"Қарағанды қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы" ІІІ шақырылған қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 7 шілдедегі Х сессиясының N 5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған XXIV сессиясының 2005 жылғы 16 қарашадағы N 19 шешімі. Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2005 жылғы 27 желтоқсанда N 8-1-16 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXXIV сессиясының 2010 жылғы 16 маусымдағы N 366 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXXIV сессиясының 2010.06.16 N 366 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодекстің 3 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 22 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. ІІІ шақырылған қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 шілдедегі Х сессиясының "Қарағанды қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы" N 5 шешіміне, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі - 1594, "Орталық Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 168-169 жарияланған) өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақтағы "тәртібін" сөзі алынып тасталсын;
      2) 2 тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын "Қызметтің негізгі ұғымдары және анықтамалары";
      3) 6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Өкілетті орган - Қарағанды қаласын көркейту қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы органдар.";
      4) 8 тармағы мынадай редакцияда жазылсын "Бекітілген аумақ - бекітілген шекаралардағы жер бөлігі, Қазақстан Республикасының Жер кодексімен бекітілген тәртіпте жер қатынастары субъектілеріне бекітілетін жер учаскесі.";
      5) 25 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Жер жұмыстары өндірісіне келісу тәртібі:
      1) жер асты құрылғыларын, жолдарды жөндеуге және қайта жаңартуға байланысты жер жұмыстарын көлікжолдарының баланста ұстаушы өкілетті органынан, жол полициясы органынан, инженерлік желілердің иелерімен жұмыс өндіру келісу барысында жүзеге асырылады;
      2) өкілетті органдарынан, көлікжолдарының баланста ұстаушыдан, жол полициясы органынан, инженерлік желілердің иелерінен осы жер жұмыстарын өндірушілер келісу барысында төмендегі құжаттарды ұсынуға міндетті:
      белгілі тәртіпте өңделген және бекітілген бас жоспар көшірмесін немесе жоба құжаттарын;
      жұмыс өндірудің күнтізбекті кестесі;
      жолдың бүлінген элементтерін қалпына келтіру туралы міндетте.";
      6) 27 тармақ алынып тасталсын;
      7) 40 тармақ алынып тасталсын;
      8) 42 тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Ерекшеленген аумақтардағы нысандарда (базарлар, жағадайлар, бақтар, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық-эпидемиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға және құрылыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді, күл қоқыстарды жинауға, автокөліктерін жууға, шашылған шөлмектерді және ағаштарды сақтауға арнайы орын дайындау жүзеге асырылсын.";
      9) 45 тармақтағы "жапырақтар саулап түскен шақтарда" сөздері алынып тасталсын, "болмайды" сөзі "рұқсат етілмейді" сөздерімен ауыстырылсын;
      10) 47 тармақтағы "көктайғақтармен күресу үшін" сөздерін "көктайғақтарды тазалау үшін мынаны пайдалану қажет" сөздерімен ауыстырылсын;
      11) 49 тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Көшелердің өту жолдарын, алаңдарын, көпірлер, қиылыстарын, жоғары және ылдиларды механизмділік себу осы өндірістік жұмыстарды өткізуге конкурста жеңіп шыққан ұйымдар мен мекемелер құқылы.";
      12) 34, 48, 52 тармақтарындағы "тыйым салынады" сөздері "рұқсат етілмейді" сөздерімен ауыстырылсын және 29 тармақта "жеке тұлғаларға" сөздерінен кейін "рұқсат етілмейді" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, экология, көлік, байланыс, халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Әбдіров Қ.С.) жүктелсін.

      ІІІ шақырылған қалалық
      мәслихаттың кезекті ХХІV
      сессиясының төрағасы                       М. Ілиясов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Қ. Бексұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарағанды қаласының
      Қазыбек би атындағы аудан әкімі            А. Сәлімбаева

      Қарағанды қаласы
      Октябрь ауданының әкімі                    А. Ессе

      Қарағанды қаласы бойынша
      мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық
      қадағалау департаменті филиалының бастығы  Т. Хамитов

      Қарағанды қаласы
      Қазыбек би атындағы ауданның
      ішкі істер басқармасының бастығы           М. Қашкеев

      Қарағанды қаласы
      Октябрь ауданының
      ішкі істер басқармасының бастығы           Т. Нұрғалиев

      Қарағанды қаласы әкімі аппаратының
      мемлекеттік-құқықтық бөлім бастығы         Е. Ахметов

О внесении изменений и дополнений в решение N 5 от 7 июля 2004 года Х сессии городского маслихата III созыва "Об утверждении Правил благоустройства территории города Караганды"

Решение XXIV сессии III созыва Карагандинского городского маслихата от 16 ноября 2005 года N 19. Зарегистрировано Управлением юстиции города Караганды 27 декабря 2005 года за N 8-1-16. Утратило силу - решением XXXIV сессии IV созыва Карагандинского городского маслихата от 16 июня 2010 года N 366

      Сноска. Утратило силу - решением XXXIV сессии IV созыва Карагандинского городского маслихата от 16.06.2010 N 366.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", с подпунктом 8 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и подпунктом 3 пункта 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести изменения и дополнения в решение N 5 от 7 июля 2004 года X сессии городского маслихата III созыва "Об утверждении Правил благоустройства территории города Караганды", (регистрационный номер в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов - N 1594, опубликовано в газете "Индустриальная Караганда" N 100 от 28 августа 2004 года):
      1) в пункте 1 слово "порядок" исключить;
       2) название главы 2 изложить в следующей редакции "Основные понятия и определения деятельности";
      3) пункт 6 изложить в следующей редакции "Уполномоченный орган - государственные органы, осуществляющие полномочия на основе законодательства Республики Казахстан в сфере регулирования отношений, связанных с благоустройством города Караганды";
      4) пункт 8 изложить в следующей редакции "Закрепленная территория - земельный участок, выделенный в замкнутых границах часть земли, закрепляемая в установленном Земельным кодексом Республики Казахстан порядке за субъектами земельных отношений.";
      5) пункт 25 изложить в следующей редакции: "Порядок согласования на производство земляных работ:
      1) земляные работы, связанные со строительством, ремонтом и реконструкцией подземных сооружений, дорог допускается при наличии согласования на производство земляных работ с уполномоченным органом, балансодержателем автомобильных дорог, органом дорожной полиции, собственниками инженерных сетей;
      2) при согласовании с уполномоченным органом, балансодержателем автомобильных дорог, органом дорожной полиции, собственниками инженерных сетей организации производящей земляные работы необходимо предоставить:
      проектную документацию или выкопировку генерального плана, разработанную и утвержденную в установленном порядке;
      календарный график производства земляных работ;
      обязательство о восстановлении поврежденных элементов дороги.";
      6) пункт 27 исключить;
      7) пункт 40 исключить;
      8) пункт 42 изложить в следующей редакции "На объектах с обособленной территорией (рынки, пляжи, парки, лечебно-профилактические учреждения) не допускается строить и переоборудовать санитарные установки без согласования с санитарной службой, осуществлять сбор отходов, мыть автотранспорт, хранить тару и дрова в местах, не отведенных для этой цели.";
      9) в пункте 45 слова "в период листопада" исключить;
      10) в пункте 47 слова "Для борьбы со снежно-ледяными образованиями используется" заменить на слова "Для очистки снежно-ледяных образований должна использоваться";
      11) пункт 49 изложить в следующей редакции "Механизированная посыпка проезжей части улиц, площадей, мостов, перекрестков, подъемов и спусков производится организациями, предприятиями, выигравшими конкурс на право производственных работ.";
      12) в пунктах 29, 34, 45, 48, 52 слово "запрещается" заменить на слово "не допускается".
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по вопросам строительства, экологии, транспорта, связи, коммунально-бытовых услуг населению (председатель Абдиров К.С.).

      Председатель очередной
      XXIV сессии городского
      маслихата III созыва                       М. Ильясов

      Секретарь городского
      маслихата                                  К. Бексултанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Аким района имени Казыбек би
      города Караганды                           А. Салимбаева

      Аким Октябрьского района
      города Караганды                           А. Ессе

      Начальник филиала Департамента
      государственного
      санитарно-эпидемиологического
      надзора по городу Караганды                Т. Хамитов

      Начальник Управления внутренних
      дел района им. Казыбек би
      города Караганды                           М. Кашкеев

      Начальник Управления внутренних
      дел Октябрьского района города
      Караганды                                  Т. Нургалиев

      Начальник государственно-правового
      отдела аппарата акима города Караганды     Е. Ахметов