Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында кассалық операцияларды жүргізген кезде кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2685 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2004 жылғы 19 - 30 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесінде:
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Кассаға өткізілетін қолма-қол ақшаның тізімдемесін филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы жеке іс қағаздарына тігеді және келесі есептік айдың аяғына дейін сақтайды.";
18-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруды" деген сөздер алынып тасталсын, "және" деген сөзбен толықтырылсын;
19-тармақтың 1) тармақшасы мемлекеттік тілде мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жауапты орындаушының қолының болуын және қол қою үлгілеріне сәйкестігін тексереді;";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Филиал бухгалтериясының бақылаушысы қолма-қол ақша жарнасына қайта толтырылған хабарландыру негізінде кассалық кіріс журналына түзетулер енгізеді және Ереженің осы тарауында белгіленген тәртіппен заңды тұлға-клиенттен алынған қолма-қол ақшаны қабылдау үшін кіріс кассасының касса қызметкеріне береді.";
71-тармақ "Ұлттық Банк филиалының касса қызметкері және" деген сөздерден кейін "соның қатысуымен қолма-қол ақшаны қайта есептеу жүргізілген бақылаушы немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
72-тармақтың алтыншы абзацындағы "1000 (бір мың)" деген сандар мен сөздер "5000 (бес мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
6-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"20__ жылғы "___"_____________ - 20__ жылғы "__"_____________ аралығында қолма-қол ақша алуға N ______ тапсырыс";
11-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің филиалдарында
заңды және жеке тұлғалармен
кассалық операциялар жүргізу
ережесіне 11-қосымша
_______________________________
(Ұлттық Банк филиалының атауы)
20__ жылғы "___"_____________ N______
(банкноталарды; монеталарды; құндылықтарды
(қажеттісі көрсетілсін) қабылдау туралы түбіртек
Дебет Сомасы
____________________________________
| шот N | Жалпы
|___________|________________________
| КРЕДИТ |
______________________________|___________|________________________
Алушының банкі | | |Операцияның түрі|
____________________|_________| |________________|_______
| |Төлем белгілеу |
____________________ | |________________|_______
ББК | |Шот N | |
____________________|_________|___________|________________|_______
Теңге тиын |Касса жоспарының|
|символы |
___________________________________________________________________
Төлем белгілеу ____________________________________________________
___________________________________________________________________
Негіздеме _________________________________________________________
Бақылаушы ________________________________________________ Аты-жөні
(қолы)
Бухгалтер ________________________________________________ Аты-жөні
(қолы)
Касса қызметкері _________________________________________ Аты-жөні
(қолы)
мөрдің орны
__________________________________________________________________".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы