Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 шілдедегі N 201/17 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148 Заңының 6 бап 1 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 168 "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиялық жағдайын жақсарту туралы" N 361-2 Заңының негізінде қалалық мәслихат ШЕШТI:
1. Қоса берiлiп отырған Екiбастұз аймағында тұрмыстық-қатты қалдықтарды орналастыру Қағидасы бекiтiлсiн;
2. Осы шешiм Павлодар облысы әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Сессия төрайымы Р. Елубаев
Қалалық мәслихат хатшысы Б. Шаймерденов
Екiбастұз қалалық мәслихатының
2004 жылғы 24 ақпандағы
(III шақырылған IV сессия)
"Екiбастұз аймағында тұрмыстық-
қатты қалдықтарды орналастыру
қағидалары туралы" N3.47
шешiмiмен бекiтiлген
ҚАҒИДА
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигiзетiн зардаптардың алдын алу, төмендету, жою мақсатында тұрмыстық және өндiрiс қалдықтарымен айналысу кезiнде пайда болған қатынастарды реттейдi.
2. Қағидалар жүйелi жинаудың, жедел жоюдың, нақты зарарсыздандырудың және Екiбастұз қаласының арнаулы нысандарында жиналған қалдықтардың орналастырылуының тәртiбiн қарастырады.
3. Елдi мекендердi қажеттi санитарлық дәрежеде қамтамасыз ету және арнаулы машиналар паркiн тиiмдi пайдалану үшiн қаладағы тұрмыстық қалдықтарды арнаулы коммуналдық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелер орталықтандырылған бiрдей жүйеде жоюы керек.
4. Меншiк түрiне қарамастан мекемелер, кәсiпорындар, қоғамдық ұйымдар, жеке үй иелерi немесе жалға алушылар, жеке тұлғалар қоқыстарды және қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару үшiн уақытында арнаулы мекемелермен келiсiм жасауға мiндеттi.
5. Қалдықтарды шығару қызметi үшiн келiсiмдер қалдықтардың жиналу мөлшерiне байланысты жасалады. Қалдықтардың жиналу мөлшерi тапсырыс берушiмен санитарлық тазалаушы кәсiпорынның арасындағы негiзгi есеп айырушы көрсеткiштер болып табылады және тапсырыс берушi мен қоқыс тазалаушы кәсiпорынның арасында есеп айырысу үшiн қолданылады.
6. Жергiлiктi орындаушы ұйымдар:
1) механикаландырылған жинауға жататын көшелердi, даңғылдардың, өткелдердiң титулдық тiзiмiн, сондай-ақ қысқы және жазғы мезгiлдерде оларды тазалау кезегiн;
2) кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердiң күшiмен тазаланатын қала аумағының тiзiмiн;
3) саябақтар, жағажайлар, техникалық ғимараттар мен құрылыстардың, сауда орындарының санитарлық жағдайына жауапты ұйымдарды бекiтедi.
2. Негiзгi түсiнiктер мен анықтамалар
7. Осы Қағидада келесi негiзгi түсiнiктер қолданылады:
1) қалдықтар - өндiрiс және тұтыну қалдықтары;
2) өндiрiс қалдықтары - өнiм, энергия және химиялық қоспалар өндiру кезiнде және толығымен немесе жартылай осы өндiрiске сәйкес келетiн тұтынушылық қасиетiн жоғалтқан шикiзаттар, жартылай дайын өнiмдер, химиялық қоспалар қалдықтары. өндiрiс қалдықтарына сондай-ақ техногендiк минералды құралдар және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң қалдықтары кiредi;
3) тұтынушы қалдықтары күшiн жойған немесе рухани тозығы жеткен тұтынушылық қасиетiн жоғалтқан заттар мен бұйымдар. Тұтынушы қалдықтарына адам өмiрiне байланысты тұрмыстық қалдықтар жатады;
4) қалдықтармен айналысу - олардың пайда болуымен, жинаумен, сақтаумен, тасымалдаумен, қолданумен, зарарсыздандырумен және қалдықтарды көмумен байланысты жұмыстар;
5) қалдықтарды пайдалану - оларды өндiрiсте өнiм өндiру және жұмыс iстеу үшiн немесе энергия өндiру үшiн пайдалану;
6) қалдықтарды ескi зат ретiнде пайдалану - қалдықтарды өндiрiске қайтару жолымен жаңа өнiм алу;
7) қалдықтарды орналастыру - қалдықтарды сақтау және көму;
8) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiн ескi зат ретiнде пайдалану, тасымалдау,зарарсыздандыру немесе көму мақсатында оларды белгiлi мерзiмге дейiн сақтау үшiн нысанда орналастыру;
9) қалдықтарды көму - осы қалдықтарды адам өмiрiне және қоршаған ортаға зияны тимеу үшiн, оларды арнайы нысандарда орналастыру;
10) қалдықтарды зарарсыздандыру - адамға және қоршаған ортаға қаупiн кемiту үшiн қарастырылған арнайы қондырғыларда зарарсыздандыру (соның iшiнде өртеу).
3. Жеке және заңды тұлғалардың қалдықтармен айналысу кезiндегi құқылары мен мiндеттерi
8. Жеке және заңды тұлғалардың қалдықтармен айналысу кезiндегi құқылары Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңымен, басқа да заңнамалар актiлерiмен және осы Қағидалармен анықталған.
9. Азаматтар:
1) қалдықтардың адам өмiрiне және қоршаған ортаға тигiзетiн зияны туралы толық мағлұмат алуға;
2) қалдықтармен айналысу саласында қоғамдық бақылауды iске асыруға қатысуға;
3) қалдықтар мәселесi бойынша өкiлеттi ұйымдарға хаттарымен, арызымен, өтiнiшiмен және ұсынысымен келуге және оларды қарауды талап етуге;
4) кiнәлi ұйымдарды, лауазым иелерiн және азаматтарды жауапқа тарту мәселелерiн қоюға, сотқа тигiзген зияндарының орнын толтыруға, азаматтар денсаулығына және мүлкiне келтiрген зияны үшiн арыз беруге;
5) заңнамалармен қарастырылған және қалдықтармен айналысу саласындағы басқа да құқықтық актiлермен белгiленген өздерiнiң басқа да құқыларын жүзеге асыруға құқылы.
10. Жеке және заңды тұлғалар:
1) қатты тұрмыстық қалдықтарды және қоқыс шығару үшiн арнайы кәсiпорынмен тапсырыс берушi мен санитарлық тазалау кәсiпорнының арасындағы есеп айырысу көрсеткiшi болып табылатын және тапсырыс берушi мен қоқыс шығарушы кәсiпорынның арасындағы есеп айырысу үшiн қолданылатын келiсiм жасауға;
2) жинауды жүйелi түрде жүргiзуге және ауыл аумағын маусым түрiне және ауа райына байланысты, санитарлық және сәулет талаптарына сәйкес өз қаржыларынан жүргiзуге;
3) қалдықтарды орналастыру үшiн төлем төлеуге;
4) үй-жайлар жанындағы iрi қоқыстарды шығару үшiн келiсiм жасауға;
5) ұсақ қоқыстар үй-жайлардан үй басқармаларының тапсырысы бойынша шығаруды жүргiзуге;
6) қоқыс алаңдарын су өткiзбейтiн сырмен сырланған ыдыстармен қамтамасыз етуге;
7) тамақ қалдықтарын жинау үшiн қолданылатын жинақтармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
8) қоқыс қабылдайтын камералардың, жинақтардың әрдайым жуылуына, шыбын-шiркейге қарсы күрестi қамтамасыз етуге;
9) контейнерлерден қалдықтарды төккеннен кейiн, оларды уақытында жинап, ақтап, сырлап және жөндеу жүргiзуге;
10) қалдықтарды контейнерлерде өртеуге жол бермеуге;
11) контейнерлердi iрi қоқыстармен және құрылыс заттарымен толтыруға жол бермеуге мiндеттi.
4. Қалдықтарды орналастыру және жинауды ұйымдастыру
11. Қалдықтарды жинаушы және орналастырушы арнаулы кәсiпорын:
1) ұйымдар, тұрғын үйлер, мекемелер және кәсiпорындар аумағынан қатты және сұйық қалдықтарды уақытында шығаруға (келiсiмге сәйкес);
2) контейнерлердi қалалық полигонда осы үшiн арнайы бөлiнген жерлерде жууға, зарарсыздандыру жүргiзуге мiндеттi.
12. Қалдықтарды шығару адам өмiрiне және қоршаған ортаға тигiзетiн зияны белгiленген мөлшерден аспайтын әдiстермен және амалдармен жиналуға тиiс.
13. Жоспарлы - ұдайы жүйемен ұйымдастыру және тұрмыстық қалдықтарды жою тәртiбi санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерiнiң келiсiмi бойынша арнайы кәсiпорындармен жүргiзiледi.
14. Жоспарлы - жүйелi тазалау санитарлық-эпидемиологиялық мекеме келiсiммен жоюшы мекеме мен заңды немесе жеке тұлғалар арасындағы жасалған келiсiм кесте арқылы жүргiзiлуi керек.
15. Қалдықтарды реттеушi полигон әкiмшiлiгi автокөлiктiң әрбiр рейсiн жол куәлiгiнде белгiлеп отыруы тиiс.
16. Қалдықтарды "өзi шығару" әдiсiмен жою үшiн талондық жүйе қолдану керек.
17. Тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету үшiн тамақ және тұрмыстық қалдықтарды таңертең сағат 7-де және кешке 23 сағатқа дейiн шығару керек.
18. Құрылыс кезiнде, жөндеу уақытында тұрғын, қоғамдық ғимараттарды, мәдени-тұрмыстық нысандарды, сондай-ақ өндiрiс кәсiпорындарының әкiмшiлiк жайларын қайта салу кезiнде пайда болған қалдықтарды құрылыс ұйымдарының көлiгiмен (келiсiм бойынша) немесе "өзi шығару" әдiсiмен қаланың қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарады.
19. Қайта өңдеуге келмейтiн өндiрiс ұйымдарының қалдықтарын жергiлiктi басқару ұйымдарының және өкiлеттi ұйымдардың келiсiмiмен осы кәсiпорынның көлiгiмен арнаулы құрылыстарға немесе оларды зарарсыздандыру және көму үшiн полигонға шығарады.
5. Тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинау
20. Үй-жайлар ауласы, көше және шағын аудан өткелдерi, мәдени-тұрмыстық нысандар орны, әртүрлi кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар аумағы, саябақтар, көпшiлiк пайдаланатын демалыс орындары тазалау нысандары болып табылады.
21. Үй-жайлар аумағындағы контейнерлердi орналастыру үшiн көлiк өте алатын арнаулы алаң болуы керек. Алаң ашық, су өтпейтiн төсенiшi бар және мүмкiндiгiнше жасыл желекпен қоршаулы болуы керек.
22. Қатты-тұрмыстық қалдықтар арнаулы қоқыс таситын көлiкпен, ал сұйық қалдықтар арнаулы вакуумдық көлiкпен шығарылады.
23. Аулалық жинақтарда уақытша сақтау кезiнде, қалдықтардың iрiп-шiруiне жол берiлмейдi, сондықтан жылдың суық күндерiнде сақтау мерзiмi 3, ал жылы күндерi 1 тәулiктен аспауы керек. Әрбiр елдi мекендерде қатты-тұрмыстық қалдықтарды жою кезеңi қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мемлекеттiк мекемесiмен келiсiледi.
24. Жайлы пәтер тұрғындарының қорынан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау үшiн бiркелкi темiр контейнерлер қолдану керек.
25. Контейнерлер қойылған алаңдар тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың демалыс орындарынан 20 метрден кем, 100 метрден артық болмай алыс болуы керек. Контейнерлер саны 5-тен аспауы керек.
Контейнерлер мен алаң шетiнiң арақашықтығы 1 метрден аспауы керек. Қалдықтарды уақытша сақтау үшiн орналастыру, әсiресе тұрғын үй аумағында мiндеттi түрде қаланың сәулет және қала құрылысы басқармасымен санитарлық-эпидемиологиялық қызметiмен келiсiлуi керек. Жеке тұрғын үйлерде қоқыс жинайтын жинақтардың, аулалық әжетханалардың, қалдықтар шұңқырының орналасқан жерiн жеке үй иелерi өздерi анықтайды.
Арақашықтығы 8-10 метрге дейiн қысқартылуы мүмкiн. Жанжал болған жағдайда ғимаратты пайдаланушы мекемелер, меншiк пәтер иелерiнiң төрағасы және үй басқармалары қалдықтардың қоқыс қабылдаушы камералардан және контейнерлер алаңынан контейнерлер салынуын қамтамасыз етуi тиiс.
26. Қалдықтарға арналған темiр жинақтар жазғы уақытта жуылуы қажет (ауыстырылмайтын жүйеде 10 күнде бiр, ауыстырылатын жүйеде босағаннан кейiн), ағаш жинақтарды зарарсыздандыру керек (босаған сайын). Зарарсыздандыруды энтологиялық көрсеткiштер бойынша жүргiзу.
27. Қалдықтар жинағынан, сондай-ақ қоқыс таситын көлiктен шикiзатты екiншi зат ретiнде таңдап алуға болмайды (текстиль, банкалар, шөлмектер және т.б.).
28. Қалдықтар салынған ыдыстарды жиналған жерден арнаулы көлiк келгенше шығаруға болмайды.
29. Ұсақ қалдықтар үйден жиналғанына қарай шығарылады, бiрақ аптасына бiр реттен кем болмауы керек.
30. Iрi қоқыстарды шығару үшiн ғимаратты пайдаланушы мекеме, тұрғын үй бөлiмдерi, меншiк пәтер иелерi кооперативiнiң төрағалары және үй басқармаларымен келiсiм жасауға мiндеттi.
31. Барлық үлгiдегi заңды тұлғалар қалдықтарды тасымалдауға арналған жабдықталған көлiктерi болған жағдайда өз күшiмен ұйымдастырылған қоқыс төгетiн орынға, көлiкке берiлген мiндеттi санитарлық төлқұжаты және полигонға кiретiн құжаты болған жағдайда тасымалдай алады.
32. Қоқыс жинайтын кәсiпорын тұрғын үй, ұйымдар, мекемелер және кәсiпорындар аумағынан ыдысқа салынған қоқыстармен қоса қоқыс камераларынан, сондай-ақ контейнерлер алаңынан жинауды жүзеге асырады.
6. Тамақ және сұйық қалдықтарды жинау
33. Канализацияланбаған үйлердiң сұйық қалдықтары арнаулы вакуумдық көлiкпен тасымалданады.
34. Тамақ қалдықтарын жинау және пайдалану "Ветеринарлық-санитарлық ережелерiнiң тамақ қалдықтарын жинау және оны малды қоректендiруге пайдалану туралы" тәртiбiне сай iске асуы керек.
35. Тамақ қалдықтарын жинау, сақтау және шығару "Екiбастұз қаласы әкiмiнiң көрiктендiру басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң және санэпидемиялық қызмет ұйымының келiсiмi бойынша бекiтiлген тамақ қалдықтарын жинау және шығару бойынша нұсқаулық көрсеткiштерiне сай жүзеге асырылуы тиiс.
36. Тамақ қалдықтарын шошқаларды қоректендiру үшiн пайдаланатын шаруашылықтар, осы үшiн шаруашылықтың орналасқан жерi бойынша бас мал дәрiгерiнен арнаулы рұқсат алуға мiндеттi.Белгiлi жердiң мал өсiру шаруашылықтарында эпидемиялық жағдай өзгергенде, тамақ қалдықтарын жинауды жалғастыруға рұқсатты қаланың (аймақтың) бас мал дәрiгерi бередi.
37. Тамақ қалдықтарын тек қана iшi-сырты сырланған, қақпағы жабылатын арнаулы ыдыстарда (шелектер, бактар) жинауға рұқсат етiледi.
38. Мал өсiрумен шұғылданатын кәсiпорындар мен шаруашылықтар иелерi малды байлап ұстау кезiнде, олардың қиын және басқа да қалдықтарының реттелуiн қамтамасыз етуге және санитарлық қызметпен келiсiлген арнаулы жерлерге шығаруға мiндеттi.
7. Қағидаларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
39. Осы қағиданы бұзған заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде мемлекеттiк ұйымдардың лауазым иелерi Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң N 387 бабына сәйкес жауапқа тартылады.