Жол полициясының қызметін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3582. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 № 842 бұйрығымен.

      Мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi және ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 263 бұйрығымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.04.2013 N 217 (алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен. 

      3. "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы  N 103 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1797 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақтағы "комитетіне" деген сөз "департаментіне" деген сөзбен ауыстырылсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықта(бұдан әрі - нұсқаулықта):
      мәтiндегi "комитеті" деген сөз "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      нұсқаулық мынадай мазмұндағы 52-1, 52-2, 53-1 және 53-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "52-1. Арнайы рұқсатты келісу процесінде жол полициясы бөлімшесінің бастығы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттігі және оның түрі туралы шешім қабылдайды, ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралы қозғалысының жылдамдық режимін белгілейді және қажет болған жағдайда автокөлік құралының техникалық жай-күйін қарауды жүргізеді. Содан кейін арнайы рұқсатқа ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуін келісу туралы жазылады және мөрімен расталады.
      Көлік құралының ең болмағанда габариттерінің бірі жүкпен немесе жүксіз ені 3.5 метрден, биіктігі 4,5 метрден не болмаса ұзындығы 24 метрден асса, тасымалдаушы немесе жүк жіберуші бөлетін бүркемелеу автомобилінің жолсерік болуы міндетті.
      Мынадай жағдайлардың барлығында:
      1) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ені 45 метрден асатын болса;
      2) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ұзындығы 30 метрден асатын болса;
      3) қозғалыс кезінде ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының қарсы қозғалыс ендігін ең болмағанда ішінара иеленуге мәжбүр болса;
      4) тасымалдау процесінде жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етілгенде жол полициясының патрульдік ілесіп жүру автомобилінің болуы міндетті.
      Өзге де жағдайларда, жол полициясы бөлімшесінің бастығы, жол жағдайларын, көлік тасқынының құрамын және қозғалыстың қарқындылығын негізге ала отырып белгілейді.

      52-2. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушыларға және көлік құралдарына қойылатын талаптар:
      1) қозғалыс процесінде ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын жүргізуші:
      қарсы бағыттағы көлік құралдарын бөгетсіз және қауіпсіз өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
      қозғалу үшін арттағы көлік құралына кедергі келтірмейді және арттағы көлік құралдарының басып озуына мүмкіндік береді;
      жалпы пайдалымдағы жолдармен жүрген кезіндегі жылдамдығы 50 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиіс;
      30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлік құралдарын басып озбайды;
      басқа көлік құралдарын сүйретпейді;
      қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында жүзеге асырмайды;
      егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртібі белгіленбесе, жол жиегімен жүрмейді;
      жолдың жүру бөлігінің шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтарда тоқтайды;
      автокөлік құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауіпсіздігіне және (немесе) жүктің сақталуына қауіп төндіретін жүктің бекітілуі бұзылған кезде қозғалысты доғарады;
      2) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын көлік құралдары Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес айырым белгілерімен белгіленуі тиіс;
      3) ірі көлемді жүкті тасымалдау кезінде егер жүгі бар көлік құралының биіктігі жолдың жүргінші бөлігінен 4,5 м биік болса, шектеулі кезде тәуліктің қараңғы уақытында немесе көру жеткіліксіз болған жағдайларда автомобильдің үстіне бір немесе екі жанатын сигналды сары түсті шамы бар көлемді штангасын орнату керек. Шамды орнату биіктігі тасымалданатын жүк габаритінің жоғарғы нүктесінен 10-15 см биік болуы керек және негізгі көлік құралы жүргізушісіне көрінетіндей болуы тиіс.

      53-1. Қауіпті жүкті тасымалдау бағытына келісу үшін тасымалдаушы:
      1) қауіпті жүк тасымалдау бағытының бланкісін;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралының қауіпті жүк тасымалдауына рұқсат берілгені туралы куәлікті береді.

      53-2. Қауіпті жүкті тасымалдауға келісілген бағыт 12 айға жарамды".

