Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.
"Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы N 1128-XII Заңының 6-2-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқау бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері қабылданған Нұсқауға сәйкес жергілікті басқару органдарында заңды тұлғаның белгілері жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеуді жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В.Гречухинге жүктелсін.
Облыс әкімі
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2005 жылғы 23 ақпандағы
N 92 қаулысымен
бекітілді
Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды
есептік тіркеу жөніндегі
нұсқау
1. Осы нұсқау қалалық (аудандық) әкімдіктердің заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарын есептік тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді.
2. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеуді қала, аудан әкімі аппараттарының діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі уәкілетті органы жүргізеді.
4. Есептік тіркеуге жататын, шағын діни топ заңды тұлғасы жоқ жергілікті діни қауым болып танылады, оның мүшелерінің саны 10-нан артпайтын кәмелетке жеткен азаматтар.
5. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу, осы субъектілердің діни қызметін жүзеге асыруда заңдылық берудің тәсілі болып табылады және ол шағын діни топ туралы мәліметтерді тіркеуші органның есеп журналына тіркеуі арқылы жүзеге асырылады. Тіркеуші орган берген анықтама, есептік тіркеуден өткенін ресми растаушы құжат болып табылады.
6. Заңды тұлғаның белгілері жоқ шағын діни топ, оны тіркеуші органда есептік тіркеуге қойған сәттен бастап діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.
2. Шағын діни топтарды есептік тіркеудің тәртібі
7. Шағын діни топтарды есептік тіркеу, құрылатын топтың қажетті құжаттарын Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкестігін тексеруден, діни топ туралы мәліметтерді есеп журналына енгізуден және есепке қойылғаны туралы анықтама беруден тұрады.
8. Есептік тіркеуден өту үшін діни топ қала (аудан) әкімдігіне:
діни қауым атауы, ұстанған діни бағыты, орналасқан жері, топтың жетекшісі жайында мәліметтер, ғибадат үйінің бар-жоқтығы және оның шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумағы көрсетілген арыз (N 1 қосымша);
топты құраушы кәмелетке жеткен азаматтардың тізімін (N 2 қосымша);
топ мүшелері жиналысының хаттамасын тапсырады.
9. Шағын діни топты есептік тіркеу туралы мәліметтер қатаң есептегі арнайы журналға енгізіледі (N 3 қосымша).
10. Есептік тіркеу құжаттар өткізген күннен бастап 15 күннен артпайтын мерзім ішінде жүргізіледі.
11.
<*>
Ескерту. 11-тармақ алынып тасталды - ШҚО әкімдігінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі N 136
қаулысымен
.
12. Шағын діни топта өзгерістер болған жағдайда, тіркеуші орган тиісті мәліметтерді журналға енгізеді.
13. Шағын діни топтардың есепке қойылғаны, сонымен бірге есеп журналына енгізілген қосымшалар мен өзгерістер туралы мәліметтер облыстың Ішкі саясат департаментіне беріледі.
14. Топ жетекшісі қала (аудан) әкімдігіне жылына екі рет өзінің қызметі туралы ақпарат береді.
15. Есептік тіркеу ақысыз жүргізіледі.
16. Шағын діни топ жергілікті атқарушы органның есептік тіркеуінен өзінің қызметін нақты тоқтатқан, не әділет органдарында мемлекеттік тұлға мәртебесімен діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде тіркеуден өткен жағдайда шығарылады. <*>
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ШҚО әкімдігінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі N 136
қаулысымен
.
Облыс әкімінің аппарат басшысы
____________________________________________
(арызды тіркеуші органның атауы және мекен жайы)
Арыз
___________________________________________________________
(топ жетекшісінің аты-жөні)
___________________________________________________________
(діни топ атауы, ұстанған діни бағыты)
___________________________________________________________
(кәмелеттегі мүшелерінің саны)
___________________________________________________________
(діни топтың мекен жайы және ғибадат үйінің бар-жоғы)
___________________________________________________________
(аумағы, соның шегінде ол өз қызметін жүзеге асырады)
___________________________________________________________
Қолы
Датасы
Діни топты құраушы азаматтардың
тізімі
РетN |
Тегі,аты, әкесінің аты |
Туған жылы, айы, күні |
Тұрғылықты жері (мекен-жайы) |
Қолы |
_______________________________
(арызды тіркеген органның атауы)
Діни топтың есептік тіркеуге қойылғаны туралы анықтама
N _____
2005 жылғы "___"______________ берілді
Діни топ атауы_________________________________________
_______________________________________________________
Топты тіркеген органның басшысы Қолы
Мөрі
Шағын діни топты тіркеу журналы
РетN |
Тіркеу нөмірі және тіркеген датасы |
Діни топ атауы |
Діни топтың діни ұстаным бағыты |
Діни топтың орналасқан жері |
Діни топ қызметінің ауданы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ғибадат (құлшылық) үйінің бар-жоғы |
Топ жетекшісінің немесе топтың уәкілетті өкілінің аты-жөні, мекен-жайы,телефоны |
Тіркеу туралы анықтаманы толтырған тұлғаның аты-жөні |
Тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның аты-жөні, қолы |
Ескертулер |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |