Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Атмосфера ауасын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңын
, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының
6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты
ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде жүк және мамандандырылған автомобиль көліктерінің жүру ережелері бекітілсін.
Астана қаласының
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Келісілген:
Астана қаласының
Жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
департаментінің директоры
Астана қаласы мәслихатының
2005 жылғы 26 мамырдағы
N 145/18-III
шешімімен бекітілген
Астана қаласының әкімшілік шекаралары шегінде
жүк және мамандандырылған автомобиль көлігінің жол жүру
ЕРЕЖЕСІ
Осы Астана қаласының әкімшілік шекаралары шегінде жүк және мамандандырылған автомобиль көлігінің жол жүру Ережесі (бұдан әрі - Ереже)
"Атмосфералық
ауаны қорғау туралы" және
"Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қала аумағында көлік құралдарын пайдаланған жағдайда атмосфералық ауаға зиянды (ластайтын) заттардың шығарылуын реттеу мақсатында әзірленді.
2. Ереже Астана қаласының әкімшілік шекаралары шегінде жүк және мамандандырылған автокөлігінің сағат 08.00-ден 20.00 аралығында жол жүру тәртібін реттейді және меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
қала әкімдігі - Астана қаласының жергілікті атқарушы органы;
жүк автокөлігі - 3,5 тоннадан астам ауыр жүк көтеретін автокөлік;
жол полициясы - жол қозғалысы саласындағы реттеуді жүзеге асыратын ішкі істер органдарының бөлімшесі;
көлік органы - қала аумағында көлік саласындағы реттеуді жүзеге асыратын Астана қаласы әкімімен уәкілеттендірілген орган;
көліктік бақылау органы - көлік саласындағы арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау қызметтерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау аумақтық органы;
рұқсатнама - жүк және мамандандырылған автокөлікке осы Ережемен белгіленген тәртіпте және жағдайларда берілетін белгіленген нысандағы құжат;
рұқсатнамалық тәртіптеме - қаланың әкімшілік шекаралары шегінде жүк және мамандандырылған автокөліктің қозғалыс тәртібі;
мамандандырылған автокөлік - белгілі жүк түрлерін тасымалдауға, сондай-ақ түрлі көліктік емес жұмыстарды орындауға және шығаруға арналған доңғалақты, шынжыр табанды және басқа техникалар.
4. Жүк және мамандандырылған автокөліктің Комиссиямен ұсынылған көшелер және даңғылдар шеңберінде жол жүруі сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін тек рұқсатнама бойынша ғана жүзеге асырылады.
5. Жүк және мамандандырылған автокөлікке арналған рұқсатнамалар қаланы тіршілікпен қамтамасыз ету үшін көрсетілген көлік түрімен қажетті көліктік қызметтер мен жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғаларға беріледі.
6. Рұқсатнамалық тәртіптің енгізілгендігі туралы ақпарат тиісті жол белгілерімен қамтамасыз етіледі.
7. Рұқсатнаманың жүргізушіде болуы С. Сейфуллин көшесі (Победа - Республика даңғылдары), Кенесары көшесі (Победа - Республика даңғылдары), Республика даңғылы (С. Сейфуллин - А. Бараев көшелері), Победа даңғылы (С. Сейфуллин - Кенесары көшелері) шекараларындағы жүк және мамандандырылған автокөліктің қозғалысына тыйым салынған қаланың орталық бөліктерінде жол жүруіне құқық берілмейді.
3. Рұқсатнама түрлері және мазмұны
8. Іс-әрекет ету мерзіміне байланысты мынадай рұқсатнама түрлері белгіленеді:
жылдық (іс-әрекет ету мерзімі 1 жылға дейін);
тоқсандық (іс-әрекет ету мерзімі 3 айға дейін);
біржолғы (іс-әрекет ету мерзімі 3 күнге дейін).
9. Рұқсатнамада міндетті түрде көлік органы мен жол полициясының мөрі қойылады.
10. Рұқсатнамада мына ақпараттар болуы тиіс:
рұқсатнаманы берген ұйымның атауы;
рұқсатнаманы алған ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
берілген күні және тіркелген нөмірі;
рұқсатнаманың іс-әрекет ету мерзімі;
рұқсатнама арқылы рұқсат берілген көшелер мен даңғылдардың тізбесі;
осы рұқсатнамамен қозғалысты жүзеге асыра алатын автокөліктің атауы (атаулары) және тіркеу нөмірі.
11. Көлік органымен қорғаудың кемінде 2 дәрежесі болған жағдайда типографиялық тәсілмен рұқсатнамаларды дайындау қамтамасыз етіледі. Рұқсатнамалар қатаң есептіліктегі бланкілер болып табылады және көлік органымен белгіленген тәртіпте тіркеледі.
12. Заңды және жеке тұлғаларға рұқсатнамалар беру негізділігін анықтау және ұсыныстар әзірлеу үшін қала әкімдігімен әкімдік, көлік, көліктік бақылау, жол полициясы органдарының, қала әкімі аппараты құрылыс бөлімінің өкілдерінен Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
13. Комиссия мәжілісі қажет болған жағдайда айына кемінде бір рет шақырылады.
14. Комиссия төрағасы қала әкімінің орынбасары болып табылады, ол оның қызметіне басшылық етеді, комиссия мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
15. Төраға болмаған уақытта оның қызметтерін орынбасары атқарады.
16. Комиссия хатшысы көлік органының маманы болып табылады. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындайды, комиссия мүшелерін шақыруды қамтамасыз етеді, қажетті құжаттар, материалдар әзірлейді және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдейді, түскен өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді.
Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды және Комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс құқығына ие болмайды.
5. Рұқсатнамалар беру тәртібі туралы
17. Мүдделі тұлға рұқсатнама алу үшін осы Ереженің қосымшасына сәйкес рұқсатнама алуға арналған өтінімімен көлік органына хабарласады.
18. Өтінімге мына құжаттар қоса тіркеледі:
1) автокөлікке құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) өтініш иесінің - заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлігінің (жеке тұлғаны куәландыратын құжат) көшірмесі;
3) жол полициясындағы автокөліктің техникалық төлқұжатының және алдын ала тіркеу талонының көшірмелері (уақытша тіркелген жағдайда);
4) тасымалдау (жұмыстар) көлемдерінің негіздемесі арқылы автокөлікпен объектіге қызмет көрсету қажеттілігін растайтын құжаттар (құрылысқа, сауда орындары және басқаларға қызмет көрсету құжаттары);
5) автокөлік иесі мен объектінің меншік иесі арасындағы шарттық қатынастардың бар екендігін растайтын құжаттар.
19. Рұқсатнамаларды беруге арналған өтінімдердің бір жылға немесе тоқсанға дейінгі іс-әрекет ету мерзімін Комиссия жеті күн ішінде қарастырады.
20. Өтінім және осы Ереженің 18-тармағында көрсетіліп, ұсынылған құжаттар негізінде Комиссия рұқсатнаманы беру немесе беруден бас тарту туралы жол полициясына ұсыныс білдіреді. Комиссия мәжілісі қорытындылармен (ұсыныстар) ресімделеді және оған Комиссия төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.
21. Комиссия қорытындысының негізінде жол полициясы рұқсатнама беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Рұқсатнаманы беруден бас тартқан жағдайда жол полициясы өтінім берушіге шешім қабылдаған сәттен бастап үш күнге дейінгі мерзімде қарсы болу негізін көрсетіп, жазбаша түрде хабарлайды.
23. Біржолғы рұқсатнама өтінім берген сәттен бастап үш күн ішінде Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша беріледі.
24. Рұқсатнама автокөліктің оң жақ төменгі бұрышындағы бүйір әйнегінде орнатылады.
25. Рұқсатнаманы жоғалтқан жағдайда өтініш иесінің өтініші бойынша жол полициясымен рұқсатнаманың көшірмесі беріледі.
7. Осы Ереженің сақталуын бақылау
26. Автокөлік жүргізушілерімен рұқсатнамалық тәртіптеменің сақталуын бақылауды жол полициясының қызметкерлері жүзеге асырады.
27. Белгіленген рұқсатнамалық тәртіптеменің сақталуын бақылау:
рұқсатнамалық тәртіптемені бұзған жағдайларды анықтауды және алдын алуды;
рұқсатнаманы дұрыс пайдалануын тексеруді;
ескі үлгідегі, жалған немесе бұзушылықпен пайдаланылатын рұқсатнаманы алып қоюды қарастырады.
8. Рұқсатнамалық тәртіптемені бұзғаны үшін жауапкершілік
28. Рұқсатнамалық тәртіптемені бұзған жағдайда (автомобиль көлігінің басқа түріне берілген рұқсатнамамен жол жүруі, басқа бағдар бойынша рұқсатнамамен жол жүруі) рұқсатнаманы қайта қалпына келтіру құқығынсыз жол полициясының қызметкері алып қояды.
29. Жол полициясының қызметкері рұқсатнаманы алып қойған жағдайда жолдама парағына (бар болған жағдайда) рұқсатнаманың нөмірі мен оның алыну себебі көрсетілген жазба жазылады.
30. Инспектор рапортымен бірге алынған рұқсатнама үш күндік мерзім ішінде жол полициясына және көлік органына жіберіледі.
Астана қаласының
әкімшілік шекаралары
шегінде жүк және
мамандандырылған
автомобиль көлігінің
жол жүру Ережелеріне
қосымша
_______________________
(көлік органының атауы)
Астана қаласының әкімшілік шекаралары шегінде қозғалыс
құқығын беретін рұқсатнаманы алуға арналған
ӨТІНІМ
Жүк және мамандандырылған автокөлікке _____________________
шегінде қозғалыс құқығын беретін рұқсатнаманы (рұқсатнамаларды)
беруіңізді сұраймыз:
1. _______________________________;
(маркасы, моделі, мем. нөмірі)
2. _______________________________;
(маркасы, моделі, мем. нөмірі)
3. _______________________________;
(маркасы, моделі, мем. нөмірі)
Көрсетілген автокөлік Астана қ., _________ көшесі, ____мекен-
жайы бойынша орналасқан _____________________қызмет көрсетеді.
(объектінің атауы)
Рұқсатнама түрін (көрсетіңіз):
- ___________(күні, айы, жылы) арналған біржолғы;
- тоқсандық;
- жылдық;
Автокөлік қозғалысының сызбанұсқасы қоса тіркеледі.
Өтінімді берген жүк тасымалдаушысының ____________________
лауазымы және аты-жөні ______________________
М.О.
Өтінімді берген күні __________
__________