Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.12.2010 № 4С-29-7 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 13 желтоқсанында N 1305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспарының 12 тармағына сәйкес және облыс әкімдігінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі N А-4/115 қаулысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :
1. Ақмола облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (Қоса берілді).
2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыстық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
Облыстық мәслихат
сессиясының 2005 жылғы
8 сәуірдегі N 3С-11-5
шешімімен бекітілген
Ақмола облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен
құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға
арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
Аты: |
Ақмола облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасы |
Дамыту үшін негіз: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N№1305 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламаны"»іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспарының 12-тармағы; |
Әзірлеушілер: |
Ақмола облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті; |
Мақсаты: |
Ақмола облысының құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырылымдары өнеркәсібін жаңартпа дамытумен қамтамасыз ету |
Міндеттері: |
Салаларды дамытуды ынталандыратын негізгі шараларды анықтау; облысты дамытуда мемлекеттік қолдаудың әдістері мен қалыптарын анықтау; қазіргі таңдағы жоғары сапалы бәсекелестік және шетке шығаруға бағытталған құрылыс материалдарды, бұйымдарды және құрастырылымдарды алу бойынша жаңа өндірістер құру; құрылыс индустрия кәсіпкерлігін жаңарту және техникалық қайта жабдықтандыру. |
Ж‰зеге асыру мерзімі: |
Ақмола облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамыту жөніндегі Бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2005-2014 жылдар бойы алғашқы кезектегі міндеттерді кезекпен шешуге бағытталған, 1 кезең - 2005 - 2007 жылдар, 2 кезең - 2008 - 2010 жылдар, 3 кезең - 2011 - 2014 жылдар. |
Қаржыландыру көздері: |
Бағдарламаны қаржыландыру шетелдік және отандық инвесторлар, мемлекеттік дамыту институттары, банктер кредиттері, кәсіпкердің жекеменшік қаржысы есебінен және басқа көздерден жүзеге асырылады. |
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін соңғы нәтиже: |
Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде тұрғын үй құрылысын жоспарлы дамытумен қамтамасыз ететін бәсекелестік құрылыс материалдармен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді. |
2. КІРІСПЕ
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N№1305 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырылымдары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын"»іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспарының 12-тармағына, сондай-ақ облыстық мәслихаттың сессиясының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N№3 С-9-11 шешімімен бекітілген "2005-2007 жылдарға арналған Ақмола облысында тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі Бағдарламаның"»5.9 тармағына сәйкес әзірленді.
Тұрғын үй құрылысы азаматтық, өнеркәсіптік және арнайы құрылысты дамытумен қатар 2030 жылға дейін Қазақстанның стратегиясын дамудың басымдылық бағыттарының бірі және жалпы ұлттық мағынадағы маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 29 маусымдағы N№3 С-3-6 шешімімен бекітілген 2005 - 2007 жылдарға арналған Ақмола облысында тұрғын үй құрылысын дамыту Бағдарламасының негізгі мақсаты кең тараған тұрғындардың тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерінің кешенді шешімі болып табылады. Сондай-ақ, бұдан әрі тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдар өндірісін дамыту және жаңа технологияны енгізу, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту және жеке инвестиция есебінен, тұрғын үй құрылысы құнының төмендеуіне бағытталған шешім қабылдау қарастырылады.
2005 - 2007 жылдарға арналған Ақмола облысында тұрғын үй құрылысын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу қарқыны жыл сайын өсуіне байланысты үш жылда барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйлердің жалпы ауданы 341,1 мың м2, соның ішінде 2005 жылы - 84,9 мың м2, 2006 жылы - 113,1 мың м2, 2007 жылы - 143,10 мың м2, солардың ішінде: республикалық бюджет қаржысына (коммуналдық тұрғын үй) 28,432 мың м2; бюджеттік кредит есебінен 60,557 мың м2; жеке инвесторлар есебінен 82,639 мың м2; жеке тұрғын үй салушылардың қаржы есебінен 169,487 мың м2 салынатын болады.
2005 - 2007 жылдарға арналған Ақмола облысында тұрғын үй құрылысын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 3843,0 млн. теңге, соның ішінде: 2004 жылы - 649,75 млн. теңге, 2005 жылы - 1149,75 млн.теңге, 2006 жылы - 1149,75 млрд. теңге, 2007 жылы - 893,75млн. теңге бөлінеді.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 3 жыл ішінде:
ипотекалық тұрғын үй құрылысына 2 268 млн. теңге сомасында жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредит
коммуналдық тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 1 181,2 млн. теңге сомасында инвестициялық трансферттер;
тұрғын үй нысандарына іргелес аумақтағы инженерлік жүйелерді және көріктендіруді дамытуға облыстық бюджеттен 610,242 млн. теңге қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің N№827 "2030 жылға дейін Қазақстанның стратегиясын бұдан әрі дамытуды іске асыру жөніндегі шаралары туралы" Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде, экономиканы өзгертудің негізгі тетіктерімен қоса құрылыс индустриялардың кәсіпорындарын дамыту мәселелері бойынша белгіленген міндеттердің кезеңмен орындалуы осы 2005-2014 жылдарға Ақмола облысында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамыту жөніндегі Бағдарламамен қарастырылады.
Аталмыш Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі Қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі, республиканың ғылыми-техникалық мүмкіндігін тиімді қолдану және ұлттық валдық шикізатты құрайтын өнімді жоғары технологиялық шетке шығаруға бағытталған өнімге кезең-кезеңмен ауыстыру негізінде экономикалық өсу болып табылатыны шартты.
Құрылыс материалдардың отандық өнеркәсібі құрылыс өндірісі мұқтаждығын толық қанағаттандыра алмайды. Қажетті құрылыс материалдарының көпшілік бөлігі ТМД елдерінен, алыс шет елдерден және республиканың басқа облыстарынан әкелінеді: бұлар - цемент, әйнек, орман материалдары, электротехникалық бұйымдар, санфаянс, ішкі әрлеу материалдары, жыл сайын импорт өнімдері 15 - 20%-ға өсуде.
Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен имараттар құрылыстарының сапасына бүгінгі таңдағы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдану қажеттігін белгілейді.
Саланың материалды-техникалық базасының деңгейі бүгінгі таңдағы талаптарға сәйкес емес. Көпшілік кәсіпорындардың негізгі қорларының тозушылығы 60-70%-ды құрайды. Өндіріс экологиялық талаптарды сақтамай, жоғарғы деңгейлі энергия тұтынушылықпен көнерген технологиялармен жүргізіледі. Өнімдердің жеке түрлері бәсекеге қабілетті емес болып табылады.
Барлық осы факторлар отандық құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамыту, олардың қалай ішкі нарықта және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталып көрсетілген ұзақ мерзімділік Бағдарламаны әзірлеудің алғы шартына айналды.
3. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ, БҰЙЫМДАРЫ МЕН ҚҰРАСТЫРЫЛЫМДАРЫ
ӨНЕРКӘСІБІНІҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
1) Жалпы мәліметтер
Құрылыс материалдары өнеркәсібі облыстың экономикасының ірі құрамдас бөлігі болып табылады. Құрылыс үшін негізгі материалдық базасы бола отырып, ол экономиканың басқа салаларының өсу және тұтас қоғамның әлеуметтік жағдайының өсу қарқынына айтарлықтай әсер етеді. Құрылыс материалдары нарығын қалыптастырудың негізгі шарттары құрылыстың жоғарғы қарқыны және құрылыс материалдарын өндіру үшін қорлардың барлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында табиғи жағдайлары, пайдалы қазбаларының қорлары мен алуан түрлісі, жер асты қорлары бойынша облыс бай аумақтардың бірі болып табылады. Облыс қажетті шикізат қорларына ие: топырақ, құрылыс тастары, құмдар, қаптағыш тастары, құрылыс балшығы, кварцит, әктас, құмтас-малтас қоспасы, табиғи қиыршықтас, балшықты-қиыршықтас топырағын өндіру бойынша көптеген кен орындары бар.
Облыста құрылыс материалдарын шығаратын 100 шақты шаруашылық субъектілері бар, олардың кейбіреулерінде кірпіш, темірбетон және ағаш бұйымдары өндірісін дамыту үшін мүмкіншіліктер бар. Облыс құрылыс индустриясында жұмыспен айналысатын кісілердің жалпы санының 4% ғана айналысуда. Өркениетті елдердің көпшілігінде құрылыс индустриясының үлесі жалпы жұмыстылықта 5%-дан 7%-ға дейін тербермеледі. Өткен жылы орташа және негізі шағын құрылыс индустрия кәсіпорындары қатарымен: табиғи құмдарды өндіру - 398,2 мың куб.м.көлемінде, гранулдар, тас қиыршығы мен тас қоқымын, малтас, қиыршықтас немесе ұсақталған тастарды өндіру - 1792,7 мың м3; құрамалы темірбетон - 17,6 мың куб. м; тауарлық бетон - 9,0 мың тонна; ағаш бұйымдары - 34,0 мың шаршы метр; қыш тақташалар мен тақталар - 14,16 мың шаршы метр; оқшауламаған қыш құрылыс кірпіші - 4,7 мың куб. м.; әк - 726,0 тонна; бетоннан жасалған құрылыс құрастырмалары - 107,54 мың тонна, тауарлық бетон - 175,21 мың тонна; силикаттық және қож кірпіштер - 222,0 тонна көлемінде жұмыс атқарылды.
Соңғы үш жылда облыстық үш кәсіпорны ғана құрылыс кірпішін шығарды: Ақкөл ауданы Радовский кірпіш зауыты шамасы 200 мың дана, 2002 жылы Целиноград ауданындағы "Құндыз" ЖШС-і - 400 дана кірпіш шығара бастады. Облысымызда ең ірі №100 "Еңбек-Көкшетау" ЕМК кірпіш зауытының филиалы 2000 - 2001 жылдармен салыстырғанда 2001 жылы 8,6 млн. дана, 2003 жылы 3 млн. данаға дейін екі есе кемітті.
Щучинск қаласында орналасқан тағы бір кәсіпорын "Гефест" ЖШС-і ғана құрамалы темірбетонды шығарады. Ағаш бұйымдары (тақтайлар, білеулер, погонаждық бұйымдары, терезелер, есіктер) өнеркәсібімен көбіне бұрынғы орман өндіріс шаруашылығы, жиһаз кәсіпорыны, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының шағын және қосалқы цехтары айналысады.
Облыс құрылыс саласын көтерудің приоритетінің (алдының) бірі болып құрылыс кешенінің негізі болатын құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсібін дамыту нақтылы.
Саланың дамуына тұрғындардың тұтынуына тұрғын үй құрылысы үшін құрылыс материалдардың және тұрмыста қажет басқа үй шаруашылық құрылыстардың кезеңді қалпына келтіру, жөндеу, қайта құру үшін қажетті мұқтаждылығын, сондай-ақ кәсіпорындар, офистер, өндірістік кешендер үшін және мемлекеттік және қоғамдық қорларының, әкімшілік, мәдени-тұрмыстық ғимараттардың, өндірістік және гидротехникалық имараттарды жөндеу үшін құрылыс материалдардың халық шаруашылығы кешенін тұтынушылығын дамытуға аз емес маңызды ықпал етуді көрсетеді.
Облыста осы уақытта цемент, металлпрокат, әрлеу материалдары, санитарлық-техникалық бұйымдары, табақ әйнегі, лак сырлау бұйымдары, жылу оқшаулау бұйымдары және басқа өндірістері бойынша әрекеттегі құрылыстық индустрия кәсіпорындары жоқ.
Бүгінгі күні құрылыс материалдары өндірісі облыстың құрылыс кешенінің тұтынушылығының тек бөлігін ғана қанағаттандыра алады және құрылыстық материалдардың барлық түрлері бойынша қат жібермейді, осы салдардан рынокта импорт өнімдер маңызды үлестен орын алады. Тек қиыршықтас және құрылыстық құм, балшық және тас алу өндірісі облысты толығымен тұтынушылықпен қамтамасыз етеді.
Тіпті, облыста соңғы жылдары керамикалық плитка, пластмассалық құбырлар және басқа өнімдер шығару бойынша жоспарланып отырған өндірістерге қарамастан, құрылыс материалдары саласында барлық өнімдер сыртқы нарықта бәсекеге қабілеті жоқ.
Алдыңғы қатарлы шетел технологиясы талабынан кәсіпорын салаларының көбінің техникалық деңгейі біршама артта қалып отыр. Кәсіпорындардың көнерген жабдықтармен және жетілдірілмеген технологиялық желілермен жабдықталуы тіпті ішкі рынокта бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға мүмкіндік бермейді. Қаржының, материалдық қорлардың жетіспеушілігі, муниципалдық тұрғын үй көлемінің мөрт төмендеуі, барлық күрделі құрылыс кешенінің белгілі төмендеуіне және консервациясына, сондай-ақ құрылыс индустрия кәсіпорындарының жабылуына әкелді.
Ұзақ мерзім ішінде құрылыс саласының қалыптастыруының және облысқа отандық өнімдерді сапасы мен түрлерінің көбісімен асып түсетін шетелден келіп түскен құрылыс материалдарының астарлы көлемі, отандық құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісі көлемінің төмендеуіне әкелді.
2) Құрылыс материалдарының ішкі нарығын талдау
Құрылыс материалдар нарығының өзіндік ерекшеліктерінің бірі тұтынушының "бірлігі", рынок саласының көпшілігі үшін - бұл құрылыс ұйымдары болып табылады. Құрылыста 75-80%-дан жоғары құрылыс материалдары өнімдері, 95%-дан астам қабырға материалдары, 90% құрылыс бетоннан жасалған бұйымдары, 85% асбестоцемент бұйымдары, 95% құрамалы темірбетон пайдаланылады. Осыған қарай құрылыс материалдарының негізгі түрлерінің нарығын дамытуға құрылыс көлемі және құрылыс индустриясының дамуы әсер етеді, ал құрылыс көлемінің өзгеру динамикасын ескерсе оның қалыптасуы тек.
Соңғы жылдары облыста құрылыс саласының қарқынды өсуі байқалып отыр, осыған орай барлық құрылыс секторлары: өнеркәсіптік, тұрғын үй, жол құрылысы белсенді дамуда.
Күрделі құрылыстан басқа құрылыс материалдар нарығы өнімдері халық шаруашылығының барлық саласында: тау қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, электроэнергияны, газ бен суды, көлік пен байланысты өндіру және бөлу тұтынушылықты қанағаттандыру үшін арналған. Үй шаруашылығы жеке тұрғын үй құрылысы, сонымен қатар құрылыс материалдарын маңызды тұтынушылардың бірі болып табылады.
Құрылыс материалдарының өнеркәсібінің тенденциялары, алдымен республика экономикасында инвестициялық белсенділік шарасымен, салаларды қайта құрастыру қарқынымен және күрделі қаржы салымдар құрылымының өзгеруімен анықталады. Ипотекалық кредит беруді дамыту, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау, құрылыс материалдары саласына қаржының кіруіне әкеледі.
Осы саланың келесі өзгешелігі, бірыңғай нарықтық және нарықтық кеңістігінің жеткіліксіз дамушылығы, аймақтарда құрылыс материалдарының локалды нарықтарының қызмет етуі, сонымен қатар өндіріліп жатқан шикізат көздерінің қажетіне байланысты кәсіпорындардың біркелкі емес және теңгеруліксіз аймақтық үлестіруі. 2003 жылдағы нысандардың құрылысына айтарлықтай күрделі қаржы салымдарына қарағанда, жеткілікті дамымаған немесе цемент, асбестоцементтік және минералдымақталық бұйымдары, руда емес материалдары және басқалары сияқты құрылыс материалдарының кейбір түрлерінің өндірісі жоқ болғанымен, құрылыс материалдарының өте көп көлемінің импорты Ақмола облысына келеді.
Құрылыс материалдары өнеркәсібі энергия сыйымдылы, материал сыйымдылы, сондай-ақ жүк сыйымдылы мен көлік сыйымдылы салаларының бірі болып табылады деп белгілеу қажет.
Кәсіпорындар-монополистердің тарифтік және құндылық қысымы (газға, жылуға, бензинге, электроэнергияға және тасымалдау тарифінің өсу құнының артуына) саланың экономикалық жағдайын болжалауда қосымша қиыншылықтарды құрады. Осы жағдайда құнның жоғарылауы өнімге тұтынушылық сұранысты төмендетеді, құрылыс материалдарының бағасын және өзіндік құнын жоғарылатады, олардың бәсекелестікке қабілетін төмендетеді және импорттың арттыруына әкеледі.
Осы нарықты қарастыруда құрылыс материалдарына маусымдық сұранысы болуы маңызды. Өйткені құрылыс атмосфералық және климаттық шарттарынан және бұл себепкер шарттардың әрекеті нысандардың құрылысын жыл бойы жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, құрылыс кезеңі жаз, көктем және күз мезгілдерінің бір бөлігі болып табылады. Облыс шарттары үшін бұл кезең 6 - 7 айды құрайды. Демек, құрылыс материалдарына сұраныс маусымдықпен сипатталады. Бірақ құрылыста жаңа технологиялардың шығуымен, құрылыс мерзімі талабының жоғарылауымен құрылыс материалдарына маусымдық сұранысы біршама сұқталануда.
Нарық ерекшеліктерінің арасында, сондай-ақ шикі зат биржаларын, делдалдық қызметпен айналысатын көптеген фирмаларын, маркетинг, консалтингтік, аудиторлық ұйымдарын, сондай-ақ ақша - кредит жүйесі мен банктерді, шаруашылық тәуекелді сақтандыру жүйесі және көптеген басқаларын қосқанда инфрақұрылымның дамымағанын көрсету қажет. Нарықты инфрақұрылым тұтынушылардан келетін дабылдарды аулайды, оларға сол импульстардың өндірісшілерімен қабылдауын және оларға дәл реакцияларын қамтамасыз етеді, өндірісшілер мен тұтынушыларды бірыңғай шаруашылық процеске байланыстырады. Облыста құрылыс материалдары нарығының инфрақұрылымы әлі қалыптасқан жоқ деп белгілеу қажет, ал отандық құрылыс материалдарының жоғары бәсекелестікке қабілетін қамтамасыз ету үшін ол шекті қажет.
Құрылыс көлемдерінің сертті асуымен шарттасқан құрылыс материалдарының көбейіп келе жатқан импорты, іс бастылығы 10-25% құраған кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығының қолданылуын ұстап тұр. Құрылыс кешенінің қуаттылығы толықсыз қолданылады және оның мүмкіндіктері, бастысы, өндірісті жаңарту үшін кәсіпорындар қаржыларының шектеулісі және құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісінде жоғары технологияларды игеруге жеңілдік ұзақ мерзімді кредиттердің жоқтығынан ұсталынады.
Жоғары тарифтердің шарттарында аумақтық орналастырудың сәйкессіздігі өнім мен шикізат жеткізу бойынша үлкен қаржы шығасысын шақырады. Облыс аудандары бойынша құнды айрықша айырымдауға әкелетін, көлік шығындарының жеке салмағы ара қашықтықтарға жеткізген сәтте 55-65 % жетеді.
2004 жылы Ақмола облысы бойынша құрылыс материалдардың жеке
түрлерінің орташа құны
Ақмола облысы |
||||||||
Цемент, |
Қыш |
Сили- |
Тауар |
Қиыршық |
Құрылыс |
Қыш |
Жертөле |
Тере |
8000-9000 |
50-60 |
20-30 |
9000-11000 |
1000-2000 |
500-1000 |
1000-1600 |
7500-9500 |
600-900 |
3) Қатар жүрген салалардың даму әлеуеті
Облыс экономикасында саланың орнын анықтай отырғанда, оның өнеркәсіптің басқа салаларымен дамытуына әсерін тигізетін өзара байланыстарын айқындау қажет. Солай, қарастырылған саланың шикізат базасы тау дамыту өнеркәсібі болып табылады, бірақ мұндай руда емес қиыршық тас, құм, әк тас және басқа құрылыс материалдары өңдеуге жатпайды және бірден тұтынылады. Бұдан әрі дайын өнім тұтынушылық рыногына (құрылыс ұйымдар) бірден тік түседі, бірақ құрылыс материалдары саудалық делдалдар арқылы іске асырылады.
Өндірушілер сатып алушы ретінде де бола алады, өйткені көптеген құрылыс бұйымдары түрлерінің өндірісі үшін, компонент ретінде неше түрлі құрылыс материалдары керекті, мысалы шифер, темір бетон бұйымдарын өндіру үшін цемент және т.б. қажет. құрылыс материалдары өндірісінің кәсіпорындары өз саласының өнімін 20% жоғары тұтынады, оның ішінде ішкі салалық айналымы 75% құрайды. Салада өндірілген цементтің 35% шамасында және басқа салалардың өнімдерінің 30% шамасы, басты асбест және руда емес құрылыс материалдары тұтынылады.
Қолдайтын салалармен өзара байланысты қалыптастыру қажет, олсыз құрылыс материалдары өндіріс саласының бар болуы мүмкін емес (технологиялар және жабдықтау, тасымалдау, электроэнергия, жұмыс күші, қаржы). Егер бұрын аудит, консалтинг және сақтандыру секілді қызметтер сала үшін өмірлік маңызды болып табылмаған болса, қазір мұндай инфрақұрылымсыз саланың бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Құрылыс материалдары өндірісінің жеке салалары бойынша қосылған құн тізбесін зерттеу, оның шоғырлануының дәрежесі сол немесе басқа мәселелердің барын және оның туу себептерін көрсете алуға мүмкін.
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырылымдары өнеркәсібі толығымен құрылыс саласының мүмкіндігін анықтайтын өндіріс саласы болып табылады. Саланың үдемелі дамыту мүмкіндігінің бар потенциалын атап көрсету керек.
Саланың дамуына кепілдік беретін күшті жақтарына: мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары түрінде ғылыми-техникалық потенциалдары және ұйымдары бар болғаны апарылады;
"2005-2007 жылдары Ақмола облысында тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі Бағдарламасын" қабылдауға байланысты өнімнің тұтыну нарығының болуы және оның арттыруы;
инвестициялық қорларға мүдделі кәсіпорындарға мүмкіндік беретін дамыту институттарының бар болуы;
саланы дамытуды қолдау бойынша сезімді мемлекеттік саясатты жүргізу;
материалдары, бұйымдары мен құрастырылымдарының кең номенклатурасының шығарылуы үшін салалар мен құрылымдардың қалыптастыруына мүмкіндік беретін шикізат базасының жеткілікті болуы жатады.
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырылымдары өнеркәсібі жағдайының сарабы өндірістік-экономикалық байланысының ажырауы, ішкі нарықтық күрт тарылуы және тұтынушылық сұраныстың төмендеуі, күрделі құрылысқа инвестициялардың қат-қабат төмендеуі, энергия қорлары мен қызметтеріне құнның өсуі экономикалық құлдырауға, банкроттыққа және саланың көптеген кәсіпорындарының жоюлуына әкелетінін көрсетеді.
Облыс нарығындағы бос орындарды ауыспалы уақыттың қиындықтарын тиімді қолданып шетел фирмалары мен компаниялары тез толтырды.
Оған дерек, соңғы жылдары құрылыс кешенінің материалдық базасының ұстаным қатары бойынша өндірістің құлдырауы тоқтатылды, ал олардың кейбіреулері бойынша өсуі ұйғарылды, сала кәсіпорындарының бөлімі нарық шарттарына икемделе бастады деп куәландырады.
4) Саланың дамуына кедергі жасайтын негізгі факторлар
Сала құрылымы шикізат немесе шикізат шамасына анық көрсетілген бағытқа ие, облыста құрылыс кешенінің бүгінгі таңдағы талаптарына сәйкес және жоғары дәрежелі қайта өңделген өнімді өндіретін кәсіпорындар жеткіліксіз. Эскпорттың негізгі баптары руда емес құрылыс материалдары болып табылады, сол мерзімде айтарлықтай көлемде әйнек табағы, қабырға материалдары, бүгінгі таңдағы жабын материалдары, қыш бұйымдары және сантехникалық бұйымдары импорты жүзеге асуда.
Құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындардың көпшілігі, бұлар орта немесе шағын және сол салдардан олардың өнеркәсібін жаңарту (немесе ұйымдастыру) бойынша жобаларды қаржыландырумен мәнді проблемалары бар. Проблемалар, қалай өз жекеменшік айналымы қаржысының жеткіліксіз қамтамасыз ету жағымен, солай лизингілік операциялармен қамтамасыз етуінде пайда болады.
Кішірек кәсіпорындар қалай ішкі, солай сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілеті жоқ, өйткені бір өндірістік тізімнің ішінде болған кәсіпорындар өнімдерді нарықтық бағалар бойынша жеткізеді, онымен шикізат алумен немесе алғашқы оны қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға қарағанда, жоғарылау қосылған құнында сегментте болуы өндірісшілерді бәсекелестікке қабілеті төмендеу болып қалады.
Менеджерлердің жеткіліксіз біліктіліктері сала кәсіпорындарына өндірістік қорларды тиімді қолдануға рұқсат етпейді.
Саланың кәсіпорындары бүгінгі таңдағы әлемдік және ұлттық деңгейде салалардың даму тенденциялары туралы ақпараттарға мұқтаж, сондай-ақ өнімдердің (отандық және өңірлік нарықтары) алуан түрлері бойынша маркетингтік зерттеулерде мұқтаждық бар. Құрылыс ұйымдары құрылыстың белсенді жүріп жатқан негізгі орталығына отандық өндірушілердің құрылыс материалдарын тасымалдауға бағасының және тарифінің көрсетілуі туралы ақпараттарға мұқтаж.
Бүгінгі күнге кәсіпорындар ішінде инновациялық жұмыстар мүлде жүргізілмейді. Орта қауырт болашақта мемлекеттің тікелей араласуынсыз туындаған жағдайлар ішкі нарықта отандық кәсіпорындардың өнімдерін бәсекелестік қабілетсіздікке әкеледі.
Осылай салалық өзіндік ерекшеліктері бар құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырылымдары өнеркәсібінің әлсіз жақтарына:
өндірістердің жабдықталуының төменгі техникалық деңгейін;
өндірістердің жаңарту және техникалық қайта құралдандырылуы үшін кәсіпорындардың айналма қаржысының және қорының жеткіліксіздігін;
өндірістік өнімдердің өзіндік құнының жоғарылылығын;
нормативті-ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудың нашарлығын, әсіресе жаңа стандарттар сапасын енгізу бойынша процедураларын және шикізаттың бар болуы туралы ақпарат бөлігін;
өндірісті орналастыруда аймақтық сәйкессіздіктің болуын;
экспортқа бағытталған және жаңа импорт орнын басатын өндірісті дамыту үшін инвестициялардың жеткіліксіздігін;
көліктік қызметтер құнына және қол жетерлігіне кәсіпорындардың жоғары тәуелсіздігін;
облыста мамандардың тым жетіспеушілігін және олардың дайындықтарының сапасының төмендігін жатқызуға болады.
Бұлардың бәрі көпшілік кәсіпорындардың техникалық және технологиялық жабдықталуы бүгінгі күндегі деңгейінде болғаны, әлемдік стандарттарға сәйкес отандық құрылыс материалдарын шығаруын ұйымдастыру мүмкіндігінің аз болуын куәландырады.
Экономикалық дағдарыстан шығудың тиімді шараларының бірі өнеркәсіп өндірісінде ғылыми-техникалық жетістіктерді қатыстыру және дамыту болып табылады. Сондықтан, ғылыми өндірісті дамытуға және экспортқа құрылыс материалдары өнеркәсібін қарқынды дамытуға, өндірістерді технологиялық жаңартуға, құрылыс өнімдері сапасын жоғарылатуға бағытталған шараларды әзірлеу аса өзекті болып табылады.
5) Ақмола облысының құрылыс материалдары, бұйымдары мен
құрастырмалары өндірісі үшін минералды-шикізат базасы
Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдарының өнеркәсібін дамыту, жергілікті материалдық өндірістің дамудың негізгі мәселелерінің бірі өңірде шикізаттың негізгі түрлерінің кен орны қорларын анықтау және кадастрдың түзету кен орнын өткізу болып табылады. Облыстың минералды-шикізат базасының мониторингісі құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдары өнеркәсібі үшін шикізат негізгі түрлерінің кен орны санының жеткіліктілігі туралы, соның ішінде құрылыс кешенінің бүгінгі таңға сәйкес жоғары дәрежелі қайта өңдеу өнімдері үшін де куәландырады. Бірақ резервтік саны шикізат базасының қолдануының жеткіліксіздігі туралы куәландыратын және оның экстенсивті дамуы үшін шарттарды құру, осы уақытта қаналушы салыстырма бойынша кен орнын өңдеуге қатыстырылмағаны басым болады.
Ақмола облысында құрылыс материалдары, бұйымдары және
құрылымдары өндірісі үшін минералды-шикізат базасы
N |
Шикізат |
Туу саны |
қорлар (теңдік және |
||||
Бар |
қана |
ре- |
Барлығы, |
қаналу- |
резервтік |
||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Құрылыс |
25 |
12 |
13 |
339344,9 |
68942,9 |
270402,0 |
2 |
Құрылыс |
3 |
1 |
2 |
16078,0 |
5189,0 |
10889,0 |
3 |
Қаптама тас |
2 |
2 |
4047,5 |
4047,5 |
||
4 |
Тығыз балқытыла- |
2 |
2 |
15402,0 |
15402,0 |
||
5 |
Перлит |
1 |
1 |
1992 |
1992 |
||
6 |
Волластонит |
1 |
1 |
7 |
7 |
||
7 |
Құм-малта |
14 |
7 |
7 |
97202,7 |
48393,7 |
48809,0 |
8 |
Кірпіш |
36 |
1 |
35 |
31716 |
2951 |
28766 |
Қорытынды |
84 | 21 | 63 | 505790,1 | 125476,6 | 380314,5 |
Құрылыс материалдарының өндірісі үшін құрамалардың бірі жалпы таратылған пайдалы қазбалар (құм, балшық, қиыршық тас, құрылыс тасы, әктас, гранит және басқалар) болып табылады. Құрылыс индустриясы шикізат базасын кеңейтуге басымдылықпен бағытталған өнеркәсіпте өндірістің қалдықтарын (мәселен: мәрмәр үгіндісі) қатыстыру болып табылады.
Бүгінгі күнде Ақмола облысы шегінде жалпы таратылған пайдалы қазбаларды (ЖТПҚ) өңдеуге жер қойнауын пайдаланушылардан 97 келісім-шарт алынды. Олардың ішінде: 2001 жылы - 24, 2002 жылы - 21, 2004 жылы - 2 келісім-шарт берілді. 19 жерден құм,26 жерден құрылыс тасы, соның ішінде 2 жер қаптама тас, 1 - кварцит, 6 - құм-малта тас қоспасы, 14 - табиғи топырақ, 2 - отқа шыдамды балшық алу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан әрі құрылыс құмы, құрылыс тасы, табиғи қиыршық тас алу көлемі, плита, блок, жиектас құрылыс тастарын өңдеу көлемі көбейтіледі деп күтіледі. Жалпы таратылған пайдалы қазбаларға сұраныс, рынок конъюктурасына байланысты Астана, Көкшетау, Степногорск және Щучинск қалалары және Ресей Федерациясы жақын облыстар болуы мүмкін негізгі нарық өтініші болып табылады.
Бүгінгі күні облыс бойынша "Таскөл" және "Көкшетауқұрылысиндустрия" ЖШС-і гранит тақтасы, жиектас, төсемтас, мәрмәрдан бұйымдарының шығарумен және өңдеумен айналысады.
Атбасар, Еңбекшілдер, Бұланды және Шортанды аудандары құрылыс индустриясы кәсіпорындары ағаш бұйымдарын шығарумен, сондай-ақ құрылыс тастарын өңдеумен мамандандырылуда.
Степногорск қаласында "Промпластмасса" ЖШС-гі 2001 жылдан негізінен Астана қаласына жіберіліп жатқан, поливинилхлоридтан профил және құбырлар өндіреді. Көкшетау қаласында "Көкшетауқұрылыссервис" ЖШС-гі тротуар төсемтасын шығарумен айналысады. №100 "Еңбек-Көкшетау" ЕМК филиалы кірпіш шығарумен айналысады.
Бағдарламаның болған жағдайларын құрылыс индустриясы кәсіпорынын реанимиялау бойынша және олардың тұрақтылығын қалыптастырудың келесі шараларын қарастырады.
Көкшетау қаласында жабдықтарды жаңартуға қаржысы бар №100 "Еңбек-Көкшетау" ЕМК филиалы кірпіш зауыты өндірісі инвестициясында жылына 28 млн. кірпішке дейін шығаратын мүмкіндігі бар. Бұл зауытты жаңартуға 20 жылдан астам ақша бөлінген жоқ, жабдықтың тозуы 90%-ды құрайды. Алғашқы 5-6 ай ішінде жоғарыда көрсетілген сома зауытты жабдықтауға мүмкіндік береді, сонымен кірпіш сапасы және шығарылуы көбейтіледі. Қосымша жұмыс орындары (80 орын) енгізілетін болады және тез кредиттерді қайтару мүмкіндігіне әкеледі.
Щучинск қаласында ("Гефест" ЖШС-гі) темірбетон бұйымдары зауыты инвестицияда кәсіпорын жылына 18 мың м3 көлеміне дейін темірбетон бұйымдарын (жабу плитасы, іргетас блоктары, маңдайшалар, баспалдақтар және темірбетон бұйымдары) шығара алады. Бүгінгі күнге нақты қуаттылығы жылына 12 мың м3 шамасында құрайды. Облыстың құрылыс кәсіпорындарының ірілерінің бірі "Бөбетай" ЖШС-гі қарастыру шартында 50 млн. теңге қайта құруға және модулды бетон ерітіндісінің түйіншегін және кірпіш зауытын дамытуға, жылына 5 млн, дана "кремль" кірпішін шығаруға құрылыстың тұтынушылығына байланысты тауар бетоны және темірбетон бұйымдарының үлкен көлемін шығаруға жағдайы бар.
Бұланды ауданында Макинск құрылыс материалдары зауытының өндірісін ұйымдастыруға қаржы инвестициялауда жылына 20 млн. данаға дейін әртүрлі конфигурациялы қыш, қаптама және таспен толтырылған кірпішін шығара алады.
Шортанды ауданында ағаш өңдеу кәсіпорыны техникалық жабдықтау қаражаты қарастырылғанда терезе және есік блоктарын, еден тақтайларын, еден кемер, жақтаулар шығару бойынша 25% көлеміне көбейтуге мүмкіндігі бар.
Белгілі қаржы жұмсағанда Ақкөл ауданы Бөгембай ауылы "Әйгерім" ЖШС-гі кәсіпорыны 20 мың теңгеге дейін әктас шығарумен, Жақсы ауданы кәсіпорыны 20 мың қож блокпен қамтамасыз ете алады.
Еңбекшілдер ауданында жаңартуда кәсіпорындар кірпіш, ағаш бұйымдарын, әк, гранит бұйымдарын, және көбікгаз бетон блоктарын (кірпіш -3,5 млн. дана, әк - 1000 тоннаға дейін, гранит - 40 млн. теңгеге, газобетон жылына - 2200 м3) шығару көбейеді. Ерейментау ауданында қаржыландыруда "Хамзе" КШ Новодолинка ауылында кірпіш шығару бойынша кіші зауыт құрылысына 89,0 млн. теңге, жылына 13 млн. дана санында өнім шығарумен қамтамасыз ету.
"Толқын Бидай" ЖШС-гі қаржы енгізуде 339 мың теңге және 16,4 млн. теңге сомасында аяқ жол плитасы, қожблоктары, құм блоктары (198х188х390 өлшемі) өндірісінде: аяқ жол плитасын 66 м2, қож, құм блоктары жылына 48530 кірпіш өнімдерін шығара алады.
Степногорск қаласында сантехникалық бұйымдардың жаңа өндірісіне 2092,5 млн. теңге қаржы бөлінгенде жылына 500 мың дана бұйым шығара алады.
"Тыныс" ААҚ-ы зауытына полиэтиленді құбырлар өндірісін игеруге 198,5 млн. теңге инвестиция мүмкіндік береді.
4. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның негізгі мақсаты құрылыс индустрия кәсіпорыны дамуының қажеттілігіне байланысты және жоғарыда көрсетілгендерді санап Ақмола облысының құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдары өндірісін инновациялық дамуы күрделі құрылыс объектілерін отандық құрылыс материалдарымен толассыз және сапалы қамтамасыз ету, өндірістік қуаттылықты қайта құруға және барын сақтау үшін жағдай құру болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешімі ұйғарылады:
құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындарды жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру қажеттілік шарасы бойынша мемлекеттік инвестиция бағдарламасына кіретін құрылысты болашаққа сай жобалармен қамтамасыз ету;
салаларды дамытуда ынталандыратын негізгі шараларды анықтау;
салаларды дамытуда мемлекеттік қолдау әдістері мен қалыптарын анықтау;
бүгінгі таңдағы жоғары сапалы, бәсекелестікке қабілетті және экспортқа бағытталған құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмаларды алу бойынша жаңа өнеркәсіптер құру.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
МЕХАНИЗМІ
Бағдарламаның негізгі бағыты болып, қаржыландыруды ұйымдастыру және қолдау, оның ішінде, тиімді кепілдіктермен және сақтандыруын қамтамасыздандыратын қарыздарды іздестіру жолымен шаруа субъектілерінің өз қаржылары мен инвестицияларын тарту; табиғи қорларының кен орнын игеруге, жайластыруға және пайдалануға жасасатын келісім-шарттарға және облыс құрылыс индустрия кәсіпорындарды реанимиялау (жайлардың күрделі және ағымдағы жөндеу, материалдық-техникалық базасын жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру) үшін тартатын инвестициялық қарыздарға жасасатын келісім-шарттарға лайықты жағдайлар қосу.
Бағдарлама әкімшіліктері, шаруа субъектілерімен, жергілікті атқарушы органдармен бірге орындарында құрылыс индустрия кәсіпорындарын дамыту, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жоспар құруын үйлестіретін болады. Бірінші кезекте, осы жұмыстар, экономиялық және қолайлы қаржы жағдайында тұрған, оның ішінде құрылыс объектілеріне жұмыс күшінің, құрылыс материалдары және көліктік қол жетушілігінің бар болуы кәсіпорындарда өндірілетін болады.
Облыс аудандары мен қалаларында тұрып қалған құрылыс индустрия кәсіпорындарын іске қосу бойынша ең үлкен шекті шаралар қолданылады, құрылыс материалдарын шығаратын кіші және орта кәсіпорындардың құрылысына инициативтік кәсіпкерлер, банкрот болғандарына дейін іздестірілетін болады.
Құрылыс индустрия базасын дамыту үшін келесі әрекеттерді: бірінші кезеңде (2005-2007 жылдары):
кірпіштің, тауарлық бетонның, темірбетонды бұйымдардың, ағаш бұйымдардың, граниттің, ұсақданалы қож-, көбік-, газбетонды блоктардың, әктің және басқа бұйымдардың шығарылымын көбейту, шетелден әкелетін құрылыс материалдардың көлемін төмендету, валюталық қаржылардың жылсайынғы өтіп кетуін қысқарту, прогрессивтік технологияларды ендіру есебінен материал сыйымдылығын, энергия сыйымдылығын және еңбек сыйымдылығын 25-30 пайызға кеміту және өнімдердің өзіндік құнын төмендету, облыста саланың өндірістік потенциалын әрі қарай өсіру үшін базасын құру;
санитарлық-техникалық бұйымдар, полиэтилендік құбырлар, каолиндік концентрат пен кварцтік құм өндіретін желістер және қиыршық тас бойынша жаңа өндірістік қуаттарын құру;
шикізаттың негізгі түрлерінің кен орындарының қорын нақтылау және облыс аудандарының кен орындарының кадкадзат кен орнын және олармен шығаратын өнімдердің тұтыну нарықтарының орналасуын есепке ала отырып, өндірістік қуаттар объектілерін ылайықты орналастыруын қамтамасыз ету;
екінші кезеңде (2008-2010 жылдары):
тиімді және экологиялық таза құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдары ассортиментін және жаңа технологияларды кеңейту өндірістерін ендіруді қамтамасыз ету,
облыстағы құрылыс объектілерінің құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдары өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлерімен үзіліссіз қамтамасыз етуге жету;
сыртқы нарықта құрылыс материалдарының бәсекеге қабілетті шығарылымын көбейту және экспортқа бағытталған өндірістерді игеру
Үшінші кезеңде (2011-2014 жылдары):
шетел мамандарын және консалтингтік компанияларды тарта отырып, жоғары және орта топтағы менеджерлердің біліктілігін көтеру курсымен қоса, құрылыс материалдары өнеркәсібі үшін мамандарды дайындау бойынша шараларды қолдану қажет.
Саланы дамытуда мемлекеттік қолдауын іске асыру үшін:
бірінші кезеңде (2005-2007 жылдары):
дамыту институттарын тартуы қарастырылатын мекен-жайлық шаралар қолданумен мемлекеттің тура қатысуын талап ететін, ірі стратегиялық жобаларының тізбесін анықтау;
отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағыттаған, құрылыс материалдарының өндіру саласындағы жобаларды приоритетті қолдау бойынша арнайы акцияларды жүргізу жолымен акционерлік қоғамдарды тарту бойынша жұмыс жүргізу;
екінші кезеңде (2008-2010 жылдары):
кеңестік көмек және ақпараттық қамтамасыз ету, инвестициялық жеңілдіктерді беруіне, жергілікті деңгейде әкімшілік реттеудің ықшамдауына, нормативтік және құқықтық актілер жүйелерін оптимизациялау жолымен іскерлік белсенділігін дамыту үшін жайлы орта қамтамасыздандыру;
жаңа, бүгінгі таңдағы құрылыс материалдарының шығарылымын ұйымдастыратын кәсіпорындарға келешекте әзірлеген артықшылық пен кепілдік беретін жүйелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
заңнамаға сәйкес салық ауырлығын төмендету жағынан жеңілдік бейімделу кезеңін ұсыну қажет.
Қазіргі кезеңдегі жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті және шетелге бағытталған құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын шығарып алу бойынша жаңа өндірістерді құру үшін құрылыс материалдар өнеркәсібінің өнімдерінің жеке түрлері бойынша инновациялық және инвестициялық саладағы бастысы:
Бірінші кезеңде (2005-2007 жылдары):
құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалар өндірісін қуат сақтау технологияларын ендірумен әрекеттегі кәсіпорындарды жаңартуын және техникалық қайта жабдықтауын іске асыру;
істегі өнеркәсіптердің жаңартуы және жаңа зауыттардың құрылысы: Көкшетау және Щучье қалалары, Бұланды, Еңбекшілдер, Жақсы және Шортанды аудандарындағы қыш кірпіштерінің өндірісі бойынша; Көкшетау және Щучье қалаларындағы темірбетонды бұйымдар және тауарлық бетон, Еңбекшілдер ауданындағы көбікгазбетоннан жасалған бұйымдар және Щучинск қаласындағы, Ерейментау және Жақсы аудандардағы қоз-, құмбетондарды шығару бойынша; Ақкөл, Еңбекшілдер аудандарындағы әк шығару бойынша; тротуар тақталарын жасау, гранитті жиектас, баспалдақ және терезеалдын шығару бойынша; Еңбекшілдер және Ерейментау аудандарындағы мәрмәр өндірісінің қалдықтарын қолдану;
Еңбекшілдер, Шортанды, Щучье аудандарындағы ағаш бұйымдар, ағашжаңқалы тақталар, Көкшетау қаласындағы қыш тақта, Степногорск қаласындағы санитарлық-техникалық бұйымдардың өндірісін дамыту;
Көкшетау қаласында полиэтилендік құбырлар шығаратын жоғары өнімді жабдықты ендіру; каолин концентраты және кварцттік құм өндірілетін желісті ендіру.
Екінші кезеңде (2008-2010 жылдары):
экологиялық таза көбікқатпарлардың, пластикалық құбырлар және фасонды бұйымдардың, оқшаулау материалдардың өндірісін кеңейту.
үйқұрылыс кәсіпорындарын реформалау, құрылыс құрастырылымдарын шығару бойынша технологиялық желістерін және жоғары жылыоқшаулау мінездемелері бар жүйелерін ендіру.
Ү шінші кезеңде (2010-2014 жылдары) экспортқа бағытталған: каолин, сантехникалық бұйымдар, ұзақ пайдаланылатын полиэтилендік құбырлар сияқты өнімдердің ғылыми кең, жоғары технологиялық өндірісін пайдалануға енгізуін іске асыру болып табылады.
6. ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР МЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Бағдарламаның қаржыландыруы банктердің кредиттері, кәсіпорындардың өз қаржы есептерінен, шетел тура инвестициялары және басқа көздерден болжалады.
Инвестициялық жобалардың қаржыландыруы кәсіпорындардың өз қаржы есептерінен, тура инвестициялар және басқа көздерден, индикативті - 3722,9 млн. теңгені құрайды.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырылымдары өнеркәсібінің дамыту жөніндегі Бағдарламаның іске асырылуы Ақмола облысының экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайына ықпалды әсер етуіне мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімдік қаржыландырудың икемді жүйесін құруы, таяу жылдары, облысты құрылыс материалдарына қажеттілігін қамтамасыздандырады, құрылыс индустрияның бар өндірістік қуаттарын тиісті техникалық ахуалына және олардың тұрақты қызмет етуіне әсерін тигізеді.
Импорт орнын ауыстыру шаралары және құрылыс индустриясын дамыту бойынша инвестициялық бағдарламаны қалыптастыруы құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдар өндірісінің үлесін асыруына, құрылыс өнімдерінің неше түрлісі және сапасының белгілі бір деңгейге көтеруіне, өндірушілердің құрылыс материалдарын халықаралық стандарттарға сәйкес шығаруына жауапкершілігін дамытуына әсерін тигізеді.
Бағдарламаны іске асыруда бүгінгі таңдағы технологиялық желістерді, арнайы техникалар мен жабдықтарды сатып алуының мәні аз емес.
Инертті материалдардың қажеттілігінің өсуі және Астана қаласы мен облысымыздағы күрделі құрылыстың және қайта құрудың өсуіне байланысты, құрылыс тасты өндіру және оны фракциялық қиыршықтасқа айналдыруды көбейтуде жұмыстарды жүргізетін мүмкіндік бар.
Ғимараттардың сәулеттік келбетінің жақсартуына қажеттіліктің өсуі мәрмәр, гранит және басқа материалдардың өндіруіне үлкен сұраныс туғызады.
Шетел тауарларын әкелгенде ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану жолымен, лайықты тауарларды әкелген сәтте кедендік бажын қайта қарастыру жолымен, белгілі бір мерзімге салық салуын төмендету жолымен отандық құрылыс индустрия тауарөндірушілерді қолдаған сәтте, құрылыс материалдарының өзіндік құнын төмендету, ал ол әртүрлі объектілердің сметалық құнының арзандауына әкеледі.
Бағдарламаның іске асыруы азаматтық және кәсіпорын құрылысының көлемін, игілікті қабылдайтын өзіндік құнымен қоса, бұдан аса жоғары деңгейге жеткізуі қарастырылған.
Бағдарламаның іске асырылуы
бірінші кезеңде (2005-2007 жылдары):
2007 жылға дейін шығарылым бойынша:
қыш кірпішті 5,79 мың. м3 дейін;
силикаттық және қоз кірпішті 263,66 мың тоннаға
дейін;
тауарлық бетонды 220,03 мың тоннаға дейін;
темірбетонды бұйымдарды 135,04 мың тоннаға дейін көлемдерін жеткізу, және ағаш бұйымдардың, граниттің, ұсақ даналы қож-, көбік-, газбетонды блоктардың және басқа бұйымдардың шығарылымын көбейту көрсеткіштеріне жеткізуге;
Жаңа өндіру қуаттары құрылады:
санитарлық- техникалық бұйымдары бойынша - жылына 500 мың дана;
полиэтилендік құбырлары бойынша - жылына 135000 пог. м.,
және тұрғын үй мен елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылым нысандар құрылыстарының қарқынына, сапасына және құнына оң әсер әкелетін, каолиндік кептірілген даяр азық және кварцтік құм өндіру, қиыршықтасты шығару бойынша желістерге.
екінші кезеңде (2008-2010 жылдары):
2010 жылға дейін құрылыстың қажеттілік көлемінен құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары кәсібінің негізгі түрлерімен қамтамасыздандыруын 70-80 пайызға дейін жету;
шетелге тауар шығаруға бағытталған және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарының өндірістерін 50 пайызға игеру;
нәтижелі және экологиялық таза құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдардың ассортиментін кеңейтуге;
ү шінші кезеңде (2010-2014 жылдары):
шетелге тауар шығаруға бағытталған: каолин, сантехникалық бұйымдар, ұзақ пайдаланылатын полиэтилендік құбырлар сияқты өнімдердің ғылыми кең, жоғары технологиялық өндірісін пайдалануға енгізуге рұқсат береді.
2014 жылдың аяғына дейін қосымша 1000 жұмыс орнын құру және тұрғындарды жұмыспен қамтуды жоғарылату; бюджетке нақты салықтардың түсуін арттыру көзделген.
8. Ақмола облысында құрылыс материалдары, бұйымдары және
құрастырылымдары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға
арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007
жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
N |
Іс-шаралардың |
Аяқта |
Орындаудың |
Орында- |
Болжам |
Қаржы- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндіріс облысындағы жобаларының іске асыру жолының үнемі мониторингін жүргізу |
облыс |
экономика |
жылда |
шығындар болжалмаған |
|
2 |
"Еңбек |
облыс |
кәсіпкерлік |
2007 ж. |
36,8 |
кредит |
3 |
Щучье кірпіш зауытының өндірістік алаңдарын күрделі жөндеу және жабдығын жетілдіру, кірпіш шығаруын 10 млн. дана көлеміне (25 мың м3) жеткізу |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
10,5 |
кредит |
4 |
Щучье ауданындағы "Гефест" ЖШС өндірістік алаңдарын күрделі жөндеу және жабдығын жетілдіру, темірбетон бұйымдарын шығаруын 22 мың м3 көлеміне (44 мың тонна) жеткізу |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
27,0 |
кредит |
5 |
Көкшетау қаласындағы "Бөбетай" ЖШС кірпіш зауытын және модульдік ерітінді торабын іске енгізу. кірпіш шығаруды 12 мың м3 (12 мың тн.) - темір бетон бұйым-дарын, 11 мың м3 (22 мың тн.) - бетон, 5 млн. дана (12,5 мың м3) көлеміне жеткізу. |
облыс |
кәсіпкерлік |
2006 ж. |
50,0 |
кредит |
6 |
"Макинск құрылыс материалдарының зауыты" ЖШС түрлі кескінді қыш, қаптағыш және кесектас кірпіш зауытының өндірісін ұйымдастыру. әр түрлі кірпіштер шығару көлемін 20 млн. данаға (50 мың м3) |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
70,0 |
кредит |
7 |
Шортанды ауданындағы "Астана-Кристалл" ЖШС терезе және есік тораптарын, еден тақтайларын, еденкемер (ернеулік) мен жақтауларды шығаратын өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және өнімнің шығарылуын 40 пайызға асыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
13,0 |
кредит |
8 |
Көкшетау қаласындағы "Тұрмыстық химия зауыты" ЖШС жылытқыш өндіретін желісін ендіру және өндіріс көлемін 3 мың м3 асыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
1,5 |
өз |
9 |
Еңбекшілдер ауданындағы "Қыш тастар зауыты" ЖШС өндіріс көлемін 30 пайызға асыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
10,0 |
кредит |
10 |
Еңбекшілдер ауданындағы "Бұлан" ЖШС ағаш бұйымдарының өндірісін жетілдіру және шығару көлемін 25 пайызға асыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
2,5 |
өз |
11 |
"Кокшетаустройиндустрия" ЖШС граниттік жиектас, баспалдақ және терезеалды өндіру көлемін 30 пайызға асыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
5,0 |
кредит |
12 |
Щучье ауданындағы "Адал-М" ЖШС қожблогын өндіретін желісін жетілдіру және шығару көлемін (751 млн. дана шартты кірпішке) 40 млн. тг. дейін асыру. |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
10,0 |
кредит |
13 |
"Бурабайремдизель" ЖШС ағаш және құрылыстық металл бұйымдарын өндіріс көлемін 18 млн. теңгеге дейін асыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
8,0 |
кредит |
14 |
Жақсы ауданындағы "ТНК" ЖШС кірпіш шығаратын өндірісті жетілдіру және шығару көлемін 15 млн.данаға дейін (37,5 мың м3) асыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005 ж. |
3,0 |
өз |
15 |
Щучье ауданындағы "Уютный дом" ЖШС ағаш бұйымдар шығаратын өндіріс көлемін 7 млн. теңгеге дейін (3,0 мың м2) асыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2006 ж. |
3,8 |
өз |
16 |
Ақкөл ауданындағы "Айгерім" ЖШС әктің шығаруын асыру және қожблоктың шығаруын 20 мың.шартты кірпішке дейін қамтамасыздандыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2007 ж. |
4,0 |
кредит |
17 |
Еңбекшілдер ауданындағы "Тан" ЖШС әк шығаруын асыру қамтамасыздандыру |
облыс |
кәсіпкерлік |
2007 ж. |
1,5 |
кредит |
18 |
Қуаттылығы жылына 50 млн. даналық (125,0 мың м3) "Асар құрылыс материалдар зауыты" ЖШС қызыл қаптама кірпішінің жаңа өндірісі |
СИМ-ге |
кәсіпкерлік |
2005- |
386,4 |
кредит |
19 |
Ерейментау ауданындағы "Хамзе" ШШ кірпіш шығаратын зауыт. 13 млн. данаға дейін (немесе 32,5 мың м3) кірпіш шығару |
СИМ-ге |
экономика |
2005- |
89,0 |
кредит |
20 |
Қуаты жылына 500 |
СИМ-ге |
экономика |
2005- |
2092,5 |
кредит |
21 |
Полиэтилендік |
СИМ-ге |
экономика |
2005- |
198,5 |
кредит |
22 |
Каолин шоғыры |
СИМ-ге |
экономика |
2005- |
690,0 |
кредит |
23 |
Қиыршықтас |
облыс |
экономика |
2005- |
9,9 |
кредит |
24 |
Облыстың құрылыс |
облыс |
кәсіпкерлік |
2005- |
||
Барлығы: 3722,9 |