Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.03.03 N 60 Қаулысымен
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген Жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегi ереженiң 15 тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру, жұмыссыздарды кәсiби даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 19 шiлдедегi N 38 қаулысына (2001 жылғы 30 шiлдедегi тiркеу N 398, 2001 жылғы 21 тамыздағы "Солтүстiк Қазақстан" газетi, 2001 жылғы 7 тамыздағы "Северный Казахстан" газетi, облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 195, 2003 жылғы 31 наурыздағы N 71, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 74 қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Облыс әкiмдiгiнiң көрсетiлген қаулысымен бекiтiлген жұмыссыздарды кәсiби даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру жөнiндегi ережеде:
15 тармақта:
төртiншi тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"тұруға арналған шығындар ай сайын, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде";
Осы қаулы оны Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде тiркеген күннен бастап күшiне енедi.
Облыс әкімі