Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен
________________________________________
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарын жергілікті мерзімдік басылымдарға тегін жаздыру Ережесі бекітілсін.
2. Қаланың Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті 015 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаланың Қаржы департаменті Астана қаласының бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Күші жойылған деп танылсын:
1) Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 13 маусымдағы N 3-1-1114қ "2003 жылдың екінші жартыжылдығына және 2004 жылдың бірінші жартыжылдығына жекелеген азаматтар санаттарын жергілікті мерзімдік басылымдарға тегін жаздыру Қағидасын бекіту туралы" қаулысы (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 16 шілдеде N 281 болып тіркелген; 2003 жылғы 19 шілдедегі N 94-95 "Астана ақшамы", 2003 жылғы 24 шілдедегі N 82 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);
2) Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-63қ "Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 13 маусымдағы N 3-1-1114қ "2003 жылдың екінші жартыжылдығына және 2004 жылдың бірінші жартыжылдығына жекелеген азаматтар санаттарын жергілікті мерзімдік басылымдарға тегін жаздыру Қағидасын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 27 қаңтарда N 309 болып тіркелген; 2004 жылғы 7 ақпандағы N 19 "Астана хабары", 2004 жылғы 10 ақпандағы N 16 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
5. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
Әкім аппараты
құжаттамалық сараптама
бөлімінің меңгерушісі
Қаржы департаментінің бастығы
Еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау
департаментінің бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 25 маусымдағы
N 3-1-1432қ қаулысымен
бекітілді
Азаматтардың жекелеген санаттарын жергілікті мерзімдік басылымдарға тегін жаздыру
Ережесі
Осы Азаматтардың жекелеген санаттарын жергілікті мерзімдік басылымдарға тегін жаздыру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
, Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заң күші бар
Жарлығына
сәйкес әзірленді.
Азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті мерзімдік басылымдарға тегін жаздыру әлеуметтік көмек көрсету қосымша шараларының бірі болып табылады.
1. Жаздырушылардың таңдауы бойынша жергілікті мерзімдік басылымдарына (бұдан әрі - мерзімдік басылымдар) тегін жазылу азаматтардың мына санаттарына беріледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2) төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған көп балалы аналарға (болмаған жағдайда - әкесіне не болмаса қамқорлық немесе қамқоршыға) беріледі (оның ішінде жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитын балалар, олардың кәмелетке толған соң оқу орындарын бітіру уақытына дейін).
2. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) әкімшісі Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті болып табылады (бұдан әрі - Департамент).
3. Департамент "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес Бағдарламаны іске асыру мақсатында мерзімдік басылымдарға тегін жаздыруды жүргізу жөніндегі қызметтерді жеткізушімен тараптардың міндеттері мен осы міндеттерді орындау шарттары айтылған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
4. Азаматтардың жекелеген санаттарын мерзімдік басылымдарға тегін жазудың қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
2. Тегін жаздыруды жүргізу тәртібі
5. Департамент осы Ереженің 1 тармағында көрсетілген тұлғалар санынан жаздырушылардың тізімдерін қалыптастыруды жүргізеді.
6. Мерзімдік басылымдарға тегін жаздыру жартыжылға және тек бір атау бойынша жүргізіледі.
7. Мерзімдік басылымдарға тегін жаздыру бірінші кезектегі тәртіпте Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына беріледі.
Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары қатарындағы ерлі-зайыптыларға тегін жазылу ерлі-зайыптылардың тек біреуіне ғана беріледі.
8. Тегін жазылуға құқығы бар ағымдағы жартыжылдықта тізімге енгізілмеген көп балалы аналар келесі жартыжылдықтағы жазылушылар тізіміне өтеді.
9. Мерзімдік басылымдарға тегін жаздыруды ұйымдастыру тиісті қаржылық жылға арналған қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде жүзеге асырылады.