауында, желінде афтылар мен эрозиялардың болуы аурудың клиникалық белгілеріне тән қасиет. Ауырған жануарлардың клиникалық белгілері білінбей, жазылып кетуі мүмкін. Жаңа туған төлдерде аусыл өте жітілі түрде өтуі мүмкін, онда афты пайда болмайды және өліммен аяқталады. Аурудың бір типімен (варианты) ауырып жазылған жануарлар аусылдың басқа типтегі (варианты) қоздырғыштары жұғып, қайтадан ауруы мүмкін.
2. Індеттің көздері болып аусылмен ауырған жануарлар, оның ішінде аурудың жасырын кезеңінің 1 күннен 7 күнге дейін, кейде 21 күнге созылатын ескеру қажет, аталған жануарлар вирустарды сыртқы ортаға афтылардың қабықтарымен, сүтпен, сілекейімен, демалған ауамен, дәретімен және нәжістерімен сыртқа шығарады. Аусылдан жазылған, сонымен қатар аусылға қарсы егілген және аурулармен бірге тұрған кейбір жануарлар, ұзақ уақыт бойы вирустасығыш болып, індеттің қауіпті көзі айналуына мүмкін.
Аусылмен ауырған жануарлардан алынған залалсыздандырылмаған тағамдар мен шикізаттар, сонымен бірге ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған мал азығы, су, төсеніш, күту заттары, күтушілердің киімдері және аяқ киімдері, көліктер аусылдың вирустары ұзақ (1 жылға дейін) уақыт сақталатындықтан аусылдың таралу факторлары болып табылады. Аусылдың вирустары жұққан мал азығының, топырақтың, төсеніштің ұсақ бөлшектері желмен бірнеше шақырым жерге ұшып барады.
3. Диагнозды эпизоотологиялық деректермен қоса, клиникалық белгілердің және лабораториялық зерттеулердің талдауын негізге алып қояды.
Ажырату диагнозын жүргізгенде везикулярлы стоматитті, вирустік диареяны, зілді катарлы горячканы, ірі қара обасын, шешекті және стоматитті ескереді.
4. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) Аусылдың эпизоотиялық ошағы (әрі қарай - ошақ) болып - ауру
немесе ауруға күдікті жануарлар орналасқан, сонымен қатар ауырып жазылған немесе ауру жануарлардан алынған тағам өнімдері мен шикізаттары бар өндірістік үй жайлар немесе заңды және жеке тұлғалардың аумағына кіретін бір немесе бірнеше үй-жайлар, жеке ферма, жеке аула, мал тұратын жазғы лагерь, жайылым учаскесі, ет өңдейтін кәсіпорын, мал сою пункттері, мал айдайтын трасса учаскесі, шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеті, базарлар саналады;
2) Аусылдан қолайсыз пункт (әрі қарай - қолайсыз пункт) - әкімшіліктік бөлінуі бойынша жайылымдары мен көлшіктері, мал айдайтын трассалары бірге аусылдың эпизоотиялық ошағы анықталған елді мекен;
3) Аусылдың қатерлі аймағы (әрі қарай - қатерлі аймақ) - елді мекендер және олардың аусылдан қолайсыз пункттің сыртындағы әкімшіліктік аумағы;
4) Аусылдан қолайлы аумақ (әрі қарай - қолайлы аумақ) - аусылға қатерлі аймақтың айналасындағы аудандар мен облыстардың аумағы;
5) Ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктер - жануарлар, жануарлардан өндірілген азық-түлік және шикізаттар, мал азығы, мал азығының қоспалары, ветеринариялық препараттар.
2. Аусылдан қолайсыз пунктте жүргізілетін шаралар
(шектеулік шараларды ұйымдастыру)
5. Қолайсыз пунктте қарастырылған тиым салынған шаралар:
1) аусылдан қолайсыз пунктке жануарлардың барлық түрлерін, құстармен қоса әкелуге (көлікпен), әкетуге (көлікпен);
2) қолайсыз пунктте жануарлардан алынған азық-түліктер мен шикізаттарды, мал азығын, азықтық қоспаларды, және сыртқа шығаруға, сонымен бірге ауру жұққан мүліктерді, материалдарды және басқа да материалдық-техникалық заттарды шығаруға;
3) тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз қолайсыз пункттің ошағында орналасқан жануарларды топтастыруға (ауыстыруға);
4) қолайсыз пункттегі мал қоралары мен өндірістік үй жайлардың аумағына сондағы өндірістік жұмысқа тікелей қатысы жоқ адамдардың кіруіне;
5) ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің көрмесін, базарларын, жәрмеңкелерін өткізуге және сатуға, сонымен бірге басқа шаралардың жануарлардың, адамдардың және көліктердің шоғырланған жерлерінің қолайсыз пункттің аумағында өткізуге;
6) қолайсыз пункттен залалсыздандырылмаған күйінде сүтті пайдалану үшін шығаруға. Сүт және сүт өнімдерін температурасын 85 о С жеткізіп пастеризациялайды немесе қайнатады;
7) аурудан таза шаруашылықтарға жануарларға қолдан ұрықтандыру жүргізу үшін сперманы шығаруға;
8) көліктің барлық түрлерінің қолайсыз пункт арқылы өтуіне. Көліктердің баратын жерлеріне өткізу үшін айналып өтетін жолдары анықталады және белгіленген көрсеткіштер қойылады. Керек болған жағдайда қолайсыз пунктке арнаулы тағайындалған көліктің кіруіне және шығуына болады. Қолайсыз пункттен шығарда көлікті, шығатын адамдардың сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін міндетті түрде залалсыздандырудан өткізеді. Осы мақсат үшін бір жолды жеке ұстап шекараның қолайсыз пунктіне шығатын адамдардың сыртқы киімін залалсыздандыру үшін залалсыздандыру камерасын орнатады, аяқ киімдерді залалсыздандыру үшін залалсыздандыру ерітіндісімен ыдысты және щетка, көліктерді залалсыздандыру үшін залалсыздандыру қондырғысын, кезекшілер үшін күзет дүңгіршігін және киімдерін санитарлық домдаудан өткізетін адамдар үшін вагончик қойылады.
6. Аусылдан қолайсыз пунктте тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторлары келесі шараларды ұйымдастырады:
1) пункттен шығатын барлық жолдарды (соқпақтарды) жауып, тәулік бойы кезекшілікте болатын керекті мөлшерде күзеттік-карантиндік бекеттер орнатылады және "Жүруге болмайды", "Айналып өту", "Міндетті түрде тоқтау", "Тоқтауға болмайды" деген сәйкес көрсеткіштер (жол белгілері) қойылады;
2) күзеттік-карантиндік бекеттерде кезекшілікті атқару үшін керекті мөлшерде адамдарды бөледі және олардың міндеттерін анықтайды. Күзеттік-карантиндік бекеттердің кезекшілеріне арнаулы куәлік береді және қолдарына байлайтын белгі таққызады. Бекеттерді шлагбаумдармен, залалсыздандыру кедергілерімен және кезекшілерге арналған дүңгіршіктермен жабдықтап, мүмкіншілігінше байланыс орнатады;
3) барлық жануарларды қора жағдайына немесе арнаулы жайылымның оқшауланған бөлігіне ауыстырады, қолайсыз пункттегі барлық аусылға бейім жануарларды есепке алады;
4) қолайсыз пункттегі барлық бейім жануарларға алдындағы егілген мерзіміне қарамастан міндетті түрде аусылға қарсы вакцинация жүргізеді;
5) қолайсыз пункттің аумағындағы үй құстарын жабық қорада, ал иттерді байлауда ұстайды;
6) Ветеринарлық залалсыздандыруды, дезинсекциялауды,
дезинвазиялауды және дератизациялауды қолданып жүрген нұсқауына сәйкес, мал қораларына және өндірістік аумақтарға, арнаулы киімдерге, күту заттарына, көлік түрлеріне және басқа заттарға күнделікті жүргізілуін қамтамасыз етеді;
7) қора жайларға немесе мал тұратын қоршауларға, мал иелерінің аулаларына, сонымен қатар ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді дайындау (сою), өңдеу, өндіру және сақтау кәсіпорындарының кіреберістеріне міндетті түрде аяқ киімдерді, көліктерді залалсыздандыру үшін, аусылда қолданылатын (күйдіргіш натр, фенолят натрийдің техникалық ерітіндісі, феносмолин) залалсыздандыру заттары сіңірілген залалсыздандыру кедергілері орнатылады.
7. Ауданды (бірнеше аудандарды), облысты (бірнеше облыстарды), қолайсыз пункт жариялағаннан кейін сәйкес аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы барлық жануарлар түрлерін, жануарлардан алынатын азықтар мен шикізаттарды, мал азығын, азықтық қоспаларды, аудан (бірнеше аудандар), облыс (бірнеше облыстар), республика көлемінен шығаруға тиым салынады, сонымен қатар осы Ережелердің 5, 6 тармақтарда көрсетілген ауданның (бірнеше аудандар), облыстың (бірнеше облыстар), республиканың аумақтарына шектеу алу туралы шешім шыққанша қойылады.
8. Ауданның мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторы селолық округтік (қалалық) мемлекеттік ветеринариялық инспектордың хабарын алғаннан кейін (тәулік ішінде) міндетті:
1) аусылдан қолайсыз пунктке шығады және сол жерде қойылған диагноздың дұрыстығын тексереді, аусылды жою шараларының жүргізілуін, қолайсыз пункттегі эпизоотиялық ошақтың шекараларын, сонымен бірге аусылдан қатерлі аймақ аумағының шекараларын анықтайды;
2) аусылдың шыққандығы туралы жедел хабарлайды:
ауданның жергілікті атқару органының басшысына;
облыстық мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторге;
көршілес (шекаралас) аудандардың мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторларына.
Шeктeу iс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың мемлекеттiк Бас ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша, жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабына сәйкес белгiленедi;
3) аусылдың эпизоотиялық ошағында карантин талаптары мүлтіксіз сақталып және қолайсыз пункт пен қатерлі аймақта шектеу шараларының орындалысына жедел қатаң бақылау жасалсын.
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторы облыстардың мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторларының хабарларын алғаннан кейін міндетті:
1) Қазақстан Республикасында аусылдың эпизоотиялық жағдайын Жануарлардың денсаулығын қорғайтын халықаралық ұйымға және шекаралас мемлекеттердің ветеринариялық қызметтерінің басшыларына хабар береді;
2) аусылдан қолайсыз пункт пен оның ошағы жөнінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық ветеринариялық зертханасын хабарлайды. Аусыл қоздырған вирустың типін анықтап және қорытынды диагноз қою, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық ветеринариялық зертханасында патологиялық материалдың эпизоотиялық ошақтан келгенінен бастап, 3 тәуліктен аспайтын аралықта іске асырылады. Патологиялық материалдың зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық ветеринариялық зертханасының қызметкерлері сараптау актісін жасап, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторына тапсырады;
3) аусылды жойып, әрі қарай таралмауын ұйымдастыру жұмыстарына көмек беру үшін қолайсыз пункттер мен қатерлі аймақтарға өзінің өкілін және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық ветеринариялық зертханасының қызметкерін жібереді.
3. Аусылдың эпизоотиялық ошағының аумағында
жүргізілетін шаралар (карантин ұйымдастыру)
10. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторлар аусылдың эпизоотиялық ошағын толық оқшаулауды, вирусты жойып, оның әрі қарай таралмауын тоқтату үшін, үнемі және жоспарлы шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен келесі шараларды іске асырады:
1) эпизоотиялық ошақтың аумағын қоршап, өтетін бір жер қалдырады және онда тәулік бойы күзетшілік бекет қойылады;
2) ошақтың кіре берісіне бақылау өткізу пунктін қойып, оны залалсыздандыру кедергілерімен және залалсыздандыру қондырғыларымен жабдықтайды;
3) жануарларға қызмет көрсету үшін және басқа шаруашылық жұмыстарын жүргізуге, ошақтың аумағынан шықпайтын үнемі сонда болатын көлік бекітіледі. Ошаққа әкелген мал азығы, азық-түліктер, әртүрлі керекті материалдар ошақтың кіре берісінде жабдықталған түсіру алаңына жеткізіліп, ол жерден ішке басқа көлікпен кіргізеді;
4) ауру жануарларды күту үшін тиісті адамдар аурудың ошағынан сыртқа шықпай уақытша жұмыс істейді, оларға жататын орын мен тиісті тұрмыстық жағдайлар жасалады. Адамдардың ауру ошағында жатып істеуіне болмайтын жағдайда, ауру ошағында жұмыспен қамтылған барлық адамдар үшін қатаң санитарлық-өткізу тәртібі орнатылады. Бұл жағдайда ошақтың аумағына кіруге және ошақта істейтін күтуші адамдардың шығуына (оның ішінде аусылдың жою жұмыстарымен айналысқан адамдар да) рұқсат тек міндетті түрде киімін және аяқкиімін ауыстырып, санитарлық өткізгіштен өткеннен кейін беріледі;
5) ауру малдарды күту үшін бекітілген адамдарды ауыстыратын санитарлық киіммен және аяқкиіммен, орамалмен, сабынмен және қолды залалсыздандыруға арналған ерітіндімен сонымен бірге бірінші медициналық көмек беретін дәрі салатын қораппен қамтамасыз етіледі. Ошақтан қандай да болмасын заттарды, мүліктерді, жабдықтарды, азық-түліктерді, жемді және кез-келген заттарды алып шығуға болмайды;
6) ошақтың ішінде сүт өнімдерін өңдейтін және сақтайтын орындарда оны залалсыздандыру қондырғыларымен жабдықтайды. Ошақтағы сиырлардан алынған сүттер шыжғырған майға өңделеді. Адамдардың тамағына және жануарларға азыққа сүт, сүт өнімдері 5 минут қайнатып немесе 85 о С 30 минут бойы пастеризациялап залалсыздандырғаннан кейін пайдалануға болады;
7) ошақтың аумағында және әсіресе, ауру малдар орналасқан қораларға, сонымен қатар ауру малдардың күту заттарына күнделікті залалсыздандыру жүргізуін ұйымдастырады. Көңді, мал азығы қалдықтарын және төсенішті биотермиялық жолмен залалсыздандыру үшін ошақтың аумағында жинап және үйеді немесе жағып жібереді;
8) фермалар мен азаматтардың аулаларында кеміргіштерді жоюды ұйымдастырады, сонымен қатар ит, мысық, құстар және басқа жануарлардың аусылмен ауырған жануарлар орналасқан жерлерге кіруіне жол бермеу шараларын қолға алады;
9) ауырған жануарларды қатаң есепке алып, оқшауландырылған қораға (жайылымға) шығарады, залалсыздандыратын, тұтқырлайтын және басқа емдік дәрі түрлерімен (марганец қышқыл калий, тотияйын, пенициллин, жансыздандыратын жағынды заттар және тағы басқалар). Ауру жануарларды жұмсақ қоректік азықтармен, жеткілікті мөлшерде төсенішпен және сумен қамтамасыз етеді;
10) аусылдың ошағында сау жануарлардың дене температураларын бақылайды, жоғары температурасы барларды оқшауландырғышқа аударады, қалғандарын сәйкес типтегі вакцинамен егеді. Бұл жерде иммунизациядан кейін аусылмен ауырғандарды жедел оқшаулайды. Жануарларға қолдану Нұсқауына сәйкес аусылға қарсы сәйкес типтегі вакцина егеді;
11) малдардың аусылмен жаппай ауырғаны кезде (30% жоғары мал басы) ауырған жануарларды оқшауламайды, барлығын қорада (табында) ұстап, емдеу жүргізеді;
12) аурудың ошағында мал союды тек тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторының рұқсатымен іске асырылады. Ауру ошағында алынған ет және басқа өнімдердің ветеринарлық-санитарлық бағалауды және пайдалануды (нормативтік құқық актілерін тіркеу Реестрінде N 2105 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің Жануарларды сою алдында ветеринариялық қарау және сойылғаннан кейін ұшалар мен органдардың ветеринарлық-санитарлық сараптамаларының және олардың санитарлық бағаларының Ережелерінде 2002 жылғы 31 қазандағы N 351 бұйрығымен бекітілген. Мұндай еттерді және басқа өнімдерді шикі түрінде ошақтың сыртына шығаруға тиым салынады. Осындай еттерді пайдалану алдында, пісіру арқылы залалсыздандырады;
13) ошақтағы жануарлардың өлекселерін жағып жібереді немесе ошақтың аумағында 1,5 метрден кем емес тереңдікке көмеді.
11. Жеке және заңды тұлғалар міндеттері:
1) жануарлардың аусыл ауруы шығуына күдікті жағдайда округтік, аудандық, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторге жедел хабарлайды;
2) аусыл ауруына күдікті жануарларды оқшаулап, оларға қызмет көрсетуге жеке адамдарды бекітеді және бұларды басқа жануарларды күтетін адамдармен жанастырмайды. Басқа жануарларды ауру анықталған орнында қалдырып, басқа қораларға немесе басқа жайылымға шығуына жол бермейді, жануарларды айдау, тасумен қатар жануарлардан алынатын азықтар мен шикізаттарды дайындайтын, өндіретін және өңдейтін кәсіпорындар жұмыстарын тоқтатады;
3) шекара аумағына немесе ауру жануарлар орналасқан үй-жайлардың кіре берісіне төмендегідей жазуы бар көрсеткіш белгілер қояды: "Кіруге болмайды! Аусыл ауруына күдікті!";
4) аусылдың эпизоотиялық ошағы аумағынан кез-келген заттарды және жануарлардан алынатын азық, шикізат өнімдері мен жемшөптерді, жемшөп қоспаларын шығаруға (алып шығуға) болмайды;
5) жеке және заңды тұлғалармен шаруашылықтық ветеринариялық қызмет көрсету кезіндегі жанасуларды, бәрінен бұрын басқа жануарлар иелерімен жанасуды тоқтатады.
12. Ауылдық округтің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы жануарлардың аусыл ауруына күдікті деген хабарды алғаннан кейінгі міндеті:
1) хабарды алғаннан кейін аусыл ауруына күдікті делінген жерге (аусылдың эпизоотиялық ошағына) алдын ала диагнозын қою үшін және ветеринарлық-санитарлық қорытындысын беруге жедел түрде келеді;
2) ауданның мемлекеттік ветеринариялық инспекторына аусылмен ауырған жануарларға алдын ала қойылған диагнозы туралы хабарлайды;
3) осы Ережелердің 11 тармағындағы көрсетілген шаралардың орындалуын ұйымдастырады, егер олар орындалмаса;
4) эпизоотиялық ошаққа келгеннен бастап, 3 сағат ішінде аусылдың эпизоотиялық ошағының шекарасын және аусылдың қолайсыз пунктін анықтайды. Ауырған жануарлар ауылдық округтердегі жеке және заңды тұлғалардың малдарының арасынан көп шықса (қала, аудан, облыс) немесе сол округтің немесе қаланың ауырған жануарлар саны көп болса, онда сәйкес округтің барлық аумағы (аудан, қала, облыс) аусылдың эпизоотиялық ошағы болып танылады;
5) аусылға қорытынды диагноз қою және ауру қоздырған аусылдың вирусының типін анықтау үшін, эпизоотиялық ошаққа келгеннен бастап 5 сағаттың ішінде ауру малдардан патматериал алады және оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық ветеринариялық зертханасына жібереді;
6) келгеннен кейін 7 сағат ішінде аусылдың вирусының тарату көздерін анықтау және мүмкін болған таралу жолдарын анықтау мақсатында эпизоотиялық зерттеу жүргізіп сәйкес акт жасайды;
7) адамдардың эпизоотиялық ошақтан шығуын, тек киімдері мен аяқ киімдерін мұқият санитарлық өңдегеннен кейін және залалсыздандырғаннан соң ұйымдастырады;
8) аусылдың эпизоотиялық ошағынан келгеннен кейін, 3 сағат ішінде селолық атқару органдарына (қалалық), 3 дана ұсынысты беруге:
аусылдың эпизоотиялық ошағына карантин қою туралы;
аусылдан қолайсыз пунктте қорытынды диагноз қойғанға дейін, шектеу шараларын кіргізу жайында;
эпизоотияға қарсы комиссия құру туралы;
Әр ұсыныстың бір данасы жергілікті атқару билігінің - селолық округ (қалалық) басшысына, екіншісі - ауданның мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторына, үшіншісі - селолық мемлекеттік ветеринариялық инспекторының жеке іс мұрағатында сақталады. Жоғарыда көрсетілген ұсынысты шығаруға, аусылға сараптау актісі мен алдын ала диагнозы және эпизоотиялық зерттеудің актісі, селолық округтің ветеринариялық мемлекеттік инспекторының ұсынысы негіз болады;
9) аусылдың эпизоотиялық ошағында және аусылдан қолайсыз пунктте шектеу шараларының карантин талаптарына сай мүлтіксіз сақталуына жедел қатаң бақылау орнатады.
4. Жануарларды айдау немесе тасымалдау (көлікпен)
кезінде аусыл анықталғанда жүргізілетін шаралар
13. Жайылымдарда аусыл анықталғанда ошақты жою тәртібін осы Ережелердегі шаралардың 10 тармағына тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторы анықтайды.
14. Союға арналған жануарларды айдау және тасымалдау кезінде жол бойында аусыл ауруы анықталғанда, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторлары жақын жердегі ет комбинатының басшысымен келісімге келіп, барлық жануарларды жедел союға шешім қабылдайды. Жол үстіндегі тұқымдық немесе басқа мақсатқа пайдаланатын жануарларды одан әрі елді мекенге баруын (станция, пристань, әуежай), әрі қарай ошақтың жою тәртібінің шараларын осы Ережелердің 10 тармағына сәйкес індетке қарсы комиссия анықтайды.
5. Ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді
дайындау (сою), өңдеу, өндіру, сақтау кәсіпорындарында
аусыл анықталғанда жүргізілетін шаралар
15. Ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді дайындау (сою), өңдеу, өндіру, сақтау кәсіпорындарында (әрі қарай - кәсіпорындар) аусыл анықталғанда осы Ережелердің 10 тармағында көрсетілген шараларды жүргізеді.
16. Сол үшін кәсіпорынның әкімшілігі мен ветеринариялық мамандары аусылдың таралуын болдырмау шараларын қолға алуға міндетті. Осы мақсатта:
1) кәсіпорынның аумағындағы барлық жануарларды (нормативтік құқық актілерін тіркеу Реестрінде N 2105 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің Жануарларды сою алдында ветеринариялық қарау және сойылғаннан кейін ұшалар мен органдардың ветеринарлық-санитарлық сараптамаларының және олардың санитарлық бағаларының Ережелерінде , 2002 жылғы 31 қазандағы N 351 бұйрығымен бекітілген талаптардың сақталу тәртібімен сойғызады;
2) жануарлар орналасқан аумақтар мен қораларды, өндірістік жайларды, тасымалдаған көлік түрлерін, мүліктерді көңнен, азық қалдықтарынан және қоқыстардан тазартуды ұйымдастырады және мұқият залалсыздандырудан өткізеді;
3) көң мен жануарлардың ішінен шыққан қалдықтарды кәсіпорын аумағында жабдықталған көңсақтағыштарда биотермиялық әдіспен залалсыздандырады немесе пайдаға асыруды қамтамасыз етеді және сонымен бірге тастандылармен ластанған суды залалсыздандырады;
4) аусылдан қолайсыз жерге ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді өңдеуге жеткізген, тазарту, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген, сонымен бірге адамдардың киімдерін және аяқ киімдерін залалсыздандырған адамдарға санитарлық залалсыздандыру жүргізеді.
17. Кәсіпорындарға тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторының нұсқамасы бойынша жедел шектеу шараларын кіргізіп, төмендегілер қарастырылады:
1) жаңадан сою үшін әкелген жануарларды, басқа мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді, керекті ветеринариялық шаралардың жою ошағында аяқталғанына дейін, карантиндік және шектеулік шаралардың алынғанына дейін тоқтатылады;
2) кәсіпорынның аумағынан қандай да болсын мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің, сонымен бірге қалдықтардың және кез келген заттардың залалсыздандырылмай сыртқа шығарылуына болмайды;
3) кәсіпорынға тікелей қатысы жоқ адамдардың кәсіпорынға кіруіне болмайды;
4) кәсіпорынға қызмет көрсететін адамдардың санитарлық домдаудан өткізу тәртібін күшейтеді.
6. Карантиннің алынуы және келесі шектеу шаралары
18. Карантин ауру ошағынан және шектеу шаралары қолайсыз пункттен ауырған соңғы малдың жазылғанынан, жануардың сойылғанынан немесе жойылғанынан 21 күн өткеннен кейін алынып тасталынады.
19. Карантинді алудың алдында:
1) Ветеринария саласында қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар ауру малдар орналасқан барлық қора жайларды, мүліктерді және көлікті тазартудан өткізіп, қорытынды залалсыздандырумен қамтамасыз етуге міндетті;
2) жануарларды бағатын, пайдаланатын және өсіретін өндірістік үй жайлардың ішінде қабырғаларды, бөлінген жерлерді жаңа сөндірілген известь ерітіндісімен әктейді;
3) қолайсыз пункттен қорытынды шараларды жүргізіп, карантин алынатын кезде жаңбыр, қар жауса және аяз болса, күн жылынғаннан кейін осы пунктте қайтадан кешендік ветеринарлық-санитарлық шараларды (қора жайларды санитарлық жөндеу, залалсыздандыру тағы басқалар), сыртқы ортадағы аусылдың вирусын толық құртып жіберуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді;
4) ауру ошағында болған жануарларды терісін және аяқтарын (қатып қалған тезектен немесе кірден) мұқият тазартады және жуады. Содан кейін 1% формальдегид ерітіндісімен, 1% күйдіргіш натр ерітіндісімен немесе 1% күкірт қышқылы ерітіндісіндегі 3% сутегі қышқылы ерітіндісімен домдайды.
20. Аусылмен ауырған немесе ауруға күдікті жануарларды сойған кәсіпорындарда, немесе қолайсыз пункттерде өңдеу жүргізіп, сақталған жануарларды, жануарлардан алынған азық-түлікті және шикізаттарды, мал азығын, азықтық қосымшаларды, кәсіпорынның қора жайларына, оның аумақтарына, мүліктерге, өндірістік жабдықтарға ет және союдың басқа өнімдерін өңдеу аяқталғаннан кейін аусылдың вирустарын толық жою үшін залалсыздандырғаннан соң, сонымен бірге шикізаттарды, сүтті, сүт өнімдерін залалсыздандырғаннан кейін шектеу алынады.
21. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторы қатар жануарлардың иелерімен және кәсіпорын басшыларымен бірге, қорытынды ветеринарлық-санитарлық шаралардың орындалуының толықтығын тексеріп, содан кейін ауру ошағынан карантинді алу жөніндегі актіні және қолайсыз пункттен шектеу шараларын алу жөнінде актіні белгіленген формада жасайды.
22. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 27 бабына сәйкес, карантинді және шектеуді алу жөніндегі актілерге сәйкес жергілікті атқару органының басшысы аусылдың эпизоотиялық ошағынан карантинді және аусылдан қолайсыз пункттен шектеу шараларын алу туралы шешім шығарады.
7. Аусылдан қатерлі аймақта және
ветеринариялық-санитариялық
жағдайы қолайлы аумақта жүргізілетін шаралар
23. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторлары аусылдан ескертудің ветеринариялық-санитариялық және алдын алу ескерту шараларының жүргізілуіне үнемі бақылау жүргізеді және жергілікті атқару органдарының басшыларына, ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктерді өндіретін, өңдейтін, дайындайтын және сақтайтын кәсіпорындардың басшыларына, жануарлардың иелеріне, заңды және жеке, ветеринария саласында қызмет атқаратын тұлғаларға аусылға қарсы шараларды ұйымдастыруға керекті жедел көмек береді.
24. Жануарлардың аусыл ауруының таралмауын қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторлары келесі шараларды іске асырады:
1) аусылдан қолайсыз пунктпен қатерлі пункттердің арасындағы шаруашылықтық байланыс толық тоқтатылады;
2) барлық аусылға бейім жануарларды есепке алады және типіне сәйкес аусылға қарсы вакцинамен егеді. Қатерлі аймаққа жаңадан келген барлық жануарларды аусылға қарсы егеді, табынға 30 күндік карантиннен кейін, бірақ вакцинациядан 21 күн өткен соң қосады;
3) бөгде адамдардың жануарлар орналасқан аумақтарға және қораларға кіруіне тиым салынады;
4) аусыл қоздырғыштарынан қорғауға бағытталған ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтап, алдын ала шараларының жүргізілуін бақылау үшін әрбір қатерлі аймақтарға ветеринариялық мамандар бекітіледі;
5) отарлы малшаруашылығы аймағының қолайсыз пункт аумағының шекарасының бойымен 10-15 шақырымға енетін малсыз аймақ жасайды, ол жерден карантин кезінде барлық жануарларды шығарады. Басқа жағдайларда жануарларды байлап немесе арандарда қамап ұстайды, азық пен суын сонда береді;
6) шөп маяларын және басқа ірі талшықты азықтарды қоршайды (айналасын қазады) немесе күзет ұйымдастырып, үй және жабайы жануарлардың кіруіне жол бермейді;
7) аусыл вирусының таралу қаупі жөнінде және аурудан ескерту шараларын азаматтарға, заңды және жеке тұлғаларға хабарлайды, тұрғындар арасында аусыл жайында ағарту жұмыстарын жүргізеді;
8) аусылға қарсы егілген жануарларды 21 күннің ішінде союға тиым салынады.
25. Нормативтік құқық актілерін тіркеу Реестрінде, N 2088 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларының Ережелерінде , 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 бекітілген бұйрығына сәйкес, жабайы жануарлар (алдымен - аша тұяқтылар) ұстайтын жеке және заңды тұлғалар ауру қоздырғыштарының таралуына жол бермейтін жүйелі шаралар жүргізуге міндетті, оның ішінде көрсетілген объектілердің кіре берісіне залалсыздандыру кілемшелері және залалсыздандыру кедергілерімен жабдықтап, қызмет көрсететін адамдарды арнаулы киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз етеді.
26. Қатерлі аймақтың ішінде жануарларды көлікпен тасу (айдау) тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторының рұқсатымен, ал қатерлі аймақтан қолайлы аймаққа шығару үшін тек Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторының рұқсатымен іске асырылады.
27. Қатерлі аймақтан жеткізілген сүтті міндетті түрде 85 о С пастеризациялайды немесе қайнатады.
28. Облыстың мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторы ауданның бас ветеринариялық инспекторының хабарын алғаннан кейін 1 тәуліктің ішінде міндетті:
1) аусылдан қолайсыз пунктте және қатерлі аймақта аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлардың аусылдың қолайсыз аймақтың сыртына таралып кетпеуі үшін жүргізген шектеу шараларын ұйымдастыруын, жүргізілуін және бақылауын үйлестіру мақсатында өз өкілін жібереді. Өкіл облыстық мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторына күн сайын қолайсыз пункттің эпизоотиялық ошағындағы эпизоотиялық жағдайдың өрістеуі жайында және шектеу, карантиндік шаралардың талаптары іске асырылуын хабарлайды;
2) аусыл бой көрсеткенде жедел хабарлайды:
облыстық жергілікті атқару органының басшысына;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторына;
көрші облыстардың (шектесетін) мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторларына;
жергілікті денсаулық сақтау органдарына;
3) облыстағы аусылдың эпизоотиялық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторына күн сайын хабарлап отырады;
4) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, облыстың және қатерлі аймақтағы аудандардың жергілікті атқару органдарының басшыларына қауіпті аудан аумағына шектеу қою туралы ұсыныстар жіберу;
5) аусылдың эпизоотиялық ошағында карантин талаптарының мүлтіксіз орындалуына қатаң бақылау жасап және қатерлі аймақта шектеу шараларын жүргізуге.
29. Аусылдың қолайсыз пунктіндегі эпизоотиялық ошақтың, қатерлі аймақтың шекараларын тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторлары анықтайды және олардың шаруашылық байланыстары, жағрапиялық, климаттық, табиғат жағдайлары және сол аумақта жануарларды өсіру, бағу және пайдалану ерекшеліктері ескеріледі.
30. Жануарлардың аусылымен күрес үшін міндетті түрде елді мекендерді (олардың аумақтарын), фермалар мен табындарды вирус тараудан қорғау, жануарларды вакцинациялау, кешенді алдын алу шаралары қарастырылады, ал ауру шығып қалған жағдайда кезек күттірмей диагноз қою, қолайсыз пункттің эпизоотиялық ошағында карантин талаптарын қатаң сақтап, қатерлі аймақта ветеринарлық-санитарлық шаралардың орындалуын, вирустың сыртқы ортада жойылуын және аурудың әрі қарай таралмауын қамтамасыз етеді.
31. Эпизоотиялық ошақта аусылдың экзотикалық типінің вирусы (А, О, С типтерінен басқа) қоздыратын түрі табылғанда, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторының барлық ауырған және ауруға күдікті жануарларды жойып өртейді немесе 2 метр тереңдікке траншеяға көмеді, азық қалдықтарын, төсеніштерді, қиды, шаруашылықтың ұсақ мүліктерін мұқият механикалық тазарту жүргізіп және ауру малдар тұрған қоралар, олардың аумақтары сонымен бірге жануарларға қызмет көрсететін адамдардың киімдері мен аяқкиімдерін залалсыздандырудан өткізеді.
32. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторлары, аусылдың эпизоотиялық жағдайына байланысты осы Ережелерді басшылыққа ала отырып, ветеринарлық-санитарлық шаралардың жоспарын қарастырады (карантин және шектеу шаралары), оның ішінде: егілетін мал саны, залалсыздандыру жұмыстары, арнаулы және басқа материалды-техникалық заттардың есебі, сонымен бірге жауапты орындаушыларды анықтайды. Жоспарлар сәйкес Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармаларының және жергілікті атқару органдарының басшыларымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 753
бұйрығымен бекітілген
Тұқы балықтың тілме ауруының алдын алу және жою
туралы Ветеринариялық ереже
Осы Ветеринариялық ережелер жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою шараларының (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы шаралар
1. Тұқы балықтың тілмесі - тұқы, сазан балықтардың және олардың будандарының жұқпалы ауруы. Тілмемен алабұға мен қара балық сирек ауырады, ал амур балығымен кейбір басқа тұқы балықтар бұл ауруға төзімдірек келеді.
Балықтардың барлық жастағы түрлері ауруға бейім келеді, бірақ екі және үш жастағылары тіпті бейімдірек болады.
Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын түрде өтуі мүмкін.
Тұқы балықтың тілмесі көктемгі-жазғы кезеңде жиі білініп, күзге қарай ауру басылады және созылмалы түрге көшеді.
Ауруға тән клиникалық белгілері болып терінің кейбір участоктарындағы геморрагиялық қабыну немесе оның барлық жерінде әртүрлі көлемдегі және конфигурациядағы қанталаған ошақтар, дененің құрсақтық және жалпы сулануы, көздің шапыраштануы, барлық ішкі органдардағы ет ұлпасының қанының құрамындағы судың көбеюіне, қабыршақтарының тікірейіп, әртүрлі көлемде және түрде ақ немесе қызыл жолақты жаралардың пайда болуы болып табылады. Кейде қалың еттердің өліеттенуі, омыртқа жотасының, қабырғалардың сонымен бірге қусақ қуысындағы органдардың жалаңаштануына әкеледі.
2. Індеттің көздеріне ауру және ауырып жазылған балықтар, тілмеден өлген балықтардың өлекселері мен олардың бөлінділері жатады. Тілме ас қорыту жүйесімен, жарақатталған қабығы және желбезегі арқылы жұғады. Ауру сау балықтармен ауру балықтар жанасқанда, ауру тараған суларда және көлшіктердің батпақтарындағы тоғышар шаяндар мен сүліктер шаққанда ауру жұғады.
Тілме ауруының инкубациялық кезеңі температуралық және басқа жағдайларға байланысты 3 күннен 30 күнге дейін созылады.
Тілмемен ауырып жазылған балықтарда осы ауруға қарсы салыстырмалы иммунитет пайда болады.
Балықтарды бағу мен азықтандыру шарттарының нашар жүргізілуі, олардың тері қабықтарында және желбезек аппараттарында жарақаттардың болуы тілме індетінің шығуына және аурудың ауыр өтуіне ықпал жасайды.
Әсіресе, әртүрлі жастағы аралас балықтарды, сонымен қатар сау балықтарды тілмеден қолайсыз суларға орналастырғанда індеттің шығуы артады және аурудың өту кезеңі ұзарады.
3. Диагнозды эпизоотологиялық, клиникалық және патологоанатомиялық деректер негізінде қояды. Егер көрсетілген деректер қорытынды диагноз қоюға жеткіліксіз болса, онда биологиялық сынама мен бактериялық зерттеулер жүргізеді.
Көлдегі індеттің шығу уақытын, балықтардың түрлік және жастық құрамын, түрлер мен жас топтарының қатынасын, олардың орналасу тығыздығын, қоздырғыштың көзі мен таралу жолдарын, ауруға тән таралуы және өтуі, өткен жылдардағы балықтардың қырылу себебін, ұрғашы балықтардан табын жинақтауды және келген балықтарды орналастыруды (қайдан, қашан және қандай балықтар келді), бір көлден басқа көлге балықтарды ауыстыруды, олардың табиғи суларда қозғалу жолдарын, су жүйесін және оның қамтамасыз ету көзін диагноз қойғанда ескереді.
2. Тілмеден қолайсыз пунктте жүргізілетін шаралар
(шектеу шаралары мен карантиндік шараларды ұйымдастыру)
4. Тұқы балықтың тілме ауруының шығуын және таралуын ескерту мақсатында шаруашылықтардың және шаруашылығы субъектілерінің басшылары жалпы профилактикалық, ветеринарлық-санитарлық және балық өсіру талаптарын қатаң орындауға міндетті.
5. Балықтардың тілме ауруы анықталғанда сәйкес аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы балық өсіретін шаруашылық субъектілерінің иелерімен бірлесіп, тілме індеті ошағына кіретін көлшіктер немесе су қоймаларын тексереді.
Тура сол уақытта сәйкес аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы міндетті:
1) балықтың тілме ауруының шығуын және қырылған балықтардың барлық жастағыларын жеке-жеке анықтайды;
2) тұқым үшін және өсіруге арналған балықтарды қашан, қайдан келгенін, сонымен бірге қолайсыз пункттан және табиғи сулардан қайда шығарылғанын анықтайды;
3) тілме ауруының шығуы жөнінде дереу жергілікті атқарушы органының басшысына хабарлайды;
4) ауруды тезірек жою жөнінде шараларды қабылдайды. Карантин қоюға негіз болу үшін тексерістің нәтижелерімен акт жасайды;
5) аурудың шығуы және оның таралу аймағы жөнінде аудандық (қалалық, облыстық) мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторына хабарлайды.
6. Аурудан қолайсыз пункттарға Қазақстан Республикасының ветеринария саласы бойынша заңнамасындағы көрсетілген тәртіппен карантин қойылады.
7. Карантиннің шарты бойынша қолайсыз пункттарда тиым салынады:
1) балықтарды карантиндегі көлдерден шығаруға, сондай-ақ карантиндегі көлдерге балықтарды кіргізуге.
Кейбір жағдайларда облыстық мемлекеттік Бас ветеринариялық инспектордың рұқсатымен карантиндегі шаруашылық субъекттардың аурудан қолайлы көлдерінен, шаруашылық субъекттың қолайсыз пункттерімен байланысы жоқ сулардан және кейбір қолайлы табиғи сулардың учаскелерінен басқа шаруашылық субъектқа немесе көлдерге жіберу үшін көлдерді міндетті түрде бір жылдық карантинге қояды.
Тірі тауарлық балықтарды тірі балық ұстайтын орындарда ұстамай тек бірден сауда орындарына шығаруға рұқсат етіледі. Қолайсыз пункттардан балықтар тасыған суды хлорлап, содан кейін жалпы канализацияға қосып, ауылдық жерлерде көлдерден 500 метрден алыс жерлерге құяды. Ыдыстарды балықты тасығаннан кейін тиісті өңдеу жүргізеді;
2) ауырған немесе ауру жұғуға күдікті балықтарды қолайлы шарауашылықтардың тоғандарынан басқа тоғанға ауыстыруға;
3) тілмеге бейім балықтардың әртүрлері мен әр жастағыларын суларда араластырып орналастыруға;
4) балық өсіретін тоғандарға тыңайтқыш мақсатында көң төгуге;
5) балық өсіретін шаруашылық субъекттарға бөгде адамдардың баруына;
6) балық өсіру мүліктерін, аулау құралдарын және басқа заттарды бір балық шаруашылығы тоғанынан басқасына тасуға және тасымалдауға.
8. Карантиндегі шаруашылық субъекттарда балық ауруларын жою мақсатында келесі шаралар жүргізіледі:
1) қолайсыз пункттарға жұмысқа арналған арнайы бөлінген аулау құралдары мен мүліктер болу керек. Оларды басқа түске бояйды және жеке сақтайды. Карантиндегі тоғандарға қызмет көрсету үшін тұрақты жұмысшылар бекітіледі;
2) тұқы балық-үйрек аралас шаруашылық субъекттарда үйректерді оқшау балық кәсіпшілігіне маңызы жоқ және басқа балық өсіретін көлдермен, табиғи сулармен қатысы жоқ тоғандарға аластайды. Тұқымға және өсіруге арналған үйректерді басқа балық өсіретін шаруашылық субъекттарға немесе балық кәсіпшілігіне маңызы бар тоғандарға шығаруға тиым салынады;
3) қырылған балықтардың өлекселерін ұстап алып, тоғаннан алысқа кемінде 1,5 метрде тереңдікке алдын ала хлор ерітіндісімен немесе сөндірілмеген әкпен зарарсыздандырылғаннан кейін көмеді;
4) ауланған тірі ауру балықтарды (жаралары бар, қабыршақтары тікірейген, қабықтары қабатталған, денесі және құрсағы суға толған) сәйкес аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторының қорытындысы бойынша техникалық утильге жіберіледі;
5) судың қатты ағысын және аэрация жолымен оттегімен байыту шараларын қамтамасыз етеді;
6) судың қышқылдығын бейтараптау мақсатында және онда жиналған семірткен, өсірген және ұрғашы балықтардың тоғандарында органикалық қалдықтарға сөндірілген әк төгу ұсынылады немесе әк сүтін судың бір гектар алаңына 150-300 килограмм (жаз айларында 2-3 есе 8-15 күн аралығында) судың рН 8,5 дейін жеткізу үшін пайдаланады;
7) шағын толықжүйелі балық өсіретін шаруашылық субъекттар, жеке тоғандар және әсіресе балық питомниктерінде суын толық ағызып жіберіп, кептіріп барлық балық өсіру-мелиоративтік және сауықтандырудың кешендік шараларын жүргізу керек;
8) көлдерде жұмыс істейтін адамдардың аяқ киімдерін және киімдерін, аулау құралдарын, мүліктерін, жабдықтарын міндетті зарарсыздандыруды ұйымдастырады.
3. Тілмеден қолайсыз пунктте жүргізілетін
сауықтандыру шаралары
9. Қолайсыз пункттарды тілме ауруынан сауықтыру шараларын ветеринарлық қызмет жасаған және жергілікті атқару органы бекіткен шараларға сәйкес қатаң іске асырылады.
10. Судың қамтамасыз етілуіне бағынышты суын босатпайтын немесе суын толық босатпайтын көлдерде, сонымен бірге жабық балық шаруашылығы субъекттерінде, тілмені жоюдың кешенді әдістері қолданылады. Мұнда қоздырғышты табу және оны жою шаралары, оның таралу жолдарын үзу және болдырмау, балықтардың ауруға қарсы төзімділігін жоғарлатып және аурудың әрі қарай дамып өрістеуіне кедергі келтіретін жағдайлар жасайтын шаралар жүргізіледі.
11. Қолайсыз пункттарда тілмемен ауырған, аталған ауруға салыстырмалы төзімді балықтардың арасынан еркек тұқым беретін және балық басын көбейтетін жас балықтардан табын құрайды. Қолайсыз пункттарда және табиғи суларда өсіру және көбейту үшін тілмеге көбірек төзімді өсімдік қоректі балықтарды ұстаған дұрыс.
12. Балық кәсіпшілігіне маңызы бар, табиғи тұйық суларда уылдырық өсіретін шаруашылықтар және суға салатын материалмен толық қамтамасыз ететін балық өсіретін заводтар салу ұсынылады. Тоғанды шаруашылықтарды тұйық балық өсіретін шаруашылықтарға ауыстырады (тауарлық балықтардан басқа балықтарды шығаруға және кіргізуге жол бермейді).
13. Тілмеден қолайсыз пункттарда емдік және профилактикалық мақсатпен Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттардың Мемлекеттік реестрінде тіркелген дәрі-дәрмектер қолданылады:
1) түйіршіктелген жем, астық, байытылған антибиотиктер барлық жастағы балықтар тобына көбею кезеңі бойы келесі схема бойынша беріледі: 3 күн балықтарды емдік жеммен, одан кейін үзіліс беріп кәдімгі жеммен азықтандырады. Судың температурасы 12 о С дейін кезде емдік жеммен және кәдімгі жеммен азықтандыруды 6 күнге дейін ұзартады, ал температура 21 о С жоғары болғанда 3 күнге дейін қысқартады;
2) еркек балықтар мен өсіретін балықтарға емдік мақсатпен левомицитинді 1 килограмм салмаққа 20-30 милиграмм көктемде қыстаулардан босағанда, екінші рет - көктемгі түгендеуден кейін және үшінші рет - күзде қыстауға ауыстырғанда құрсағына егіледі. Аурудың білінетін клиникалық белгілері бар, ауру балықтармен жанасқан еркек балықтар уылдырыққа қонар алдында қосымша домдалады;
3) өсіретін тоғандарда біржылдық балықтарға, серуендейтін тоғандарда профилактикалық мақсатта метилен көкті әр балыққа біржылдықтарға 2-3 милиграмм және екіжылдықтарға 3-5 милиграмм береді. Емдік азықты азықтандыратын жерге тәулік сайын 7-8 рет салады. Осындай тәртіппен 2-3 рет қайталайды;
4) балықтар үшін профилактикалық және емдік мақсатпен келесі препараттардың емдік ваннасы ұсынылады: левомицитин, синтомицин, немесе метилен көк ұсынылады;
5) тілме ауруының қайталануын сақтандыру мақсатында уылдырық шашар кезеңі бойы еркек балықтарды метилен көкпен байытылған азықпен 1 килограмм азыққа 3 грамм метилен көк қосылған азық беріледі. Азық нормасы - желінуіне қарай. Жемдік азық 2-3 күн қатарынан беріледі, содан кейін 2-3 күн кәдімгі жемге көшіріліп одан кейін тағы 2-3 рет қайталанады.
14. Кешенді ветеринариялық-санитариялық және балықөсіру-мелиоративтік шаралар жүргізіледі және балықтың тілме ауруы толық тоқтағаннан бір жыл өткеннен кейін балық өсіретін шаруашылық субъекттан карантин алынып қолайлы деп жарияланады.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 753
бұйрығымен бекітілген
Жануарлардың пироплазмозы алдын алу және жою
туралы Ветеринариялық ереже
Осы Ветеринариялық ережелер жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою шараларының (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Пироплазмоз - жануарлардың анемиямен, сарғаюмен, жүрек жұмысының зақымдануымен, күйзелуімен, тәбеттің жоғалуымен, дене қызуының жоғарылауымен, өнім беруі және жұмыс істеу қабілетінің төмендеуімен, сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей қабығының қанталауымен, гемоглабинуриямен, өліммен ерекшеленетін, эритроциттердің пигментсіз эндоглобулярлы паразиттері қоздыратын трансмиссивтік ауру.
2. Аурудың қоздырушысы Piroplasma тұқымдастығына Babesiidae туыстығына Piroplaіsma отрядының Protozoa типіне жататын қарапайым бір клеткалы организм.
Пироплазмозбен барлық үй жануарларының түрлері (ірі қара мал, түйе, ешкі және қой, жылқы, шошқа, ит) және жабайы жануарлар ауырады. Қоздырушысы: ірі қара малда - Piroplasma bigeminum, жылқыда - Piroplasma caballi, қой мен ешкіде - Piroplasma ovis, шошқада - Piroplasma trautmanni және итте - Piroplasma canis.
Ауру, ірі қара малда, қой мен ешкіде жиі бабизиозбен, ал жылқыда - нутталиозбен аралас инвазия түрінде.
3. Аурудың қоздырғышының көзі - ауырған немесе ауырып жазылған пираплазма тасымалдаушы жануарлар, сондай-ақ, залалданған ихсод кенелері болып табылады. Ірі қара малға ауру кенелер шаққанда және бейім жануарларға паразиті бар сілекей және кенелердің даму сатысы кезеңінде нимфа имаго арқылы беріледі. Boophilus calcaratus, имаго Rhipicephalus bursa және Haemaphysalis punctata, қой мен ешкілерде - имаго Rhipicephalus bursa, жылқыларда - имаго Hәmaphysalis scupense, Dermacentor marginatus және Dermacentor pictus, иттерде - имаго Rhipicephalus turanicus, Dermacentor marginatus және Dermacentor pictus, шошқаларда - имаго Rhipicephalus turanicus.
4. Кенелер арқылы зақымданған кезде аурудың инкубациялық кезеңі личинкалардың даму күнінен бастап 8-12 күнді кейде 20 күнді құрайды. Ауру жиі жіті немесе жітіден төмен түрде өтеді.
5. Пироплазмозға диагноз індеттанулық, клиникалық деректерге, пато-морфологиялық өзгерістерге және қанды микроскопиялық зерттеулер нәтижелеріне сүйеніп қойылады. Пироплазмозға түпкілікті диагноз Романовский-Гимза әдісі бойынша боялған қан жағындысын зерттеу арқылы және эритроциттерде жұп немесе тақ орналасқан ұзындығы эритроциттің радиусынан үлкен емес алмұрт тәріздес пироплазмаларды табу арқылы қойылады.
6. Ауырып жазылған жануарларда стирильденбеген иммунитет қалыптасады, оның ұзақтығы 4-6 айдан 1 жылға дейін болады. Ауру және ауырып жазылған жануарлардың қанында комплементті бекіту және иммунно флюросенттік реакциялар арқылы анықталатын антиденелер пайда болады.
2. Жануарлардың пироплазмоз ауруының алдын алу және
сауықтыру іс-шараларын өткізу
7. Жануарларды пираплазмозбен зақымдалуының алдын алу үшін келесі шаралар жүргізіледі:
1) мал табындары пироплазмоздан таза пункттардың жануарларымен толықтырылады және мемлекеттік ветеринариялық инспектордың бақылауынсыз табынға жаңа мал қосылмайды;
2) барлық жаңадан әкелінген малдар 30 күн бойы карантинде ұсталады. Осы уақыт ішінде жануарларды жүйелі тексеруден өткізеді және жануарларда ихсод кенелері табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ветеринариялық препараттар Реестріне енгізілген акарициттік препараттармен емдейді. Кенелерге қарсы ылғалды дауалау жүргізу үшін ванналар, тұрақты немесе тасымалды бүріккіш механизмдер қолданылады;
3) жануарларды кенелерден таза қораларды ұстауды қамтамасыз етеді;
4) егер, жануарлар пироплазмоздан таза емес аумақтардан әкелінсе, оларды бір рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік ветеринариялық препараттар Реестріне енгізілген акарицидтік препараттардың бірімен емдейді;
5) жануарларды кенелерге қарсы емдеу, оларды ұстау жүйесіне, жыл мезгіліне және аумақтағы жайылымдағы кенелердің санына және белсенділігіне байланысты жүргізіледі;
6) табиғи және жасанды жайылымдарды пайдаланатын шаруашылық субъектілерінде, жайылымдарды ауыстыруды, кенелердің биологиясымен олардың жануарларда паразиттік өмір сүру уақытын есептеу арқылы атқарады.
8. Пираплазмоздан таза емес пункттарда жануарлардың түрін қоздырушының және оны тасымалдаушы кенелердің түріне байланысты, аурудың және кенелердің таралу картасы дайындалады. Барлық мал басы, кенелердің белсенділік кезеңін және акарацидтік препараттардың оларға әсер ету ұзақтығын ескере отырып, емдеу жүргізіледі. Жануарларды кенелерден таза жайылымдарға бағады. Пироплазмоздан таза пункттарға 1-2 жастан үлкен сақа жануарларды күз-қыс кезеңдерінде әкелуге болады. Дауалау шараларының негізі малдарды қорада байлауда ұстау болып табылады.
9. Жануарлардың денесінде тасымалдаушы кенелер табылған кезде немесе аурудың жеке жағдайы байқалғанда табындағы барлық мал Қазақстан Республикасының мемлекеттік ветеринариялық препараттар Реестріне енгізілген акарицидтік препараттармен емделеді. Дауалауды ерте химиопрофилактикалық дауалауды нұсқамада көрсетілген дозада және әрбір 15 күннен кейін мал басының жалпы ауруының тоқтауына дейін қайталайды. Жануарларды химиопрофилактика жүргізілгеннен екінші күннен кейін акарацидтік препараттармен кенелерге қарсы емдейді.
10. Пироплазмозға диагноз қойылғаннан кейін табындағы жануарларды акарацидтік препараттардың бірімен емдік дозамен емдейді.
11. Кенелерден таза емес мал қораларын, мұқият тазалағаннан кейін акарацидтік препараттармен дауалайды.
Мал қораларын профилактикалық дезакаризациялауды жылына кемінде 3-4 рет өткізеді.
12. Жануарлардың пироплазмозын тасымалдаушы ихсод кенелермен күрестің бастысы, олардың мекендеген жерлерінде агротехникалық және мелиоративтік жұмыстарын жүргізу. Кенелер өмір сүретін аумақтардағы ағаштарды, арамшөптерді жойып, тың жерлерді жыртып оларға жаңадан жайылымға жарамды шөптер себу керек.
13. Кенелердің азаюын, жайылымды келесі схема бойынша ауыстыру арқылы атқарады:
1) егер шаруашылық субъектісінде кенелері жоқ және бар жайылымдар бар болса, онда кенелері жоқ жайылымды төрт бөлікке бөледі. Әр бөлікте малдарды, көктемнен бастап 25 күннен бағады. Төрт бөлікті пайдаланып болғаннан кейін, малдарды, жануарлар былтырғы күзден бері болмаған, кенесі бар аумаққа ауыстырады. Одан бергі өткен уақыт 7 айдан астам уақытты құрайды. Осы уақыт аралығында кенелердің личинкалары, қорек болмағандықтан көбі өледі;
2) егер жайылым түгелімен кенеге толы болса, онда оны екі бөлікке бөледі. Оның бір бөлігінде малдарды бағады, ал екінші бөлігін бір жыл бойы демалдырады, осы уақыт аралығында ол бөлік кенелерден тазарады.
Келесі жылы малдарды кенеден босаған бөлікке бағады, ал екіншісі бір жыл бойы бос тұрып, кенеден босайды.
14. Қанның паразиттік ауруларын тасымалдаушы кенелердің личинкалары қоректенетін, мал қораларындағы, жануарларды серуендедетін алаңдардағы және айналадағы тышқан тәрізді кеміргіштерді жоюға жүйелі түрде күрес жүргізіледі.
15. Жануарлардың денесіндегі кенелерді жою үшін, оларды, акарицидті ерітінділермен ұсынылған тиісті концентрациямен 7-10 күнде бір рет ванналарда шомылдырады немесе душты қондырғылармен бүркейді. Жануарларды дауалауды көктемгі жайылымға шығар алдында 2-3 күн бұрын жасайды және оны кенелердің жануарлар денесінде паразиттік өмір сүру уақыты біткенге дейін жалғастырады.
16. Ауа райы салқын жылдары, кенелермен күресуге, акарицидтік препараттардың дустын қолданады. Дусты стационарлы немесе тасымалданатын қондырғылар немесе әр малға 50-60 граммдық екі қабаттаған дәке қалталар арқылы себеді. Керек кезде дауалауды 15-20 күннен кейін қайталайды.
17. Жануарларды союды, акарицидтік заттар, оларды қолдану нұсқауына сәйкес, толығымен ыдырағаннан соң рұқсат етіледі. Егер, мал амалсыз сойылса, онда оның етін зертханада акарицидтің қалдығын анықтайды.