Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы қаласы Мәслихатының 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 103 хаты
__________________________
Қазақстан Республикасының«"Салықтар және бюджетке өзге төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңының 4 бабы негізінде III-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. III-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы XI сессиясының 2005 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшермелерін, жасыл желектерді еріксіз кескені үшін өтемдік (қалпына келтіру) құнын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғандығы үшін төлемдер мөлшермелерін бекіту туралы N 92 шешіміне (Алматы қаласының Әділет департаментінде 24.12.2004ж. N 633 рет санымен тіркеліп, 13.01.2005ж. N 4 "Алматы ақшамы", 13.01.2005ж. N 6-8 "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің«"Алматы қаласы бойынша 2005 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшермелері N 1 қосымшасының 5 тармағы жойылған деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Б.Біртанов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Ш.Шамсутдиновқа жүктелсін.
III-сайланған Алматы қаласы
Мәслихаты XVII-сессиясының
төрағасы К. Баймұхамбетов
III-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев