Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селоларының» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылдарының» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 5,11 баптарына сәйкес, Еңбекшілдер, Ақкөл, Ерейментау аудандарының әкімдігі мен аудандық мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
1) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Макин ауылдық округіндегі Сосновка ауылы Қарағай ауылы деп;
2) Ақкөл ауданы бойынша:
Кеңес ауылдық округінің Гусарка ауылы Домбыралы ауылы деп.
2. Ерейментау ауданының Тимофеевка мен Жолбасшы ауылдарының шекараларында жаңа құрылған ауылдық округ Ақмырза ауылдық округі деп аталсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыс әкімі
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы