Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 147/3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi "Мемлекеттiк тұрғын-үй қорынан тұрғын-жай бөлу, жалға беру және пайдалануға беру тәртiбi туралы" N 1292 қаулысын жүзеге асыру мақсатында қала
әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Екiбастұз қаласының тұрғын үй қорынан тұрғын-жай бөлу жөнiндегi қалалық комиссия (бұдан былай - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссия туралы Ереже;
2) Комиссия құрамы (1-қосымша);
3) Тастап кеткен, бос тұрған, иесiз қалған жекешелендiрiлген пәтерлердi бөлу уақытша Қағидалары бекiтiлсiн.
3. Қала әкiмдiгiнiң мына:
1) 2001 жылғы 7 желтоқсандағы "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" N 217/11;
2) 2002 жылғы 23 сәуiрдегi "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi "2001 жылғы 7 желтоқсандағы "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" N 217/11 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" N 242/8;
3) 2002 жылғы 19 тамыздағы "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" N 242/8 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" N 431/13;
4) 2002 жылғы 21 қазандағы "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" N 431/13 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" N 587/15 қаулыларының күшi жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң жедел-шаруашылық мәселелерi жөнiндегi орынбасары С.М.Көшiмбаевқа жүктелсiн.
Екiбастұз қаласының әкiмi В.Набитовский
Келiсiлдi:
Екiбастұз қалалық мәслихатының
хатшысы 2004 жылғы 2 маусым
Б.Шәймерденов
Екiбастұз қаласы
әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 3 маусымдағы
"Қалалық тұрғын үй
комиссиясы туралы"
N 328/6 қаулысымен
бекiтiлдi
Бос қалған, тастап кеткен, жекешелендiрiлген
иесiз пәтерлердi бөлудiң уақытша
қағидасы
1. Осы қағидалармен қолданылатын, негiзгi түсiнiктер:
тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншiк нысандарындағы тұрғын үйлер;
тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгiленген техникалық, санитарлық және басқа да мiндеттi талаптарға сай келетiн жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер);
тұрғын үй (тұрғын жай) - негiзiнен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және жалпы мүлiк болып табылатын өзге де бөлiктерден тұратын құрылыс;
жатақхана - мерзiмдi еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың,оқу кезеңiнде студенттер мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншiк иесiмен немесе қожайынымен мерзiмдi еңбек шарты (келiсiм-шарт) бар басқа да адамдардың тұруы үшiн арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын жай;
үй-жай - тұрғын үйдегi (тұрғын жайдағы) жеке iшкi кеңiстiк.
Үй-жай қабырғасының, еденiнiң және төбесiнiң (қабатаралық жабынның) iшкi бөлiнбеген бетi, егер заңдарда немесе меншiк иелерi арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, әрбiр үй-жайдың шекарасы болып табылады;
тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын үйдiң тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;
кондоминиум - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (жеке-дара) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестi меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiндегi (бұдан әрi - кондоминиум объектiсi) жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны;
үй-жайлар иелерiнiң кооперативi - көп пәтерлi тұрғын үйдегi (үйлердегi) үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кондоминиум объектiсiн басқару мақсатындағы коммерциялық емес бiрлестiгi;
тұрғын үйдi жалдау (жалға беру) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн ақы төлеттiрiп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
тұрғын үйдi жалдау (жалға беру) шарты - (жалға берушi) тұрғын үйдi не оның бiр бөлiгiн жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын осы шартқа сәйкес бередi;
жалға берушi - тұрғын үйдi жалдау шартындағы тұрғын үйдi меншiктенушi немесе меншiк иесi атынан iс-қимыл жасаушы болып табылатын тарап;
жалдаушы (жалға алушы) - тұрғын үйдi жалдау шартындағы тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн тұрақты немесе уақытша пайдалануға алушы тарап;
тұрғын үйдiң құны - тұрғын үйдiң мәмiле жасалған күнi белгiленетiн нарықтық құны;
коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;
уақытша тұрғындар - жалдаушы (тұрғын үйдiң меншiк иесi, тұрғын үй кооперативiнiң мүшесi) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн олардан ақы алмай, тұрғын үйде уақытша тұру құқығын берген азаматтар;
тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындар - тұрғын үйдi пайдалануға, оны ағымдағы және күрделi жөндеуден өткiзуге, сондай-ақ жер учаскесiн ұстауға қажет төлемдер қосындысы.
2. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар тастап кеткен, бос қалған пәтерлерге жеке меншiкте тұрған және жылжымайтын мүлiктер Орталығы есебiндегi иесiз меншiктерге қатысты әрекет етедi.
2. Осы Қағидалар иесiз тұрғын үйдi берудiң тәртiбiн, шартын және мерзiмiн анықтайды.
3. Осы Қағидалар уақытша өтеусiз тұрғын үйдi пайдалану туралы келiсiм-шарт (бұдан былай - Шарт) жасаудың негiзi болып табылады.
3. Иесiз тұрғын үй беруге болатын тұлғалардың санаты
4. Тастап кеткен, бос қалған, жекешелендiрiлген пәтерлер (бұдан былай - иесiз тұрғын үй) тұрғын үй алуға мұқтаж қазақстан Республикасының азаматтарына, тұрақты елдi жерде тұратын, аз қамтылған әлеуметтiк қорғалатын халық тобына жататын және мемлекеттiк үй қорының тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебiнде тұрғандарға берiледi.
5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан осындай тұрғын үй алу үшiн есепте тұрған мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымның қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және мемлекеттiк сайлау лауазымында айналысатын тұлғаларға берiледi;
6. Иесiз тұрғын үйдi алуға, тұрғын үйлерi, ерiктi жеке меншiктерi (тұрғын үйдi бөлу туралы шешiммен пайдалануға және иемденуге; жалға алу келiсiм-шарты) азаматтардың пәтер сұраған кезiнен бастап тұрғын үй мәртебесiн жоғалтқан, не тұрғын үй мәртебесiн жоғалтпаған, бiрақ тастанды, бос, сынған пәтерлер осы тұратын үйлердiң жалпы санынан 80 пайызын құраса ғана берiледi. Аталған үйлерден пәтерлерi бар тұлғаларға, егер де оларда басқа (олардың отбасы мүшелерiнде) жеке меншiкке (жалпы, үлестiк) жататын тұрғын-жай болмаса, иесiз тұрғын үй берiледi.
4. Иесiз тұрғын үйдi берудiң шарттары
7. Иесiз тұрғын үй осы қағиданың 3 тарауында көрсетiлгендей тұлғаларға Шарт бойынша уақытша пайдалануға берiледi.
8. Иесiз тұрғын үй анықталғанда және оған жайғастыру кезiнде оған техникалық жағдайы жөнiнде акт жасалады.
5. Иесiз тұрғын үйдi беру тәртiбi
9. Осы Қағиданың 3 тарауында көрсетiлгендей (тұрғын үй есебiнде иесiз болып анықталған) тұлғалардың жазбаша өтiнiшiмен иесiз тұрғын үй берiледi.
10. Иесiз тұрғын үйдi беруден бас тарту жағдайында мiндеттi түрде оның себептерiн жазбаша баяндау керек;
11. Иесiз тұрғын үй алуға үмiткер тұлғалар, өтінiшпен қоса (осы Қағиданың 9 тармағында көрсетiлгендей) соңғы тiркелген орнынан, қаланың коммуналдық қызметтерi алдында қарызы жоқ екенi туралы анықтама әкелуге мiндеттi.
12. Барлық анықтамалар мен керектi құжаттар ұсынылған жағдайда өтiнiш тұрғын үй комиссиясының отырысында қаралады.
13. Иесiз тұрғын үйдi уақытша өтеусiз пайдалануға беруге дейiн, тұрғын үй қаланың коммуналдық меншiктi есептеу мәселелерiмен айналысушы уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша (әрi қарай- уәкiлеттi орган) мемлекеттiк жылжымайтын мүлiктердi тiркеумен айналысатын органға иесiз тұрғын үй ретiнде есепке тұрғызылуы керек.
14. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу есебiнде тұрған, бiрақ та келiсiм-шартпен иесiз тұрғын үйде тұратын азаматтар сот шешiмi заң күшiне енiп, тұрғын үй қаланың коммуналдық меншiгiне айналғанша есептен алынбайды.
6. Иесiз тұрғын үйдi беру мерзiмдерi
15. Иесiз тұрғын үйдiң коммуналдық меншiк құқында екенiн мойындау туралы немесе тұрғын үй коммуналдық меншiктiң құқында емес екендiгi туралы сот шешiмi шыққанға дейiн, иесiз тұрғын үй бiр жыл мерзiмге берiледi (шарттық мiндеттемелер орындалған жағдайда, Шарт мерзiмдерi ұзартылады).
