Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012.06.29 № 92 (алғашқы жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың ережесі бекітілсін.
2. Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы бұйрықтың орындалуы вице-министр А.Д.Досжанға жүктелсін.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет, ақпарат және спорт
министрі міндетін атқарушының
2005 жылғы 25 мамырдағы
N 138 бұйрығымен бекітілген
Тарихи немесе мәдени құндылығы бар
теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 16 бабы 2 тармағына сәйкес әзірленді және бұқаралық ақпарат құралдары (теле-, радиохабарлар) арқылы жасалған (бұдан әрі - бұқаралық ақпарат құралы) тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабар жазбаларын сақтаудың тәртібін анықтайды.
2. Бұқаралық ақпарат құралында тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтау және пайдалану мақсатында мұрағат құрылады.
3. Мұрағат өз қызметін мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органының нормативтік құқықтық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдар басшысы бекіткен Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
4. Ережелерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ұғымдар, Қазақстан Республикасының ҚРСТ 1037-2001, "Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар" Мемлекеттік стандарт терминдері пайдаланылды.
2. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-,
радиохабарлар жазбаларын сақтаудың тәртібі
5. Теле-, радиохабарлар жазбалары эфирге шыққан соң бір айдан кейін ілеспе құжатпен (аңдатпа, жинақтама парақтар, техникалық жай күйінің актілері) мұрағатқа тапсырады.
6. Қабылданған теле-, радио хабарлар жазбалары нысан бойынша (1 қосымша) журналда есепке алуға жатады.
7. Сараптау комиссиясымен тарихи немесе мәдени құндылығы бар деп танылған теле-, радиохабарлар жазбалары нысандар бойынша (2-3 қосымшалар) тізімдемеге енгізілуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты сақтауға жатады.
8. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларының түпнұсқасы сақталмай тұрып жоюға, қайта жинақтауға, басқа жеткізгіштерге көшіруге рұқсат етілмейді.
9. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын мұрағаттан жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беру мұрағат анықтайтын нысан бойынша есепке алу журналына тіркеледі.
10. Мемлекеттің жарғылық капиталда үлесі бар бұқаралық ақпарат құралдары жасаған тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбалары мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органы белгілеген мерзімдерде тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады.
11. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары жасаған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құрамына жататын тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радио хабарлар жазбалары заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырылады.
12. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтау жеткізгіштерінің магнитсіздендірілуін немесе басқадай бүлінуін болдырмайтын орауыштар мен стеллаждарда оңтайлы жарық, температуралық-ылғалдылықты және санитарлық-гигиенаны қамтамасыз ететін жағдайда жүзеге асырылады.
13. Мұрағатта терезеге жалюздер, қорғаныш сүзгілер, перделер немесе боялған әйнектер қолдану арқылы шашыраңқы табиғи жарық түсіруге рұқсат етіледі.
Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар ішінде жанатын лампалар немесе жарық шұғыласы ультракүлгін түсті бөліктерге бөлінетін люминесценттік лампалар қолданылады.
14. Теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың оңтайлы температурлық-ылғалдылық режимі:
1) дәстүрлі жеткізуші жазбалар үшін температура +8 - +18 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 45-65 пайыз;
2) электрондық негіздегі жазбалар үшін температура +15 - +25 С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-60 пайыз болып табылады.
15. Температуралық-ылғалдылық режимін бақылау ауа райы параметрлерін өлшеу аптасына кем дегенде екі рет бір мезгілде жүргізіліп мұрағат анықтайтын үлгі бойынша тіркеу журналына жазылады.
16. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбалары ауа құрамындағы қауіпті қоспалар (күкіртті газ, күкіртті сутегі, сынап булары, азот, аммиак тотығы) және электромагниттік-ионизациалық (радиациялық) әсерлерінен қосымша қорғалуға жатады.
17. Мұрағатта тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын алдын-ала бұзылудан сақтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Тарихи немесе мәдени
құндылығы бар теле-,
радиохабарлар жазбаларын
сақтау Ережесіне
1-қосымша
Теле-, радиохабарлар жазбаларының келіп түсуін
және шығуын есепке алу журналының нысаны
NN |
Теле-, ра- |
Теле-, ра- |
Теле-, ра- |
Келіп түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
кестенің жалғасы
Теле-, |
Теле-, радиохабарлар |
Ес- |
||||
Тұрақты |
Тұрақты |
Уақытша |
||||
Есепке |
Сақтау |
Есепке |
Сақтау |
Есепке |
Сақтау |
|
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
___________ жылы барлығы ________________________есепке алу бірлігі
(цифрмен және жазбаша)
_________________________ сақтау бірлігі келіп түсті,
(цифрмен және жазбаша)
____________есепке алу бірлігі ______________ сақтау бірлігі шықты.
(цифрмен және жазбаша) (цифрмен және жазбаша)
Қорытынды жылдық жазбаны жасаған Қолтаңбаның
қызметкер лауазымының атауы __________________ толық жазылуы
(өз қолы)
Мұрағат басшысы _______________________________ Қолтаңбаның
(өз қолы) толық жазылуы
Уақыты
Формат А3 (297Х420)
Тарихи немесе мәдени
құндылығы бар теле-,
радиохабарлар жазбаларын
сақтау Ережесіне
2-қосымша
Тұрақты сақталатын бейнеүнхаттар
тізімдемелерінің нысаны
БЕКIТIЛГЕН БЕКIТЕМІН
мұрағаттар мен құжаттаманы Бұқаралық ақпарат құралдары
басқару мемлекеттік органының басшысының лауазым атауы
сараптау-тексеру комиссиясының _______________ Қолтаңбаның
______ жылғы "___"____________ (өз қолы) толық жазылуы
N ____ хаттамасымен
Уақыты
________ жылдардың тұрақты
сақтаудағы бейнеүнхаттардың
N _____ тізімдесі
NN |
Мемлекеттік мұра- |
Индекс, |
Бейне- |
Жазба |
|
есепке алу |
сақтау |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Жазба |
Жазба |
Жазба |
Хроно- |
Түрі- |
Сақтау бірлігінің саны |
|
бейне- |
жұмыс |
|||||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
кестенің жалғасы
Ілеспе құжаттаманың |
Үлдірлер |
Ескертпе |
||
жинақтама |
аңдатпа |
техниқалық |
||
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Тізімдемеге N___ ден N__ге дейін ______________ есепке алу бірлігі,
(цифрмен және жазбаша)
__________________________сақтау бірлігі енгізілді,
(цифрмен және жазбаша)
соның ішінде:
арнайы нөмірлер:
қалып кеткен нөмірлер:
Тізімдеме жасаған тұлғаның Қолтаңбаның
лауазым атауы __________________ толық жазылуы
(өз қолы)
Уақыты
МАҚҰЛДАНДЫ
бұқаралық ақпарат құралдары
сараптау-тексеру комиссиясының
_______ жылғы "____"___________
N ____ хаттамасымен
2-қосымшаға ескертпе
2 және 3 бағандар мемлекеттік мұрағатта толтырады
Формат А4 (210Х297)
Тарихи немесе мәдени
құңдылығы бар теле-,
радиохабарлар жазбаларын
сақтау Ережесіне
3-қосымша
Тұрақты сақталатын үнқұжаттар
тізімдемелерінің үлгісі
БЕКIТIЛГЕН БЕКIТЕМІН
мұрағаттар мен құжаттаманы Бұқаралық ақпарат құралдары
басқару орталық мемлекеттік басшысының лауазым атауы
органының сараптау-тексеру _______________ Қолтаңбаның
комиссиясының (өз қолы) толық жазылуы
______ жылғы "___"____________
N ____ хаттамасымен
Уақыты
________ жылдардың тұрақты
сақтаудағы үнқұжаттарының
N _____ тізімдемесі
NN |
Мемлекеттік |
Ин- |
Үн- |
Үн- |
Баян- |
Жазба |
Жазба |
|
есеп- |
сақ- |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
кестенің жалғасы
Жазба |
Жұмыс |
Мәтіндік ілеспе құжаттаманың бар-жоғы және құрамы |
Матери- |
Ескертпе |
||
Зат- |
аң- |
Техни- |
||||
10 |
11 |
14 |
15 |
16 |
||
10 |
11 |
14 |
15 |
16 |
||
Тізімдемеге N___ ден N__ге дейін ______________ есепке алу бірлігі,
(цифрмен және жазбаша)
__________________________сақтау бірлігі енгізілді,
(цифрмен және жазбаша)
соның ішінде:
арнайы нөмірлер:
қалып кеткен нөмірлер:
Тізімдеме жасаған тұлғаның Қолтаңбаның
лауазым атауы __________________ толық жазылуы
(өз қолы)
Уақыты
МАҚҰЛДАНДЫ
бұқаралық ақпарат құралдары
сараптау-тексеру комиссиясының
_______ жылғы "____"___________
N ____ хаттамасымен
2-қосымшаға ескертпе
2 және 3 бағандар мемлекеттік мұрағатта толтырады
Формат А4 (210Х297)