Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы 28 маусымдағы N 227 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4297. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қажы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы N 115 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қажы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы N 115 Қаулысымен.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (М.Т.Мамашев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің      
міндетін атқарушының     
2006 жылғы 28 маусымдағы   
N 227 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды
аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін
қалыптастыру және жүзеге асыру ережесі

      Осы Ереже "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің жалпы қағидаттарын және оларды қалыптастыру тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясын Құрылтайшылар болып табылатын аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдар (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) құрады.

      2. Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - "Комиссия") Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау мақсатында құрылады.

      3. Комиссия ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін , "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , осы Ережені және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық құқықтық актілерін басшылыққа алады.

      5. Комиссия қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Комиссия қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру тәртібі

      6. Комиссияның құрамы кәсіби ұйымдардың өкілдерін тең жіберу арқылы олардың алқалы басқару органдарының шешімімен оларды кері шақырып алу құқығымен құрылады.

      7. Комиссияның төрағасы болып кәсiби ұйымдардың алқалы басқару органдарының ұсынуы бойынша Комиссия мүшелерiнiң арасынан аудиторлық қызметпен айналысатын аудитор 4 (төрт) жыл мерзiмге кезекпен сайланады.

      8. Комиссия отырыстары жыл сайын бекітілетін жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ аудитордың іс-әрекеттеріне түскен шағым бойынша шешім қабылдау қажеттілігі бойынша өткізіледі.
      Комиссия отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде 51% болған кезде заңды деп есептеледі. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      9. Комиссияның кезектен тыс отырыстары Комиссия төрағасының немесе Комиссия мүшелерінің кемінде үшеуінің талап етуі бойынша өткізіледі.
      Шешімдерді қабылдау, оған Комиссия мүшелері мен төраға қол қойған хаттамамен ресімделеді.

      10. Комиссия мүшесінің отырыстарға (кемінде 3 (үш) кезекті) жүйелі түрде қатыспаған жағдайда, Комиссия төрағасы кейіннен кәсіби ұйымға өкілді ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлай отырып, алқалы басқару органына Комиссияның құрамынан олардың өкілін шығару туралы ұсынымды енгізеді.

      11. Кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған жағдайда оның Комиссиядағы өкілдері тиісті шешімді шығарған сәттен бастап өз қызметін тоқтатады.

      12. Комиссия мүшесі кәсіби ұйымның құрамынан шығарылған кезде кәсіби ұйымның алқалы басқару органы Комиссияға өкілді ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді.

3. Комиссияның жұмысына қадағалаушылардың қатысуы

      13. Уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері уәкілетті органмен келісім бойынша байқаушылар ретінде Комиссияның құрамына кіре алады.

      14. Уәкілетті орган Комиссияның жұмысына қадағалаушылар ретінде қатысатын уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері туралы жазбаша түрде Комиссияға хабарлайды.

      15. Қадағалаушылардың мәртебесі:
      оларды бағалағаннан кейін аудиторлыққа кандидаттардың емтихан жұмыстарымен танысуға қатысуға;
      Комиссияның қарауына қабылдануы тиіс "аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою мәселелері қаралған кезде ұсыныстар мен ескертулер енгізуге;
      аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқық береді.

4. Комиссияның негізгі функциялары

      16. Комиссия жұмысының мақсаты аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтау және заңнамада көзделген жағдайларда "аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою болып табылады.

      17. Комиссияның функциялары:
      біліктілік емтихандарының бірыңғай бағдарламасын әзірлеу және бекіту;
      біліктілік емтиханын өткізу туралы ережені әзірлеу және бекіту;
      шолу, ұйымдастыру және бағалау топтарының құрамын бекіту;
      біліктілік емтихандарын өткізу күнін бекіту;
      аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға құжаттарды қабылдау тәртібін бекіту;
      біліктілік емтихандарының нәтижелерін қарау мен бекіту арқылы аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу;
      Комиссия бекіткен үлгі бойынша "аудитор" біліктілік куәлігін және аудитордың жеке мөрін беру;
      "аудитор" біліктілік куәлігін алған аудиторлардың тізілімін жүргізу;
      уәкілетті органның, кәсіби аудиторлық ұйымдардың, соттардың және басқа да мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша "аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою туралы өтінішті қарауға.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою болып табылады.

5. Комиссияның құқықтары мен міндеттері

      18. Комиссия:
      ұсынылған мәліметтердің растығына күмән келтірілген жағдайда "аудитор" біліктілік куәлігін алуға кандидаттардан осы мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды талап етуге;
      егжей-тегжейлі талдау, сараптама жүргізу, қосымша ақпарат жинау қажет болған жағдайда шұғылданып жүрген аудиторлар мен бухгалтерлерді, арнайы пән оқытушыларын, сондай-ақ ғалымдарды шарттық негізде тартуға;
      өз өкілеттігіне сәйкес басқа да шешімдер қабылдауға құқылы.

      19. Комиссия:
      Комиссияның "аудитор" біліктілігін беру және "аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою туралы шешімін жариялауға;
      "аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою туралы келіп түскен материалдарды қарауға;
      өткізілген аттестаттау нәтижелері бойынша "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiн және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, өз аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен - әкесiнiң аты көрсетiлген аудитордың жеке мөрiн беруге;
      біліктілік емтиханын қабылдау процесін ұйымдастыруға және бақылауға;
      аудиторлыққа кандидаттарға аттестаттау өткізудің орны мен уақыты туралы уақытылы хабарлауға;
      біліктілік емтиханын өткізу үшін тиісті жағдайды қамтамасыз етуге;
      Комиссияның құрамына қадағалаушылар ретінде кіретін уәкілетті және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдеріне Комиссияның отырысын өткізу орны мен уақыты туралы уақтылы хабарлауға. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдеріне отырыстың хаттамасын табыс етуге;
      Комиссияның кезекті отырысында уәкілетті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерінің ескертулері мен ұсыныстарын қарауға;
      шешiм қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға және кәсіби ұйымға "аудитор" бiлiктiлiгi берiлген не "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшi жойылған тұлғалар туралы ақпаратты табыс етуге;
      жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей не оның талап етуі бойынша уәкілетті мемлекеттік органға аудиторлардың тізілімін беруге мiндеттi.

6. "Аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жою тәртібі

      20. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгіленген негіздемелер бойынша жүзеге асырылады.
      "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою мәселелері Комиссия отырыстарында қаралады.

      21. Тексеруді белгілеу туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия оның қызметіне қатысты тексеру белгіленген аудиторға белгіленген тексеру мәселесін көрсете отырып, Комиссия төрағасы қол қойған тексеру белгілеу туралы шешімді жібереді.

      22. Тексеруді жүргізу мен тексеру актісін дайындау, әрбір тексеру бойынша тағайындалатын, құрамында кемінде Комиссия мүшелерінің 3 (үшеуі) болуға тиіс жұмыс тобына тапсырылады. Бұдан басқа, жұмыс тобының құрамына шұғылданып жүрген аудиторлар, заңгерлер, ғылыми қызметкерлер, арнайы пән оқытушылары, уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіре алады. Жұмыс тобының төрағасы мен дербес құрамын Комиссия төрағасы бекітеді.

      23. Комиссияның жұмыс тобының мүшелері аудиторлардан, осы аудитор қызметін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардан, олардың басшылары мен мамандарынан барлық құжаттарды және ақпаратты, сондай-ақ тексеру мен аудитордың кәсіби қызметі мәселелері бойынша түсініктеме беруді талап етуге құқылы.

      24. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою не күшін жоюдан бас тарту туралы Комиссияның шешімі осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша кіріспе, сипаттама және қарар бөліктерінен тұрады.
      Кіріспе бөлігінде шешімді қабылдау орны мен күні көрсетіледі.
      Сипаттама бөлігінде тексерудің тиісті материалдары мен басқа да дәлелдермен расталған аудит стандарттарын және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзудың қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.
      Қарар бөлігінде аудиторға қолданылатын шараларға нұсқау, сондай-ақ оған шағым жасаудың тәртібі мен мерзімі көрсетілуі тиіс. "Аудитор" біліктілік куәлігінің күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, Комиссия бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою туралы, сондай-ақ олардың жасалуын болдырмайтын шаралар қабылдау туралы ұйғарымды бір мезгілде шығарады.

      25. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы шешiм оған қатысты кәсіби ұйым күшін жою туралы шешімді қабылдаған тұлғаға хабарланады, сондай-ақ Комиссия айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады.

      26. Аудитор "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы Комиссия шешіміне сот тәртібінде шағымдана алады.

                                       Қазақстан Республикасының
                                      аудиторлығына кандидаттарды
                                    аттестаттау жөніндегі біліктілік
                                    комиссиясы қызметін қалыптастыру
                                      және жүзеге асыру ережесіне
                                                  қосымша

                                                   нысан

    Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды
   аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының "аудитор"
    бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою ("аудитор" бiлiктiлiк
        куәлiгiнiң күшiн жоюдан бас тарту) туралы шешiмі

_____________ қаласы                    200_ жылғы "__" ___________

______________________________________________ бұзу фактісі бойынша
200_ жылғы "__" ____________"аудитор" біліктілік куәлігінің N ____,
________________________________________________________ аудиторлық
ұйымында ______________________________________________ лауазымында
жұмыс істейтін аудитор ____________________________________________
Біліктілік комиссиясы тағайындаған жұмыс тобы мүшелерінің жүргізген
тексеру нәтижесі бойынша __________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
________________________________________________________ анықталды.

      Осыған байланысты, Біліктілік комиссиясы ____________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________ біліктілік куәлігінің күшін жою (біліктілік
куәлігінің күшін жоюдан бас тарту) туралы шешім қабылдады.

Біліктілік комиссиясының төрағасы _________________________________
Біліктілік комиссиясының мүшелері _________________________________
                                  _________________________________
                                  _________________________________

Об утверждении Правил формирования и осуществления деятельности Квалификационной комиссии по аттестации кандидатов в аудиторы Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 28 июня 2006 года N 227. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 июля 2006 года N 4297. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 19 марта 2009 года N 115

       Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 19.03.2009 N 115 (порядок введения в действие см. п. 4 ).

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об аудиторской деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и осуществления деятельности Квалификационной комиссии по аттестации кандидатов в аудиторы Республики Казахстан.

      2. Департаменту методологии управления государственными активами (Мамашев М.Т.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в установленном законодательством порядке.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 24 ноября 2006 года.

      И.о. Министра

Утверждены             
приказом и.о. Министра финансов 
Республики Казахстан      
от 28 июня 2006 года N 227  

Правила формирования и осуществления деятельности
Квалификационной комиссии по аттестации кандидатов
в аудиторы Республики Казахстан

      Настоящие Правила разработаны в соответствие с Законом Республики Казахстан "Об аудиторской деятельности" и устанавливают общие принципы деятельности и порядок формирования Квалификационной комиссии по аттестации кандидатов в аудиторы Республики Казахстан.

1. Общие положения

      1. Квалификационная комиссия по аттестации кандидатов в аудиторы Республики Казахстан образуется аккредитованными профессиональными аудиторскими организациями (далее - профессиональные организации), являющимися Учредителями.
      2. Квалификационная комиссия по аттестации кандидатов в аудиторы Республики Казахстан (далее - Комиссия) создается в целях аттестации кандидатов в аудиторы, желающих заниматься аудиторской деятельностью на территории Республики Казахстан.
      3. Комиссия является некоммерческой организацией, созданной в организационно-правовой форме учреждения.
      4. В своей деятельности Комиссия руководствуется Гражданским кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "Об аудиторской деятельности", настоящими Правилами и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      5. Прекращение деятельности Комиссии осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок формирования и осуществления
деятельности Комиссии

      6. Состав Комиссии формируется путем равного делегирования представителей профессиональных организаций с правом их отзыва решением их коллегиальных органов управления.
      7. Председателем Комиссии избирается аудитор из числа ее членов, занимающийся аудиторской деятельностью, по рекомендации коллегиальных органов управления профессиональных организаций поочередно сроком на 4 (четыре) года.
      8. Заседания Комиссии проводятся в соответствии с ежегодно утверждаемым планом работы, а также при необходимости принятия решения по поступившей жалобе на действия аудитора.
      Заседание Комиссии считается правомочным при наличии не менее 51 % от общего числа членов Комиссии. Решения Комиссии принимаются простым большинством голосов присутствующих членов Комиссии. В случае равенства голосов решающим является голос Председателя.
      9. Внеочередные заседания Комиссии проводятся по требованию Председателя Комиссии или не менее трех членов Комиссии.
      Принятые решения оформляются протоколом, который визируется членами Комиссии и подписывается Председателем.
      10. В случае систематического неучастия члена Комиссии в заседаниях (не менее 3 (трех) очередных), Председатель Комиссии вносит предложение в коллегиальный орган управления об исключении их представителя из состава Комиссии с последующим сообщением в профессиональную организацию о необходимости замены представителя.
      11. В случае лишения аккредитации профессиональной организации ее представители в Комиссии прекращают свою деятельность с момента вынесения соответствующего решения.
      12. При выбытии члена Комиссии из состава профессиональной организации, коллегиальный орган управления профессиональной организации вносит предложение в Комиссию о замене представителя.

3. Участие наблюдателей в работе Комиссии

      13. Представители уполномоченного органа и других заинтересованных государственных органов по согласованию с уполномоченным органом, могут в качестве наблюдателей входить в состав Комиссии.
      14. Уполномоченный орган письменно уведомляет Комиссию о представителях уполномоченного органа и других заинтересованных государственных органов, которые будут участвовать в работе Комиссии в качестве наблюдателей.
      15. Статус наблюдателей дает право:
      принимать участие в ознакомлении с экзаменационными работами кандидатов в аудиторы после их оценки;
      вносить предложения и замечания при рассмотрении вопросов аннулирования квалификационного свидетельства "аудитор", которые должны быть приняты Комиссией к рассмотрению;
      вносить предложения по совершенствованию порядка аттестации кандидатов в аудиторы.

4. Основные функции Комиссии

      16. Целью работы Комиссии является определение квалификационного уровня кандидатов в аудиторы и аннулирование квалификационного свидетельства "аудитор" в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      17. Функциями Комиссии являются:
      разработка и утверждение единой программы квалификационных экзаменов;
      разработка и утверждение положения о проведении квалификационного экзамена;
      утверждение состава обзорной, организационной и оценочной групп;
      утверждение даты проведения квалификационных экзаменов;
      утверждение порядка приема документов на аттестацию кандидатов в аудиторы;
      проведение аттестации кандидатов в аудиторы, посредством рассмотрения и утверждения результатов квалификационных экзаменов;
      выдача квалификационного свидетельства "аудитор" и личной печати аудитора по формам, утвержденным Комиссией;
      ведение реестра аудиторов, получивших квалификационное свидетельство "аудитор";
      рассмотрение заявления об аннулировании квалификационного свидетельства "аудитор" по обращению уполномоченного органа, профессиональных организаций, судов и других заинтересованных лиц;
      аннулирование квалификационного свидетельства "аудитор" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

5. Права и обязанности Комиссии

      18. Комиссия вправе:
      в случае возникновения сомнений в достоверности представленных сведений требовать у кандидатов на получение квалификационного свидетельства "аудитор" дополнительные документы, подтверждающие эти сведения;
      привлекать на договорной основе практикующих аудиторов и бухгалтеров, преподавателей специальных дисциплин, а также ученых в случае необходимости проведения детального анализа, экспертизы, сбора дополнительной информации;
      принимать другие решения в соответствии со своими полномочиями.
      19. Комиссия обязана:
      публиковать решение Комиссии о присвоении квалификации "аудитор" и аннулировании квалификационного свидетельства "аудитор";
      рассматривать поступившие материалы об аннулировании квалификационного свидетельства "аудитор";
      по результатам проведенной аттестации выдавать квалификационные свидетельства "аудитор" и личную печать аудитора с указанием номера квалификационного свидетельства, фамилии, собственного имени, а также, по желанию - отчества;
      организовывать и контролировать процесс приема квалификационного экзамена;
      своевременно извещать кандидатов в аудиторы о месте и времени проведения аттестации;
      обеспечивать надлежащие условия для проведения квалификационного экзамена;
      своевременно извещать представителей уполномоченного и других заинтересованных государственных органов, входящих в состав Комиссии в качестве наблюдателей, о месте и времени проведения заседания Комиссии. По итогам заседания в течении 5 (пяти) рабочих дней предоставлять протокол заседания наблюдателям, принимавшим участие в заседании Комиссии;
      рассматривать замечания и предложения представителей уполномоченного и других заинтересованных государственных органов на очередном заседании Комиссии;
      предоставлять в уполномоченный орган и профессиональные организации в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней, со дня принятия решения, информацию о лицах, которым была присвоена квалификация "аудитор" либо у которых было аннулировано квалификационное свидетельство "аудитор";
      предоставлять в уполномоченный орган ежегодно не позднее 1 марта года, следующего за отчетным, либо по его требованию реестр аудиторов.

6. Порядок аннулирования квалификационного
свидетельства "аудитор"

      20. Аннулирование квалификационного свидетельства "аудитор" осуществляется по основаниям, установленным законодательством Республики Казахстан об аудиторской деятельности.
      Вопросы аннулирования квалификационного свидетельства "аудитор" рассматриваются на заседании Комиссии.
      21. Не позднее 10 (десяти) рабочих дней после принятия решения о назначении проверки Комиссия направляет аудитору, в отношении деятельности которого назначена проверка, решение о назначении проверки с указанием вопроса назначенной проверки, подписанное Председателем Комиссии.
      22. Проведение проверки и подготовка акта проверки поручается рабочей группе, назначаемой по каждой из проверок, в составе которой должно быть не менее 3 (трех) членов Комиссии. Кроме того, в состав рабочей группы могут быть включены практикующие аудиторы, юристы, научные работники, преподаватели специальных дисциплин, представители уполномоченного органа и других заинтересованных государственных органов. Председатель и персональный состав рабочей группы утверждается Председателем Комиссии.
      23. Члены рабочей группы Комиссии вправе требовать от аудиторов, аудиторской организации, в которой данный аудитор осуществляет деятельность, их руководителей и специалистов представления всех документов и информации, а также дачи объяснений по вопросам проверки и профессиональной деятельности аудитора.
      24. Решение Комиссии об аннулировании либо отказе в аннулировании квалификационного свидетельства "аудитор" состоит из вводной, описательной и резолютивной частей по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      Вводная часть документа содержит место и дату его принятия.
      Описательная часть документа содержит краткое описание выявленных фактов нарушения стандартов аудита и законодательства Республики Казахстан об аудиторской деятельности, подтверждаемых соответствующими материалами проверки и другими доказательствами.
      Резолютивная часть документа должна содержать указание на меры, применяемые к аудитору, а также порядок и сроки его обжалования. В случае принятия решения об отказе в аннулировании квалификационного свидетельства "аудитор" Комиссия одновременно выносит предписание об устранении нарушений и их последствий, а также о принятии мер, исключающих их совершение.
      25. Решение об аннулировании квалификационного свидетельства "аудитор" сообщается лицу, в отношении которого принято решение об аннулировании, профессиональным организациям, а также публикуется на государственном и русском языках в периодическом печатном издании, определяемом Комиссией.
      26. Аудитор вправе обжаловать решение Комиссии об аннулировании квалификационного свидетельства "аудитор" в судебном порядке.

Приложение             
к Правилам формирования и     
осуществления деятельности    
Квалификационной комиссии    
по аттестации кандидатов в   
аудиторы Республики Казахстан  

                                                форма

             Решение Квалификационной комиссии
           по аттестации кандидатов в аудиторы
          Республики Казахстан об аннулировании
         квалификационного свидетельства "аудитор"
                (отказе в аннулировании
         квалификационного свидетельства "аудитор")

г. ________________                   "__" _________ 200_г.

      По результатам проведенной проверки аудитора _____________
_____________________ членами рабочей группы, назначенной
Квалификационной комиссией по факту нарушения _________________,
имеющим квалификационное свидетельство "аудитор" N ____________
от ____________ 200_г., работающим в аудиторской организации в
должности ____________ выявлено, что ___________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

В связи с чем, Квалификационной комиссией принято решение об
аннулировании квалификационного свидетельства (отказе в
аннулировании квалификационного свидетельства) _________________
________________________________________________________________

Председатель Квалификационной комиссии _________________________
Члены квалификационной комиссии        _________________________
                                       _________________________
                                       _________________________