Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 61/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Төрағасының 2003 жылғы 1 тамыздағы "Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы "Республикалық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережесiн бекiту туралы" N 111 бұйрығына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" N 249 бұйрығына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi "Коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережесiн бекiту туралы" N 209/1
қаулысына
(2002 жылғы 16 қазандағы МТН 1493) қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Коммуналдық мемлекеттiк мекемелер балансындағы олардың ведомстволық құрылымынан тәуелсiз коммуналдық мемлекеттiк мекемелердi жайларға орналастыру баланс ұстаушының келiсiмiн мүдделi коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жазбаша ұсынуынан кейiн мемлекеттiк мекемелердiң уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша облыс коммуналдық меншiк департаментiнiң шешiмi арқылы белгiленсiн.
Облыс коммуналдық меншiк департаментiнiң шешiмi негiзiнде мүдделi коммуналдық мекеме және баланс ұстаушы арасында коммуналдық қызметтерге, ағымдағы және күрделi жөндеулерге жұмсалатын аударымдар төлемдерi, ғимаратқа қызмет көрсету төлемдерi тәртiбi қаралатын шарт жасалады";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары В.З. Бочинге жүктелсiн";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, коммуналдық мемлекеттiк мекемелер балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру Ережесiнде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Облыстың атқарушы органы Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезiнде Объектiлердiң орналасқан жерi, түрi, жай-күйi, сондай-ақ мақсаты ескерiлiп жалдау ақысының мөлшерi мен көтерiлiп отыратын (төмендеп отыратын) коэффициенттердiң мөлшерiн аймақтық жағдайларды ескере отырып анықтайды және бекiтедi";
мына мазмұнда 49-1-тармақпен толықтырылсын:
"49-1. Жалға берушiнiң келiсiмi бойынша мүлiкке салық салымын төлеу Жалдаушыға жүктелуi мүмкiн.
Бұл кезде Жалдаушы баланста ұстаушы берген есепке сәйкес мүлiктiң салық салымын төлейдi және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген тәртiпте салық салымына есеп беру үшiн баланста ұстаушыға төлем құжатының көшiрмесiн бередi".
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов