"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы 1-тармағының 19-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылғы 27 тамызында N 3041 тіркелген, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 3419 тіркелген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 17 қаңтар 2005 жылғы N 10-ө бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережесінің:
7-тармағының:
алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Қосатын байланыс операторы он күндік мерзімде қосылу үшін қажетті нақты әрекеті көрсетілген техникалық шарттарды береді және ОПТЖ-нің стандартты нүктесіне қосылудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті құрылғыны мүліктену және (немесе) қосылушы оператормен қандайда бір жұмысты орындауда одан әрі құрылғыны және (немесе) жұмыстың нәтижесін қосатын операторға берілуі арқылы негізде жіберіледі.
Кәбілдік (телефондық) канализацияның иесі қосылу мақсатында телефондық канализацияға кәбілді төсеуге өтінім жасағанда техникалық мүмкіндіктерінің болмағандығын, кәбілді төсеуде кедергіні жою үшін техникалық шарттарда қандай шараларды орындау қажеттігін көрсетеді.".
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттындыру және байланыс агенттігінің байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаментіне (Сейтімбеков А.А.) жүктелсін.