Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 247 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 37 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТТI:
1. Аудан әкiмиятының 2003 жылғы 2 маусымдағы N 116 "Аудан әкiмиятының қаржы резервтерiн пайдалану Ережесiн бекiту туралы" қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
2-шi бөлiктегi 3-шi және 4-шi тармақтардағы сөздердiң бастарында "аудан әкiмiнiң өкiмi" сөздерi "аудан әкiмиятының қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Аудан әкiмi