2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды аулау мерзімін шектеу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 23 тамыздағы N 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3811. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 160 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010.04.20 № 160 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 2   қаулысымен бекітілген жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу Ережесіне, Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жанындағы Комиссиясының жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу шешімі (19.08.2005 ж. хаттама N 2) негізінде және мемлекеттік экологиялық сараптаманың "Қазақстан Республикасы аумағында 2005 жылы аң аулауды жүргізу мақсатында суда жүзетін жыл құстарын аулауға тыйым салуды белгілеу туралы биологиялық негіздеме" қорытындысына сәйкес (23.08.2005 ж. хаттама N 03-1-2-7/7213)  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды (үйрек, қаз, балшықшы, қасқалдақ) аулау мерзімі шектелсін, аң аулау мерзімі 2005 жылдың 1 қазанынан бастап белгіленсін.

      2. Жануарлар дүниесі бойынша басқармасы 2005 жылдың 25 қыркүйегіне дейін құс тұмауының таралу жағдайын негізге ала отырып 2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды аулау мерзімін одан әрі шектеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      3. Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармаларының бастықтары:
      1) үш күндік мерзімде барлық аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген аң аулайтын жерлерде қорықшы қызметінің күшімен жануарлар дүниесін қорғауды күшейту және өлім-жітімге ұшыраған құс табылған жағдайда тиісті шаралар қолдану туралы жазбаша өкім берсін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға суда жүзетін жабайы құстарды (үйрек, қаз, балшықшы, қасқалдақ) аулау мерзімін шектеу туралы ақпарат мұндай шешім қабылдау мәнін түсіндіре таратылсын;
      3) жануарлар дүниесін браконьерліктен қорғауға инспекторлық құрамды жұмылдыру үшін барлық шаралар қолданылсын;
      4) осы бұйрықты орындау бойынша іске асырылған шаралар жөніндегі алғашқы ақпарат Комитетке 2005 жылдың қыркүйектің 1 күні, одан кейін апта сайын әр дүйсенбіде сағат 12-ге қарай (Астана уақыты бойынша) берілсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет Төрағасының Орынбасары Н.А. Қадыркеевке жүктелсін.

      5. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Об ограничении сроков охоты на водоплавающую дичь в 2005 году

Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 августа 2005 года № 192. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 25 августа 2005 года № 3811. Утратил силу приказом Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 апреля 2010 года № 160

     Сноска. Утратил силу приказом Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства РК от 20.04.2010 № 160.

     В соответствии с Правилами установления ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, утвержденных  постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 января 2005 года N 2, на основании решения Комиссии при Комитете лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан об установлении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира (протокол от 19.08.2005г. N2) и заключения государственной экологической экспертизы на "Биологическое обоснование об установлении запрета на изъятие перелетной водоплавающей птицы в целях производства охоты на территории Республики Казахстан в 2005 году" (письмо от 23.08.05г. N 03-1-2-7/7213),  ПРИКАЗЫВАЮ:

     1. Ограничить сроки охоты в 2005 году на водоплавающую дичь (утка, гусь, кулик, лысуха) на всей территории Республики Казахстан, установив начала срока охоты с 1 октября 2005 года.

     2. Управлению по животному миру, исходя из ситуации с распространением птичьего гриппа до 25 сентября 2005 года внести предложение о дальнейшем ограничении срока охоты на водоплавающую дичь в 2005 году. 

     3. Начальникам областных территориальных управлений лесного и охотничьего хозяйства:
     1) в трехдневный срок выдать предписания всем охотопользователям об усилении охраны животного мира и проведении наблюдений за состоянием водоплавающей птицы на закрепленных охотничьих угодьях силами егерской службы и принятии соответствующих мер при обнаружении погибшей птицы;
     2) информировать население через средства массовой информации об ограничении сроков охоты на водоплавающую дичь (утка, гусь, кулик, лысуха) с разъяснениями мотивов принятия такого решения;
     3) принять исчерпывающие меры по мобилизации инспекторского состава на охрану животного мира от браконьерства; 
     4) о принятых мерах по исполнению настоящего приказа представить в Комитет первую информацию к 1 сентября 2005 года, далее еженедельно в каждый понедельник к 12 часам (время астанинское).

     4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Заместителя Председателя Комитета Хадыркеева Н.А.

     5. Приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

     Председатель