16. Сот шешiмi бойынша қаланың коммуналдық меншiк құқына қатысты емес деп табылған иесiз тұрғын үй өз меншiк иесiнiң пайдасына және иелiгiне қайта қабылдануы мүмкiн, немесе қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұрынғы сатып алу күшiне қарай меншiкке сатып алынады. Бұл жағдайда Шарт бiржақты бұзылады.
17. Тұрғын үй иесi пайда болған жағдайда, жалға беру шарты бойынша осы тұрғын үйде тұрып жатқан тұлғалар басқа иесiз тұрғын үй қолма-қол табылған жағдайда үйдi босатуға мiндеттi.
7. Мүлiктi коммуналдық меншiкке қабылдау салдары
18. Сот шешiмiнiң негiзiнде қаланың коммуналдық меншiкке кiрген тұрғын үйi, сонымен бiрге иесiз тұрғын үй, мемлекеттiк тұрғын үй қорының құрамына енгiзiледi.
19. Сот шешiмiнiң қаланың коммуналдық меншiкке кiрген иесiз тұрғын үйдiң Шарт бойынша тұрып жатқан тұлғалары, тұрғын үй аукционға қойылған жағдайда сатып алуға ниет етсе, егер де осы тұрғын үйдi жөндеп және сақтап ұстағанын растайтын тиiстi құжаттары бар болса және коммуналдық қызмет көрсету орындарына қарыздар болмаса артықшылық құқына ие болады.
8. Иесiз тұрғын үйлердi жалға алу келiсiм-шарты бойынша алған тұлғалардың құқы мен мiндеттерi
20. Иесiз тұрғын үй алған тұлғалар мынаған құқылы:
1) заңнама шеңберiнде айқындалған өз отбасы мүшелерiн алған үйiне тұрғызуға;
2) қайта жоспарлау мен қайта пiшiндеуге байланысты емес жаңарту жұмыстарын жүргiзуге;
3) коммуналдық қызметтердi пайдалануға.
21. Иесiз тұрғын үй алған тұлғалар мынаған құқылы емес:
1) 20 тармақтың 1 тармақшасында көрсетiлген жағдайдан басқа, тұрғын үйге өзге тұлғаларды тұрғызуға;
2) Шарт бойынша алған тұрғын үйдiң жағдайын төмендетуге;
3) қаланың коммуналдық қызмет орындарынан қарызын төлемей жалтаруға;
4) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатынсыз тұрғын үйдi қосымша жалдауға;
5) қолданылып жүрген заңнамалар мен осы қағиданың нормаларына немесе келiсiм-шарттың мiндеттемелерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге баруға.
22. Шарт бойынша тұрып жатқан тұлғалар мынаған мiндеттi:
1) Шарт жасаған немесе тұрғын үйде нақты тұра бастаған кезден бастап коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге;
2) үйдi күтiп ұстау бойынша жалпы шығыстарға қатысуға;
3) алған иесiз тұрғын үйдiң техникалық жағдайын құптауға;
4) уақытша өтеусiз пайдалануға берiлген тұрғын үйдiң Шартын бұзу туралы тарапты 30 күнтiзбелiк күн бұрын ескертуге.
9. Тұрғын үй алған тұлғалардың жауапкершiлiгi
23. Тұрғын үйдi Шарт бойынша алған тұлғалар осы қағиданың нормалары мен Шарттың мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, мұндай Шарт бiр жақты бұзылады.
Екiбастұз қаласы
әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 3 маусымдағы
"Тұрғын үй комиссиясы туралы"
N 328/6 қаулысымен
бекiтiлген
Екiбастұз қаласының тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу жөнiндегi қалалық тұрғын үй комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қалалық тұрғын үй комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiн, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1 Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға беру және пайдалану тәртiбi туралы" N 1292 қаулысын, осы Ереженi және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк - құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.
3. Комиссия Екiбастұз қаласының тұрғын үй қорын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк тұрғын үйдi бөлу және иесiз қалған тұрғын үйдi анықтау және оған уақытша адам кiргiзу үшiн құрылды.
2. Комиссияның мақсаты мен негiзгi мiндеттерi
4. Комиссияның негiзгi мақсаты Екiбастұз қаласының азаматтарының әлеуметтiк - тұрғын үй мәселелерiн шешу.
5. Екiбастұз қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй бөлуге, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз қамтылған бөлiгiне жататын азаматтардың, сондай-ақ бюджеттiк ұйымдардың тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерiнiң, әскери қызметшiлердiң және мемлекеттiк сайлану лауазымымен айналысатын тұлғалардың мәселелерiн қарау - Комиссияның негiзгi мiндетi болып табылады.
6. Тұрғын үйдi бөлу Комиссия шешiмi негiзiнде жергiлiктi атқару органының қаулысымен ресiмделедi.
3. Комиссияның негiзгi функциялары
7. Комиссия белгiленген заңнама тәртiбiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз қамтылған топтарына жататын азаматтардың ұсынылған есепке қою туралы өтiнiштерiн қарайды және тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу туралы оларға ұсыныс мазмұнындағы қорытынды шығарады;
2) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан (қайта пайдалануға кiргiзiлген, не тұрушылардан босатылған), немесе иесiз пәтерлер санынан "Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгi тiркеу қызметi комитетiнiң Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" Екiбастұз филиалында есепке тұрғызылған, тұрғын үйдi беру мәселелерiне ұсыныс кiргiзедi.
4. Комиссияның құқы мен жауапкершiлiгi
8. Белгiленген заңнама тәртiбiнде жүктелген басты мiндетiн және атқаратын қызметiн жүзеге асыру үшiн Комиссия мынаған:
1) Комиссияның құзырына кiретiн мәселелер бойынша қаланың мемлекеттiк мекемелерiнен, ұйымдарынан қажеттi ақпарды сұрауға;
2) қызмет барысында мамандарды, сарапшыларды және басқа тұлғаларды осы және басқа мәселелердi шешу үшiн тартуға;
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес басқа да билiктi жүзеге асыруға құқылы.
9. Комиссия өз қызметi барысында жергiлiктi атқару органының алдында жауапты.
5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
10. Комиссия құрамында төрағасы (қала әкiмiнiң орынбасары), төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi және комиссия хатшысы құрылады.
11. Комиссия құрамындағы өзгерiстер Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi.
12. Комиссияны комиссия қызметi жұмысын ұйымдастыратын және басшылық жасайтын, Комиссияға жүктелген мiндеттерге жеке жауапты болатын және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын, өз құзыры аясында Комиссияның барлық мүшелерiне қатысты тапсырмалар мен нұсқаулар беретiн, Комиссия мәжiлiсiн жүргiзетiн, Комиссия хаттамасына қол қоятын Төраға басқарады.
13. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн құрастырады;
2) Комиссия мүшелерi мен шақырылғандардың келуiн және комиссия шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың және басқа мүдделi тұлғалардың жұмысын үйлестiредi;
4) Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын жүргiзедi және жасайды.
14. Комиссия мүшелерi комиссия жұмысына қатысады, өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға жауапкершiлiктi атқарады.
15. Комиссия мәжiлiсi жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде (айына бiр реттен кем емес) өткiзiледi, әрi ол комиссия мәжiлiсiнде қабылданады және төрағамен бекiтiледi.
Егер де мәжiлiсте Комиссияның құрамы ең аз дегенде 2/3 қатысса, Комиссия қорытындысы құқықты деп есептелiнедi.
16. Мәжiлiске қатынасқан мүшелерiнiң жалпы саны есебiнiң нәтижесiмен Комиссия қорытынды шығарады.
Тең дауыста төраға дауысы шешушi дауыс болып табылады.
17. Комиссия мәжiлiсi хаттамалармен ресiмделедi.
18. Комиссия мүшелерi өзгеше пiкiрде болуға құқықты, егер де ол айтылған жағдайда, хаттамаға кiргiзiлуi керек, жазбаша түрде баяндалып және Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына қоса тiркелуi қажет.
19. Егер де шұғыл шешiм (отырыс) қабылдау қажет болса, Комиссия төрағасының ұсынысымен кезектен тыс Комиссия мәжiлiсi өткiзiлуi мүмкiн.
Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 3 маусымдағы
"Қалалық тұрғын үй
комиссиясы туралы"
N 328/6 қаулысына
1 қосымша
Қалалық тұрғын үй комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Көшiмбаев |
- қала әкiмiнiң жедел шаруашылық мәселелерi |
Смаилов |
- "Екiбастұз қаласының коммуналдық меншiк |
Сейiтжапарова |
- "Екiбастұз қаласының коммуналдық меншiк |
Комиссия мүшелерi: | |
---|---|
Базылов |
- "Екiбастұз қаласы әкiмiнiң аппараты" |
Жұмадiлова |
- "Екiбастұзкоммунсервис" мемлекеттiк |
Кашигина |
- "Екiбастұз қаласы әкiмiнiң халықты |
Рамазанов |
- қалалық мәслихат депутаты, |
Дзеитов |
- Екiбастұз қалалық мәслихаты тексеру |