Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 07.12.2012 N 12-72 шешімімен.
ҚР "Нормативтік құқықтық актісіне", "ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңдарының негізінде Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
"Жетісу" газетінің 17.02.2004 ж. N 20 санында және "Огни Алатау" газетінің 17.02.2004 ж. N 20 санында жарияланған Алматы облысының департаментінде 28.01.2004 ж. N 1467 тіркелген "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2003 ж. 25.03 N 3-19 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Шешімдегі мемлекеттік орман қорының аумағында орман ресурстарын қолданғаны үшін алынатын төлемақыдан 3 тармақша (бұғы өсіру) мен 4 тармақша (аң өсіру) алынып тасталсын.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат
хатшысы
Облыс мәслихатының 2003 жылғы желтоқсанның 25-дегі "Орман пайдалану үшін төленетін төлемақы" N 3-19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы келісім парағы
Енгізуші:
Алматы облысының орман және
биоресурстар жөніндегі
басқармасының бастығы Досқараев Ж.Д.
Келісілді:
Облыс әкімінің орынбасары Тойбаев Ә.Ә.
Облыс әкімінің аппарат
басшысы Сүлейменов Н.І.
Облыстық Салық
комитетінің төрағасы Киртаев Б.М.
Алматы облыстық орман
және аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқарма бастығы Дүйсенбеков Ж.Н.
Заң және мемлекеттік-
құқықтық бөлімінің
меңгерушісі Төлеген Б.К.