Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігiнiң 2008.06.20 N 298 бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына бұйрықтардың:
1) ...;
2) "Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 186 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4323 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 11 тамыздағы 147 (1127) нөмірінде жарияланған);
3)
... күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы
-----------------------------
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2006 жылғы 26 шілдедегі
N 186 бұйрығымен
бекітілген
1. Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру тәртібін белгілейді және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісім беру сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) құзыретіне жатады.
2. Теңіз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға
келісім беру тәртібі
3. Уәкілетті органның теңіз портын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісімін алу екі кезеңде жүргізіледі:
1) теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жобалауға келісім алу;
2) теңіз портын салуға және қайта жаңартуға келісім алу.
4. Уәкілетті органның теңіз портын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келісімін алу үшін теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жобалауды жоспарлап отырған тұлға теңіз портын салудың және қайта жаңартудың жоспарланып отырған сипатын, мерзімі мен орналасуы көрсетілген өтінішін уәкілетті органға береді.
Өтінішке теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жобалаудың қажеттілігі туралы негіздеме, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мүдделі мемлекеттік органдардың теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жобалауға келісімін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Уәкілетті орган өтінішті қарайды және осы Ереженің 9-тармағына сәйкес өтініш берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей тиісті шешім қабылдайды.
5. Теңіз портын салуға және қайта жаңартуға арналған жобалау құжаттамасын (бұдан әрі - жобалау құжаттамасы) әзірлеу Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттарға, нормаларға, ережелерге және басқа да нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
6. Жобаланатын теңіз порттары теңізде жүзу қауіпсіздігінің талаптарына жауап беру және олар теңізде жүзуді жүзеге асыру үшін кедергі болмайтын жерде орналасуы тиіс.
7. Жобалау құжаттамасы оны әзірлеу аяқталғаннан кейін осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес теңіз портын салуға және қайта жаңартуға келісім алу үшін уәкілетті органға ұсынылуы тиіс.
8. Уәкілетті органның теңіз портын салуға және қайта жаңартуға келісімін алу үшін теңіз портын салуды және қайта жаңартуды жоспарлап отырған тұлға уәкілетті органға өтініш береді.
Өтінішке жобалау құжаттамасының нотариалды куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мүдделі мемлекеттік органдарын жобалау құжаттамасын келісілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Уәкілетті орган өтінішті қарайды және осы Ереженің 9-тармағына сәйкес өтініш берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей тиісті шешім қабылдайды.