Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2004 жылғы 9 ақпандағы N 25 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 45 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4151. Күші жойылды - ҚР ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 128 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  128  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2004 жылғы 9 ақпандағы N 25  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2740 тіркелген,»"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1004-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      атауында "қаржы ұйымдарының" деген сөздерден кейін "және шетел эмитенттеріне арналған ең төменгі рейтингтің" деген сөздермен толықтырылсын;

      кіріспесінде "2" саны "5" санымен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Екінші деңгейдегі банктердің ("Standard & Poor's» немесе»Fitch»рейтинг агенттіктерінің топтастыруы бойынша)»"А-"-дан төмен емес немесе ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің топтастыруы бойынша)»"А3"-тен төмен емес шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындығы белгіленсін.
      Екінші деңгейдегі банктер облигацияларымен мәмілелерді осы тармақта айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын шетел эмитенттерінің рейтингі төмендеген кезде екінші деңгейдегі банктер көрсетілген төмендеу орын алған айдан кейін келетін үш күнтізбелік айдың ішінде өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкес келтіреді.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 9 февраля 2004 года N 25 "Об утверждении перечня международных финансовых организаций, с облигациями которых банки второго уровня вправе совершать сделки"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года N 45. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 марта 2006 года N 4151. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года N 128

       Сноска. Постановление Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 25 февраля 2006 года N 45 утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 30 апреля 2007 года  N 128  (вводится в действие по истечении 14 дней со дня его гос. регистрации).

      

      В целях приведения нормативных правовых актов, регулирующих деятельность банков второго уровня, в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам лицензирования и консолидированного надзора" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление  Правления Агентства от 9 февраля 2004 года N 25 "Об утверждении перечня международных финансовых организаций, с облигациями которых банки второго уровня вправе совершать сделки" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2740, опубликованное в "Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан" 2004 год, N 37-40, ст. 1004) следующие дополнения и изменение:
      название после слов "финансовых организаций" дополнить словами "и минимального рейтинга для иностранных эмитентов";
      в преамбуле цифру "2" заменить цифрой "5";
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Установить, что банки второго уровня могут осуществлять сделки с облигациями иностранных эмитентов, имеющих рейтинг не ниже "А-" (по классификации рейтинговых агентств "Standard & Poor's" и "Fitch") или не ниже "А3" (по классификации рейтингового агентства "Moody's Investors Service").
      При понижении рейтинга иностранных эмитентов, с облигациями которых банки второго уровня могут осуществлять сделки, ниже уровня, определенного в настоящем пункте, банки второго уровня в течение трех календарных месяцев, следующих за месяцем, в котором произошло указанное понижение, приводят свою деятельность в соответствие с требованиями настоящего пункта.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его действие распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2006 года.

      3. Департаменту стратегии и анализа (Еденбаев Е.С.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      4. Отделу международных отношений и связей с общественностью (Пернебаев Т.Ш.) принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

      Председатель