      4. Жол полициясы департаменті (Ө.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Жол полициясы департаментіне (Ө.Т.Түсімов) жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастан қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

      "КЕЛІСІЛДІ"

       Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникациялар
       министрі

      2005 жылғы "___" ________

                                      Қазақстан Республикасы
                                      Ішкі істер министрінің
                                     2005 жылғы 16 наурыздағы
                                     N 168 бұйрығына 1-қосымша

                                   "Қазақстан Республикасы Ішкі
                                   істер министрінің 2003 жылғы
                                   13 ақпандағы N 87 бұйрығымен
                                  бекітілген Ішкі істер органдары
                                    жол полициясы бөлімшелерінің
                                  көлік құралдарының конструкциясы
                                      мен техникалық жағдайын
                                  бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі
                                       нұсқаулыққа 3-қосымша"

               Көлік құралына қауіпті жүктерді
               тасымалдауға рұқсат беру туралы

                           Куәлік

      1. Осы куәлік төменде көрсетілген көлік құралының, жол
қозғалысының Ережелеріндегі, қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен
тасымалдау Ережелеріндегі талаптарға жауап беретіндігін және
олардың тасымалдауына рұқсат етілетіндігін куәландырады.
      2. Осы куәлік, көрсетілген көлік құралы пайдаланудан алып
тасталған, иесі өзгерген, куәліктің берілген мерзімі өткен және
көлік құралы қайтадан жабдықталған жағдайда, берген жол полициясы
бөлімшесіне қайтарылуға жатады.
      3. Көлік құралының үлгісі (автомобиль, тіркеме, жартылай
тіркеме) және маркасы _____________________________________________
      4. Көлік құралының мемлекеттік нөмірлік белгісі үлгісі
(автомобиль, тіркеме, жартылай тіркеме) ___________________________
      5. Көлік құралының кузов үлгісі _____________________________
      6. Тахографтың заводтық нөмірі _______, _____________20___ ж.
дейін жарамды.
      7. Көлік құралының исі және оның мекенжайы __________________
___________________________________________________________________
      8. "___"_________20__ ж. көлік құралы тексерілді және мына
қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілуі мүмкін
___________________________________________________________________
                    (аты мен сыныбын көрсет)

      9. _____________20___ ж. _____________20___ ж. дейін жарамды.

      жол полициясының бастығы
      ______________________                 ______________________
      "___" ________ 20__ ж.   (қолы, мөр)      (Фамилиясы, аты,
                                                  әкесінің аты)

      10. Осы куәлік мерзімі "___" _______ 20__ ж. дейін ұзартылған

      жол полициясының бастығы
      ______________________                 ______________________
      "___" ________ 20__ ж.   (қолы, мөр)      (Фамилиясы, аты,
                                                  әкесінің аты)

      Ескертпе: Осы куәлік жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бөлігіндегі қауіпті жүкті тасымалдауға көлік құралына рұқсат
беруді айқындайды және егер көлік құралы 5-тармақта көрсетілген
басқа тасымалдаушыға, операторға немесе иесіне берілсе, куәліктің
жарамдылық мерзімі өткеннен кейін және көлік құралының бір немесе
одан да көп негізгі сипаттамалары айтарлықтай өзгерсе АКҚ пайдалану
тоқтатылғаннан кейін оны берген Жол полициясы бөлімшесіне
қайтарылуы тиіс.

                                      Қазақстан Республикасы
                                      Ішкі істер министрінің
                                     2005 жылғы 16 наурыздағы
                                     N 168 бұйрығына 2-қосымша

                                   "Қазақстан Республикасы Ішкі
                                   істер министрінің 2003 жылғы
                                   13 ақпандағы N 87 бұйрығымен
                                  бекітілген Ішкі істер органдары
                                    жол полициясы бөлімшелерінің
                                  көлік құралдарының конструкциясы
                                      мен техникалық жағдайын
                                  бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі
                                       нұсқаулыққа 4-қосымша"

       Көлік құралдарына қауіпті жүктерді тасмалдауға
        рұқсат ету туралы куәліктерді тiркеу журналы

N
қ/қ

Қауіпті жүкті тасымалдаушы туралы
мәліметтер
(атауы,
мекен-жайы)

Көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі

Жүк класы

Куәлік берілген күн

Куәлік алған адамның
Т.А.Ә.А. және қолы

1

2

3

4

5

6

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан по совершенствованию деятельности дорожной полиции

Приказ и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 марта 2005 года N 168. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 апреля 2005 года N 3582. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 октября 2015 года № 842

       Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 15.10.2015 № 842.

      В целях совершенствования организации проведения государственного технического осмотра и обеспечения безопасности дорожного движения при перевозке крупногабаритных, тяжеловесных и опасных грузов транспортными средствами  ПРИКАЗЫВАЮ :

     1.  (Пункт утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 8 июня 2006 года N  263 ).

     2. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 02.04.2013 N 217 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     3. Внести в  приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 февраля 2002 года N 103 "Об утверждении Инструкции по осуществлению подразделениями дорожной полиции государственного надзора и контроля за соблюдением правил, нормативов и стандартов в сфере дорожной деятельности и совершенствованию организации дорожного движения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1797), следующие изменения и дополнения:
     в пункте 3 слово "Комитет" заменить словом "Департамент";
     в Инструкции по осуществлению подразделениями дорожной полиции государственного надзора и контроля за соблюдением правил, нормативов и стандартов в сфере дорожной деятельности и совершенствованию организации дорожного движения (далее - Инструкция), утвержденной указанным приказом:
     в тексте слово "Комитета" заменить словом "Департамента";
     Инструкцию дополнить пунктами 52-1, 52-2, 53-1 и 53-2 следующего содержания:
     "52-1. В процессе согласования специального разрешения начальником соответствующего подразделения дорожной полиции решается вопрос о необходимости и виде сопровождения проезда тяжеловесного и (или) крупногабаритного автотранспортного средства и при необходимости проводится осмотр технического состояния автотранспортного средства. После чего, производится запись в специальном разрешении о согласовании проезда крупногабаритного и (или) тяжеловесного автотранспортного средства и заверяется печатью.
     Наличие автомобиля прикрытия, который выделяется перевозчиком или грузоотправителем, обязательно во всех случаях, когда хотя бы один из габаритов автотранспортного средства с грузом либо без груза превышает по ширине 3,5 м, по высоте 4,5 м или по длине 24 м. 
     Сопровождение патрульным автомобилем дорожной полиции обязательно в случаях, когда:
     1) ширина тяжеловесного и (или) крупногабаритного автотранспортного средства превышает 4,0 м;
     2) длина тяжеловесного и (или) крупногабаритного автотранспортного средства превышает 30 м;
     3) крупногабаритное и (или) тяжеловесное автотранспортное средство при движении вынуждено, хотя бы частично, занимать полосу встречного движения;
     4) в процессе перевозки требуется оперативное изменение организации движения с целью обеспечения безопасности проезда.
     В иных случаях, определяется начальником соответствующего подразделения дорожной полиции исходя из дорожных условий, состава транспортного потока и интенсивности движения. 
     52-2. Требования к перевозчикам и транспортным средствам, перевозящим крупногабаритные и (или) тяжеловесные грузы:
     1) в процессе движения водитель крупногабаритного и (или) тяжеловесного автотранспортного средства:
     принимает все необходимые меры для беспрепятственного и безопасного пропуска встречных автотранспортных средств; 
     не создает помех для дорожного движения и предоставляет возможность обгона автотранспортным средствам, движущимся сзади;
     по дорогам общего пользования скорость не должна превышать более 50 км/час, а на искусственных сооружениях - 10 км/ч; 
     не совершает обгоны транспортных средств, движущихся со скоростью 30 км/час и более;
     не буксирует другие транспортные средства; 
     не осуществляет движение в неблагоприятных метеорологических условиях; 
     не двигается по обочине дороги, если такой порядок движения не определен условиями перевозки; 
     останавливается на специально обозначенных стоянках, расположенных за пределами проезжей части дороги; 
     прекращает движение при возникновении технической неисправности автотранспортного средства или нарушении крепления груза, угрожающих безопасности движения и (или) сохранности груза; 
     2) крупногабаритные и (или) тяжеловесные автотранспортные средства должны быть обозначены опознавательными знаками, в соответствии с требованиями Правил дорожного движения; 
     3) при перевозке крупногабаритного груза, когда высота автотранспортного средства с грузом превышает 4,5 м над проезжей частью дороги, на автомобиле прикрытия необходимо устанавливать одну или две габаритные штанги с сигнальной лампочкой желтого цвета на верхнем конце, зажигаемой в темное время суток или в условиях недостаточной видимости. Высота установки лампочки должна на 5-10 см превышать верхнюю точку габарита перевозимого груза и быть в поле зрения водителя основного транспортного средства. 
     53-1. Для согласования маршрута перевозки опасного груза перевозчик представляет:
     1) бланк маршрута перевозки опасных грузов;
     2) свидетельство о допуске автотранспортного средства к перевозке опасного груза по территории Республики Казахстан.
     53-2. Согласованный маршрут перевозки опасного груза действителен на 12 месяцев.".

     4. Начальнику Департамента дорожной полиции (О. Тусумов) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Департамент дорожной полиции МВД Республики Казахстан (О. Тусумов).

     6. Настоящий приказ вводится в действие с момента его официального опубликования.

     и.о. Министра

     "Согласовано" 
Министр транспорта и коммуникаций 
     Республики Казахстан   
 

  приложение 1           
к приказу Министра внутренних дел
Республики Казахстан      
от 16 марта 2005 года N 168  

"Приложение 3                 
к Инструкции по организации подразделениями  
дорожной полиции органов внутренних дел   
контроля за конструкцией и техническим   
состоянием транспортных средств, утвержденной 
приказом Министра внутренних дел Республики  
Казахстан от 13 февраля 2003 года N 87" 

                      СВИДЕТЕЛЬСТВО
           о допуске транспортного средства к 
                 перевозке опасного груза

     1. Настоящее свидетельство удостоверяет в том, что указанное
ниже транспортное средство соответствует требованиям, 
предусмотренным Правилами дорожного движения, Правилами перевозки
опасных грузов автомобильным транспортом и допускается к их 
перевозке.
     2. Настоящее свидетельство подлежит возврату выдавшему его 
подразделению дорожной полиции при изъятии указанного транспортного
средства из эксплуатации, перемены владельца, по истечении срока
действия свидетельства и в случае переоборудования транспортного
средства.
     3. Марка и модель транспортного средства (автомобиля, 
прицепа, полуприцепа): 
________________________________________________________________
     4. Государственный номерной знак транспортного средства 
(автомобиля, прицепа, полуприцепа)
________________________________________________________________

     5. Тип кузова транспортного средства _____________________
     6. Заводской N тахографа ___, действителен до __ ______20_г.
     7. Владелец транспортного средства и его адрес ___________
________________________________________________________________
     8. Транспортное средство подвергнуто осмотру "_" ______20_г.
и допущено к перевозке опасных грузов __________________________
                                  (указать наименование и класс)

     9. Действительно с _____ 20___ г. до _____________ 20__ г.

     Начальник дорожной полиции 

     ____________________________ _______________________
     "__" ______ 20__г подпись, печать (Фамилия, имя, отчество)

     10. Срок действия настоящего свидетельства продлен до 
"___"_________20___г.

     Начальник дорожной полиции 

     ____________________________ _______________________
     "__" ______ 20__г подпись, печать (Фамилия, имя, отчество)

     Примечание.  Настоящее свидетельство определяет допуск транспортного средства к перевозке опасного груза в части, касающейся обеспечения безопасности дорожного движения, и должно быть возвращено выдавшему его подразделению Дорожной полиции: после прекращения эксплуатации АТС; если транспортное средство перешло другому перевозчику, оператору или владельцу, указанному в пункте 5; по истечении срока действительности свидетельства, и если существенно изменилась одна или более из основных характеристик транспортного средства. 

приложение 2            
к приказу Министра внутренних дел
Республики Казахстан      
от 16 марта 2005 года N 168  

"Приложение 4                 
к Инструкции по организации подразделениями  
дорожной полиции органов внутренних дел   
контроля за конструкцией и техническим   
состоянием транспортных средств, утвержденной 
приказом Министра внутренних дел Республики  
Казахстан от 13 февраля 2003 года N 87"  N 87" 

                             ЖУРНАЛ
          регистрации свидетельств о допуске транспортного 
                 средства к перевозке опасных грузов

N

Сведения о перевозчике
опасного груза
(наименование,
адрес)

Марка, гос.номер
Транспорт-
ного
Средства

Класс
груза

Дата
выдачи
свиде-
тельства

Ф.И.О. и
подпись
лица, полу-
чившего
свиде-
тельство

1

2

3

4

5

6