"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, Астана қаласының Бас жоспарын, жапсарлас аумақтардағы қала құрылысы жоспарларының кешендi тәсiмiн iске асыру жөнiндегi қызметтердi үйлестiру мақсатында Астана қаласының әкiмi шешті:
1. Астана қаласының қала құрылысы кеңесi және 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қала құрылысы кеңесiнiң жұмысшы комиссиясы құрылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары C.B. Фомичевқа жүктелсiн.
Астана қаласының әкiмi
Әкiмiнiң орынбасары
Әкiм аппаратының басшысы
Әкiм аппараты құжаттамалық
сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi
Сәулет және қала құрылысы
департаментiнiң директоры
Астана қаласы әкімінің
2004 жылғы 3 тамыздағы
N 3-1-376 шешiмiне
1-қосымша
Астана қаласы қала құрылысы кеңесiнiң құрамы
1. Ө.Е. Шөкеев - Астана қаласының әкiмi, төраға;
2. С.В. Фомичев - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары,
төрағаның орынбасары;
3. А.З. Байтурин - "Архитектурное ателье "Дом"
ЖШС-нiң директоры (Қостанай);
4. Б.Ф. Досмағамбетов - "Астанагенплан" МКК-ның директоры;
5. C.E. Жүнiсов - "Астанагенплан" МКК-ның бас
сәулетшiсi;
6. B.A. Лаптев - Астана қаласы Сәулет және қала
құрылысы департаментiнiң директоры;
7. Н.Г. Аужанов - "Нұр Сәулет" ЖШС жобасының
бас сәулетшiсi;
8. А.А. Кочетов - "ПСК "ППК" ЖШС-нiң директоры;
9. Ш.У. Матайбеков - "Қуат" ЖШС жобасының бас сәулетшiсi;
10. А.И. Рүстембеков - Қазақстан Республикасы Сәулетшiлер
одағының төрағасы (Алматы);
11. Е.О. Светличный - Астана қаласы Сәулет және қала
құрылысы департаментiнiң
бас дизайнерi;
12. В.Б. Силецкий - "Астанапроект" ЖШС жобасының
бас сәулетшiсi;
13. Р.К. Ниязбаев - "Твин стоун" ЖШС-нiң директоры
(Алматы);
14. А.Е. Сағымбаев - Астана қаласы Сәулет және қала
құрылысы департаментiнiң бөлiм
меңгерушiсi, хатшы.
Астана қаласы Қала құрылысы кеңесiнiң
жұмысшы комиссиясының құрамы
1. С.Е. Жүнiсов - "Астанагенплан" МКК-ның бас сәулетшiсi,
комиссия төрағасы;
2. H.H. Анарқұлов - "Астанагенплан" МКК шеберханасының
бастығы;
3. Н.С. Тоқаев - "Нұр Сәулет" ЖШС-нiң директоры;
4. B.A. Гладких - "Архи-просто" ЖШС-нiң директоры;
5. А.В. Пирожков - "ВЛ" ЖШС-нiң бөлiм бастығы;
6. В.Б. Силецкий - "Астанапроект" ЖШС жобасының
бас сәулетшiсi;
7. Ш.А. Тоқашева - "Астанагорпроект" МКК-ның сәулетшiсi;
8. E.O. Светличный - Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы
департаментiнiң бас дизайнерi;
9. З.М. Мұстафина - "ДАН" ЖШС-нiң директоры;
10. А.В. Ревтов - "Студия Арт" ЖШС жобасының
бас сәулетшiсi;
11. Ж.Ш. Кекiлов - Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы
департаментiнiң жетекшi маманы;
12. А.Е. Сағымбаев - Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы
департаментiнiң бөлiм бастығы, хатшы.
Астана қаласы әкімінің
2004 жылғы 3 тамыздағы
N 3-1-376 шешiмiне
2-қосымша
Астана қаласының Қала құрылысы кеңесi туралы
Ереже
1. Астана қаласының Қала құрылысы кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы негiзгi мәселелердi талқылау үшiн құрылған.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiн, Астана қаласы мәслихатының, әкiмдiгiнiң және әкiмiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңес алқалы орган болып табылады.
2-тарау. Негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
4. Кеңес Астана қаласы әкiмдiгiнiң бiрыңғай қала құрылысы және сәулет саясатын iске асыру, қала аумағындағы инвестициялық-құрылыс қызметiнде қолданылған жобалардың сапасын көтеру мақсатында құрылған.
5. Кеңестiң негiзгi мiндетi маңызды қала құрылысы және сәулет жобаларын қарау және бағалау болып табылады.
3-тарау. Кеңестiң құрылымы және оны басқару
6. Кеңестiң құрамы Астана қаласының әкiмiмен кем дегенде жетi адамның тақ санымен бекiтiледi. Кеңестiң хатшысы мүше болып табылмайды және шешiм қабылдау барысында дауыс беруге құқығы жоқ.
7. Кеңес мүшелерi санының кемiнде отыз пайызы жыл сайын жаңартылып отыруы тиiс.
8. Кеңестiң төрағасы Астана қаласының әкiмi болып табылады. Кеңес төрағасының орынбасары болып әкiмнiң орынбасарларының бiрi (тәртiп бойынша құрылыс мәселелерiне жетекшiлiк ететiн) тағайындалады.
9. Кеңес мәжiлiсiнiң төрағасы болмаған жағдайда мәжiлiс төрағаның орынбасарымен жүргiзiледi.
10. Кеңестiң кеңейтiлген мәжiлiсiне бекiтiлген құрамнан басқа дауыс беру құқығынсыз отандық және шетелдiк сәулет қоғамдарының өкiлдерi, жобалау институттарының басшылары, өз қызметiнiң бағыты бойынша және кеңестiң дауыс беру құқығы мәселесiне жататын мемлекеттiк органдардың өкiлдерi қосымша шақырылуы мүмкiн.
11. Егер мәжiлiсте оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, Кеңестiң шешiмi құқықтық өкiлеттi болып саналады.
12. Кеңес материалдарды қарау нәтижесi бойынша мынадай шешiмдер қабылдайды:
1) жобаларды бекiтедi;
2) ескертпелерiмен бекiтедi;
3) толық аяқтап жасау үшiн қайтадан қайтарады;
4) басқа да шешiмдер.
13. Кеңес:
1) жобалау ұйымдарынан, меншiк түрiне және ведомстволық керек-жарағына қарамастан құрылыс салушылардан қарауға ұсынылатын, анықталған құжаттамалардың құрамын, сондай-ақ материалдарды қарау барысында қажеттiлiгi анықталған қосымша ақпараттарды, анықтамаларды, құжаттарды, сызбалар мен есептердi талап етуге;
2) жобалау ұйымдарының, құрылыс салушылардың, тапсырыс берушiлердiң, мердiгерлердiң және басқа да мәжiлiске мәселелердi дайындау және қарастыру барысында қатысуы қажет ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға;
3) Астана қаласы әкiмдiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне сәулет және қала құрылысы қызметтерi жөнiнде өтiнiш жасауға құқылы.
14. Кеңестiң қарауына ұсынылған жобалардың және жобалық ұсыныстардың жазбаша рецензиясы мiндеттi.
15. Рецензиат Кеңеспен комиссиялы түрде тағайындалады. Рецензиат қызметiне ақы төлеудi Кеңестiң жұмысшы комиссиясымен бекiтiлген бағалау бойынша тапсырысшы жүзеге асырады.
16. Келiсуге материалдарды дайындау инвесторлар мен тапсырысшылардың қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
5-тарау. Кеңес төрағасы мен мyшелерiнiң
құқықтары мен мiндеттерi
17. Кеңес төрағасы мен мүшелерiнiң:
1) Кеңестiң жұмысына қатысуға, объективтi шешiм қабылдау үшiн қажеттi материалдармен танысуға;
2) мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттардан басқа қажеттi ақпараттарды сұрауға;
3) Кеңес құрамындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты шығындарды өтеудi талап етуге құқығы бар.
18. Кеңестiң төрағасы мен мүшелерi:
1) белгiсiз себептермен Кеңес мәжiлiсiн жiбермеуге;
2) жекелеген тапсырысшылардың мүдделерiн лоббилендiруге жол бермеуге мiндеттi.
Кеңестiң мәжiлiсiне жүйелi түрде қатыспайтын немесе оның жұмысының тәртiбiн бұзуға жол беретiн Кеңес мүшелерi хатшының ұсынысы бойынша Кеңес құрамынан шығарылуы мүмкiн.
6-тарау. Кеңестiң жұмысшы органы
19. Кеңес мәжiлiсiнiң кейiнгi қарауына мәселелер қарау үшiн алдын ала әзiрлеудi жүзеге асырушы Кеңестiң жұмысшы органы Сәулет және қала құрылысы департаментi болып табылады. Кеңестiң хатшысы болып аталған мемлекеттiк органның қызметкерi тағайындалады.
20. Жұмысшы орган Кеңес қарастыру үшiн материалдар жинауды, мәжiлiстiң күн тәртiбiн дайындауды және хаттамалар ресiмдеудi жүзеге асырады, басқа да қызметтердi орындайды.
21. Жұмысшы органда Кеңестiң өзге қалалардағы мүшелерiн қабылдау, орналастыру және iссапар шығындарын төлеу, сондай-ақ Кеңес мүшелерiнiң басқа мемлекеттердiң қала құрылысы тәжiрибесiн үйрену үшiн iссапар құнын төлеу басқарылады. Маңызды қызметтердi орындау жөнiндегi шығындар белгiленген тәртiпте жұмысшы органның сметасы бойынша қарастырылады.
7-тарау. Кеңестiң шешiм қабылдау тәртiбi
&1. Мәжiлiстердiң түрлерi мен материалдарды қарау мерзiмi
22. Кеңес өз қызметiн:
1) Кеңестiң кеңейтiлген мәжiлiсi (тоқсанына бiр реттен кем емес шақырылатын);
2) Кеңестiң жұмысшы мәжiлiсi (аптасына бiр реттен кем емес шақырылатын);
3) Комиссияның жұмысшы мәжiлiсiнде қарастыру (материалдарды ұсыну шарасы бойынша шақырылатын) түрлерiнде жүзеге асырады.
23. Кеңестiң кеңейтiлген және жұмысшы мәжiлiсiнiң құзыретiне заңды және жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша әзiрленетiн жоба алды және жобалық құжаттамалардың барлық түрлерi бойынша қала құрылысы және сәулеттiк шешiмдердi, оның iшiнде:
бас жоспарды және жалпықалалық бағдарламаларды қалыптастырудың қала құрылысы тұжырымдамасы;
қала құрылыс кешендерiнiң бас жоспарларының жобаларын, бөлшектiк жоспарлаудың жобаларын, қаланың аумағын салу жобаларын;
аумақтарды функционалды аймақтау, қала аумағының инженерлiк және көлiктiк дамыту жобаларын;
ғимараттар (орын-жайлар) құрылысының және олардың Астана қаласының даму аймақтарында (мұндай аудандардың тiзбесi кеңеспен белгiленедi) орналастыру болжалған кешендерiнiң жобасын;
экспериментальды және талап жобаларын қарау кiредi.
24. Жұмысшы комиссияның құзыретiне заңды және жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша әзiрленген жоба алды және жобалық құжаттамалардың барлық түрлерi бойынша қала құрылысы және сәулеттiк шешiмдердi қарастыру, оның iшiнде:
1) құрылыс, абаттандыру, көгалдандыру объектiлерiнiң, инженерлiк коммуникация желiлерiнiң, сондай-ақ жалпы көрнекi кеңiстiктi қалыптастыратын басқа да объектiлердiң нобайлық жобаларын бекiту;
2) қаланың өндiрiстiк аймағы мен қайта жаңартылған бөлiгiнiң қатарындағы құрылыс объектiлерiнiң жобасын бекiту;
3) объектiлердiң, бiрiншi қабаттардың қайта жапсарланып салынған орын-жайларының, сондай-ақ уақытша павильондардың құрылысына бөлiп берудi келiсудi;
4) көшелердiң өту бөлiктерiн; ғимараттардың қасбеттерiн; орын-жайлардың бiрiншi қабаттарын; гүлзарларды; көшелердiң желекжол учаскелерiн; қалалық ортаның көгалдандыру элементтерiн; көшелердiң, саябақтық, сәулеттiк жарықтандыру; инженерлiк коммуникациялардың желiлерiн жөндеу және қайта жаңарту жобаларын бекiту кiредi.
25. Жұмысшы органмен өз бетiнше қаралуы мүмкiн емес материалдар, жұмысшы комиссияның қарауына жiберiледi. Жұмысшы комиссия өз бетiнше шешiм қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда материалдарды Кеңестiң кезектi кеңейтiлген мәжiлiсiнде мәселенi қарауға енгiзуге құқылы Кеңестiң жұмысшы мәжiлiсiне жiбередi.
26. Материалдар қараудың кез келген кезеңiнде қайта қарау үшiн алдыңғы сатыға қайтарылуы мүмкiн.
27. Жұмысшы органға iлеспе хатпен бiрге ұсынылған материалдар мынадай мерзiмдерде қарастырылады:
1) Кеңестiң кеңейтiлген және жұмысшы мәжiлiстерiнде - бiр айдан көп емес;
2) жұмысшы комиссияда - он бес күннен көп емес.
28. Жоба жұмысшы комиссиямен келiсiлмеген жағдайда, ол Кеңеспен мүшелерiнiң кемiнде үштен бiр бөлiгiнiң келiсiмiмен қаралуы тиiс.
29. Кеңестiң төрағасы өз бастамасы бойынша немесе кеңес мүшелерiнiң үштен бiр бөлiгiнiң бастамасы бойынша мәжiлiске дейiнгi үш күннiң iшiнде жазбаша хабарландыру жолымен Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiн шақыруға құқылы.
30. Кеңестен тыс мәжiлiсте кезектен тыс мәжiлiстi шақыруға себеп болған мәселелер қарастырылуы мүмкiн.
31. Кеңестiң төрағасы жеке мәселелердi қарауды жедел деп тануға құқылы. Бұл Кеңес аталған мәселелердi жетi күн мерзiм iшiнде қарау керектiгiн бiлдiредi.
32. Кеңес мәжiлiсi тәртiп бойынша ашық болып табылады. Жекелеген мәжiлiстер Кеңес төрағасының шешiмi бойынша жабық болуы мүмкiн.
33. Кеңес мәжiлiсiнiң күн тәртiбi жұмысшы органмен құрылады және мәжiлiстiң басталуы алдында төрағамен бекiтiледi.
34. Кеңес мәжiлiсi күн тәртiбiнiң жобасы қарауға енгiзiлетiн мәселелердi мәжiлiске дейiнгi бес күннiң iшiнде жасау үшiн Кеңес және жұмысшы комиссия мүшелерiне жұмысшы органмен хабарланады. Күн тәртiбiнiң жобасында болмаған мәселелердi мәжiлiстiң күн тәртiбiне енгiзуге жол берiлмейдi.
35. Кеңестiң мәжiлiсi мәжiлiстiң бекiтiлген күн тәртiбiн хабарлайтын төрағамен ашылады.
Кеңес мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бекiтiлгеннен кейiн төраға күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша баяндамашыға сөз бередi.
36. Кеңес мәжiлiстерiнiң баяндамашыларының сөйлеу уақыты 15 минут болады, тең баяндаушыға - 5 минут, жекелеген мәселелердi талқылау - 3 минут, мәселелерге түсiндiрме беру және жауап беру - 2 минут.
37. Сөз сөйлеу мiнбеде немесе төраға рұқсат берген жағдайда орнында өтуі мүмкін.
38. Кеңестiң шешiмi ашық дауыс беру арқылы жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Төрағаның немесе кеңес мүшелерiнiң үштен бiрiнiң бастамасы бойынша жекелеген мәселелер бойынша дауыс беру құпия түрде өтуi мүмкiн.
39. Кеңестiң мүшесi авторы өзi немесе оның қатысу үлесi бар ұйым болып табылатын жоба бойынша шешiм қабылдау кезiнде дауыс бере алмайды.
40. Кеңестiң мәжiлiсiне шақырылғандардың оның қызметiне араласуына құқығы жоқ, оның жұмысының ықыласын мақұлдаудан немесе мақұлдамаудан қалыс қалуға, белгiленген тәртiптi сақтауға және төрағаның өкiмiне бағынуға мiндеттi. Осы талаптарды орындамаған тұлғалар төрағаның талабы бойынша мәжiлiс өткiзiлiп жатқан залдан шығарылуы мүмкiн.
41. Мәжiлiстiң қорытындысы бойынша Кеңестiң қабылдаған шешiмi мазмұндалатын толық хаттама жасалады. Қабылданған шешiммен келiспейтiн Кеңес мүшесi хаттамаға өзiнiң маңызды пiкiрiн қосуға құқылы.
42. Кеңес мәжiлiсiнiң хаттамасы Кеңес шешiмiнiң негiзiнде өз шешiмдерiн қабылдау үшiн барлық мүдделi мемлекеттiк органдарға жiберiледi.