Облыс әкімиятының жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 310 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 12 ақпанда N 1642 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17-наурыздағы N 253 қаулысын , "Азаматтық форумға қатысушылардың 2003 жылғы 3-қарашадағы N 16-24.149 Астана қаласында 2003 жылғы 15-қазандағы айтқан ұсыныстары және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарын" іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс әкімиятының жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес).

      2. Қоса берілген облыс әкімиятының жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Ішкі саясат департаменті (Данияров Б.К.) Кеңестің дербес құрамы бойынша облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыныс енгізсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Облыс әкімі

Шығыс Қазақстан
облысы әкімиятының
2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 310 қаулысына қосымша

Облыс әкімиятының жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен
өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес туралы

Ереже

1. Жалпы ереже

      1. Облыс әкімиятының жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік кеңес беру органы болып табылады.
      2. Өз жұмысында Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын , Заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңестің төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 29-бабына сәйкес бекітіледі.

2. Кеңестің мақсаты мен міндеті

      4. Кеңестің мақсаты-облыстың үкіметтік емес ұйымдарының дамуына жәрдемдесу мен үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдардың өзара әрекет жасау жүйесін жетілдіру.
      5. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кешенді өңірлік саясатты қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау және басымдықты анықтау;
      2) үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастыру-техникалық, ақпараттық, әдістемелік, кеңес беру кешендік жүйесін әзірлеуге жәрдемдесу;
      3) үкіметтік емес ұйымдармен жергілікті атқарушы органдарының өзара әрекет жасау мен қарым-қатынас жүйесін жетілдіру;
      4) облыс әкіміне ұсыныстар дайындау, Кеңестің құзыретіне кіретін проблемалар жөнінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және азаматтардың ұсыныстарын қарау;
      5) бағдарламалық құжаттар мен әлеуметтік маңызды жобаларды қарауға және дайындауға қатысу;
      6) облыстың үкіметтік емес ұйымдарының ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыруға, үкіметтік емес сектор проблемалары жөнінде ғылыми зерттеулерді жүргізуге жәрдемдесу;
      7) үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс аспектілеріне толық көрініс беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет жасау;
      8) үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын, азаматтардың өтініштерін қарау;
      9) үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына арналған семинар, кеңестерге, конференцияларға қатысу, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату болып табылады.

3. Кеңестің өкілеттілігі

      6. Кеңес өз құзыретінің шегінде:
      1) өз мәжілістеріне жергілікті өкімет органдарының өкілдерін шақыруға;
      2) жергілікті өкімет органдарынан үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты ақпаратты сұрауға;
      3) бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, Кеңестің отырыстарын дайындауға үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның кәсіби дайындалған және штаттан тыс беделді сарапшыларын өкіл ретінде шақыруға;
      4) мемлекеттік органдарға және қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы әдістемелік, талдау, статистикалық және басқа ақпараттық материалдарды жіберуге;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары, азаматтардан түскен өтініштердің қаралған жиынтығы жөнінде Кеңес лайықты атқарушы органына материалдарды қарауға және лауазымды адамдарға нақтылы шешім қабылдау үшін жіберуге құқылы.

4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

      7. Кеңес төрағадан, екі орынбасардан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен тұрады.
      8. Төраға Кеңестің мәжілісін өткізеді және Кеңестің шешімдеріне және басқа құжаттарына қол қояды, мәжіліске енгізілетін мәселелерді анықтайды, басқа ұйымдастыру-реттеуші міндеттерді атқарады. Кеңестің төрағасы жоқ болған уақытта оның міндетін орынбасарының бірі атқарады.
      9. Кеңестің кезекті мәжілісін дайындауды Кеңестің хатшысы қамтамасыз етеді, Кеңес мүшелерін құлақтандырады, іс-қағаздарын жүргізеді. Кеңес хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
      10. Кеңес мәжілісі жартыжылда бір реттен жиі емес өткізіледі. Егерде оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 мүшесі қатысса Кеңестің мәжілісі өтті деп есептелінеді.
      11. Кеңес мүшелерінің қаралып жатқан мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар енгізуге, ескертулер жасауға, аудандық әкімияттар, облыстық басқармалар және ұйымдармен өзара әрекет жасауға құқығы бар.
      12. Кеңес шешімі ұсыныс беру сипатында болып табылады.
      13. Кеңес мүшелері мәжіліске қатысу өкілеттілігін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.
      14. Кеңес мәжіліске қатысып отырған Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      15. Кеңестің дербес құрамы жыл сайын қайта қаралып отырылады.

      ШКО ішкі саясат
      Департаментінің директоры

О Совете по взаимодействию с неправительственными организациями при акимате области

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 9 января 2004 года N 310. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 февраля 2004 года за N 1642. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 8 июня 2009 года N 91

       Сноска. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 08.06.2009 N 91.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148-II "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и в целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2003 года N 253 "О Программе государственной поддержки неправительственных организаций Республики Казахстан на 2003-2005 годы", "Плана мероприятий по исполнению поручений Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева и предложений участников, высказанных на Гражданском форуме 15 октября 2003 года в г. Астане" от 3 ноября 2003 года N 16-24.149 Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Образовать Совет по взаимодействию с неправительственными организациями при акимате области (далее - Совет).

      2. Утвердить прилагаемое положение о Совете по взаимодействию с неправительственными организациями при акимате области.
      3. Департаменту внутренней политики (Данияров Б.К.) внести предложение по персональному составу Совета в областной маслихат на утверждение.
      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима области Гречухина А.В..
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации.

      Аким области

Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 9 января 2004 года N 310

Положение
о Совете по взаимодействию с неправительственными организациями
при акимате области
 

1. Общие положения

      1. Совет по взаимодействию с неправительственными организациями (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом при акимате области.
      2. В своей деятельности Совет руководствуется Конституцией , Законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      3. Председателем Совета является заместитель акима области. Персональный состав Совета утверждается в соответствии со ст. 6 и  ст. 29 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" маслихатом Восточно-Казахстанской области.
 

2. Цели и задачи Совета

      4. Цель Совета - содействие развитию неправительственных организаций области и совершенствование системы взаимодействия неправительственных организаций и государственных органов.
      5. Основными задачами Совета являются:
      1) определение приоритетов и выработка рекомендаций для формирования комплексной региональной политики по взаимодействию с неправительственными организациями;
      2) содействие в разработке комплексной системы консультативной, методической, информационной, организационно-технической поддержки неправительственных организаций;
      3) совершенствование системы сотрудничества и взаимодействия местных исполнительных органов с неправительственными организациями;
      4) рассмотрение предложений государственных органов, неправительственных организаций и граждан по проблемам, входящим в компетенцию Совета, подготовка рекомендаций акиму области;
      5) участие в подготовке и рассмотрении социально значимых проектов и программных документов;
      6) содействие проведению научных исследований по проблемам неправительственного сектора, формирование информационной базы данных неправительственных организаций области;
      7) взаимодействие со средствами массовой информации с целью более полного отражения аспектов деятельности неправительственных организаций;
      8) рассмотрение обращений граждан, сообщений средств массовой информации, касающихся деятельности неправительственных организаций;
      9) сотрудничество с международными организациями, участие в конференциях, совещаниях, семинарах, посвященных деятельности неправительственных организаций.
 

3. Полномочия Совета

      6. Совет в пределах своей компетенции вправе:
      1) приглашать на свои заседания руководителей местных органов власти;
      2) запрашивать информацию, касающуюся деятельности неправительственных организаций в местных органах власти;
      3) приглашать в качестве внештатных экспертов авторитетных и профессионально подготовленных представителей общественности, неправительственных организаций для участия в подготовке заседаний Совета, разработки программных документов;
      4) направлять статистические, аналитические, методические и иные информационные материалы о деятельности неправительственных организаций в государственные органы и общественные объединения;
      5) по итогам рассмотрения поступивших обращений граждан, сообщений средств массовой информации Совет может направлять материалы на рассмотрение соответствующего местного исполнительного органа или должностных лиц для принятия ими решения по существу.
 

4. Организация работы Совета

      7. Совет состоит из председателя, двух заместителей, секретаря и членов Совета.
      8. Председатель проводит заседания и подписывает решения и другие документы Совета, определяет вопросы, вносимые на заседания, выполняет иные организационно-распорядительные функции. Во время отсутствия председателя Совета его функции выполняет один из заместителей.
      9. Секретарь Совета обеспечивает подготовку очередного заседания Совета, оповещает членов Совета, ведет делопроизводство. Секретарь Совета не имеет права голоса.
      10. Заседания Совета проводятся не реже одного раза в полугодие. Заседание Совета считается состоявшимся, если в нем приняло участие не менее 2/3 от общего числа членов Совета.
      11. Члены Совета имеют право принимать участие в обсуждении рассматриваемых вопросов, вносить предложения, замечания, взаимодействовать с акиматами городов и районов, областными управлениями и организациями.
      12. Решения Совета носят рекомендательный характер.
      13. Члены Совета не имеют права делегировать полномочия по участию в заседании другим лицам.
      14. Совет принимает решения простым большинством голосов от числа присутствующих на заседании членов Совета. При равенстве голосов голос председательствующего является решающим.
      15. Персональный состав Совета пересматривается ежегодно.

      Директор Департамента
      внутренней политики ВКО