"Білім
туралы",
"Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 12/4-Ш "Астана қаласының 2004 жылға арналған бюджеті туралы" шешімінорындау барысында Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Көп балалы отбасыларының жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қалаішілік жалпы қолданыстағы көлікте жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін.
2. Астана қаласының Білім департаменті 263 019 "Күндіз оқытатын білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қолдау" бюджеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Астана қаласының Қаржы департаменті Астана қаласының бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 3-1-87қ "2003 жылға арналған көп балалы отбасыларының жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қалаішілік көлікте (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысының (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 қаңтарда N 240 болып тіркелген, 2003 жылғы 25 қаңтардағы N 11-12 "Астана ақшамы" және 2003 жылғы 25 қаңтардағы N 9 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М.Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Астана қаласы әкімі
аппаратының басшысы
Әкім аппараты сараптау, әкімшілік
тәртіп және шешімдер шығару
бөлімінің меңгерушісі
Қаланың Қаржы департаменті
бастығының міндетін атқарушы
Қаланың Көлік және байланыс
басқармасының бастығы
Қаланың Білім
департаментінің бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 11 мамырдағы
N 3-1-1021қ қаулысымен
бекітілген
Көп балалы отбасыларының жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қалаішілік жалпы қолданыстағы көлікте жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету Ережелері
1. Осы Көп балалы отбасыларының жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қалаішілік жалпы қолданыстағы көлікте жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету Ережелері (бұдан әрі - Ережелер)
"Қазақстан
Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы",
"Білім
туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 12/4-Ш "Астана қаласының 2004 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне сәйкес дайындалды.
2. Көп балалы отбасыларының жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қалаішілік жалпы қолданыстағы көлікте жол жүру құқығын беру халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
3. Көп балалы отбасыларының жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қалаішілік жалпы қолданыстағы көлікте тегін жол жүруін қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
4. 263 019 "Күндіз оқытатын білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қолдау" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Астана қаласының Білім департаменті (бұдан әрі - Әкімші) болып табылады.
2. Тегін жол жүру құқығын беру негізі мен тәртібі
5. Көп балалы отбасыларының 7 жастан 18 жасқа дейінгі жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қалаішілік жалпы қолданыстағы көлікте тегін жол жүру құқығы беріледі.
6. Қала мектептерінің және Астана қаласы арнайы түзету мектеп-интернатының көп балалы отбасыларының оқушыларына анықтама мен жол жүру билетін әлеуметтік педагогтар мына құжаттардың негізінде береді:
Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінен көп балалы ананың зейнеткерлік куәлігі;
көп балалы ананың жеке куәлігінің көшірмесі;
балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері;
Астана қаласының Тұрғын үй департаментінен балалардың ата-анасымен бірге тұрып жатқандығы туралы анықтама.
7. Қала мектептерінің және арнайы түзету мектеп-интернатының әлеуметтік педагогтары әр айдың 20 жұлдызына дейін қалаішілік қолданыстағы көлікте тегін жол жүруге құқығы бар оқушылар тізімдерін Әкімшінің қамқорлық және қорғаншылық органына ұсынады.
8. Ұсынылған тізімдерге сай қамқорлық және қорғаншылық органы Бағдарламаны қаржыландыру үшін қаланың барлық мектептері және арнайы түзету мектеп-интернаты бойынша жиынтық өтінім қалыптастырады.
9. Қамқорлық және қорғаншылық органы жалпы білім беретін мектептерінің және арнайы түзету мектеп-интернатының көп балалы отбасыларының балаларына жол жүру билеттерін алуға ай сайын мектептің нөмірі, балалардың көп балалы жанұяға қарастылығы, балалардың 15 жасқа дейін және одан жоғары жас топтары көрсетілген арнайы нысандағы растау-тізімдемесін жасайды.
10. Мектептен берілген анықтама және айлық жолақы билеті көп балалы отбасыларының жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қалаішілік жалпы қолданыстағы көлікте тегін жол жүруіне негіздеме болып табылады.
11. Астана қаласының Көлік және байланыс басқармасы осы Ережелердің 5-тармағында көрсетілген тұлғаларды жолаушылық тасымалдау сапасын бақылайды.