Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3) тармақшасына, Павлодар облысы Ақсу қаласы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 27 қазандағы (III сайланған ХI сессиясы) "Пограничник селолық округiнiң N 1 бөлiмшесiн тарату және оның аумағын Павлодар облысы Ақсу қаласының Пограничник селолық округi Пограничник селосының құрамына қосу туралы" N 66/9 бiрлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 қарашадағы "Павлодар облысының Ақсу қаласы Пограничный селолық округiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 273/9 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Павлодар облысы Ақсу қаласы Пограничный селолық округiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
- Пограничный селолық округiнiң N 1 бөлiмшесi елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты таратылсын және кейiннен есептiк деректерден шығарылсын;
- аталған бөлiмшенiң аумағы Ақсу қаласы Пограничный селолық округi Пограничник ауылының құрамына енгiзiлсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы А. Гуськов
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров