Порт капитаны туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 216-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3719. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 98 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.02.28 № 98 Бұйрығымен.

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Порт капитаны туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ. Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б. Әбілғазинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация    
министрдің міндетін      
атқарушының          
2005 жылғы 22 маусымдағы   
N 216-І бұйрығымен      
бекітілген           

Порт капитаны туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Порт капитаны туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және порт капитанының мәртебесі мен өкілеттіктерін анықтайды.
      2. Порт капитаны өз қызметін Заңына, осы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Шетелдік мемлекеттер кемелерінің кіруі үшін ашық порттарда, сондай-ақ өзен сағасында орналасқан порттарда порт капитаны өз қызметін Заңға, сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Порт капитаны лауазымды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті директорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

2. Порт капитанының өкілеттіктері

      5. Порт капитанына өкілеттіктеріне мыналар жатады:
      1) кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және порт акваториясындағы жұмыс;
      2) порт акваториясының ластануын болдырмау және оның салдарын жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      4) кемелерден қалдықтарды қабылдауды мен өңдеуді ұйымдастыру;
      5) порт акваториясының шегіндегі кемелерді құтқару және портта тұрған кемелердегі өртті сөндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      6) міндетті лоцмандық алып өтуді белгілеу;
      7) қауіпті жүктерді тиеу (түсіру) кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      8) тиісті мемлекеттік органдармен ынтымақтастық;
      9) порт қызметі туралы статистикалық деректер беру;
      10) портқа кіретін және порттан шығатын кемелерді, салдарды және өзге де жүзбелі объектілерді бақылауды жүзеге асыру;
      11) Заңда  белгіленген жағдайларда кемелердің порттан шығуына рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту.
      6. Порт капитаны өз өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жазаларды қолданады.

Об утверждении Положения о капитане порта

Приказ И.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 22 июня 2005 года N 216-I. Зарегистрирован в Министерстве юстиции от 7 июля 2005 года N 3719. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 февраля 2011 года № 98

      Сноска. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 28.02.2011 № 98


      В соответствии с подпунктом 17) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О внутреннем водном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

     1. Утвердить прилагаемое Положение о капитане порта.

     2. Департаменту водного транспорта Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Уандыкову Б.К.) обеспечить представление настоящего приказа для государственной регистрации в Министерство юстиции Республики Казахстан.

     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Абылгазина Т.Б.

     4. Настоящий приказ вводится в действие с момента государственной регистрации.

     И.о.Министр

Утверждено           
приказом и.о. Министра      
транспорта и коммуникаций    
Республики Казахстан       
от 22 июня 2005 года N 216-I

Положение о капитане порта

1. Общие положения

     1. Положение о капитане порта (далее - Положение) разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан "О внутреннем водном транспорте" (далее - Закон) и определяет статус и полномочия капитана порта.
     2. Капитан порта осуществляет свою деятельность в соответствии с Законом, настоящим Положением, иными нормативными правовыми актами.
     3. В портах, открытых для захода судов иностранных государств, а также в портах, расположенных в устьях рек капитан порта осуществляет свою деятельность в соответствии с Закономзаконодательством о торговом мореплавании и настоящим Положением.
     4. Капитан порта является должностным лицом, назначается на должность и освобождается от должности по представлению директора Департамента водного транспорта Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

2. Полномочия капитана порта

     5. К полномочиям капитана порта относятся:
     1) обеспечение безопасности судоходства и работа в акватории порта;
     2) организация и осуществление работ по предотвращению и ликвидации последствий загрязнения акватории порта;
     3) осуществление мер по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций;
     4) организация приема и обработки отходов с судов;
     5) осуществление работ по спасанию судов в пределах акватории порта и ликвидации пожаров на судах, находящихся в порту;
     6) установление обязательной лоцманской проводки;
     7) осуществление контроля за соблюдением правил безопасности при погрузке (разгрузке) опасных грузов;
     8) сотрудничество с соответствующими государственными органами;
     9) представление статистических данных о деятельности порта;
     10) осуществление контроля за судами, плотами и иными плавучими объектами, входящими в порт и выходящими из порта;
     11) выдача разрешения или отказ в разрешении на выход судов из порта в случаях, установленных  Законом.
     6. Капитан порта в пределах своих полномочий налагает административные взыскания в соответствии с законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях.