Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.04.29 N 503 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 17-тармақшасына сәйкес және қаланың әкімшілік шекарасына кіретін жерлерді тиімді пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын (бұдан әрі Комиссия).
2. Комиссия жөніндегі ереже бекітілсін (қосымша).
3. Комиссияның арнайы құрамы Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
4. Өскемен қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 468 "Жер телімдерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі комиссияны құру туралы" қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Н.Ш. Тлешевке жүктелсін.
Өскемен қаласының әкімі
Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 1 наурыздағы
N 52 қаулысына
қосымша
Өскемен қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 1 наурыздағы
N 52 қаулысымен
бекітілген
Жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі
комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Комиссия-Өскемен қаласындағы қала құрылысы және жер қатынастары мәселелерін реттеу мақсатында құрылған кеңесіп-ақылдасу органы болып табылады.
1.2. Комиссия Өскемен қаласы әкімдігімен құрылады. Комиссияның арнайы құрамы қалалық мәслихатпен бекітіледі.
1.3. Комиссия-қалалық мәслихат депутаттары, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің өкілдері, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі, жер ресурстарын басқару жөніндегі қалалық комитеті, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің санынан құралады.
1.4. Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасының қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызмет жасайды.
1.5. Комиссия өз қызметінің барысында: заңдылық; лауазымды тұлғалардың өз істеріне және қабылдаған шешімдеріне жауап беру принциптерін басшылыққа алады.
1.6. Комиссия өз қызметінің барысында әкімдіктің алдында жауапты.
2.1. Комиссияның функциялары болып табылады:
2.1.1. жеке және заңды тұлғалардың жер телімдеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша өз құзыретінің шегінде қарау;
2.1.2. жер телімімен пайдалануда сұрап отырған құқығын беру мүмкіндігін анықтау;
2.1.3 жер телімін пайдалану мақсатының, оның болжамды көлемінің құқық өкілеттігін қарау;
2.1.4. жер телімдерін беру кезінде беру немесе бас тарту жөнінде қала әкімдігінде қарауға ұсыныс және кепілдеме дайындау;
2.1.5. жер телімдерін таңдап алу, беру, құрылыс және басқа да қала құрылысын игеру үшін мемлекеттік қажеттіктер үшін қайтарып алу, құрылысты кеңейту, техникалық қайта қаруландыру, үлгілендіру, қайта құру, жаңғырту (реставрация), құрылысты, ғимаратты, имаратты, коммуникацияларды күрделі жөндеуден өткізу, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, көріктендіру және көгалдандыру, құрылыстарды (объектілерді) консервациялау, қалалық маңыздағы объектілерді постутилизациялау бойынша жұмыс көлемін жүргізу бойынша әкімдікке ұсыныстар енгізу;
2.1.6. қаланың бас жоспарын, басқа да қала құрылысының құжаттарын жүзеге асыру, қала құрылысы ережелерін, көріктендіру және қала аумағын инженерлік қамтамасыз ету, қала аумағының қала құрылысын игеру және жалпы құрылыс болашағы бойынша қала әкімдігіне ұсыныстарды енгізу.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3.1. Комиссияны оның жұмысын ұйымдастыратын қала әкімінің орынбасары-төраға басқарады.
3.2. Комиссияның төрағасы болмаған күнде барлық өкілеттік комиссия төрағасының орынбасарына көшеді.
3.3. Комиссия мүшелері оның жұмысына қатысады және оларға жүктелген мәселелердің орындалуына жеке жауапкершілік артады.
3.4. Комиссия мәжілісінде қабылданып және оның төрағасымен бекітілетін Комиссияның мәжілісі жұмыс жоспарына сәйкес жетісіне бір рет жүргізіледі. Комиссия құрамының 2/3 бөлігінен кем емес қатысушылар болған күнде Комиссияның мәжілісінің құқығы өкілетті деп саналады.
3.5. Комиссия мәжілісте қатысушы мүшелердің жалпы санынан дауыс беру нәтижесі бойынша қорытынды жасайды. Дауыс беру тең болған жағдайда шешуші дауыс төрағаның дауысы.
3.6. Комиссия мәжілісі хаттамалармен ресімделеді.
4. Комиссияның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету
4.1. Комиссияның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету қала әкімінің аппаратына жүктеледі.
Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторы
Жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі
комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Комиссияның төрағасы |
|
Нұрлан Шаймерденович Тлешев |
қала әкімінің бірінші орынбасары |
Комиссия төрағасының орынбасары |
|
Ержан Ахметбекович |
қала құрылысы және құрылыс |
Комиссия хатшысы |
|
Наталья Дмитриевна Силина |
қала құрылысы және құрылыс |
Комиссия мүшелері: |
|
Бағдат Акрамович Акрамов |
ауыл шаруашылығы және жер |
Светлана Викторовна |
Өскемен қаласының жер |
Сайранбек Солтанбекович |
қалалық мәслихаттың депутаты |
Михаил Львович Дерябин |
Өскемен қаласы бойынша ШҚО |
Серікхан Әділбекович Мәдиев |
тұрғын үй-коммуналдық |
Мақсат Жақанович |
Өскемен қаласының ІІБ жол |
Өскемен қаласы әкімінің
бірінші орынбасары