Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы" N 1508
Жарлығын
және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы" N 1508 Жарлығын iске асыру жөнiндегi" N 192
қаулысын
iске асыру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Облысқа белгiленген оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы 1-қосымшаға сәйкес орындауға қабылдансын.
2. Оралмандарды қабылдауға және жайластыруға байланысты мәселелердi жедел шешу жөнiндегi облыстық штаб 2-қосымшаға сәйкес құрамында құрылсын.
3. Көшi-қон комитетiнiң облыс бойынша басқармасы (келiсiм бойынша) квотамен келген оралмандардың қоныс аударуына, қабылдануына және жайласуына байланысты iс-шараларды қаржыландыру мәселелерiн шешетiн болсын.
Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес тұрақты тұруға келген оралмандарды әлеуметтiк қамтамасыз ету (соның iшiнде зейнетақы, жәрдемақы төлеу) мәселелерiн шешсiн;
оралмандарға кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруға көмек көрсетсiн;
оралмандардың отбасы мүшелерiнiң жергiлiктi жағдайға бейiмделулерiне, жайласуларына, балаларын оқытуға, денсаулық сақтау мекемелерiне бекiтiлуiне мүмкiндiк беретiн жағдайларды жасасын;
оралмандардың отбасыларының еңбекке жарамды ересек адамдарын жұмысқа орналастыру (олардың бiлiктiлiктерiне және мамандықтарына сәйкес), сондай-ақ оларды қажетiне қарай еңбек нарығында талап етiлген мамандықтар бойынша, даярлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар қолдансын.
5. Облыс әдiлет департаментi (келiсiм бойынша) оралмандардың республика аумағында тұруы және жүрiп тұруы үшiн қажеттi құжаттарын уақытында тiркеудi және рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн.
6. Облыс iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрақты тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген оралмандардың құжаттарын уақытында рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн.
7. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыс әдiлет департаментi (келiсiм бойынша) және облыс iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) осы шешiмнiң орындалуы туралы ақпаратты жыл сайын, қаңтар айының 20-на дейiн Көшi-қон комитетiнiң облыс бойынша басқармасына беретiн болсын.
8. Облыс әкiмiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылдың 31 қазандағы "Оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" N 1216
Жарлығын
iске асыру шаралары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылдың 31 қазандағы N 1216 Жарлығын iске асыру туралы" N 1207 қаулысын iске асыру жөнiндегi N 31 шешiмiнiң (2004 жылы 16 ақпанда облыстық әдiлет департаментiнде N 2298 тiркелген, 2004 жылы 16 наурызда "Звезда Приртышья" газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Облыс әкімі Қ. Нұрпейiсов
Келiсiлдi:
Облыс бойынша Көшi-қон комитетi
басқармасының бастығы И. Әбдiхалықов
Павлодар облысы әдiлет департаментi
бастығының мiндетiн атқарушы И.Лигай
Облыс Iшкi iстер басқармасының
бастығы М. Тұмарбеков
Павлодар облысы әкiмiнiң
2005 жылғы 25 сәуірдегі
2004 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
"Оралмандардың 2005-2007 жылдарға
арналған көшiп келу квотасы туралы"
N 1508 Жарлығын және Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы
2 наурыздағы "Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы
"Оралмандардың 2005-2007 жылдарға
арналған көшiп келу квотасы туралы"
N 1508 Жарлығын iске асыру жөнiндегi
N 192 қаулысын iске асыру жөнiндегі
шаралар туралы облыс әкiмнiң N 9 шешiмiне
1-қосымша
Павлодар облысы үшiн белгiленген 2005-2007 жылдарға
арналған көшiп келетiн оралмандар квотасы
N
|
Мемлекеттер |
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
Барлығы
|
1.
|
Өзбекстан
|
550
|
300
|
550
|
1400
|
|
Барлығы |
950 |
700 |
950 |
2600 |
Павлодар облысы әкiмiнiң
2005 жылғы 25 сәуірдегі
2004 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың
2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу
квотасы туралы" N 1508 Жарлығын және
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы
27 желтоқсандағы "Оралмандардың
2005-2007 жылдарға арналған көшiп
келу квотасы туралы" N 1508 Жарлығын
iске асыру жөнiндегi N 192 қаулысын
iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
облыс әкiмнiң N 9 шешiмiне
2-қосымша
Оралмандарды қабылдауға және жайластыруға байланысты
мәселелердi шешу жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Жұмабекова Рысты
|
облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға |
Әбдiхалықов Идият
|
облыс бойынша көшi-қон комитетi
|
Штаб мүшелерi: |
|
Берковский Владимир
|
Павлодар қаласы әкiмiнiң орынбасары |
Балтабаева Ғалия Шәкiрқызы |
Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары |
Воронин Александр
|
Ертiс ауданы әкiмiнiң орынбасары |
Вострейко Надежда
|
Качиры ауданы әкiмiнiң орынбасары |
Есенғұлова Сәуле
|
Ақсу қаласы әкiмiнiң орынбасары |
Зәкариянов
|
Май ауданы әкiмiнiң орынбасары |
Ильина Тамара Витальевна |
Успен ауданы әкiмiнiң орынбасары |
Кәрiмжанов Бахриден
|
облыс бiлiм беру департаментiнiң
|
Қанаева Рысты Мойылжанқызы |
Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығы
|
Қалышбеков Мұрат Бекенұлы |
облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және
|
Лигай Игорь Борисович |
Павлодар облысы әдiлет департаментi
|
Мәмбетов Абай Қамалұлы |
облыс IIБ бастығының орынбасары
|
Марданова Айгүл Қамзақызы |
Железин ауданы әкiмiнiң орынбасары |
Рахметов Болат
|
Баянауыл ауданы әкiмiнiң орынбасары |
Сағындықов Нұрболат
|
Лебяжi ауданы әкiмiнiң орынбасары |
Ысқақова Бекзия
|
Ақтоғай ауданы әкiмiнiң орынбасары |
Темiржанова Гүлiстан
|
Шарбақты ауданы әкiмiнiң орынбасары |
Төлегенова Гүлнара
|
облыс денсаулық сақтау департаментi
|
Шәмкенова Роза Шәмкенқызы |
Павлодар ауданы әкiмiнiң орынбасары |