Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатуды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы 14-бабының 2-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың Тұрпатты ережелері бекітілсін (қосымша).
2. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері:
эротикалық сипаттағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережелерін бекітсін;
эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуға арналған арнайы стационарлық ғимараттар анықтасын;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К.М. Демешке жүктелсін.
Облыс Әкімі | Б. Жексембин |
Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 31 наурыздағы "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" N 94 қаулысына қосымша |
Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Тұрпатты ережелері 1. Жалпы ережелер
1) Осы Тұрпатты ережелер Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", " Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ", "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңдарына сәйкес жасалынған.2) Осы Тұрпатты ережелер заңды және жеке тұлғалардың эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасын реттейді.
3) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы 1-бабының 14-тармағына сәйкес тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылымы немесе теле-радиобағдарламалары эротикалық сипаттағы өнімдер болып саналады.
2. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін сату
4) Эротикалық сипаттағы материалдары бар басылымдар тек қана жергілікті атқарушы органдардың арнайы шешімімен анықталған әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатылады.5) Эротикалық басылымның әр данасы мөлдір ораммен буып-түйілген болуы керек.
6) алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25 № 390 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
7) алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25 № 390 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту. 2 тарауға өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25 № 390 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Осы тәртіптің сақталуына бақылау
8) алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25 № 390 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.9) Осы тәртіп талаптарының сақталуына бақылауды өкілетті органдар жүзеге асырады.
Ескерту. 3 тарауға өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25 № 390 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.