«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 156/30-II «Астана қаласының аумағында ВИЧ/СПИД эпидемиясына қарсы іс-әрекеттер жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы» шешімін жүзеге асыру барысында, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтары болып мына санаттар анықталсын:
1) аз қамтылғандар;
2) 21 жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6) 50 және одан жоғары жастағы адамдар;
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) АҚТҚ (ВИЧ) жұқтырған адамдар.
2. «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдері Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментімен (бұдан әрі- Департамент) өзара байланысында халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қарастырсын.
3. Департамент:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Жұмыс берушілер:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын Департаментке толық көлемде ақпарат берсін;
3) Департаментке бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
4) Департамент берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде (департамент оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабарласын.
5. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 12 ақпандағы № 3-1-317қ «2003 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы» қаулысының (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 13 наурызда № 249 болып тіркелген; «Астана ақшамы» газетінде 2003 жылғы 27 наурызда; «Вечерняя Астана» газетінде 2003 жылғы 8 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі Т. Досмұханбетов
Визалар: Т.М. Мұхамеджанов М.Б. Мұхамбетқызы
А.А Шәкіров Ә.З. Сәрсембаев
Ж.Б. Ертаев
КЕЛІСІЛДІ
«Алматы» ауданының әкімі М. Еркетаев
«Сарыарқа» ауданының әкімі А. Акучин
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы Қ. Мусин
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы А. Демеува