Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы

Ақмола облысының Астрахан аудандық әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы N 63 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 16 сәуірде N 2444 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 тамыздағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2005.08.16 № 359 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 4176 "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі қаулы етеді:
      1. 1 қосымша бойынша, аудандық отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия құрылсын.
      2. 2-қосымшада берілген отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін.
      3. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның жеке құрамы мәслихатта бекітуге ұсынылсын (қосымша).
      4. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 30 "Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы" қаулысы өз күшін жойсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Б.Собескийге жүктелсін.
      6. Қаулы Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Астрахан ауданының әкімі

Аудан әкімдігінің
2004 ж. 26 наурыз N 63
"Аудан әкімдігі жанындағы
отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
аудандық комиссия туралы"
қаулысымен бекітілді

Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер
ісі жөніндегі Аудандық комиссияның
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы кеңестік-мәжілістік орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының Заңдарына, облыс, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның кепілдемелері мен ұсыныстарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдылық және психологиялық қолдау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
      2) әйелдер денсаулығының жағдайы, аналықты және балалықты қорғау, отбасы тұрмысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы үдерістеріне кешенді талдау жүргізу;
      3) қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени  өміріндегі отбасы, әйелдер және балалардың нақты жағдайы мәселелері бойынша ақпараттық база қалыптастыруға қатысу;
      4) әйелдерді тарту арқылы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін әзірлеуге және оның жобаларын іске асыруға қатысу;
      5) отбасы, әйелдер және балалардың жағдайларын жақсартуға бағытталған жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың ұсыныстары мен жобаларының қаралуына қатысу;
      6) көп балалы және табысы аз отбастарын әлеуметтік қолдауды жүзеге асыруға, барлық балалардың мектепте оқуын қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша басқа да әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға әсер ету;
      7) аудандағы отбасы, әйелдер және балалар жағдайын толығырақ және дұрыс қырынан бейнелеу мақсатымен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау.

3. Комиссияның функциялары

      4. Комиссия өз құзыретінің шегінде құқылы:
      1) өз мәжілістеріне аудан әкіміне бағынатын жергілікті атқару органдарының басшыларын шақыруға және тыңдауға;
      2) белгіленген тәртіпте, Комиссияның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпараттарды сұратуға;
      3) тиісті жергілікті атқару органдарының басшыларына отбасы, әйелдер және балалар мәселелерін реттейтін заңдарды бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеу және тексеріс өткізуді ұсынуға;
      4) белгіленген тәртіпте, Комиссия мәжілісін дайындауға, аудандық бағдарламаларды тексеруге және әзірлеуге қатысу үшін, штаттан тыс сарапшы ретінде қоғамның беделді, кәсіби дайындалған өкілдерін тартуға;
      5) отбасы және әйелдер жағдайын жақсарту мақсатымен жергілікті атқару органдарына, қоғамдық бірлестіктерге және басқа ұйымдарға статистикалық талдау, әдістемелік және басқа да ақпараттық материалдар, сондай-ақ ұсыныстар бағыттауға;
      6) қажет болған жағдайда, тиісті жергілікті атқару органының немесе лауазымдық тұлғаның қарауына азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдары хабарларын қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдау үшін материалдар бағыттауға.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      5. Комиссия өз қызметін аудандық әкімдік бекіткен Ереженің негізінде жүзеге асырады.
      6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның тапсырмасы бойынша орынбасары басқарады.
      7. Комиссияға жергілікті атқару органдарының және басқа ұйымдардың өкілдері енеді.
      8. Комиссия мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі.
      9. Комиссия шешімді мәжіліске қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілігінің дауысымен қабылдайды.
      10. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
      11. Комиссия мәжілісі, оған оның мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда ғана құқылы болып саналады. Комиссия хатшысы дауыс беруге құқылы.
      12. Комиссия шешімі хаттама арқылы ресімделеді.
      13. Комиссия төрағасы:
      1) Комиссия қызметіне басшылықты жүзеге асырады және оның жұмысын ұйымдастырады;
      2) Комиссия мәжілісі үшін күн тәртібін жасайды;
      3) Комиссия мәжілісін шақырады және оған төрағалық етеді;
      4) комиссия мүшелерінің арасынан мәжілістің күн тәртібіне енгізілген мәселені дайындауға жауапты адамды белгілейді;
      5) аудан әкімінің алдында комиссияның жұмысы туралы үнемі есеп беріп отырады.

5. Комиссия қызметін тоқтату

      14. Комиссия қызметі заңмен белгіленген тәртіпте тоқтатылады.

Аудан әкімдігінің
2004ж. 26 наурыз N 63
"Аудан әкімдігі жанындағы
отбасы және әйелдер ісі жөніндегі
комиссия туралы"
қаулысына қосымша

Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер ісі
жөніндегі аудандық комиссияның
ҚҰРАМЫ

Собеский Виктор Борисович      аудан әкімінің орынбасары,
                               комиссия төрағасы

Құсайынова Қарлығаш Әйтімқызы  ішкі саясат бөлімінің бастығы,
                               комиссия төрағасының орынбасары

Майышева Күлшара Қанапияқызы   мәдениет,туризм және спорт бөлімінің
                               бастығы комиссия хатшысы

Воротникова Любовь Константиновна  Астрахан аудандық ауруханасының
                                   бас дәрігерінің емдеу саласы
                                   бойынша орынбасары

Забудько Людмила Викторовна  аудандық білім бөлімінің бастығы

Сәркенова Балқадиша Өренқызы Ақмола облысы Әділет Департаментінің
                             Астрахан ауданының АХАЖ бөлімінің
                             бастығы

Кирокосян Людмила Леонидовна  "Бытовик" ЖШС директоры, аудандық
                              әйелдер Кеңесінің төрағасы
                              (келісім бойынша)

Естәуіпова Орал Манапқызы     Жалтыр № 2 орта мектебі директорының
                              оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі
                              орынбасары, аудандық мәслихаттың
                              депутаты (келісім бойынша)

Сейітжанова Жанат Сағынайқызы аудандық халықты әлеуметтік қорғау
                              басқармасы бастығының орынбасары

О районной комиссии по делам семьи и женщин при акимате района

Постановление Акимата Астраханского района Акмолинской области от 26 марта 2004 года N 63. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 16 апреля 2004 года N 2444. Утратило силу - постановлением акимата Астраханского района Акмолинской области от 16 августа 2005 года № 359

      Утратило силу - постановлением акимата Астраханского района Акмолинской области от 16 августа 2005 года № 359

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", УказаПрезидента Республики Казахстан от 22 декабря 1998 N 4176 "О национальной комиссии по делам семьи и женщин при Президенте Республики Казахстан" акимат района постановляет:
      1. Создать районную комиссию по делам семьи и женщин при акимате района согласно приложению.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о районной комиссии по делам семьи и женщин при акимате района.
      3. Персональный состав комиссии по делам семьи и женщин представить на утверждение в маслихат.(приложение)
      4. Отменить постановление акимата района от 25 февраля 2004 года N 30 "О районной комиссии по делам семьи и женщин".
      5. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима района Собеского В.Б.
      6. Постановление вступает в силу со дня регистрации в Департаменте юстиции.

       Аким Астраханского района

Утверждено
постановлением акимата района
от 26 марта 2004 г. N 63
"О районной комиссии по делам
семьи и женщин при акимате района"

ПОЛОЖЕНИЕ
районной комиссии по делам семьи и женщин
при акимате района

1. Общие положения

      1. Районная комиссия по делам семьи и женщин при акимате района (далее Комиссия) является консультативно-совещательным органом при акимате Астраханского района.
      2. Комиссия осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и Законами Республики Казахстан, актами местного представительного и исполнительного органа, рекомендациями и предложениями Национальной комиссии по делам семьи и женщин при Президенте Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

2. Основные задачи комиссии

      3. Основными задачами комиссии является:
      1)участие в разработке и осуществлении мероприятий по социальной, экономической, юридической и психологической поддержке семьи, женщин и детей;
      2)проведение комплексного анализа состояния здоровья женщин, охраны материнства и детства, социально-экономических условий проживания семей;
      3)участие в формировании информационной базы по вопросам реального положения семьи, женщин и детей в экономической, социальной, политической и культурной жизни общества;
      4)участие в разработке и содействие реализации проектов по вопросам развития малого и среднего бизнеса с привлечением женщин;
      5)участие в рассмотрении предложений и проектов местных представительных и исполнительных органов, направленных на улучшение положения семьи, женщин и детей;
      6)содействие осуществлению социальной поддержки многодетных и малообеспеченных семей, обеспечению школьного всеобуча, организации летнего отдыха детей-сирот, реализации иных социальных проектов по вопросам семьи, женщин и детей;
      7)взаимодействие со средствами массовой информации с целью более полного и объективного отражения аспектов положения семьи, женщин и детей в районе.

3. Функции Комиссии

      4. Комиссия в пределах своей компетенции имеет право:
      1)приглашать и заслушивать на своих заседаниях руководителей местных исполнительных органов, подчиненных акиму района;
      2)запрашивать в установленном порядке документы, материалы и информацию, необходимые для осуществления деятельности Комиссии;
      3)вносить руководителям соответствующих местных исполнительных органов предложения по проведению проверок и служебных расследований по фактам нарушения законов, регламентирующих вопросы семьи, женщин и детей;
      4)привлекать в установленном порядке в качестве внештатных экспертов авторитетных, профессионально - подготовленных представителей общественности для участия в подготовке заседаний Комиссии, проверках и разработке районных программ;
      5)направлять статистические, аналитические, методические и другие информационные материалы, а также предложения в местные исполнительные органы, общественные объединения и иные организации в целях улучшения положения семьи и женщин;
      6)направлять при необходимости материалы на рассмотрение соответствующего местного исполнительного органа или должностного лица для принятия решения по итогам рассмотрения обращений граждан, сообщений средств массовой информации.

4. Организация работы Комиссии

      5. Комиссия осуществляет свою деятельность на основании Положения, утвержденного районным акиматом.
      6. Комиссию возглавляет председатель. В отсутствие председателя Комиссии по его поручению председательствует заместитель.
      7. В Комиссию, как правило, входят представители местных исполнительных органов и иных организаций.
      8. Заседания комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал.
      9. Комиссия принимает решения простым большинством голосов от общего числа ее членов, присутствующих на заседании.
      10. При равенстве голосов решающим является голос председателя.
      11. Заседание Комиссии считается правомочным, если на нем присутствуют не менее 2/3 от общего числа ее членов. Секретарь комиссии обладает правом голоса.
      12. Решение комиссии оформляется протоколами.
      13. Председатель Комиссии:
      1)организует работу и осуществляет руководство деятельностью Комиссии;
      2)формирует повестки для заседаний Комиссии;
      3)созывает заседания Комиссии и председательствует на них;
      4)определяет из числа членов Комиссии ответственного за подготовку вопроса, включенного в повестку дня заседания;
      5)о работе комиссии отчитывается систематически перед акимом района.

5. Прекращение деятельности Комиссии

      14. Деятельность Комиссии прекращается в установленном законодательством порядке.

Приложение
к постановление акимата
от 26 марта 2004г. N 63
"О районной комиссии по
делам семьи и женщин при
акимате района

Состав
районной комиссии по делам семьи и женщин при акимате района

Собеский
Виктор Борисович

заместитель акима района, председатель комиссии

Кусаинова
Карлыгаш Айтымовна

начальник отдела внутренней политики, заместитель председателя комиссии

Маишева
Кульшара Канапьяновна

начальник отдела культуры, туризма и спорта, секретарь комиссии

Воротникова
Любовь Константиновна

заместитель главного врача по лечебной части Астраханской районной больницы

Забудько
Людмила Викторовна

начальник районного отдела образования

Саркенова
Балкадиша Ареновна

начальник отдела ЗАГС Астраханского района Департамента юстиции Акмолинской области (по согласованию)

Кирокосян
Людмила Леонидовна

директор ТОО "Бытовик", председатель
районного Совета женщин (по согласованию)

Истаупова
Орал Манаповна

заместитель директора по учебно-воспитательной работе Жалтырской средней школы N 2, депутат районного маслихата (по согласованию)

Сейтжанова
Жанат Сагнаевна

заместитель начальника районного управления социальной защиты населения