Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 388 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 7 бабына сәйкес III-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. "Алматы қаласында тұрғын үй жәрдемiн көрсету көлемi мен тәртiбi туралы" 2003 жылғы 16 қыркүйектегi II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ХХVII-сессиясының шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Шешiмнiң айдарындағы "Ереже" сөзi, шешiмнiң 1 тармағы мен шешiмге қосымшаның айдарындағы "Ереже" сөзi "Тәртiп" сөзiмен ауыстырылсын, бұдан әрi мәтiн бойынша.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау әлеуметтiк мәселелер және денсаулық сақтау жөнiндегi тұрақты комиссияға (Е.Б.Тәжиев), Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.
III-сайланған Алматы
қаласы Мәслихатының
VIII-сессиясының төрағасы
III-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы