2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 6/12-1 бірлескен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 18 мамырда N 1246 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі N 27 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.09.26 N 27 Шешімімен

      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы  Заңының 13 бабына сәйкес және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 1363  Жарлығын жүзеге асыру мақсаттарында облыстық мәслихат пен облыс әкімі  ШЕШТІ :

      1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2004 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

      2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Петропавл қаласы мен аудандар әкімдеріне:
      1) аудандар мен қаланың жергілікті өкілетті органдарымен бірлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін; 
      2) аудандық және қалалық шақыру комиссиясының құрамы және шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін;
      3) шақыру комиссиясының жұмысы үшін әскери комиссариаттар үй-жаймен қамтамасыз етілсін;
      4) шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшін азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келулері қамтамасыз етілсін, осы мақсаттар үшін құлақтандыру және әскерге шақырылғандарды іздестіру тобы бөлінсін;
      5) қажетті санда техникалық қызметкерлер мен көлік бөлінсін;
      6) көрсетілген іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар көрсетілген іс-шараларға бөлінген ассигнация шегінде жергілікті бюджет есебінен іске асырылсын.
      4. Денсаулық сақтау департаментіне:
      1) Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссиясының жұмысы қамтамасыз етілсін;
      2) шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі комиссия дәрігер-мамандармен, әсіресе тар саладағы мамандармен жинақталсын;
      3) шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көзделсін.
      5. Ішкі істер басқармасына:
      1) шақыру комиссиясының құрамына Петропавл қаласының басшылығы және аудандық ішкі істер бөлімі құрамынан лауазымды тұлғалары енгізілсін;
      2) азаматтарды шақыру кезеңінде әскери комиссариатпен байланысты әрекеттер ұйымдастырылсын, шақыру пункттерінде тәртіп пен тәртіптілік қамтамасыз етілсін;
      3) шақырту кезеңінде облыстық жинау пунктінде тәулік бойы кезекшілік ететін полиция наряды бөлінсін, темір жол стансасы, жас толықтырушыларды әскерге жинау және аттандыру орындарына күшейтілген нарядтарды бөлу қамтамасыз етілсін;
      4) азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізілсін, шақырудан жасырынып қалуға жол берілмесін.

      6. Петропавл қаласының әкімі облыстық жинақтау пунктінде шақырылушыларды азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларды сатуды ұйымдастырсын.

      7. Мәдениет департаменті шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.

      8. Туризм және спорт басқармасы облыстық жинақтау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру ұйымдастырсын. 

      9. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В. Развинге жүктелсін.

      Облыстық мәслихаттың
      VІ сессиясының төрағасы

      Облыс әкімі

Облыстық мәслихат пен облыс әкімінің
"2004 жылдың сәуір-маусымында 
және қазан-желтоқсанында облыс 
аумағындағы Қазақстан Республикасының
азаматтарын мерзімді әскери қызметке 
шақыруды ұйымдастыру туралы"
2004 жылғы 15 сәуірдегі
N 6/12-1   бірлескен шешіміне
қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

РАЗВИН
Сергей Владимирович

комиссия төрағасы, облыс әкімінің
орынбасары

АМАНГЕЛДИЕВ
Талғат Бекмұратұлы

комиссия төрағасының орынбасары,
облыстық әскери комиссар


Комиссия мүшелері:

КРИВОШЕЕВА
Зоя Ивановна

облыстық аурухананың медбибісі,
комиссия хатшысы

МАҒЗҰМОВ
Азамат Белгібайұлы

денсаулық сақтау департаменті
бастығының орынбасары

РУДЫЙ
Петр Васильевич

облыстық әскери комиссариаттың
дәрігер-терапевті, медициналық
комиссияның төрағасы

СҰЛТАНОВ
Талғат Дүйсенұлы

облыстық ішкі істер басқармасы
бастығының орынбасары

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре декабре 2004 года

Совместное решение Северо-Казахстанского областного Маслихата и Акима области N 6/12-1 от 15 апреля 2004 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 18 мая 2004 года N 1246. Утратило силу - решением акима Северо-Казахстанской области от 26 сентября 2011 года N 27

      Сноска. Утратило силу - решением акима Северо-Казахстанской области от 26.09.2011 N 27

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 30 марта 2004 года N 1326 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной военной службы, выслуживших установленный срок военной службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2004 года" и в соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 19 января 1993 года "О всеобщей воинской обязанности и военной службе" областной маслихат и аким области РЕШИЛИ:

      1. Организовать призыв на срочную военную службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2004 года граждан мужского пола, которым ко дню призыва исполнилось 18 лет, не имеющих право на освобождение или отсрочку от призыва на срочную военную службу, а также граждан, утративших право на отсрочку от призыва.

      2. Утвердить состав областной призывной комиссии согласно приложению.

      3. Акимам районов и города Петропавловска:
      1) совместно с местными представительными органами районов и города через военные комиссариаты организовать и обеспечить проведение призыва на срочную военную службу;
      2) утвердить составы районных и городских призывных комиссий, и графики проведения призыва;
      3) обеспечить военные комиссариаты помещениями для работы призывных комиссий;
      4) обеспечить организованную явку граждан в военные комиссариаты для прохождения призывной комиссии и отправки в войска, выделить для этих целей группы оповещения и розыска призывников;
      5) обеспечить автомобильным транспортом и выделить необходимое количество технических работников;
      6) расходы, связанные с выполнением указанных мероприятий, осуществить за счет местных бюджетов в пределах, выделенных на указанные мероприятия ассигнований.

      4. Департаменту здравоохранения: 
      1) обеспечить работу медицинской комиссии на областном сборном пункте в городе Петропавловске;
      2) укомплектовать комиссии по медицинскому освидетельствованию призывников врачами-специалистами, особенно врачами узких специальностей;
      3) предусмотреть места в лечебно-профилактических учреждениях для медицинского обследования граждан направленных призывными комиссиями.

      5. Управлению внутренних дел области: 
      1) ввести в состав призывных комиссий должностных лиц из числа руководящего состава управления города Петропавловска и районных отделов внутренних дел;
      2) организовать взаимодействие с военными комиссариатами в период призыва граждан, обеспечить порядок и дисциплину на призывных пунктах;
      3) выделить наряд полиции на круглосуточное дежурство на областном сборном пункте на период призыва, обеспечить выделение усиленных нарядов на железнодорожную станцию, на места сбора и отправки молодого пополнения в войска;
      4) осуществлять контроль за явкой граждан на призывные пункты, пресекать попытки уклонения от призыва.

      6. Акиму города Петропавловска на областном сборном пункте организовать продажу продовольственных и промышленных товаров.

      7. Управлению культуры организовать на призывных пунктах выступления коллективов художественной самодеятельности и демонстрацию кинофильмов по военно-патриотической тематике.

      8. Управлению туризма и спорта организовать на областном сборном пункте проведение спортивно-массовых мероприятий, проверку физической подготовленности призывников.

      9. Контроль за исполнением решения возложить на заместителя акима области Развина С.В.

      Председатель VI сессии  
      областного маслихата

      Аким области

Приложение                
       к совместному решению          
      N 6/12-1 от 15 апреля 2004 г.      
      областного маслихата и акима области   
"Об организации призыва граждан     
      Республики Казахстан на срочную     
      военную службу на территории      
       области в апреле-июне и        
      октябре-декабре 2004 года"       

  СОСТАВ
      областной призывной комиссии:

РАЗВИН
Сергей Владимирович

председатель комиссии,заместитель акима области

АМАНГЕЛЬДИЕВ Талгат Бекмуратович

заместитель председателя комиссии, областной военный комиссар


Члены комиссии

КРИВОШЕЕВА
Зоя Ивановна

секретарь комиссии, медсестра областной больницы

МАГЗУМОВ
Азамат Бельгибаевич

заместитель начальника департамента здравоохранения

РУДЫЙ
Петр Васильевич

врач-терапевт областного военного комиссариата, председатель медицинской комиссии

СУЛТАНОВ
Талгат Дюсенович

заместитель начальника областного управления внутренних дел