Ескерту. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 118 Қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) Қаулысымен.
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Агенттiк Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметiн лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34
қаулысына
(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4176 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметiн лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесiнде:
9-тармақта:
10) тармақшадағы ";" деген тыныс белгiсi "." деген тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;
11) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсiн.
Төраға