Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2010.04.16 N 23/6 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi N 339-II Заңының 10 бабына сәйкес, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 311 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 6 бабының 8 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТI:
1. "Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесi" бекiтiлсiн (қосымша).
2. Қалалық мәслихаттың 1996 жылғы 12 сәуiрдегi "Өскемен қаласындағы иттер, мысықтар және жыртқыш жануарларды ұстау Ережесi" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың
2004 жылғы 08 сәуірдегі
N 5/10 шешiмiне
қосымша
Өскемен қаласындағы иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже қала аумақтарында иттерi мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға таратылады, бұдан әрi мәтiн бойынша "Иеленушi".
2. Иттерi, мысықтары бар иеленушiлер жалпы пайдаланудағы орындарды осы жануарлармен ластауға жол бермеудi (олардың артынан мiндеттi түрде жинау), санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен оларды ұстау ережелерiн қатаң сақтауға, сондай-ақ адамдардың қауiпсiздiгiн мiндеттi түрде қамтамасыз етуге, үйде сағат 23-00-ден 7-00-ге дейiн тыныштықты қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. 2 тармақта көрсетiлген талаптарды сақтау кезiнде, ұстауға рұқсат етiледi:
1) жеке үйлерде иттер-тек қана жақсы қоршалған аумақтарда, иттiң бар екендiгi туралы кiреберiсте ескертетiн жазу болу керек;
2) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызмет рұқсатымен балалар мен жасөспiрiмдер мекемелерiнде, жазғы және қысқы сауықтыру санитарлық-курорттық мекемелерде (санаториялар, демалу орындары, пансионаттар) "зообұрыштарда", "тiрi бұрыштарда" иттер, мысықтар мен басқа жануарлар;
3) мекемелер мен ұйымдардағы күзет иттердi тек қана байлауда немесе вольерлерде;
4) тыйым салынатын жазулар жоқ болса, мекемелерде, азық-түлiк емес дүкендерде, поштада тұмылдырықпен және қысқа баулы итпен иесi болса рұқсат етiледi.
4. Қалалық көлiктерде иттер мен мысықтарды тасымалдау жолаушыларды мазаламау шартымен жүзеге асырылуы керек. Жануарлар не тұмылдырықта, не арнайы бөлiктерде, қолдорбаларда болу керек.
5. Қоғамдық орындарда иттердi адамдар ертiп жүрмесе (көшелерде, аула аумақтарында, бақтарда, саябақтарда және басқа жерлерде) иелерi байлауда қалдырғандардан басқасы, қаңғып жүрген деп есептелiп, қаңғыбас кезбе және өлген жануарлар өлексесiн жинау және 5 тәулiк iшiнде оларды вольерлерде ұстау бойынша арнайы мекемемен мiндеттi түрде ұстауға жатады.
Бес тәулiк iшiнде иттердiң иелерi жануарларды қайтарып алу үшiн қаңғыбас кезбе жануарларды ұстау бойынша арнайы мекемеге немесе "Өскемен қаласының көрiктендiру басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне хабарласа алады.
2. Иттер мен мысықтар иелерiнiң мiндеттерi
6. Жануарлардың иелерi мiндеттi:
1) сатып алған кезден бастап екi апта мерзiмiнде өз жануарларын, әсiресе күрескер тұқымдас иттердiң (америкалық питбультерьер, америкалық стаффордширский терьер, бультерьер, америкалық бульдог) иелерi Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң қалалық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекция бөлiмiне өз жануарларын тiркеуге;
2) жануарларға жүйелi егудi жүргiзуге;
3) итпен келтiрiлген жарақаттар туралы, ит тiстеп алған жағдайда медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық станцияларға тез хабарлауға;
4) адамдар мен жануарларды тiстеген немесе оларға жарақаттану келтiрген иттердi, қарау және карантиндiк iс-шаралар қолдану үшiн қалалық ветеринарлық станцияларға тез жеткiзуге;
5) көшелерде итпен тек қана қысқа баумен, үлкен ит болса-тұмылдырықпен өтуге;
6) пайдалануында жер учаскесi бар болған жағдайда жақсы қоршалған аумақта иттердi еркiн немесе байлауда қыдыртуына. Иттiң бар екенi туралы учаскеге кiретiн жерде тиiстi ескертетiн жазу болуы керек;
7) иесi жануарды оның биологиялық қажеттiлiгiне сай ұстауға, онымен дұрыс қарым-қатынас жасауға, қараусыз, тамақ пен сусыз қалдырмауға, ал ауырса-уақытында ветеринарлық көмек көрсетуге мiндеттi;
8) аулаларды, кiреберiстердi, баспалдақ бөлiктерiн, лифттердi, балалар алаңдарын, жолдарды, жаяусоқпақтарды, саябақтарды, бақтарды, демалыс орындарын ластамау, ал ластаған жағдайда-арнайы бейiмдеу көмегiмен (пакет, қалақша) мiндеттi түрде жинауды жүзеге асыруға;
9) жануарды одан әрi ұстау мүмкiндiгi болмаса, басқа адамға беру немесе ветеринарлық мекемеге өткiзуiне;
10) жануар өлiп қалса, оның өлексесiн ветеринарлық немесе қаңғыбас кезбе және өлген жануарлар өлекселерiн жинау бойынша арнайы мекемеге өткiзуге.
7. Жануарлар иелерiне тыйым салынады:
1) жануарларды балалардың аула алаңдары, балалардың мектепке дейiнгi мекемелерi, мектептер мен оқу орындары, денсаулық сақтандыру нысандары, спорт алаңдары, бақтар, сутартқылар мен қалалық жағажай аумақтарында қыдыртуға;
2) мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға қоғамдық орындарда жануарларды қыдыртуға және олармен көлiкке отыруға тыйым салынады;
3) жануарларды қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына, сауда және азық-түлiк дүкендерiнiң өндiрiс залдарына әкелу мен ұстауға;
4) жалпы қолдану орындарында, кiреберiстерде, баспалдақ бөлiктерi мен төбелерде, жертөлелерде, жатақханалардың дәлiздерiнде жануарларды ұстауға;
5) Өскемен қаласының аумақтарында иттер күресiн өткiзуге;
6) жануарлардың ветеринарлық анықтамалары мен құжаттары (төлқұжат, күшiктеу картасы, тұқымының сертификаты) жоқ болса, белгiленген орындардан басқа жерде күшiктер мен иттер, мысықтарды сатуға;
7) өлген жануарлар өлексесiн тастауға немесе өз еркiмен көмуге.
3. Жануар иесiнiң құқы
8. Кез келген жануар иесiнiң меншiгi болып табылады, басқа меншiк сияқты заңмен қорғалады.
9. Жануар құтырық ауруымен ауырған жағдайдан басқа кезде, иесiнен оның келiсiмiмен ғана алынады.
10. Иесi итiн шектеулi уақытқа дүкен немесе басқа мекеме жанында (үлкен иттi-тұмылдырықта) қысқа баумен байлаулы қалдыруға құқы бар.
4. Осы ережелердi сақтамағаны үшiн жануар иесiнiң
жауапкершiлiгi
11. Иеленушi ветеринарлық-санитарлық iс-шараларды сақтамағаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық Кодексiнiң 310 бабына сәйкес жауап бередi.
12. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн жануарлар иелерi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық Кодексiнiң 311 бабына сәйкес жауап бередi.
13. Жануарлармен қатыгез қарым-қатынасы үшiн олардың өлiмiне немесе мертiгуiне әкеп соқса, иесi Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң 276 бабына сәйкес қылмыстық жауап бередi.
5. Иттер мен мысықтарды ұстау ережелерiн қамтамасыз ету бойынша
тұрғын үй кооперативтерiнiң, пәтерлер иелерiнiң
кооперативтерiнiң, кондоминиумдардың мiндеттерi
14. Тұрғын үй кооперативтерi, пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi, кондоминиумдар мiндеттi:
1) пәтерлер иелерiнiң кооперативтерiне, тұрғын үй кооперативтерiне, кондоминиумдарға бекiтiлген аумақтарда немесе кооперативтер маңындағы құрылған белгiлермен құрылыстардан босатылған шағын аудандар (мақалада) аумақтарында иттердi қыдырту үшiн орындар белгiлеуге;
2) иттердi қыдыртуға белгiленген, аула аумақтарының санитарлық жағдайын ұстауға;
3) жануарлар кiрiп кетпеу үшiн, жертөлелерге, төбелерге және басқа қосалқы үй-жайларға кiретiн жерлердi жабық күйiнде ұстауға;
4) өз аумақтарында иесiз мысықтар мен иттердiң бар екенi туралы жануарларды ұстаумен айналысатын ұйымдарға хабарлауға.
6. Ветеринарлық қадағалау органдарының мiндеттерi
15. Ветеринарлық қадағалау органдары мiндеттi:
1) жануарлар иелерiмен ветеринарлық-санитарлық iс-шаралардың орындалуына, оларды орындау мерзiмiне бақылау жасауға;
2) жануарлар ауруының алдын алу, жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан халықты қорғау, қалада ветеринарлық-санитарлық бақуаттылықты қамтамасыз ету мақсатында халық арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге;
3) жануарлар ауруының алдын алу мен емдеу бойынша жануарлар иелерiне бiлiктiлiк көмек көрсетудi жүзеге асыруға.
16. Ветеринарлық қадағалау органы жануарлар иелерiне көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына жауап бередi.