Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының», «селолары» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылының», «ауылдары» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3, 8, 11-баптарына сәйкес, Еңбекшілдер, Сандықтау, Шортанды, Атбасар аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Заозерный поселкесі Заозерное ауылының категориясына көшірілсін.
2) Сандықтау ауданы бойынша:
келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын:
Лесное ауылдық округінің Крутые горки ауылы;
Белгородское ауылдық округінің Профинтерн ауылы;
Каменка ауылдық округінің Ключевка ауылы;
жоғарыда көрсетілген басқа қоныстар тұрғындары:
Лесное ауылдық округінің Крутые горки қонысы Лесное ауылдық округінің Лесное ауылының;
Белгородское ауылдық округінің Профинтерн қонысы Белгородское ауылдық округі Преображенка ауылының;
Каменка ауылдық округінің Ключевка қонысы Каменка ауылдық округі Каменка ауылының құрамына енгізілсін.
3) Шортанды ауданы бойынша:
Андреевка ауылдық округінің Новороменко ауылы келесі тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты қысқартылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын;
Елизаветинка ауылдық округінің N 38 разъезді, тұрғындары Елизаветинка ауылдық округінің Төңкеріс бекетінің құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын.
4) Атбасар ауданы бойынша:
келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік көрсеткіштерден шығарылып тасталсын:
Ярославль ауылдық округінің Ждановка ауылы;
Новосельское ауылдық округінің Людмиловка ауылы;
Қаражар ауылдық округінің Үлкен Мойнақ ауылы;
Садовый ауылдық округінің Пригородное және Смирновка ауылдары;
Шұңқыркөл ауылдық округінің Қайрақты ауылы;
жоғарыда көрсетілген қоныстардың тұрғындары:
Ярославль ауылдық округінің Ждановка қонысы Ярославль ауылдық округі Радионовка ауылының;
Новосельское ауылдық округінің Людмиловка қонысы Новосельское ауылдық округі Новосельское ауылының;
Қаражар ауылдық округінің Үлкен Мойнақ қонысы Қаражар ауылдық округі Қаражар ауылының;
Садовый ауылдық округінің Пригородное және Смирновка қоныстары Садовый ауылдық округі Садовое ауылының;
Шұңқыркөл ауылдық округінің Қайрақты қонысы Шұңқыркөл ауылдық округі Шұңқыркөл ауылының құрамына енгізілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы