Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009.07.27 N 191/7 қаулысымен.
Мемлекеттiк қаражатты үнемдеу және тиiмдi пайдалану мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Өкiлеттiк шығындарға қарастырылған қаражатты пайдаланудың Ережесi және өкiлеттiк шығындардың нормасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Н.П. Насоноваға жүктелсiн.
Аудан әкiмi М. Көбенов
Аудан әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 24 наурыздағы
"Өкiлеттiк шығындарға
қарастырылған қаражатты пайдалану
Ережесiн және өкiлеттiк шығындардың
нормасын бекiту туралы" N 68/4
қаулысымен БЕКIТIЛДI
Өкiлеттiк шығыстарға қаражатты пайдалану
Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер өкiлеттiк шығындарға қаражатты бөлудiң және пайдаланудың ретiн белгiлейдi.
2. Өкiлеттiк шығындар - бұл тиiстi қаржы жылына аудан бюджетiнде қарастырылған қаражат және бұл шет елдiк делегацияларды қабылдауға, мәжiлiстер, семинарлар, мейрамдық және ресми шараларды өткiзуге бөлiнедi.
Өкiлеттiк шығындарға мынадай шығындар жатады:
1) ресми түскi, кешкi тамақ беру және фуршеттер;
2) сувенирлер, естелiк сыйлықтар сатып алу;
3) автокөлiкпен қызмет көрсету;
4) аудармашылардың көрсеткен қызметiне төленетiн төлем;
5) шараларды өткiзу үшiн жайларды жалға алу.
2. Өкiлеттiк шығындарға қаражатты бөлудiң
және пайдаланудың ретi
3. Өкiлеттiк шығындарға жергiлiктi бюджеттен қаражатты бөлу аудан әкiмi өкiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
4. Өкiлеттiк шығындарға қаражат бөлу туралы құқықтық актiнi әзiрлеу үшiн негiздеме болып келесi құжаттар танылады:
1) шараларды өткiзу қажеттiлiгiнiң негiздемесi;
2) ресми делегацияларды қабылдау бағдарламасы;
3) шараларды әзiрлеу жоспары;
4) қатысушылардың саны туралы деректер;
5) әр шығындардың баптары бойынша тиiстi есептерi көрсетiлген шығындар сметасы;
6) шығындар сметасы бойынша қаржы органының берген қорытындысы.
Автокөлiк қызметiн, сувенирлердi, естелiк сыйлықтарды сатып алуды, жайларды жалға алуды жоспарлаған жағдайда растау құжаттары (шығындар калькуляциясы, реквизиттер және басқа да деректер) ұсынылады.
3. Есеп беру
5. Бағдарламаның әкiмгерi тиiстi қаржы органына, өкiлеттiк шығындарға бөлiнген қаржыны пайдалану жөнiнде шаралар өткiзiлгеннен кейiн 10 күннiң ағымында есеп бередi.
Өкiлеттiк шығындарға бөлiнген мемлекеттiк қаражатты мақсатты пайдалануға жауапкершiлiк бағдарламаның әкiмгерiне жүктеледi.
Аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы
24 наурыздағы "Өкiлеттiк шығындарға
қарастырылған қаражатты пайдалану
Ережесiн және өкiлеттiк шығындардың
нормасын бекiту туралы" N 68/4
қаулысымен БЕКIТIЛДI
Өкiлеттiк шығындардың нормасы
N |
Шығындардың атауы |
Бағасы теңгемен |
1. |
Ресми өткiзiлетiн түскi, кешкi астарға шығатын шығындар (делегациялар үшiн бiр адамға, бiр күнге есептегенде) |
3000 |
2. |
Мәдени бағдарламаның шаралары, келiссөз кезiндегi буфеттiк қызмет көрсету |
650 |
3. |
Делегацияны қабылдайтын мемлекеттiк органның штатында тұрмайтын аудармашының еңбекақысын төлеу (сағат) |
350 |
4. |
Көлiк шығының төлеу |
600 |
Ескерту:
Ресми өткiзiлетiн түскi, кешкi астарға қатысатын жергiлiктi мекемелердiң қызметшiлерiнiң саны шет ел делегациясының санынан аспауы қажет.
Делегация құрамының саны 5 адамнан жоғары болған жағдайда делегацияға iлесiп жүретiндердiң және аудармашының саны делегацияның 5 мүшесiне 1 аудармашыдан кем болмауы тиiс.