Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.04.16 N 432 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабы 14-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247 заң күші бар Жарлығының
20-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедек-теріне әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін беру Ережесі бекітілсін.
2. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі алушылардың жеке шоттарына қаражат аударумен әлеуметтік көмек тағайындалуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімшілігінің 2007.06.14 N 750 Қаулысымен.
3. Петропавл қаласының қаржы бөлімі қала бюджетінде бекітіліп бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласының әкімшілігінің 2007.06.14 N 750 Қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
Қала әкімі В.Никандров
Қала әкімдігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне әлеуметтік жеңілдіктердің
жекелеген түрлерін беру Ережелерін
бекіту туралы" N 549 қаулысымен
бекітілген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне
әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін беру
Ережелері
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін алуға құқылы.
2. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласының әкімшілігінің 2007.06.14 N 750 Қаулысымен.
3. Монша мен шаштаразға баруға арналған әлеуметтік көмектің мөлшері Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара ретінде ай сайын 230 теңге сомада белгіленсін.
Әлеуметтік көмекті тағайындау барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
4. Әлеуметтік көмек алу үшін Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді мынадай құжаттар әкеліп тапсыру қажетті: белгіленген үлгідегі өтініш, Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі туралы куәлігінің көшірмесі, жеке шотына зейнетақысы аударылатын жинақ кітапшасы, зейнеткерлік кітапшасы, жеке басының куәлігі.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласының әкімшілігінің 2007.06.14 N 750 Қаулысымен.
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті төлеу, заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жасаған, алушылардың тізіміне сәйкес жеке шоттарына қаражаттар аударылып жүргізіледі.<*>
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің 2005.03.27 N 353 Қаулысымен.