Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.
-------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. ...
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр Б.Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. ....
19. "2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстарын бөлу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 3 ақпандағы № 46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4089 болып тіркелді, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 2 наурыздағы № 37).
.........
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы
Кодексінің
(Салық кодексі) 108-бабы 3-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі)
110-бабы
1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстарын бөлу Ережелерін бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң Әдiстеме басқармасы (Ж.С. Есмағанбетова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 3 ақпандағы
N 46 бұйрығымен бекітілген
2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан
Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі
топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы
2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген
активтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының "Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабы 1-тармағында айқындалған
топтардың құн баланстарын бөлу Ережелері
1. Осы Ережелер 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Салық кодексінің 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстарын бөлу тәртібін айқындайды және Салық кодексінің 121-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес келетін ұйымдарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда корпорациялық табыс салығын төлеушiлер, сондай-ақ Салық кодексінің 120-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін кірістері жоқ, жалпы белгіленген тәртіпте салық салуға жататын төлеушілерге таралады.
2. 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Салық кодексінің 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстары, "Негізгі қорлардың жіктеушісі" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 24 мамырдағы N 150 бұйрығымен бекітілген "Негізгі қорлардың жіктеушісі" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне (бұдан әрі - Негізгі қорлардың жіктеушісі) сәйкес мынадай тәртіпте:
Салық
|
Тіркелген
|
Негізгі қорларды
|
2006 жылғы 1 қаң-
|
I |
Үйлер, құрылыстар
|
120.000000,
|
I, II (II (1)
|
II |
Мұнай-газ өндіру
|
140.000000
|
IV, V (V (4)
|
III |
Кеңсе машиналары
|
140.000000 кiшi
|
VIII |
IV |
Басқа топтарға
|
I, II, III топтар-
|
II (1), III, V
|